Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

 

 

 

86,4 м

 

 

 

 

 

 

28,8 м

 

 

 

 

 

В1

В

1 қайталау

2 қайталау

3 қайталау

С

25 м

С1

С

15 м

 

 

 

 

 

 

 

 

7,2 м

 

 

 

 

 

 

 

2 м

 

 

 

 

 

 

 

14 м

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 м

А1

А

4 қайталау

5 қайталау

6 қайталау

D

 

D1

 

 

12-сурет. Егістік тәжірибенің сызба түріндегі жоспары.

 

 

 

 

 

 

251

 

 

 

 

Егер егіс учаскесінің біртектес топырақ көлемі үлкен болмаса, тәжірибе қайталауларын өзара байланыссыз орналастыру әдісін қолданады.

Қайталаулардың ішінде егістік тәжірибе сызбасындағы варианттарды орналастыруда әртүрлі әдістерді пайдаланады: стандартты, жүйелі және кездейсоқ (рендомизация) (13-сурет).

 

 

I

 

 

 

 

II

 

 

 

 

III

 

 

 

 

IV

 

 

 

1

2

3

4

5

2

3

4

5

1

3

4

5

1

2

4

5

1

2

3

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I

 

 

 

 

II

 

 

 

 

III

 

 

 

 

IV

 

 

 

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I

 

 

 

 

II

 

 

 

 

III

 

 

 

 

IV

 

 

 

3

1

4

2

5

2

4

1

5

3

4

2

5

3

1

3

1

4

2

5

в

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-сурет. Бес вариантты төрт қайталаулар мөлдектерін орналастыру әдістері:

а – стандартты, б – жүйелі, в – кездейсоқ; 1-5 – вариант нөмірі, I-IV – қайталау саны

Стандарт (бақылау) әдісі деп тәжірибе сызбасындағы әрбір қайталаудағы бақылау вариант санын өсіруді айтады. Егер тәжірибе және бақылау варианттары қатар орналастырылса ямб әдісі дейді. Ал екі тәжірибе вариантынан кейін бір бақылау варианты орналастырылса дактиль әдісі дейді.

Егістік тәжірибе жүргізгенде стандарт әдісінің кейбір кемшілік жақтарын ескеру керек:

252

1.Қатар орналасқан мөлдектер өнімдерінің арасында өзара байланыс әрдайым бола бермейді.

2.Тәжірибе сызбасында 10 немесе 12 зерттелетін варианттар болған жағдайда, бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан мөлдектерді салыстыру қиын.

3.Варианттар саны көп болса, тәжірибе учаскесінің жері тиімсыз пайдаланылады. Мысалы, стандарт варианты екі зерттелетін варианттардан кейін орналастырылса, тәжірибе учаскесінің көлемінің 40%-ын стандарт варианты алады, ал әр тәжірибе вариантынан соң стандарт варианты орын алса, онда учаске жерінің тең жартысы тиімсыз пайдаланылатындығын көрсетеді.

Аталған кемшіліктеріне байланысты стандартты әдіс тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибеде өте сирек қолданылады. Мысалы, жаңа минералды тыңайтқыш үлгісін зерттеуде қолдануға болады.

Жүйелі әдіс деп тәжірибе қайталауының ішіне варианттарды зерттеушінің анықтаған сызбасындағы тәртіппен учаскеде орналастыруды айтады. Қайталауларды бір қатарға орналастырғанда, варианттар әр қайталау ішінде сызбадағы жүйемен өзгертілмеген түрінде орын алады (13-сурет).

Егістік тәжірибе қайталаулары екі немесе көп қатарлы орналасқанда бірінші қатардағы қайталауда варианттар жүйесі толық сақталады. Екінші қатардан бастап варианттар жылжып сатылы орналасады. Егістік тәжірибеде варианттарды осылай орналастыруды шахмат жолымен орналастыру дейді (14-сурет).

I

II

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

7

8

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III

IV

253

1

2

3

4

5

6

7

8

I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

8

1

2

3

4

5

6

II

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

6

7

8

1

2

3

4

III

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

4

5

6

7

8

1

2

IV

14-сурет. Варианттарды шахмат жолымен орналастыру:

1- 8 - вариант нөмірі; I- IV - қайталау саны

Егістік тәжірибеде варианттар саны оннан аспаса, қайталауларды бір қатарға орналастырады.

Тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізуде жүйелі әдіс басты орын алады. Бұл әдістің артықшылығы варианттарды кеңістікте орналастыру оңай, ал кемшілігі вариант тиімділігі күтпеген жерден бұрмалануы мүмкін.

Егістік тәжірибе қайталауларында варианттарды жүйелі әдіс арқылы орналастырғанда оларды салыстыру жағдайы көбінесе бірдей болмайды.

Кездейсоқ немесе рендомизм әдісін Р.А.Фишер ұсынған. Егістік тәжірибенің әр қайталауының мөлдектеріне варианттарды зеребе (жребий) салу немесе кездейсоқ сандар бойынша арнайы құрылған кесте арқылы орналастырады (15-сурет).

4

2

1

3

1

4

3

2

4

3

1

2

3

1

2

4

2

3

4

1

4

2

3

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

2

1

4

1

3

4

2

4

1

3

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

1

4

3

4

2

1

3

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

1

2

4

2

3

4

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

4

3

4

1

2

3

 

 

 

 

 

 

 

 

4

3

1

2

3

2

1

4

 

 

 

 

 

 

 

 

15-сурет. Варианттарды кездейсоқ орналастыру.

Бұл әдісті егістік тәжірибенің қайталау саны көп болған жағдайда ғана қолданады. Оның варианттарының мәліметтерін математикалық жолмен өңдеу арқылы есептейді. Мөлдектерді

254

учаскеде кездейсоқ орналастырып топырақ құнарлылығының алақұлалығын толық жоюға болады деген ұғымға тұрақты сенуге болмайды.

Топырақ құнарлылығының ала-құлалығы жөнінде мәліметтер белгісіз болған жағдайда варианттарды кездейсоқ әдіспен орналастырған дұрыс. Зерттеуші рендомизм әдісінің негізін сақтамаса, варианттардың көрсеткіштерінің айырмашылықтарын статистика арқылы дәлелдей алмайды. Өйткені статистикалық талдау кездейсоқ іріктеуге негізделген.

Егістік тәжірибені латын квадрат (шаршы) әдісімен орналастыру үшін шаршы немесе тікбұрышты учаскені варианттар санына сәйкес тігінен және көлденеңінен бөледі. Варианттарды латын алфавитінің әріптерімен белгідейді.

Латын квадрат әдісінде қайталаулар (n) саны варианттар санына тең болатындықтан мөлдектердің жалпы саны n2 болады. Тік және көлденең қатарларға варианттарды орналастырады.

Бір вариант екі рет қатарлар мен бағаналарда қайталанбайды. Бағаналар мен көлденең қатардың ішінде варианттар зеребе салу арқылы кездейсоқ орналастырады (19сурет).

A

B

C

D

E

F

 

 

 

 

 

 

B

C

D

E

F

A

 

 

 

 

 

 

C

D

E

F

A

B

 

 

 

 

 

 

D

E

F

A

B

C

 

 

 

 

 

 

E

F

A

B

C

D

 

 

 

 

 

 

F

A

B

C

D

E

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

C

E

B

 

A

D

F

 

 

 

 

 

 

 

B

F

E

 

D

A

C

 

 

 

 

 

 

 

A

D

F

 

C

B

E

 

 

 

 

 

 

 

F

B

D

 

E

C

A

 

 

 

 

 

 

 

D

A

C

 

F

E

B

 

 

 

 

 

 

 

E

C

A

 

B

F

D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В

 

 

16-сурет. Тәжірибені латын квадрат әдісімен орналастыру:

А – жүйелі, В – кездейсоқ

Егістік тәжірибеде латын квадрат әдісі варианттар саны 4-7 болса ғана қолданылады. Бұл әдіс тәжірибе жұмысында шағын көлемді мөлдектерді орналастыруда, мысалы, тыңайтқыштардың

255

жаңа түрлерін зерттеуде ең қолайлы болып саналады. Тағы бір артықшылығы варианттар екі бағытта (тігінен және көлдеңінен) орналасатындықтан тәжірибе көрсеткіштерінің дәлдігі артады.

Көп факторлы егістік тәжірибеде, үлкен көлемді мөлдектерді бөлшектеп орналастыру әдісі кеңінен қолданылады. Мұндай тәжірибеде көп фактордың ішінен біреуінің нәтижесі анық, әрі дел болады. Мысалы, топырақ өңдеу түрлерін, үлкен көлемді мөлдектерде зерттеуде, оларды шағын көлемді бірнеше мөлдектерге бөлшектеп, әрқайсысына тыңайтқыштардың мөлшерін сынайды.

Егістік тәжірибенің екі факторлы сызбасында мөлдектерді алдымен топырақты өңдеу тәсілдеріне (а1, а2, а3, а4, а5) бөлшектесе, сонан соң осы мөлдекті тыңайтқыштың үш мөлшерін (b1, b2, b3) сынау үшін бөлшектейді (17-сурет).

 

а3

 

 

а4

 

 

а1

 

 

а5

 

 

а2

 

 

b1

b3

b2

b1

b2

b3

b3

b1

b2

b1

b3

b2

b3

b2

b1

I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а1

 

 

а5

 

 

а4

 

 

а2

 

 

а3

 

 

b3

b2

b1

b2

b3

b1

b2

b1

b3

b2

b1

b3

b2

b3

b1

II

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а2

 

 

а1

 

 

а4

 

 

а5

 

 

а3

 

 

b1

b3

b2

b3

b1

b2

b1

b2

b3

b2

b1

b3

b1

b3

b2

III

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а4

 

 

а2

 

 

а5

 

 

а3

 

 

а1

 

 

b3

b2

b1

b2

b3

b1

b1

b3

b2

b1

b3

b2

b2

b3

b1

IV

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-сурет. Мөлдектерді бөлшектеп орналастыру сызбасы:

а1, а2, а3, а4, а5 – топырақты өңдеу; b1, b2, b3 – тыңайтқыш мөлшері

Бөлшектелінген мөлдектерге тәжірибе варианттарын кездейсоқ әдіс арқылы орналастырады.

256

6.1.7 ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ СЫЗБАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ

Егістік тәжірибенің сызбасы (схемасы) зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес анықталады (тыңайтқыштардың түрлері, мөлшері, беру мерзімі мен әдісі т.б.).

Тәжірибенің сызбасын құрастырғанда қойылатын әдістемелік талаптардың ең мыңыздылары:

а) зерттелетін фактордың жалғыз ғана өзгешілік принципін және факторлық негізін сақтау (көп факторлы тәжірибелер сызбаларын дайындағанда факторлардың үйлестірілетін түрлерін толық тексеру);

ә) бақылау (стандарт) вариантын дұрыс таңдау және тәжірибедегі зерттелмейтін жағдайларды анықтау;

б) факторлардың өлшемінің түрленуінің дұрыстығын анықтау. Тыңайтқыштармен (түрлері, формалары, мөлшері, беру мерзімі мен әдісі) жүргізілетін егістік тәжірибелерде зерттелетін факторлар тиімділігін тыңайтқыш берілмеген вариантпен

салыстырады. Оны бақылау варианты дейді.

Тәжірибе сызбасын құрастырғанда егілетін дақылдың өсіпөнуіне ортақ жағдай жасаудың және зерттелетін әдіске сезімтал өсімдікті дұрыс таңдаудың маңызы өте зор. Сонымен қатар сызбаның варианттарының санының аз болуы, зерттелетін мәселеден толық және нақты мәліметтер жинауға мүмкіндік тудырады.

Тыңайтқыштардың түрлерімен жүргізілетін егістік тәжірибелерде бақылау варианты ретінде тыңайтқышсыз вариант немесе фон қолданылады. Фон деп барлық мөлдектерге еңгізілетін тыңайтқыштардың үйлесімділігі мен салым мөлшерін (доза) айтады.

Тыңайтқыштардың әртүрінің (мысалы, азот, фосфор, калий) әсерін анықтау үшін төрт варианттардан тұратын (1-0; 2-N; 3-Р; 4- К) сызба жеткіліксіз. Себебі тыңайтқыштар әсерінің тиімділігі көбінесе олардың қосылып қолданылуында жоғары болады.

Минералды тыңайтқыштардың үш түрінің әсерін зерттеу үшін 8 варианттан тұратын классикалык сызбаны пайдалануға болады: 1 - 0; 2- N; 3- P; 4- K; 5- Р; 6- NК; 7- РК; 8- NРК. Осы сегіздік сызбаны француз ғалымы Жорж Вилль ұсынған болатын. Мұндай сызбаның артықшылығы үш минералды тыңайтқыштарды

257

мүмкіндігінше қыйсындастыруға болады. Алайда, тәжірибе жұмысында Жорж Вилль сызбасы бес варианттан тұратын (1- 0; 2- NР; 3-NК; 4-РК; 5-NРК.) Вагнер дайындаған сызбамен алмастырылып қолданылып жүр.

Сегіздік сызбаның кемшілігі – оның варианттарының санының көп болуынан кейбір жағдайларда қысқартуға тура келеді. Қысқартудың бірінші жолында минералды тыңайтқыштардың үш түрін қатар зерттемей олардың санын азайтады. Мысалы, тек азот тыңайтқышының әсерін зерттегенде сызба ықшамдалады да төрт варианттардан тұрады: 1- 0; 2 - N; 3 - РК; 4 - NРК. Сегіздік сызбаны қысқартудың екінші жолы - азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын жеке зерттемеу және тыңайтқышсыз вариантты шығарып тастауды Митчерлих сызбасы дейді: 1- NР; 2 - NК; 3 - РК; 4 - NРК. Сегіздік сызбаны қысқартудың үшінші жолы - топырақ құрамындағы қоректік элементтердің минимумының тәртібі белгілі болуы керек. Егер топырақта азот мөлшері төмен болғаны анықталса, азот тыңайтқышының тиімділігі фосфор мен калий фонында зерттелуі тиіс. Құрамында сіңімді калий мөлшері жоғары топырақтарда тыңайтқыш тиімділігі мынадай сызба бойынша зерттелгені жөн: 1- 0; 2 - N; 3 - Р; 4 - NР; 5 - NРК. Сол сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктер егілген учаскеде 1 - 0; 2 - Р; 3 - К; 4 - РК; 5 - NРК варианттардан тұратын сызбаны қолдануға болады.

Тәжірибе жүргізу үшін Митчерлих сызбасын пайдаланудың қажеті жоқ. Себебі мұндай сызба варианттарының көмегімен жеке тыңайтқыштың әсерінің оң немесе теріс екенін анықтау мүмкін емес. Егер қосымша төртінші қоректік элементтің (мысалы, микроэлементтер) әсерін анықтау қажет болса, толық (NРК) минералды тыңайтқыштар вариантын фон есебінде қолдану керек.

Тыңайтқыштар формаларымен орындалатын егістік тәжірибелер жоғары дәлдікті, ұқыптылықты, учаске топырағының біртекті болуын және фонды дұрыс таңдауды талап етеді. Мысалы, азот тыңайтқыштарының формаларын зерттегенде ең алдымен учаскеде өсірілетін дақылға қажетті азот мөлшері анықталған болуы тиіс, тек сонан кейін ғана азот тыңайтқыштарының формаларының тиімділігін зерттеу керек.

Жалпы тыңайтқыштардың формаларымен жүргізілетін тәжірибелерде бақылау варианты ретінде тыңайтқышсыз вариант немесе фон қолданылады. Минералды тыңайтқыштардың жаңа фор-

258

маларын зерттеу үшін стандартты тыңайтқыштар үшінші бақылау варианты есебінде қолданылады. Бұл жағдай тәжірибедегі өсірілетін өсімдіктің берілген тыңайтқыш құрамындағы қоректік элементтерді сіңіру өзгерістері мен сезімталдық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Тыңайтқыштардың формаларын зерттеуге арналған егістік тәжірибе үшін ықшамдалған сызба ретінде мыналарды келтіруге болады.

Азот тыңайтқышының әртүрлі формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:

1.Фон – фосфор мен калий тыңайтқыштары

2.Фон + NH4NO3;

3.Фон + (NH4)2SO4;

4.Фон + NH4Сl;

5.Фон + CO(NH2)2

Калий тыңайтқыштарының формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:

1.Фон – азот пен фосфор тыңайтқыштары

2.Фон + К2SO4;

3.Фон + КСl;

4.Фон + 40%-дық калий тұзы

Фосфор тыңайтқыштарының формаларының әсерін анықтауға арналған сызба:

1.Фон – азот пен калий тыңайтқыштары

2.Фон + жай суперфосфат;

3.Фон + қос суперфосфат;

4.Фон + фторсызданған фосфат

Азот тыңайтқыштарының формаларының өсімдікке әсерін зерттегенде фон ретінде РК қолдану жеткіліксіз. Өйткені бірінші жылы азот тыңайтқыштарының формаларының тиімділігінің арасындағы айырмашылық көбінесе шамалы болады. Ал келесі жылдары оларды жүйелі түрде жыл сайын қолданғанда тыңайтқыштардың физиологиялық реакциясының әсерінен тиімділік арасындағы айырмашылық артады. Сондықтан сызбада таза бақылау варианты (тыңайтқышсыз) болғаны дұрыс.

Сонымен қатар учаске топырағы жан-жақты зерттелмеген жағдайда да таза бақылау вариантын еңгізу керек.

259

Жоғарыда келтірілген сызбаларда қоректік заттардың салым мөлшері (доза) бірдей болуы тиіс.

Жаңа және кешенді минералды тыңайтқыштармен егістік тәжірибе жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда, үшінші бақылау варианты ретінде стандартты тыңайтқыш қолданылады. Бұл жағдай өсірілетін дақылдың берілген тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды сіңіру өзгерістерін және сезімталдық деңгейін анықтауға көмектеседі.

А.В.Соколов күрделі немесе кешенді тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеуге арналған егістік тәжірибе үшін мынадай сызба ұсынады:

1.Тыңайтқышсыз немесе фон.

2.Күрделі тыңайтқыш.

3.Біржақты стандартты тыңайтқыштар қоспасының эквивалентті мөлшері.

4.Күрделі тыңайтқыш + қоректік заттардың бірқалыпты салым мөлшеріне арналған біржақты стандартты тыңайтқыш.

5. Бірқалыпты салым мөлшеріне арналған бір жақты стандартты тыңайтқыштар.

Концентрлі және жай тыңайтқыштардың салыстырмалы тиімділігін анықтауға арналған сызба:

1.Бақылау (тыңайтқышсыз).

2.NPK (жай тыңайтқыштар қоспасы: аммиак селитрасы, жай суперфосфат және калий хлориді).

3.NPK (концентрлі тыңайтқыштар қоспасы: мочевина, қос суперфосфат және калий хлориді).

4.Мочевина + РК (жай суперфосфат және калий хлоридінің қоспасы).

5.Қос суперфосфат + NK (аммиак селитрасы мен калий хлоридінің қоспасы).

Осы сызба варианттарын топырақ ерітіндісінің жоғары концентрациясына сезімтал көкөніс дақылдарымен жүргізілетін тәжірибеде қолдануға болады.

Тыңайтқыштардың салым мөлшері (доза). Минералды тыңайтқыштардың түрлері мен формаларының тиімділігін олардың орташа салым мөлшерін (доза) қолдану арқылы анықтайтыны белгілі. Тыңайтқыш дозаларын зерттеуде олардың арасындағы аралық айырмашылықтардың маңызы зор. Мұнда аралық айырма-

260