Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1138
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

93-кесте. Әр түрлi мөлшердегi азот тыңайтқышының күрiш өнiмiне әсерi, ц/га (Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты).

Тыңайтқыш нормасы

Кубань -3 сорты

Солнечный сорты

 

 

өнiм

қосымша өнiм

өнiм

қосымша өнiм

Тыңатйқышсыз

48,9

-

49,2

-

N150

Р120К60

59,4

10,5

59,0

9,8

N210

Р120К60

66,7

17,8

37,5

18,3

N270

Р120К60

61,9

13,0

60,9

11,7

Күрiшке баяу әсер ететiн азот тыңайтқыштарын (мочевиндiформальдегидтi) қолданудың маңызы үлкен. Бұл тыңайтқыштар құрамындағы азотты өсiмдiк 2-3 жыл пайдаланады. Сондықтан баяу әсер ететiн тыңайтқыштарды көп мөлшерде (2-3 жылдық мөлшерi) сүдiгер жыртар алдында бiрден беру керек.

Күрiшке органикалық және жасыл тыңайтқыштарды қолдану оның өнiмiн едәуiр арттырады. Жасыл тыңайтқыш ретiнде асбұршақ, сиыр жоңышқа, соя сияқты дақылдарды пайдаланады. Күрiш ауыспалы егiсiнде органикалық тыңайтқыш (көң) мелиоративтi танапқа гектарына 20-40 т есебiнде берiледi.

Алайда, күрiш ауыспалы егiсiнде әрбiр танаптың құнарлылығын реттеу үшiн және дақылдардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн минералдық, органикалық тыңайтқыштарды ұштастырып пайдалану керек.

Бiздiң республикамыздың жағдайында күрiш өсiмдiгiнiң азот пен күл элементтерiн ең көп пайдаланатын мерзiмi үш-төрт жапырақ салғаннан бастап түтiктенуге дейiн, аз пайдаланатын кезi - гүлдену, әсiресе, дамуының соңғы кезеңi болып саналады. Осыған байланысты көң мен фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерiн түгелдей сүдiгер жыртар алдында немесе күрiштi себер алдында, ал азот тыңайтқышын үш бөлiп беру керек (30 пайызын себер алдында, 30 пайызын 3-4 жапырақ пайда болғанда 40 пайызын түптену кезiнде).

Осы тәсiлмен тыңайтқыш қолдану күрiштен мол әрi сапалы өнiм алуға жағдай жасайды.

8.1.5. ЖҮГЕРI ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Жүгерi Қазақстанда өсiрiлетiн аса құнды дақылдар қатарына жатады, өйткенi ол дән және сүрлем үшiн де егiледi.

361

Дәнге арналған жүгерi, көбiне Қазақстанның суармалы аймақтарында өндiрiледi.

Агротехникалық шаралар тиiмдi қолданылса, суармалы жерлердегi тыңайтқыш еңгізiлген жүгерi егiстiгiнiң гектарынан 120130 ц дән және 900-1000 ц көк балауса жинауға болады.

Жүгерiнiң тамыр жүйесi қомақты болады және жан-жағына жайылып өсетiн болғандықтан топырақтағы қоректiк элементтердi басқа астық дақылдарынан гөрi жақсырақ әрi ұзақ мерзiм пайдаланады. Қоректiк заттарды пайдалануының аса жауапты кезеңi 5-7 жапырақ пайда болғаннан шашақтанғанға дейiнгi мерзiм. Осы кезде жүгерi, ғалымдардың зерттеуiне қарағанда, әрбiр күнде топырақтың бiр гектарына 6-7 кг азот, 2 кг фосфор және 10-12 кг калий элементтерiн пайдаланады (П.Г.Найдин). Бұл мерзiмде жүгерi өсiмдiгi өзiне қажеттi барлық қоректiк заттардың 30-35 пайызын ала алады. Осы кезде топырақта қоректiк элементтер, әсiресе фосфор жетiспесе, өсiмдiктiң сабақтануына терiс әсерiн тигiзедi. Жүгерi көктеп шыққаннан 3-4 жапырақ пайда болғанға дейiн қосымша фосформен еңгізудiң мол өнiм алу үшiн маңызы бар. Бiр тонна жүгерi дәнi тиiстi қосымша түсiмiмен шамамен 30-35 кг азот, 10-13 кг фосфор, 40-42 кг калий, ал бiр тонна көк балауса 2,0- 2,5 кг азот, 1,0-1,2 кг фосфор және 4,0-4,5 кг калий пайдаланады.

Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi топырақтың қоректiк заттармен қамтамасыз етiлу деңгейi мен жоспарланған өнiм мөлшерiне байланысты.

Алмаспалы калий мөлшерi орташа (1 кг топырақта 300 мг К2О), фосфорға, азотқа, қарашiрiндiге кедей ашық боз топыраққа азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қолданудың тиiмдiлiгi өте жоғары болады (94-кесте).

94-кесте. Оңтүстiк Қазақстан облысының ашық боз топырағында өсiрiлген жүгерi дәнiнiң өнiмiне минералдық тыңайтқыштың әсерi.

Тәжiрибе варианттары

Өнiм,ц/га

Қосымша өнiм, ц/га

Протеин, %

Тыңайтқышсыз

63,2

-

8,1

P60

68,9

5,7

8,3

N90P60

78,0

14,8

8,7

N150P60

88,0

24,8

9,4

N150P60K60

95,5

32,3

9,4

N210P60K60

110,8

47,6

9,7

N210P120K120

118,9

55,7

9,8

362

Егер бiр кг топырақта жылжымалы фосфор мөлшерi 50 мг жоғары болса, фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi байқалмайды.

Жылжымалы фосфор мөлшерi төмен, алмаспалы калий жоғары ашық қара қоңыр топыраққа N120-150P60 еңгізу жүгерiден мол өнiм алуды қамтамасыз етедi.

Жүгерi егiстiгiне органикалық тыңайтқышты қолданудың маңызы зор. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметтерi бойынша ашық қара қоңыр топыраққа егiлген жүгерiден, гектарына 10 т көң бергенде 10,4 ц, ал көңдi минералдық тыңайтқыштармен бiрге пайдаланудан (10 т көң +N60P60K60) 16,1 ц қосымша дән жиналды.

Жүгерiге қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi алғы дақыл түрiне қарай да өзгертiлiп отырады. Егер жүгерi дәндi дақылдардан кейiн егiлетiн болса, топыраққа тыңайтқышты мол беру керек, ал көпжылдық шөптерден кейiн егiлетiн болса, азот тыңайтқышын азырақ, ал калий мен фосфорды көбiрек қолданған дұрыс.

Қазақстанның солтүстiгiнде далалық және қуаң далалық астықты аймақтарында жүгерi мал азығы үшiн өсiрiледi. Жүгерi көк балаусасының түсiмiн арттыру үшiн мұнда алдымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды үйлестiрiп немесе бiрге қолдану керек. Мысалы, Солтүстiк Қазақстанның қуаң далалық аймағында (Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстары) қара және күңгiрт қоңыр‚ қара топырақтарына N60P60K60 бергенде гектарынан 36-48 центнер, ал 20 тонна көң қолданғанда 41-53 центнер қосымша көк балауса алынды. Оңтүстiк қара топырақты өңiрде жүгерi егiсiне еңгізiлген фосфордың толық мөлшерi оның өнiмiн жоғарылатады, ал азотты көбiрек мөлшерде қолданудан аз өнiм алынады.

Солтүстiк Қазақстанның карбонатты қара топырағына гектарына 60 кг азот еңгізгенде, жүгерiнiң көк балауса өнiмi 49 центнерге артты. Фосфор мен калийдi және азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын бiрге қолданғанда гектарына 51-116 центнер қосымша өнiм алынады.

Тәлiмi егiстiкке жүгерiге барлық тыңайтқыштарды топырақ жыртар алдында беру керек.

Суарылатын егiстiкке жүгерiге көң, фосфор, калий тыңайтқыштарын толық, азоттың жылдық мөлшерiнiң 70% сүдiгер жыртар алдында, ал азоттың 30% 5-7 жапырақ пайда болғанда үстеп қоректендiру арқылы бередi.

363

Жүгерi өзiнiң өсуiнiң бастапқы кезеңiнде қосымша фосфор қорегiн қажет етедi. Осыған орай түйiршiктi суперфосфаттты тұқым себерде ұяға еңгізу (гектарына 15-20 кг Р2О5 есебiнде) ұсынылады. Бұл тәсiлмен еңгізiлген фосфор тыңайтқышы оның тамыр жүйесiнiң қаулап өсуiне, сабақтары пайда болып тез пiсуiне әсер етедi.

Жүгерi егiсiне микротыңайтқыштарды қолданудың да маңызы үлкен.

Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының (Э.И. Шлавицкая) зерттеулерi бойынша, жылжымалы фосфор мөлшерi өте жоғары топыраққа егiлген жүгерi өсiмдiгi мырыш элементiнiң тапшылығын сезiнедi. Жүгерi егiстiгiнiң әр гектарына 2,5-4 кг мырыш бергенде қосымша өнiм 13-26 пайызға, мырыш тұзының 0,3-0,5 пайыздық ерiтiндiсiн 4-6 жапырақ пайда болғанда бүркiп үстеп қоректендiруден өнiм 15-пайызға артты.

Сонымен жүгерi егiстiгiне минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолданумен қатар мырышты микротыңайтқышты пайдалану өнiмдi арттырады әрi оның сапасын жақсартады.

Жалпы жүгерi дәнi мен көк балауса құрамындағы ақуыз шамасын жоғарылату үшiн дән салғанда және сүрлемдiк жүгерiнi жинаудың алдында екi апта бұрын мочевинаның судағы 20-30% ерiтiндiсiмен үстеп қоректендiру ұсынылады.

8.1.6. ТАРЫ ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Тары құрғақшылыққа өте төзiмдi дақыл. Ол өзiнiң вегетациялық дәуiрiнде қоректiк элементтердi бiршама көп қабылдайды. Бiр тонна дән және сондай мөлшерде сабан түзу үшiн тары 25-30 кг азот, 8-10 кг фосфор, 26-31 кг калийдi пайдаланады. Өзiнiң өсiп-дамуының алғашқы кезеңiнде (түптенуге дейiн) қоректiк заттарды баяу қабылдайды. Тарының қоректiк заттарды ең көп пайдаланатын кезеңi-оның түтiк шығаруынан басталып, гүлденуге дейiн созылады. Бұл мерзiмде (30-40 күн) тары тәулiгiне гектарынан орта есеппен 1,8-8,3 кг азот, 0,4-0,8 кг фосфор және 3,8- 5,0 кг калий пайдаланады.

Ылғал жеткiлiктi топырақтарда минералдық және органикалық тыңайтқыштар тарыдан мол өнiм алуды қамтамасыз етедi. Тәлiмi жерде егiлген тары егiсiне фосфор және минералдық тыңайтқыштар қоспасының әсерi жоғары болады (95-кесте).

364

95-кесте. Тыңайтқыштың тары өнiмiне әсерi (Ш.Бекетов).

Тәжiрибе

 

Қосымша өнiм

варианты

Өнiм ц/га

 

 

 

 

ц/га

%

Тыңайтқышсыз

11,1

-

P60

12,5

1,4

12,6

N60P60

13,0

1,9

17,1

P60K60

12,7

1,6

14,5

N60K60

11,7

0,6

5,4

N60P60K60

13,4

2,3

20,7

Қостанай облысының қара топырағына егiлген тарыға Р40 бергенде гектарынан 2,9 ц, ал N40Р60 бергенде 4,1 ц қосымша өнiм алынды.

Батыс Қазақстан облысының күңгiрт қара қоңыр топырағына тыңайтқыш берiлмеген тары егiстiгiнiң гектарынан орта есеппен 11 центнерден өнiм алынса, N60Р60К30 қолданған егiстен 16 ц өнiм алынған. Тары өсiмдiгiне органикалық тыңайтқыш қолдану да оның өнiмiн арттырады. Батыс Қазақстанның күңгiрт қара қоңыр топырағына, жыртар алдында 20 т көң бергенде түсiм 38 пайызға өстi. Сонымен, ғылыми мекемелер деректерiне қарағанда Қазақстанның қара қоңыр және күңгiрт қара қоңыр топырақтарында өсiрiлетiн тары егiсiне 40-60 кг азот, 40-60 кг фосфор және 30-45 кг калий қолдануға болады. Ал суармалы жерлерге егiлетiн тарыға қолданылатын тыңайтқыштар мөлшерi тәлiмi жерлердегiден 25-30 пайыз жоғары болғаны жөн. Фосфор тыңайтқышының 10-15 килограмын тарыны себу кезiнде пайдаланған дұрыс.

8.1.7. ҚАРАҚҰМЫҚ ДАҚЫЛЫН ТЫҢАЙТУ

Қарақұмық жылылықты жақсы көретiн өсiмдiк. Оның тұқымы топырақ температурасы 7-8 градус болғанда көктей бастайды. Қарақұмықтың тамыры басқа дақылдармен салыстырғанда жан-жағына жайылмай, терең бойлап өседi. Майда тамыршалары және тамыр түкшелерi ылғалмен қоректiк заттарды жақсы сiңiредi.

Қарақұмық тамырлары топырақтағы қиын еритiн фосфор қосылыстарын жақсы пайдаланатынын Д.Н.Прянишников тәжірибелері көрсеттi. Алайда, басқа дәндi дақылдар сияқты қарақұмық

365

та өзiнiң бастапқы кезеңiнде фосфордың суда жақсы еритiн түрiн көп керек етедi.

Қарақұмық дақылы бiр тонна дән және сондай мөлшерде сабан түзу үшiн шамамен 50 кг азот, 20-25 кг фосфор, 80-90 кг калий пайдаланады. Қарақұмық сабанында басқа дәндi дақылдарға қарағанда калий, фосфор, кальций элементтерi 2,5-3 есе жоғары. Бұл дақылдың қоректiк заттарды пайдалануы ауа-райына қарай өзгерiп тұрады. Мысалы, Қостанай облысының қара топырағында өсiрiлген қарақұмықтағы ылғал жеткiлiктi жылдары фосфор мөлшерi 0,76-1,12%, ал ылғал аз жылдары 0,13-0,34% болған. Қарабалық ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасының деректерi бойынша жылжымалы фосфор мөлшерi аз кәдiмгi қара топыраққа фосфор тыңайтқышын беру қарақұмық егiсiнiң шығымдылығын арттырады (96-кесте).

96-кесте. Кәдiмгi қара топыраққа егiлген қарақұмық дақылы өнiмiне фосфор тыңайтқышының әсерi (Қарабалық тәжiрибе

стансасының деректерi).

Тәжiрибе

Өнiм, ц/га

Қосымша өнiм

варианттары

 

 

 

 

 

ц/га

%

Тынайтқышсыз

12,4

-

-

Р20-қатар аралығына берiлдi

14,1

1,7

14

Р40- қатар аралығына берiлдi

14,2

1,8

15

Р40- дискiмен өткiзiлдi

13,9

1,5

12

Р60- дискiмен өткiзiлдi

14,6

2,2

18

Р90- дискiмен өткiзiлдi

15,0

2,6

20

Р120- дискiмен өткiзiлдi

14,8

2,4

19

Қарақұмыққа тыңайтқыш қолданудың ең тиiмдi тәсiлi - гектарына 20 кг Р2О5 тұқыммен бiрге беру.

Азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi жауын-шашын мөлшерiне тәуелдi.

Ал калий тыңайт-қышын қолданудың пайдасы шамалы, өйткенi бұл дақыл топы-рақтағы калийдi жақсы пайдаланады.

Егiстi алғаш жыртқанда гектарына 60-90 кг Р2О5 қолдану ұсынылады.

Қарақұмық егiстiгiне органикалық тыңайтқыш әсерiнен оның пiсiп-жетiлуi кешiгедi.

366

8.2.Тамыржеміс және түйнекжемістерді тыңайту

8.2.1.ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ТЫҢАЙТУ

Қант қызылшасы жоғары бағалы техникалық дақыл. Бұл дақыл топырақтың құнарлылығына өте тәуелді.

Республика бойынша қант қызылшасына минералдық және органикалық тыңайтқыштар көп мөлшерде қолданылуда.

Қант қызылшасы топырақтан қоректiк заттарды көп пайдаланады, бұл жөнiнен ол көптеген дақылдардан жоғары тұрады. Суармалы егiсте қызылша өсiмдiгiнiң 1 тонна тамыры мен сондай мөлшердегi сабақ-жапырағы орта есеппен топырақтан 4 кг азот, 1,3 кг фосфор және 6-7 кг калий пайдаланады.

Тыңайтқыштың қант қызылшасының өнiмдiлiгiне тигiзетiн әсерi оның өсуiнiң жеке кезеңдерiнде қоректiк заттарды қабылдауына байланысты. Өйткенi, ол өзiнiң вегетациялық дәуiрiнде қоректiк заттарды бiркелкi пайдаланбайды.

Қант қызылшасы өсуiнiң бастапқы кезеңiнде (тұқымның өнуiнен 2-3 қос жапырақ пайда болуы) фосфор жетiспесе оны бiрден сезедi. Бұл кезде топырақта фосфор тапшы болса, қызылшаның тамыры мен сабақ-жапырағының өсуi нашарлайды. Мұның өзi оның өнiмдiлiгiне керi әсер етедi. Егер топыраққа фосфор еңгізiлсе, қызылшаның қоректенуi жақсарады, өнiмдiлiгi артады және тамырының қанттылығы жоғарылайды. Ол үшiн тұқымды себу кезiнде қатар аралығына 20-30 кг Р2О5 бередi.

Қоректенудiң екiншi кезеңiнде (2-3 қос жапырақ пайда болғаннан бастап қатар аралықтарының қосылуы) сабақжапырақтарының өсуi тез жүредi. Сондықтан топырақта барлық қоректiк заттардың мол болуының маңызы зор.

Қант қызылшасының қоректенуінің үшiншi кезеңi тамыз айының ортасына дейiн созылады. Мұнда оның тамырының өсуi қарқынды өтедi және өсiмдiк барлық қоректiк заттарды көп мөлшерде қабылдайды.

Төртiншi кезеңде (тамыз айының ортасынан жинауға дейiн) қызылша тамырының көлемi ұлғаяды және қант жиналу процесi күштi жүредi. Бұл мерзiмде тұқымның өнiп көктеуiнiң бастапқы

367

кезеңiндегiдей азоттың көп берiлуiне жол бермеген дұрыс. Өйткенi азоттың мол болуынан қызылша тамырында қант аз жиналады.

Қант қызылшасының өнiмi оның вегетациялық дәуiрiнде қоректендiрудi дұрыс ұйымдастыруға тiкелей байланысты.

Тыңайтқыштың қоректiк заттарының өсiмдiкке пайдалы әсерiн жоғарылату үш түрлi тәсiлмен үстеп қоректендiру керек:

сүдiгер жыртар алдында;

тұқымды сепкенде;

өсiмдiктiң өсiп жетiлу кезiнде.

Қант қызылшасына берiлетiн тыңайтқыш мөлшерi топырақ типiне, алғы дақыл түрiне және алынатын өнiм көлемiне байланысты.

Гранулометриялық құрамы жеңiл топыраққа және малта тастары жер бетiне жақын жатқан топыраққа азоттың жылдық мөлшерiнiң 40% көктемде культиватормен, ал қалғанын екi рет үстеп қоректендiруге беру керек. Бiрiншi үстеп қоректендiру сиретiлген соң дереу берiледi.

Екiншi үстеп қоректендiру 15-20 күннен кейiн жүргiзiледi. Малта тастары 60-70 см тереңдiкке орналасқан боз топыраққа

фосфор мен калий тыңайтқыштарын сүдiгер жыртар алдында, азоттың жылдық мөлшерiнiң 40%-ын тұқымды себер алдында, қалған 60%-ын үш рет үстеп қоректендiру кезiнде бергенде гектарынан 498,4 ц тамыр жиналды.

Ал азоттың жылдық мөлшерiнiң 40%-ын сүдiгер жыртарға көшiрiп, қалған азотты үш рет үстеп қоректендiруге пайдаланғанда өнiм мөлшерi 56,5 ц төмендедi.

Гранулометриялық құрамы ауыр топыраққа фосфор тыңайтқышын тұқыммен бiрге берудiң қажетi жоқ (Садыков Т).

Қант қызылшасына тыңайтқыш түрлерiнiң тиiмдiлiгi топырақ типiне байланысты. Мысалы, азот пен қара шiрiндiге кедей боз топыраққа азот тыңайтқышын қолдану қант қызылша өнiмiн 200-250 центнерге дейiн арттырады.

Керiсiнше, қара және қара қоңыр топырақтарда фосфор тыңайтқышының тиiмдiлгi жоғары болады.

Азот тыңайтқышының мөлшерi топырақ типiне, алғы дақылға және жоспарланған өнiм деңгейiне байланысты (97-кесте).

368

97-кесте. Қант қызылшасынан жоспарланған өнiм алуға арналған азот тыңайтқышының мөлшерi.

Топырақ

Алғы дақыл

Жоспарланған өнiм, ц/га

 

типi

 

300-350

350-450

450-550

550-650

 

 

Азот мөлшерi (әсерлi зат), кг/га

Ашық қара

Жоңышқа тыңы және

45

70

90

 

120

қоңыр

дәндi бұршақ дақылы.

 

 

 

 

 

топырақ

Қант қызылшасы немесе жүгерi

70

120

140

 

160

 

Масақты астық дақылы

120

140

160

 

180

Боз

Жоңышқа тыңы және дәндi

60

90

120

 

130

топырақ

бұршақ дақылы.

 

 

 

 

 

 

Қант қызышасы немесе жүгерi

90

120

150

 

180

 

Масақты астық дақылы

120

150

180

 

200

Фосфор мен калий тыңайтқыштарының мөлшерi топырақтағы осы элементтердiң жылжымалы түрiнiң шамасына байланысты (98-кесте).

98-кесте. Топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий деңгейiне қарай қант қызылшасына арналған фосфор және калий тыңайтқыштарының ықшамдалған жылдық мөлшерi (әсерлi зат есебiмен).

 

Топырақтағы жылжымалы

Топырақтағы алмаспалы калий

Өнiм, ц/га

 

фосфор деңгейi

 

 

деңгейi

 

 

Төмен

 

Орташа

Жоғары

Төмен

 

Орташа

Жоғары

 

Фосфор тыңайтқышының

Калий тыңайтқышының

 

 

мөлшерi (кг/га)

 

мөлшерi (кг/га)

350

90

 

60

-

60

 

45

-

350-400

120

 

90

30

90

 

60

45

400-500

150

 

120

45

120

 

90

60

550-600

180

 

130

60

150

 

120

80

Қант қызылшасы жоңышқа немесе сидераттар егiлген жерге себiлсе мол өнiм бередi. Себебi, олар топырақты азотпен байытады. Қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретiнде жүгерi‚ күздiк бидайды да егуге болады.

Бiздiң республикамызда қант қызылшасы егiлетiн аудандардың топырағы құнарсыздау болғандықтан, бұл жерлерге органикалық тыңайтқышты пайдаланудың маңызы үлкен.

Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметiне қарағанда боз топыраққа гектарына 20 т жартылай шiрiген көң бергенде қызылша өнiмi 26 пайызға артқан. Егер көң

369

мен минералдық тыңайтқыштар қызылшаға бiрге берiлсе, оның өнiмi арта түседi.

Жамбыл облысында өсiрiлген қызылшаның гектарына тек

минералдық тыңайтқыш (N90Р120К90) бергенде 576 ц, ал осы тыңайтқышқа 20 т көң қосылып еңгізiлгенле 690 ц өнiм жиналды

(К.Иманғазиев).

Ауыспалы егiсте органикалық тыңайтқышты қант қызылшасының өзiне немесе оның алғы дақылына (күздiк бидай, жүгерi) бередi.

Қарашiрiндi мөлшерi төмен немесе сортаң тұзды топыраққа егiлетiн қант қызылшасына гектарына 40-60 т көң қолдануға болады.

Ауыспалы егiсте жоңышқадан кейiн егiлетiн жерге азот тыңайтқышы мөлшерiн 30-40 пайызға дейiн кемiту керек, оның есесiне фосфор мен калий тыңайтқыштарының мөлшерiн 20-30 пайызға көбейту керек. Себебi, жоңышқа топырақтан фосфор мен калийдi көп сiңiредi.

Сол сияқты отамалы дақылдан соң егiлетiн қант қызылшасына қолданылатын фосфор мөлшерiн 15-20 пайызға азайтады, өйткенi отамалы дақылдың қатар аралығын өңдеу жұмыстары топырақта қоректiк заттардың молаюына көмектеседi

Қазақстанның оңтүстiк аудандарының боз және қара қоңыр топырақтарында қант қызылшасы бар сегiз танапты ауыспалы егiсiнде тыңайтудың мынадай жүйесiн қолдануға болады (99кесте).

99-кесте. Боз және қара қоңыр топырақтарға орналасқан қызылша ауыспалы егiсiне арналған тыңайтқыштың мөлшерi.

Ауыспалы егiс дақылдары

Минералды тыңайтқыштар

Көң, т/га

 

 

(әсерлi зат, кг/га)

 

 

 

N

 

Р2О5

 

К2О

 

Жоңышқа және дәндi дақыл

30-60

 

120-150

 

90-120

-

 

 

 

 

 

 

 

Жоңышқа

-

 

-

 

-

-

Жоңышқа

-

 

-

 

-

-

Қант қызылшасы

60-90

 

90-120

 

90-120

-

Қант қызылшасы

90-120

 

60-90

 

60-90

-

Күздiк бидай

60-90

 

-

 

-

20-30

Қант қызылшасы

120-150

 

60-90

 

60-90

-

Күздiк бидай немесе жүгерi

60-90

 

-

 

-

-

370