Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

53-кесте. Күлдің құрамы (пайыз есебімен).

Күлдер

P2O5

K2O

CaO

1 гектарға беру мөлшері, т.

Сабандар:

 

 

 

 

Бидай

6,4

13,6

5,9

0,4

Қара бидай

4,7

16,2

8,5

0,3

Қарақұмық

2,5

35,3

18,5

0,2

Күнбағыс

2,5

36,3

18,5

0,2

Ағаштар:

 

 

 

 

Қайың

2,1

13,8

36,3

0,5

Шырша

2,4

3,2

25,3

2,0

Қарағай

2,0

6,9

31,8

10,0

Тал

2,1

4,6

43,5

1,5

Фекалийді қолданар алдында сабан немесе басқа өсімдік қалдықтарымен араластырып, негізгі тыңайтуға әр гектарға 30-40 тонна және үстеп қоректендіру үшін 5 тоннасын береді. Олардан жасалған қордалар дәнді дақылдардың әр гектарына 10-15 т, тамыр жемістілерге 15-30 т, көкөніс пен сүрлемдік дақылдарға 20-40 т қолданады. Қазіргі кезде фекалийді тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін оларды алдын ала кептіреді. Кептірілген ұнтақтарды пудрет деп атайды. Оның құрамында 2% азот, 4% фосфор және 2% калий болады. Кептірілген фекалийге шымтезек (8-10%) немесе жай суперфосфат (3-5%) қосып араластырады. Осыдан соң әр гектарға 2- 3 тоннадан қолдануға болады. Күлдерді қолдану мөлшері топырақтарға, ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректік заттарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады. Көпшілік дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде гектарына 10-15 ц, ал ұялап сепкенде 5-6 центнерден қолданады. Күлдің әсері көңмен аралыстырып бергенде жақсы байқалады.

Сонымен бірге бау-бақшадағы, бақтардағы зиянкестермен және аурулармен күресуде үлкен рөл атқарады.

Күл алғашқы дақылдың ғана өнімін арттырып қана қоймайды, одан кейіңгі жылдары егілген дақылдардан да мол өнім жинауға болады. Мысалы, Бақсай тәжірибе учаскесінің мәліметтеріне қарағанда әр гектарға 6ц күл еңгізгенде томаттан 46,7ц, картоптан 17,7ц, капустадан 14,8ц қосымша өнім алынған. Бидай егістігінің әр гектарына 12ц күл бергенде 2,4ц, күлді көңмен араластырып қолданғанда 4,2ц қосымша өнім жиналды.

6-тарау. АГРОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІ

6.1.Агрохимиялық егістік тәжірибе

6.1.1АГРОХИМИЯЛЫҚ ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Егістік тәжірибе - табиғатта ауыл шаруашылығы өндірісіне жақындастырылған жағдайда арнайы бекітілген учаскеде түрлі факторлардың немесе агротехникалық шаралардың өсімдік өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орындалатын зерттеу әдісі. Академик В.Е.Егоровтың анықтамасы бойынша егістік тәжірибе егіншіліктің бас төрешісі және агротехникалық шаралардың мұхиттарындағы жол көрсетүші болып саналады.

Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады. Агрохимияда егістік тәжірибе көмегімен өсімдік қоректенуінің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, тыңайтқыштың дақыл өнімі мен сапасына әсерін зерттейді. Академик Д.Н.Прянишников «Егістік тәжірибе - тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін анықтаудың басты әдісі» деген болатын. Агрохимиялық зерттеуде ауыспалы егісте тыңайтқыштарды орналастыру тыңайтқыш қолдану жүйесінің қолайлы, әрі тиімді түрлерін анықтау, тыңайтқыштарды агротехникалық шаралармен үйлестіре зерттеу сияқты мәселелерді шешуде егістік тәжірибенің маңызы зор. Осыған орай егістік тәжірибе шаруашылық экономикасын одан ары арттырудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені барлық агротехникалық шаралар – дақылдардың жаңа срттарын шығару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану, топырақты өңдеу мен суару жүйелері егістік тәжірибелер арқылы өндіріске еңгізіледі. Егістік тәжірибе химиялық, физикалық, микробиологиялық тағы басқа тәсілдер көмегімен толықтырылып тұрады.

Агрохимиялық зерттеу жұмыстарында егістік тәжірибенің маңызын шектейтін жағдайлар да кездеседі. Оның нәтижесі нақты топырақ пен климатқа тәуелді болатындақтан учаске топырағын мұқият әрі жан-жақты талдау және басқа зерттеу тәсілдерімен

ұштастыру тыянақты, әрі кең көлемді мәліметтер алуға көмектеседі. Топырақ құнарлылығын жақсартқанмен, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Сондықтан өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының қалай әсер ететініне үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, сыртқы факторлар мәдени өсімдіктерге ғана емес, топырақтағы микроорганизмдерге де әсер ететінін де ескеру керек. Сондықтан, егістік тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше сыртқы орта факторларының әсерін тіркеп отыру қажет.

Тыңайтқыштардың әсерін егістік тәжірибелер жүргізу арқылы шешетін зерттеулер өте көп. Мысалы, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

тыңайтқыштардың түрлерінің тиімділігін зерттеу;

тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерінің әсерін зерттеу;

тыңайтқыштарды беру мерзімінің әсерін зерттеу;

органикалық және минералды тыңайтқыштарды үйлестіріп қолданудың әсерін зерттеу;

жасыл тыңайтқышты пайдаланудың тиімділігін анықтау;

минералды

және

органикалық тыңайтқыштардың

салыстырмалы әсерін зерттеу;

 

 

тыңайтқыштарды басқа

агротехникалық

шаралармен

үйлестірудің тиімділігін зерттеу;

 

 

тыңайтқыштың топырақтың қоректік режиміне тигізетін әсерін зерттеу;

тыңайтқыштың топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруіне әсерін зерттеу.

Топыраққа ұқыпты түрде агрохимиялық талдау жасалмай, қалыптасқан ауа райын ескермей орындалған егістік тәжірибеден дұрыс қорытынды шығару мүмкін емес және оның мәліметтерін үлкен территорияға қолдануға болмайды.

Сонымен агрохимиялық егістік тәжірибенің мақсаты - мәселелерді салыстыра отырып, белгісіздеуді белгіліге, күрделіні күрделі емеске, жекені жалпыға айналдыру және осы зерттеу негізінде қорытынды жасау. Егістік тәжірибенің тағы бір міндеті - өсімдік және оған әсер ететін топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы байланысты шешу болып табылады.

233

Егістік тәжірибені орындау зерттеушіден көп жауапкершілікті талап етеді:

-зерттеуші керекті құбылыстың пайда болуын күтпей, өзі құрастырып жасап, бөлшектеп, талдап, әрі қайтадан жинақтауы тиіс. Құбылысты тереңірек зерттегісі келсе, жанама жағдайларды молырақ туғызуға талпынуы керек. Сонда ғана зерттеудің нәтижелігі мен себептерін толығынан ұғынады;

-зерттеуші тәжірибе жұмысын басынан аяғында дейін ойға салып, көзге елестетпейінше тәсілдер арқылы анықтай алмайды. Ол тәжірибе жүргізуге кедергі болатын жағдайларды жекелеп жою жолдарын іздестіруі керек;

-зерттеуші тәжірибе жұмысының қандай да болмасын мәселесіне орынды сұрақтар қою арқылы араласып, нәтижелеріне әсер ететін жағдайларды сақтылық, салмақтылық және ұстамдылық қасиеттермен талдауы қажет. Мұнда салақтық пен еріншектікке негізделген қөзқарас болуы мүмкін емес. Себебі егістік тәжірибеде шешілген мәселе өндірісте қолданылады;

-зерттеуші енжарлық, сылбырлық, еріншектік сияқты қасиеттерден аулақ болып, керісінше, еңбекқор, табанды, қабілетті, ынталы болуы керек.

6.1.2ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ТҮРЛЕРІ

Егістік тәжірибе жүргізілетін орнына, мақсатына, зерттелетін факторлар мен тәжірибенің санына, ұзақтығына, нысандардың қамтылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Жүргізілетін орны мен қойылған мақсаттарына қарай егістік тәжірибелерді тұрақты (стационарлық) және шаруашылық жағдайында орындалатын тәжірибелер болып бөлінеді.

Тұрақты тәжірибелерді ғылыми мекемелер (тәжірибе стансалары, ғылыми-зерттеу институттары) мен жоғары оқу орындары егін алқаптарында арнайы дайындалған учаскелерде жүргізеді. Бұл тәжірибелердің басты мақсаты - әр түрлі орта факторларының тыңайтқыштардың, басқа да агротехникалық шаралардың ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім деңгейі мен оның сапасына әсерін салыстырмалы түрде зерттеу. Әдетте тұрақты тәжірибелерді бөлшектеген сызбалар арқылы орналастырады. Факторлар мен тәсілдердің әсерлерін тереңірек

234

анықтау үшін қосымша бақылаулар және зертханалық талдаулар жүргізіледі. Мұндай тәжірибелер өсімдіктер мен зерттелетін факторлар арасындағы байланыстарды және үрдістердің әсерінің заңдылықтарын анықтау үшін орындалады. Олардың қорытындылары белгілі бір аймақтың топырақ-климат жағдайларына арналады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайларындағы тәжірибелер тікелей ұжымдардың егіс алқаптарында жүргізіледі. Ол үшін арнайы учаске немесе ауыспалы егіс бөлінеді. Мұндай тәжірибелердің мақсаты - тұрақты тәжірибеден алынған нәтижелерді тексеру және айқындау. Сонымен қатар өндіріс тәжірибелерде сызбалар онша көп бөлшектенбейді, тұрақты тәжірибемен салыстырғанда мөлдек көлемі үлкендеу және варианттар саны аздау болады. Мұндай тәжірибелер көмегімен агротехникалық тәсілдердің тиімділігін тексерумен қатар, оларыдың шаруашылыққа жарамдылығын экономикалық жағынан бағалайды.

Тұрақты тәжірибелерді зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес негізгі және уақытша деп бөледі. Негізгі тәжірибелер мұқият дайындалған әрі сарапталған бағдарлама бойынша көбінесе ұзақ мерзім орындалады. Олардың жүргізу әдістемесіне ерекше әрі қатаң талап қойылады.

Уақытша тұрақты тәжірибелер қосымша мәліметтер жинау үшін көбінесе ауыспалы егістен тыс, қысқа мерзімде орындалады. Қысқа мерзім жүргізілетін тәжірибелермен 2-3 жыл уақытта тыңайтқыш қолданудың дақыл өніміне әсерін анықтайды.

Мөлдек көлемі 5-20 шаршы метрден аспайтын егіс тәжірибелерді егістік-зертханалық тәжірибелер деп айтады.

Егістік-зертханалық тәжірибелерде агротехникалық шаралар (тұқым себу, тыңайтқыш еңгізу, арам шөптерді отау т.б.) қолмен атқарылады және негізгі тұрақты тәжірибемен қатар жүргізіледі. Олардың өздеріне сызбасы мен тақырыбына сәйкес арнайы әдістеме даярланады. Егістік-зертханалық тәжірибелер көмегімен көбіне жаңадан шығарылған минералды тыңайтқыштардың тиімділігін бағалайды. Сонымен қатар топырақтағы үрдістердің, тыңайтқыштардың және өсімдік организміндегі физиологиялық құбылыстардың өзгеруін тереңірек зерттеуге болады.

Егістік тәжірибені зерттелетін жағдайлар мен тәсілдердің және факторлар саны бойынша бір факторлы (жай), көп факторлы (кешенді) болып бөледі.

235

Бір факторлыға қандай да болмасын бір тәсілдің әсерін зерттейтін тәжірибе жатады (мысалы, тыңайтқыш түрі, мөлшері, мерзімі, тұқымды себу әдісі, топырақты жырту тереңдігі, суару тәсілі).

Дақыл өніміне бір мезгілде (уақытша) екі немесе бірнеше тәсілдің әерін зерттейтін тәжірибені көп факторлы дейді (мысалы, тыңайтқыш мөлшері, суару саны, топырақты өңдеу тәсілдері). Мұндай тәжірибеде факторларды бірлестіре қолданғанда үстеме өнім және факторлардың әсерінен алынған өнімнің арифметикалық қосындысынан артық болса, факторлардың өзара әсері басымды деп саналады.

Мысалы, суарылған бірақ тыңайтқыш берілмеген бидай өнімі 20 ц, тыңайтқыш берілген суарылмаған бидай өнімі 10 ц, ал суару мен тыңайтқышты бірлестіре қолданғанда 40 ц өнім алынған болса, үстеме өнім басымды болғаны 40 - (20 + 10) = 10ц. Егер жеке факторлардың арифметикалық қосындысының әсері факторларды бірлестіре қолданудың әсерінінен жоғары болса, үстеме өнімді болымсыз дейді. Мысалы, картоптың гектарынан NPK бергеннен 120 ц, көң еңгізуден 110 ц, ал NPK мен көңді бірге қолданғанда 180 ц өнім жиналды. Мұнда факторлардың өзара әсері болымсыз: 180 - (120 + 110) = - 50 ц.

Көп факторлы тәжірибенің негізгі мақсаты жеке факторлар арасындағы ішкі байланысты анықтау. Сондықтан оның зертханалық және егістік зерттеулерінің бағдарламасы жан-жақты ойластырылып дайындалуы тиіс.

Егістік тәжірибені орындау мерзімінің ұзақтығына қарай біржылдық және көпжылдық деп бөледі.

Дақылға тыңайтқыш әсерін бір вегетациялық маусым бойы зерттейтін тәжірибені біржылдық дейді. Тәжірибе жыл сайын жаңа учаскеде 3-4 жыл орындалады. Сонда ғана әр жылдардағы ауарайының жағдайында егілген дақылға тыңайтқыш әсері жеткілікті болып есептеледі. Біржылдық тәжірибе көмегімен дақылдың өзіне тікелей берілген тыңайтқыш әсерін зерттейді. Мысалы, күздік бидайды азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру, микротыңайтқыштардың судағы ерітіндісімен өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру.

Бір-ақ рет немесе жүйелі түрде жыл сайын қолданылатын тыңайтқыш әсерін көптеген дақылдарға бірнеше жыл зерттейтін

236

тәжірибені көпжылдық деп атайды. Әдетте мұндай тәжірибелер ауыспалы егісте жүргізіледі. Оларға тұрақты учаскеде 10 жылдан 50 жылға дейін, тіпті одан да ұзақ уақыт жүргізілетін бір факторлы және көпфакторлы егістік тәжірибелерді жатқызуға болады. Көпжылдық ұзақ мерзімді егіс тәжірибелерінің басты мақсаты – агротехникалық тәсілдердің немесе факторлардың дақылдардың өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу. Дүние жүзінде мұндай тәжірибелер дамыған елдерде өсімдіктердің өсіп дамуында негізгі тіршілік факторларының әсерін анықтау үшін жүргізіледі. Мысалы, Ұлыбританиядағы Ротамстед ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 1843 жылдан бастап күні бүгінге дейін органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрі, мерзімі, мөлшері, беру әдісінің ауыспалы егіс дақылдары мен топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері зерттелуде.

Мазмұндары, сызбалары мен әдістемелері бірдей әр түрлі топырақ-климат және шаруашылық жағдайларында қиыстырылып бір мерзімде жүргізілетін тәжірибені географиялық тәжірибе дейді. Бұл тәжірибенің басты мақсаты – тыңайтқыш тиімділігіне табиғи жағдайлардың тигізетін әсерін анықтау.

Географиялық тәжірибе зерттейтін мәселелерді төрт топқа бөледі:

1.Тыңайту жүйесін құрастыру үшін ауыспалы егіс дақылдарына ұзақ мерзімге бір-ақ рет және жүйелі түрде жыл сайын тыңайтқыштарды қолдану.

2.Негізгі минералды тыңайтқыштардың мөлшері мен арақатынасын зерттеу.

3.Тыңайтқышты топыраққа еңгізудің әртүрлі тәсілдерін ба-

ғалау.

4.Тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің тиімділігін анықтау.

237

6.1.3 ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Егістік тәжірибе жүргізу жұмысында ең жауапты мәселе оның әдістемесін дайындау. Әдістеме қажетті мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Егістік тәжірибе арнайы даярланған сызба бойынша салынады. Сызба – белгілі варианттардың жиынтығы. Сызба зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты анықталады. Мысалы, тыңайтқыштармен жүргізілетін тәжірибелерде - олардың түрлері, мөлшері, мерзімі, беру әдісі т.б.

Тәжірибенің сызбасын құрастырғанда әдістемелік талаптардың ең маңыздысының бірі – зерттелетін фактордың жеке бөліну принципін сақтау, яғни зерттелуге тиісті фактор бөлекше болып, басқа жағдайлар бірдей болуы тиіс.

Тәжірибенің ең қарапайым сызбасы екі варианттан тұрады:

тыңайтқышсыз;

тыңайтқышпен.

Тәжірибе жүргізгенде барлық зерттелетін факторлар үшін егілетін өсімдіктерге ортақ жағдай жасаудың және зерттелетін әдіске сезімтал тәжірибелік дақылды дұрыс таңдаудың да мәні зор.

Бір немесе бірнеше мөлдекте өсімдіктерді өсіру тәсілдерінің жиынтығын тәжірибе варианты дейді. Вариант тәжірибе сызбасының құрамдас бөлігі болып саналады. Зерттелетін факторлардың нәтижелерін салыстыратын вариантты тәжірибе сызбасының бақылау (стандарт) варианты деп атайды. Варианттарды тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге дайындалған жоспар бойынша орналастырады.

Тәжірибе учаскесінің көлемі мен пішіні бірдей тікбұрышты құрамдас бөлігін мөлдек дейді.

Әрбір варианттың аттас мөлдектірінің санын тәжірибенің кеңістіктегі қайталануы дейді. Тәжірибе учаскесінің топырағының құнарлылығының біркелкі болмауы, өсімдіктердің жекеленген биологиялық айырмашылықтары, олардың зақымдануы, ауруға шалдығуы т.б. жағдайлар тәжірибенің қайталануын талап етеді. Әрбір варианттың нақтылы өнімін анықтау үшін тәжірибе учаскесіндегі мөлдектер бірнеше рет қайталанылады. Өйткені бірнеше рет қайталанған мөлдектерден анықталған орташа көрсеткіш жеке мөлдек

мәліметіне қарағанда сенімді әрі дәлірек болады. Варианттың қайталау санын көбейткенде тәжірибе зерттеуінде қателік кемиді (10сурет).

Егістік тәжірибенің өзін бірнеше жыл бойы жүргізу мерзіммен қаталануы болып саналады. Бұдан тәжірибе қорытындысы сенімді болып шығады және зерттеудегі тәсілдердің тиімділігі туралы қосымша мәліметтер алынады.

Тәжірибені мерзімдік қайталануы көбінесе тыңайтқыштардың кейіңгі әсерін анықтау үшін және ауыспалы егістің тыңайтқыш қолдану жүйесін зерттеуде пайдаланылады.

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

%

8

8,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қателігі,

 

7,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7,1

 

7,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6,7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6,4

6,1

 

 

 

6

 

 

5,8

 

 

5,9

 

 

 

 

 

 

 

5,7

5,6

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе

4

 

 

 

 

4,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3,8

3,5

3,3

3,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

10

 

 

 

 

 

Қайталау саны

 

 

 

 

 

 

 

мөлдек ауданы

 

қайталау саны

 

 

 

10-сурет. Мөлдек ауданын және қайталау санын

 

 

өсіруге сәйкес тәжірибе қателігі мәнінің өзгеруі.

 

 

(Ремер мәліметі). Мөлдек ауданы - 25-250 м2

 

 

239

6.1.4. ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАР

Егіс тәжірибесінің зерттеу жұмысының нәтижелі болуы оның әдістемелік талаптарының орындалуына тікелей байланысты. Олар мыналар:

1.Тәжірибенің репрезентативтілігі немесе сәйкестігі.

2.Салыстырмалықтың болуы және жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау.

3.Тәжірибе мәліметтерінің мәнінің тиянақты әрі дәл болуы.

4.Тәжірибе қорытындысының дұрыстығы.

5.Тәжірибені құжаттау.

Репрезентативтілік – тәжірибені жүргізудегі жағдайлар сол аймақтың ауа-райына, топырағына, агротехникасына сәйкес болуын білдіретін сапалық көрсеткіш. Агротехникасы мен аймағының біріңғай ұқсас, сәйкес болу талабы егіс тәжірибесін жүргізгенде түрліше орындалады. Бұл талапты ескермейтін жағдайлар да болады. Мысалы, өндірісте шығарылған жаңа минералды тыңайтқыштардың мөлшері шамалы болса, сәйкестікті сақтау міндетті емес. Cәйкестік талабы ауыспалы егістің тыңайтқыш қолдану жүйесін зерттеу ұқыпты турде орындалуы тиіс. Топырақ құнарлылығы төмен, танапта дақылдар алмасудың негізі сақталмаған егіс алқаптарында тыңайтқыш қолдануды зерттеу тәжірибесінің нәтижесі төмен болады. Сондықтан да тәжірибе жүргізудің алдында учаске топырағына жан-жақты агрохимиялық талдау жасау керек.

Тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізуде фонды дұрыс таңдау керек, яғни тәжірибе үйлесімді фон жағдайында орындалуы тиіс. Себебі фон тыңайтқыш тиімділігіне әсер ететін көрсеткіш болып саналады. Кейде тәжірибені екі немесе бірнеше фонда орындауға тура келеді (көңсіз, көңмен және т.б.). Сондай-ақ тәжірибе жүргізу үшін фонның жарамды болуы да сәйкестікке жатады.

Тәжірибе жүргізуде алғы дақылға үлкен көңіл бөлу керек. Дұрыс таңдалған алғы дақыл тәжірибенің қорытындысына оң ықпал етеді. Сонымен қатар тәжірибені сол аймақта аудандастырылған дақыл сортымен орындаған жөн. Сол сияқты тәжірибе жүргізілетін өсімдікті дұрыс таңдаудың маңызы зор. Мысалы, еру қабілеті әртүрлі фосфор тыңайтқыштарының жаңа түрін зерттегенде