Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Егер кешенді тыңайтқыш құрамында суда еритін фосфор мөлшері жоғары болса, өсімдіктің фосфорды пайдалану коэффициенті артады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кешенді тыңайтқыштардың жай тыңайтқыш қоспаларымен салыстырғанда әсер етуінің мынадай аймақтың заңдылықтары болады:

1. Орманды-шалғындық және орманды-далалық аймақтарда шымды-күлгін және қара топырақтарда құрамында екі, үш қоректік элементтері болатын кешенді тыңайтқыштарды дәнді дақылдар, қант қызылшасы, картоп егістігіне негізгі тыңайту үшін қолданғанда, тиімділігі жағынан жай тыңайтқыш қоспаларына жақын немесе жоғары болады.

2.Далалық аймақтарда (кәдімгі, корбанатты, оңтүстік қара топырақтар) кешенді тыңайтқыштардың тиімділігі төмен.

3.Суармалы қара қоңыр және боз топырақтарда жүгері, мақта, дәнді дақылдар егістігінде жай тыңайтқыш қоспалармен салыстырғанда екі-үш компонентті кешенді тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болып келеді.

4.Күріш дақылына құрамында нитратты азоты бар кешенді тыңайтқышты қолданса, оның тиімділігі аммиакты немесе амидті азот болатын жай тыңайтқыш қоспаларынан төмен болады.

5.Астық, техникалық, сүрлемдік дақылдар мен біржылдық шөптерге кешенді тыңайтқыштарды, тұқымды себер алдында қолданған тиімді.

5.1.6. МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ САҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Минералдық тыңайтқыштарды сақтау, тасымалдау, әзірлеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, олардың құрамындағы қоректік заттардың ысырап болуын төмендетеді және тиімділігін арттырады.

Минералдық тыңайтқыштардың барлығы да арнайы жабдықталған, іші құрғақ, қабырғасы қалың, едені мен төбесі бүтін, терезелері мен есіктері жақсы жабылатын қоймаларда сақталады. Қойма тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарынан аулағырақ (200 м) жерде салынады. Қойманың едені су өтпейтін және тыңайтқышты топырақ ылғалынан сақтай алатын болуы керек.

201

Тыңайтқыш сақталатын қойманы салған кезде ең алдымен оның кеңдігі қандай болатынын анықтаған жөн. Ол үшін бір тонна минералдық тыңайтқыш қанша орын алатынын білген дұрыс. Шамамен алғанда бір тонна тыңайтқыш 1,25 текше метр орын алады деп есептеуге болады. 60 тонна және одан да көп тыңайтқыш сиятын қойманың автокөлік еркін кіріп шығатын, екі жағынан ашылатын үлкен есігі болуы қажет.

Тыңайтқыштың әрбір түрі өз алдына бөлек сақталады, ол үшін қойманың іші бірнеше бөліктерге (секция) бөлініп, олар қоршалып қойылады. Қойманың ішінде тыңайтқышты топыраққа еңгізуге әзірлейтін - ұнтақтайтын, елейтін, араластыратын орын (бөлме) болуы тиіс. Қоймаға келген ылғалдылығы жоғары тыңайтқыштар бөлек сақталады.

Аммиак селитрасы өте ылғал тартқыш тыңайтқыш, сондықтан оны егіске еңгізгенге дейін зауыттан буылып келген күйінде, яғни қапшықта сақтау керек. Аммоний сульфаты ылғалды онша тартпайды, демек оны биіктігін екі-үш метрге дейін үйіп сақтауға болады. Бұл тыңайтқышты қапшықпен сақтағанда биіктігі 20 қатардан артық болмауы керек.

Ылғалдылығы мөлшерден артық болса суперфосфат көбірек жабысады, кейде оның төменгі жағында жатқандары жентектеліп қатып қалады, сондықтан үйіндінің онша биік болмағаны жөн.

Калий тыңайтқыштары ылғалды көбірек тартатындықтан сақтау ережесінің барлық талабын орындау керек.

Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы машиналарымен бір қоймада сақтауға болмайды‚ өйткені олардың металл бөлшектері коррозияға ұшырайды.

Қоймада өрттен сақтау құралдары болып, қойманың іші мен сыртында тазалық және тәртіп болу қажет.

Сақталған кезінде тыңайтқыштардың күйін байқап тұрған жөн. Ашық‚ жылы күндері қойманың есік-терезесін ашып‚ ішін желдетіп‚ даладан жылы ауа кіргізіп тұрған дұрыс. Ал ылғалды күндері‚ керісінше‚ есігі мен терезесін жауып қою керек.

Тыңайтқыштың әрбір түрінің сыртында оны аты‚ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері‚ ылғалдылығы көрсетілген жазу болу керек.

202

Минералдық тыңайтқыштар сақталатын барлық қоймалар тиейтін‚ түсіретін‚ ұнтақтайтын механизмдермен жабдықталуы тиіс.

Тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру үшін қоспа дайындауға арналған ережені сақтаған дұрыс.

Тыңайтқышты егіске еңгізу үшін тиісті механизмдерді пайдаланады.

Минералдық тыңайтқыштармен жұмыс атқаруға жасы 18-ге толмаған‚ созылмалы ауруы бар адамдарға рұқсат етілмейді. Барлық жұмысшылар (қойма иесі‚ жүк тиеушілер т.б.) жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаумен таныстырылады және ережені қойма ішінде көрнекті жерге іліп қою керек. Жұмысшылар арнаулы киімдермен (комбинезон‚ қолғап‚ етік) және көзілдірік‚ улы заттардан қорғайтын аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Аммиак селитрасын сақтау үшін, өрттен қорғану ережесін орындаған жөн. Ол тыңайтқышты жаңғыш заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Тыңайтқыш шашатын машиналар жұмыс істеп тұрғанда оларға жақын тұруға болмайды. Тыңайтқышты тиеу жұмыстарын атқарар алдында трактор мен машиналардың моторын өшіріп қояды және олардың тетіктері қалқанмен жабулы тиіс.

Тыңайтқышпен бірге тамақ‚ су және адамдарды тасымалдауға рұқсат жоқ.

Тыңайтқышпен үздіксіз жұмыс істегенде әрбір жарты сағатта бес минут үзіліс жасау ұсынылады. Жұмыс істейтін жерде ішуге арналған таза су және алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін дәрі-дәрмектер мен басқа медициналық заттар болуы керек. Егер тыңайтқыш көзге түскен жағдайда таза сумен бірнеше рет жуып емханаға көрінген жөн.

Жұмыс аяқталған соң жуыну керек.

203

5.2. Органикалық тыңайтқыштар

Органикалық тыңайтқышқа көң‚ көң садырасы‚ құс саңғырығы‚ қордалар‚ шаруашылық қалдықтары‚ шымтезек‚ сапропель, сидераттар т.б. жатады. Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д.Н. Прянишников былай деп жазған: ”Химия өнеркәсібінің дамуына және минералдық тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты‚ көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес‚ керісінше‚ минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай, көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді.

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы‚ Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал тәжірибе стансасының көпжылдық деректеріне қарағанда, гектарына 30 тоннадан көң қолданғанда боз топырақтың құрамындағы гумус (0-25 см тереңдіктегі) мөлшері 1‚125 пайыз‚ азот 0‚136 пайыз‚ ал тыңайтқыш берілмеген жердің топырағында бұл көрсеткіштер тиісінше 0‚573 және 0‚082 пайыз болған. Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті барлық элементтер кездеседі. Мысалы‚ мүйізді ірі қара малының көңінің бір тонна құрғақ затында 20 кг азот‚ 10 кг фосфор‚ 24 кг калий‚ 28 кг кальций‚ 6 кг магний‚ 4 кг күкірт‚ 25 г бор‚ 230 г марганец‚ 20 г мыс‚ 100 г мырыш‚ 2 г молибден‚ 1‚2 г кобальт‚ 0‚4 г йод болады. Сондықтан оларды толық тыңайтқыш деп атайды.

20 тонна жартылай шіріген төсенішті көң 0‚3 тонна аммоний селитрасын‚ 0‚25 тонна жай суперфосфатты‚ 0‚3 тонна калий хлоридін алмастырады.

Минералдық тыңайтқыштарға қарағанда органикалық тыңайтқыштарда қоректік заттардың мөлшері аз болады.

Органикалық тыңайтқыш өсімдік үшін көмір қышқыл газының көзі болып табылады. Топыраққа еңгізілген бұл тыңайтқыштардың ыдырауынан пайда болған көмір қышқыл газы топырақ

204

ауасын‚ топырақтың үстіңгі қабатын қанықтырады да өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі жақсарады. Жасалған есеп бойынша бір гектарға еңгізілген 30-40 тонна көң бірқалыпты жағдайда ыдырағанда күнделікті қосымша 100-200 кг көмірқышқыл газы бөлінеді. Мұндай құбылыстың маңыздылығы сонда‚ дәнді дақылдардың әр гектардағы өнімділігін 20-25 центнерге жеткізу үшін 100 кг СО2‚ ал картоп пен көкөністен 400-500 центнер өнім алу үшін 200-300 кг СО2 жұмсалады.

Органикалық тыңайтқыштар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал мен қоректік заттардың негізгі көзі болып саналады. Сонымен қатар олар топырақты түрлі микрофлоралармен байытады‚ аммонификация және нитрификация процестерін жеделдетеді.

Органикалық тыңайтқыштарды еңгізу-топырақ құнарлылығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері‚ биологиялық‚ физикалық‚ физикалық-химиялық‚ химиялық қасиеттері‚ су және ауа режимдері жақсарады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы мен негізбен қанығу дәрежесі артады‚ қышқылдылығы төмендейді‚ жылжымалы алюминий‚ темір‚ марганец мөлшері кемиді‚ буферлігі жоғарлайды.

Органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштың тиімділігін арттырады. Топырақ ерітіндісінің шамадан тыс қоюлануын және қоректік заттардың шайылуын кемітеді. Минералдық тыңайтқыштар көбінесе еңгізілген жылы ғана әсер ететін болса‚ органикалық тыңайтқыштардың әсері бірнеше жылға созылады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданса анағұрлым мол өнім алынады. Ғылыми және өндірістік тәжірибелерде таза көңнің өзі дақылдардың өнімділігін 20-30 пайыз‚ минералдық тыңайтқыш 25-35‚ ал екі түрін бірге пайдаланғанда 40-60 пайызға дейін арттыратындығы анықталған. Мысалы‚ Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында жүгерінің әр гектарына 20 тонна көң бергенде өнім мөлшері 100‚7 центнерге‚ 120 кг азот‚ 60 кг фосфор‚ 60 кг калийді минералдық тыңайтқыш түрінде сіңіргенде 105‚9‚ ал органикалық және минералдық тыңайтқыштарда араластырып пайдаланғанда өнім 126‚9 центнерге жетті. Профессор К.Иманғазиевтың ғылыми талдаулары бойынша әр гектарға еңгізілген 20 тонна көң мақта өнімін гектарына 7 ц‚

205

қант қызылшаны - 100 ц‚ дәндік жүгеріні 15 ц‚ күрішті 10 және бидайды 5 ц арттырады.

Сонымен егілетін дақылдардан мол әрі сапалы өнім алу үшін және топырақ құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Егіншілікте өте ертеден қолданылып келе жатқан органикалық тыңайтқыштардың бірі көң.

Көң құрамдас бөлігіне байланысты төсенішті және төсенішсіз деп ажыратылады.

5.2.1. ТӨСЕНІШТІ КӨҢ

Төсенішті көң қатты‚ сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамындағы органикалық заттың 40‚ азоттың 50‚ фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады.

Көңнің құрамы мал түріне‚ оның жасына‚ азық түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық бөліктердің арақатынасына да әсер етеді.

Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес (41-кесте). Мұнда айта кететін бір жағдай - мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса‚ азоттың 50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат‚ азот және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңнің сапасын жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан‚ шымтезек‚ ағаш үгіндісі т.б. материалдарды пайдаланады.

41-кесте. Төсенішті көңнің қатты және сұйық бөліктерінің химиялық құрамы‚%.

Малдың

Су

Құрғақ

Азот

Фосфор

Калий

Кальций

Магний

Күкірт

түрі

 

зат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатты бөлігі

 

 

 

Сиыр

83‚6

16‚4

0,29

0,17

0‚10

0‚35

0‚13

0‚04

Жылқы

75,7

24‚3

0‚44

0‚35

0‚35

0‚15

0‚12

0‚06

Қой

65‚5

34‚5

0‚55

0‚31

0‚15

0‚46

0‚15

0‚14

Шошқа

82‚0

18‚0

0‚60

0‚41

0‚26

0‚09

0‚10

0‚04

 

 

 

 

Сұйық бөлігі

 

 

 

Сиыр

93‚8

6‚2

0‚58

0‚01

0‚49

0‚01

0‚04

0‚13

206

Жылқы

90‚1

9‚9

1‚55

0‚01

1‚50

0‚45

0‚24

0‚06

Қой

87‚2

12‚8

1‚95

0‚01

2‚26

0‚16

0‚34

0‚30

Шошқа

96‚7

3‚3

0‚43

0‚07

0‚83

0‚01

0‚08

0‚08

Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады.

Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады. Мысалы‚ сабанның бір бөлігі 2-3‚ ойпатты жердің шымтезегінің бір бөлігі 5-7‚ қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 1015 бөлік малдың сұйық экскрементін сіңіреді.

Төсеніш көңнің физикалық‚ физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда‚ көңнің ылғалдылығы азды-көпті төмендейді‚ онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды.

Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады.

Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне‚ сапасына‚ малдың түрі мен жасына‚ азықтың мөлшері мен сапасына байланысты (42-кесте).

42-кесте. Төсеніш құрамындағы қоректік заттардың орташа мөлшері‚ %.

Төсеніш түрлері

N

P2O5

K2O

CaO

Ылғалдылығы

Күздік бидай сабаны

0‚50

0‚20

0‚90

0‚30

14‚3

 

 

 

 

 

 

Қара бидай сабаны

0‚45

0‚26

1‚00

0‚30

14‚3

 

 

 

 

 

 

Сұлы сабаны

0‚65

0‚35

1‚60

0‚40

14‚3

 

 

 

 

 

 

Ағаш жапырақтары

1‚10

0‚25

0‚30

2‚00

14‚0

 

 

 

 

 

 

Ағаш үгінділері

0‚20

0‚30

0‚74

1‚08

25‚0

Қырат жердің шымтезегі

0‚80

0‚10

0‚07

0‚22

25‚0

Ойпат жердің шымтезегі

2‚25

0‚30

0‚15

3‚00

30‚0

 

 

 

 

 

 

Шаруашылықтағы көңнің қоры және оның құрамындағы қоректік заттардың (әсіресе азоттың) ысырап болуы малға пайдаланатын төсеніш мөлшеріне байланысты (43-кесте).

207

43-кесте. Тәулігіне бір бас малға жұмсалатын төсеніш мөлшері‚ кг.

Малдың түрі

Сабан

Шымтезек

Ағаш үгіндісі

 

 

 

 

Сиыр

3-5

7-20

4-6

Бұзау

2-3

3-10

2-4

Жылқы

3-5

4-10

2-4

Шошқа

1-3

0‚5-3

1-3

 

 

 

 

Қой

0‚5-1

-

-

Төсенішті көңнің химиялық құрамы мал мен төсеніш түріне байланысты өзгереді (44, 45-кестелер).

44-кесте. Қолданылатын төсеніштің көң мөлшері мен азоттың ысырап болуына әсері.

Бір бас сиырға

 

Сабан

 

Шымтезек

тәулігіне

200 күнде

3‚5 ай сақтағанда

200 күнде

3‚5 ай сақтағанда

қолданатын

жиналған

азоттың

жиналған

азоттың ысырабы‚ %

төсеніш

көң‚ т

ысырабы‚%

көң‚ т

 

мөлшері‚ кг

 

 

 

 

2

7‚2

43‚9

7‚7

25‚2

4

8‚6

31‚2

9‚2

13‚7

6

10‚2

13‚3

10‚4

3‚4

 

 

 

 

 

45-кесте. Төсенішті көңнің шамамен алынған құрамы‚ %.

Көрсеткіштер

 

Сабан

 

 

Шымтезек

 

 

Сиыр

Шошқа

Жылқы

Қой

 

Сиыр

Жылқы

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрғақ зат

23

28

28

35

 

22

33

Жалпы азот

0,45

0,45

0,58

0,83

 

0‚60

0‚80

Ақуызды азот

0,28

-

0,35

-

 

0,38

0‚48

Аммиакты азот

0,14

0,20

0,19

-

 

0,18

0‚28

Фосфор

0,23

0,19

0,28

0,23

 

0,22

0‚25

Калий

0,50

0,60

0,63

0,67

 

0,48

0‚53

Кальций

0,40

0,18

0,21

0,33

 

0,45

0‚44

Магний

0,11

0,09

0,14

0,18

 

-

-

Күкірт

0,06

0,08

0,07

0,15

 

-

-

Органикалық зат

20

25

25

32

 

-

-

Сонымен қатар төсенішті көң құрамы оны сақтау мерзімінің ұзақтығына‚ азық түріне‚ оның сапасына‚ төсеніш мөлшеріне және ыдырау дәрежесіне байланысты да өзгереді.

Ауыл шаруашылығында негізінен аралас төсенішті көң пайдаланылады. Оның құрамында шамамен 0‚5% жалпы азот‚ 0‚25% фосфор және 0‚6% калий болады.

5.2.2. ТӨСЕНІШТІ КӨҢ - ӨСІМДІК ҮШІН ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫҢ КӨЗІ

Төсенішті көң құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер болатын толық органикалық тыңайтқыш. Топыраққа еңгізілген көң микроорганизмдердің қатысында минерализацияланады. Оның жалпы органикалық затының 72 пайызы минералдық қосылыстарға өтеді‚ ал 28 пайызы топырақ шіріндісіне ауысады.

Минерализация процесінің жылдамдығы көң сапасына‚ топырақтың қасиеттеріне‚ оның ауа‚ су режимдері мен реакциясына т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Көңнің органикалық заттарындағы көміртегінің көп бөлігі көмірқышқыл газына дейін тотығады. Азот пен күл элементтерінің өсімдікке сіңімділігі көңнің құрамына‚ ыдырау дәрежесіне және минерализация процесінің өту жылдамдығына байланысты. Негізгі үш қоректік элементтердің (азот‚ фосфор‚ калий) ішінде көңде калий мөлшері жоғары және ол жылжымалы әрі өсімдікке сіңімді хлорсыз қосылыстар түрінде кездеседі. Сондықтан хлор элементіне сезімтал дақылдар (темекі‚ картоп‚ көкөніс‚ жидек) үшін көң хлоры бар минералдық тыңайтқыштарға қарағанда бағалы болып саналады. Өсімдік бірінші жылы калий элементін көң мен минералдық тыңайтқыштардан шамамен бірдей мөлшерде (60-70%) сіңіреді.

Көңде фосфор негізінен қатты экскремент пен төсеніш құрамында кездеседі. Ол көң садырасында өте аз болады. Органикалық заттардың минералдану барысында, ерігіштік дәрежесі әртүрлі ортофосфор қышқылының тұздары түзіледі. Бұл пайда болған ортофосфор қышқылының тұздары, көңнің органикалық заттарының әсерінен минералдық тыңайтқыштар құрамындағы фосфорға қарағанда химиялық жолмен байланысуы баяу өтеді.

Өсімдік бірінші жылы көңдегі жалпы фосфордың 30-40 пайызын сіңіреді. Минералдық тыңайтқыш құрамындағы фосфордың өсімдік бастапқы жылы 15-20 пайызын ғана пайдала-

209

нады. Көңнің органикалық заттары өзінің фосфорымен қатар топырақтың және органикалық тыңайтқыштармен бірге берген минералдық фосфаттың да фосфорының өсімдікке сіңімді күйге ауысуына әсер етеді.

Азот көңнің барлық бөліктерінде кездеседі. Оның сұйық бөлігіндегі азотты өсімдік тікелей пайдалана алады. Қатты бөлік пен төсеніш құрамындағы азотты заттар минерализация процесіне ұшырағаннан соң сіңімді түрге ауысады. Көңнің органикалық азотты заттары аммиакқа дейін ыдырайды. Пайда болған аммиакты азотты өсімдік және микроорганизмдер пайдаланады немесе нитрификация процесіне ұшырайды. Топырақ ылғалдылығы жоғары сілтілік ортада‚ анаэробты жағдайда және топыраққа еңгізілген көң құрамында клетчатка мол болса, азотты заттар денитрификация процесіне түсуі мүмкін. Өсімдік бірінші жылы негізінен көң құрамындағы аммиакты азотты сіңіреді. Жалпы көңнің азотын өсімдіктің пайдалануы бірдей емес. Мысалы‚ бірінші дақыл қой көңіндегі азоттың 30 пайызын‚ жылқы көңіндегі азоттың 20‚ сиыр көңіндегі азоттың 18‚ шошқа көңіндегі азоттың 10 пайызын қабылдайды. Көңдегі азотты өсімдіктің пайдалану коэффициенті оның ыдырау дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады. Жас көңнен 7‚8 пайыз‚ жартылай шіріген көңнен 23‚4‚ толық шіріген көңнен 17‚5‚ шіріндіден 4‚8 пайыз азотты пайдаланады.

Орта есеппен бірінші дақыл көң құрамындағы азоттың 2025 пайызын пайдаланады. Ал өсімдіктің минералдық тыңайтқыш азотын сіңіру коэффициенті 60-70 пайызға жетеді.

Сонымен, ауыл шаруашылығы дақылдары үшін төсенішті көңнің, құрамындағы қоректік заттарды пайдалануы маңызды шараның бірі болып саналады.

5.2.3. ТӨСЕНІШТІ КӨҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Төсенішті көңді ыдырау дәрежесіне қарай жас немесе нашар ыдыраған‚ жартылай шіріген‚ толық шіріген және шірінді деп бөледі.

Төсеніш ретінде пайдаланған сабан әлі де болса өзінің бастапқы сары түсі мен беріктігін жоғалтпаса, оны жас көң дейді.

210