Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Бор

1. Түйіршіктелген борсуперфосфат

18,5-19,3% P2O5,

1 % H3BO3

2. Қос борсуперфосфат

40-42 % P2O5,

1,5 % H3BO3

3.Бор қышқылы

17% H3BO3, майда кристаллды, суда жақсы ериді

4.Бормагний

13 % H3BO3, 15-20 % MgO, сұр түсті

ұнта 5. Борнодатолит

Датолит рудасынан

(2CaOB2O3 2SiO2·2H2O) күкірт

қышқылымен ыдырату арқылы алады,

12-13 % H3BO3

Мыс

1. Күкірт қышқылды мыс

CuSO4·

5H2O, көк түсті

тұз,

24,5 % Cu

2. Пиритті огар Күкірт қышқылын өндірудегі қалдықтар, 0,3 - 0,7 % Cu

МИКРОТЫҢАЙТҚЫШТАР

 

Мырыш

Молибден

Марганец

 

1. Күкірт қышқылды

 

1. Аммоний молибдаты,

 

1. Күкірт қышқылды

мырыш

 

ақ түсті тұз, құрамында

 

марганец MnSO4

ZnSO4· 7H2O,

 

50 % Mo болады

 

суда жақсы ериді,

Құрамында 25 % Zn

 

2. Аммоний-натрий

 

құрамында 32,5 %

болады, суда еритін

 

молибдаты,

 

Mn болады

ақ кристаллды

 

сарылау түсті тұз, суда

 

2. Марганецтенген

ұнтақ

 

ериді, құрамында 35 %

 

суперфосфат,

2. Мырыш

 

Mo болады

 

1,0-2,0 % Mn

полимикротыңайт

 

3. Молибденген

 

18,7–19,2 % P2O5

қыштары

 

түйіршікті суперфосфат

 

3. Марганецтенген

Химиялық

 

18–20 % P2O5, 0,1 - 0,2

 

нитрофоска,

зауыттардың шлакты

 

% Mo

 

NPK қатар

қалдықтары

 

4. Молибденген

 

құрамында

19,6 %ZnO, 17,4 %

 

түйіршікті қос

 

0,9 % Mn болады

силикатты мырыш

 

суперфосфат

 

4. Марганец

және аз мөлшерде

 

43–45 % P2O5, 0,2 %

 

шламдары

Al, Cu, Mg, Mn, B,

 

Mo

 

марганец өндірудегі

Mo

 

 

 

қалдықтар,

 

 

 

 

құрамында 0,9 % Mn

 

 

 

 

болады

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сурет. МИКРОТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ЖІКТЕУ.

181

5.1.4.2. Борлы тыңайтқыштар

Бор қышқылы. Ең концентрлі, құрамында 17,1-17,3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0,05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады.

Бор магний тыңайтқышы құрамында 2,27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (2025 кг/га) қолданылады.

Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P2O5 және 0,2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді.

Бура - ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11,3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0,5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2,2 кг болады.

Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.

5.1.4.4. Молибденді тыңайтқыштар

Аммоний молибдаты құрамында 52% молибден элементі бар, майда кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тұз. Тұқымды себер алдында өңдеу үшін 1 центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-25, жоңышқа, көкөніс дақылдарына 500600г. мөлшерінде тұз алып, тұқымға қосып аралыстырады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін 100-200 г аммоний молибдатын 200-300 л суда ерітеді.

182

Молибденді түйіршікті жай суперфосфат құрамында 20% P2O5 және 0,1 % Мо бар, ақшыл-сұр түсті түсті түйіршік. Тұқымды сепкенде қатар аралығына гектарына 50-100 кг есебінде береді.

Молибденді түйіршікті қос суперфосфатта 43% P2O5 және 0,2% Мо болады. Қатар аралығына гектарына 25-50 килограмнан береді.

Аммоний-натрий молибдаты ұнтақ күйінде өндірінеді, құрамында 35-36% молибден бар.

5.1.4.5. Марганецті тыңайтқыштар

Күкірт қышқыл марганец кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, құрамында 21-24% марганец бар тұз. Тұқымды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін оның 0,01-0,5 пайызтік судағы ерітіндісін, ал топыраққа ендіруде гектарына 5-15 кг тұзды қолданады.

Марганецті суперфосфат ашық-сұр түсті түйіршікті, құрамында 1-2% Мn, 20% P2O5 бар тыңайтқыш.

5.1.4.6. Мырышты тыңайтқыштар

Күкірт қышқыл мырыш ақ түсті, майда кристалды, құрамында 22% мырыш бар, суда жақсы еритін тұз. Тұқымдық материалды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде оның 0,03-0,1 пайыздық судағы ерітіндісін қолданады.

Мырышты полимикротыңайтқыш күңгірт сұр түсті, құрамында 25% мырыш болатын, ұнтақталған күйінде өндірілетін қосылыс. Тұқымды өңдеуге (1 тонна тұқымға 4 кг есебінде) және топыраққа ендіру үшін (гектарына 12-20 кг есебінде) қолданады.

5.1.4.7. Мысты тыңайтқыштар

Мыс сульфаты кристалды көгілдір-көк түсті, құрамында 25% мыс бар, суда жақсы еритін тұз. Өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде және тұқымды өңдеу үшін мыс сульфатының 0,01- 0,05 пайыздың ерітіндісін пайдаланады.

183

Мыс колчеданы құрамында 0,3-0,5 % мыс болатын қызғылт түсті ұнтақ зат. Сүдігер жыртар алдында гектарына 5-6 ц есебінде береді.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен оның сапасына микротыңайтқыштар қолайлы әсер ететін фактор болып саналады.

5.1.4.8. Микротыңайтқыштарды қолдану

Жаздық бидай. Микротыңайтқыштардың жаздық бидай өніміне әсері Республикамыздың көптеген аймақтарында байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының кәдімгі қара топырағына егілген жаздық бидайдың Саратовская-29 сортының тұқымын алдын ала мырыш тұзының ерітіндісімен өңдегенде гектарынан қосымша 1 ц, мыстан -1,2 ц, марганецтен - 1,05 ц өнім жиналды. Шығыс Қазақстан облысында мыс тұзының ерітіндісінен жаздық бидайдан алынған қосымша өнім күңгірт қара топырақта 2,2, ашық қара қоңыр топырақта 1,7, ал мырыштан тиісінше 1,6 және 0,8, марганецтен - 0,6 және 1,3 центнерге жетті. Суармалы күңгірт қара қоңыр топырақта мыс, марганец, мырыш, бор қолданудан тиісінше 3,3; 1,9; 1,3; 0,5 центнер қосымша өнім алынды. Бұдан аталған микроэлементтердің тиімділігі, көбінесе ауа-райына әрі топырақтағы микроэлементтердің жылжымалы түрінің мөлшеріне байланысты екенін көреміз.

Күздік бидай. Ашық қара қоңыр топыраққа егілген бұл дақылдан мыс, марганец, мырыш, молибден тұздарының 2-4 кг әсерлі заттарын қолданғанда шамамен 2-3 ц/га қосымша өнім алынады. Сонымен бірге, бұл тыңайтқыштар дән құрамындағы ақуызды 0,9-2%, ұлпаны 0,9-5,6% өсірді.

Дәндік жүгері. Суармалы алқаптағы мырыштың жылжымалы түрі төмен ашық қара қоңыр топыраққа егілген жүгерінің өнімі, әр гектарына 2,5-4 кг мырыш бергенде 13-26 пайызға, 3-4 жапырақ пайда болғанда сол тұздың 0,3-0,5 пайызтік ерітіндісін бүрікккенде 15 пайызға көтерілген. Сонымен бірге ақуыз мөлшері 7,3, крахмал 69-71 пайызға жетті.

Күріш дақылына күкірт қышқылының мыс, марганец, мырыш тұздары мен бор қышқылын әр гектарға 0,5-6 кг есебінде үстеп қоректендіруге бергенде: мыстан 1,8-8,4; мырыштан 4,2-8,1; марганецтен 3,0-6,1; бордан 2,7-5,5 ц қосымша өнім алынды.

184

Алматы облысы Балқаш ауданының Ақдала массивінің тұздалған тақыр топырағына гектарына 5,10,15 кг мырыш бергенде қосымша 7,9; 13,2 және 16,4 ц астық жиналды.

Сүрлемдік жүгері. Оңтүстік қара топырақта өсірілетін жүгері тұқымын 0,05% мырыш хлоридімен, 0,05 % аммоний молибдатымен, 0,005 % мыс купоросымен өңдегенде қосымша 20,15,28 ц көк балауса алынды. Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағында мыс 15, мырыш 29, молибден 28 ц. қосымша көк балауса жинауды қамтамасыз етті. Мырыш тыңайтқышының әсерінен жүгері дәніндегі ақуыз 0,6-1,8, жапырағында 1-1,3, сабағында 1-2 пайызға өсті.

Қант қызылшасы. Жамбыл облысының ашық боз топырағына егілген қант қызылшасының егістігін 0,05 пайыздық мырыш сульфатымен үстеп қоректендіру өнімді 30 центнерге, тұқымды себер алдында бор, мырыш, марганец, кобальт элементтерінің тұздарының 0,05 пайыздық ерітіндісімен өңдеу 22-34 центнерге өсірді. Ал осы микроэлементтермен тұқымды өңдеп және үстеп қоректендірсе қосымша 36-72 центнер өнім алынды. Осы дақылдың қанттылығын мырыш 0,6-1,3, марганец - 0,4-0,9 пайызға жоғарылатты.

Мақта егістігінің гектарына 2 кг мырыш, 1 кг молибден, 1 кг бор қолдану тиісінше 4,3; 2,6; 2,5 центнер қосымша өнім алуды қамтамасыз етті.

Картоп және көкөніс дақылдарына микротыңайтқыштарды қолдану олардың жақсы өсіп жетілуіне ықпал етті. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарының күңгірт қара қоңыр топырақтарына картоп және көкөніс дақылдарына берілетін микроэлементтердің ең қолайлы мөлшері гектарына 2-3 кг. Осының нәтижесінде картоптан 20, қызанақтан 15, пияздан 18 пайыз өнім артық алынды.

Соя. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша сояға молибден элементін қолдану өнімді жоғарлатып, түйнек бактериаларының санын едәуір арттырады.

185

5.1.4.9. Микротыңайтқыштардың тиімділігін арттыру жолдары

1.Ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану. Дақылдар микроэлементтерді пайдалану жағынан 3 топқа бөлінеді:

а) микроэлементтерді аз мөлшерде қажет ететін дақылдар (бидай, арпа, сұлы, жүгері, картоп, дәнді бұршақ);

б) микроэлементерді орташа дәрежеде пайдаланатын дақылдар (тамыр жемістілер, көкөніс, күнбағыс, мақта, жеміс-жидектер, жүзім);

в) микроэлементтерді көп мөлшерде қажет ететін дақылдар. Оларға жоғары агротехника қолдану арқылы өсірілетін отамалы, көкөніс және жылы саяда өсірілетін дақылдар жатады.

2.Микротыңайтқыштардың мөлшерін олардың топырақтағы жылжымалы түріне сәйкес белгілеу.

3.Микроэлементтердің бірнеше түрінің қоспасын пайдалану. Макротыңайтқыштармен бірге немесе ұштастырып қолдану.

5.1.5.КЕШЕНДІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

5.1.5.1.Кешенді тыңайтқыштар туралы түсінік, оларды

жіктеу және құрамы

Кешенді тыңайтқыштарға құрамында екі немесе одан көп негізгі қоректік элементтері бар минералдық тыңайтқыштар жатады. Оларды қоректік элемент санына қарай екі жақты (азоттыфосфорлы, азотты-калийлі, фосфорлы-калийлі) және үшжақты (азотты-фосфорлы-калий) деп бөледі.

Өндіру тәсіліне байланысты күрделі, күрделі-аралас және аралас, ал агрегаттық күйі жағынан сұйық және қатты болып бөлінеді (8-сурет).

Негізгі (алғашқы) компоненттерді (бөліктерді) өзара химиялық жолмен әрекеттестіру арқылы алынған тыңайтқыштарды күрделі тыңайтқыштар дейді. Олардың ерекшелігі - әрбір молекуласында бірнеше элемент болады, әрі бірыңғай химиялық формуладан тұрады.

186

Күрделі-аралас тыңайтқыштарды бірегей технологиялық процесс жағдайында аммиак, азот, фосфор, күкірт қышқылдарын, фосфорит немесе апатитті, калий тұздарын және тағы басқа химиялық заттарды өзара араластыру арқылы өндіреді.

Аралас тыңайтқыштар жай минералдық тыңайтқыштарды гранулометриялық жолмен бір-бірімен араластыру арқылы алынады.

Кешенді тыңайтқыштар өздерінің көптеген артықшылықтарымен ерекшеленеді:

Біржақты тыңайтқыштарға қарағанда олардың құрамында қоректік заттардың мөлшері анағұрлым жоғары.

Қоректік заттардың арақатынасы өсімдікке қажетті дәрежеде болуы кешенді тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.

Кешенді тыңайтқыштар құрамындағы қоректік элементтердің барлығы өсімдікке сіңімді түрде болады.

Кешенді тыңайтқыштарды топыраққа еңгізуде топырақ айтарлықтай деңгейде тығыздалмайды. Өйткені құрамында жалғыз қоректік элементі болатын тыңайтқыштарды егістікке 2-3 рет, ал кешенді тыңайтқышты бір рет қана еңгізеді.

Кешенді тыңайтқыштарды тасымалдауда, сақтауда топыраққа еңгізуде жұмсалатын қаржы біршама аз болады.

Кешенді тыңайтқыштар құрамында өсімдік қоректенуіне зиянды әсер ететін бөгде қоспалардың кездеспеуі, олардың өнім сапасын жоғарылатуына ықпал етеді.

Кешенді тыңайтқыштарды негізгі ауылшаруашылық дақылдарына аймақтар бойынша зерттеу нәтижесінде, олардың әсерінің географиялық заңдылықтары анықталады. Жекелеген табиғи аймақтар бойынша кешенді тыңайтқыштардың 5-10 түрі жиі қолданылады. Олардың ішінде қоректік заттарының арақатынасы теңестірілген (1:1:1) түрлері жетекші рөл атқарады. Бұған нитрофоска, нитроаммофоска, карбоаммофоска жатады. Бұл тыңайтқыштар азот, фосфор, калий элементтерінің тиімділігі жоғары қара топырақты емес аймақтарда кеңінен қолданылады. Құм, құмайт топырақты жерлерге қоректік заттардың арақатынасы 1:1:1 болатын тыңайтқыштарды дәнді дақылдарға, картопқа, қант қызылшасына, біржылдық шөпке көктемде тұқымды себер алдында, ал саз, сазды топырақтарда күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.

187

Кешенді тыңайтқыштар құрамында азотқа қарағанда, фосфордың немесе фосфор мен калийдің (1:1,5:1 және 1:1,5:1,5) үлесі басымырақ болса, оларды фосфор мен калийдің жылжымалы түрлері аз топырақтарға күздік, жаздық астық дақылдарына, картопқа, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге қолданады. Ал гранулометриялық құрамы жеңіл калий аздау топарыққа егілетін тамыржемістілерге, қант қызылшасына, сүрлемдік жүгеріге калийі басымырақ (1:1:1,5) тыңайтқыштарды пайдаланады. Алмаспалы калийі жоғары және калийді шамалы мөлшерде пайдаланатын дақылдарға қоректік элементтердің арақатынасы 1:1:0,5 тыңайтқыштарын береді.

Сол сияқты 1:4:0 типтес кешенді тыңайтқыштарды астық дақылдарының тұқымымен бірге және оңтүстік аудандарда күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.

188

КЕШЕНДІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

 

 

 

 

 

Күрделі-

 

 

 

Аралас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

аралас

 

 

 

 

 

 

 

Сұйық

 

 

Күрделі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ығал

 

 

 

Түйіршік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тәсілімен»

 

 

 

телген

 

 

Өндіріс

 

 

 

 

 

 

алынады –

 

 

 

немесе

 

 

әр түрлі

 

 

Бастапқы

 

 

ұнтақ тәрізді

 

 

 

ұнтақ

 

 

сұйық, газ

 

 

 

 

бірбеткей

 

 

 

тәрізді

 

 

тәрізді

 

 

компонент

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тыңайтқыш

 

 

 

түріндегі

 

 

және қат

 

 

тердің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тарды

 

 

 

екі немесе

 

 

ты өнімдер

 

 

өзара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

араластырып,

 

 

 

одан көп

 

 

дің,

 

 

химиялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

аммиакаттар,

 

 

 

жай

 

 

сондай-ақ

 

 

әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әртүрлі

 

 

 

тыңайт

 

 

әр түрлі

 

 

нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қышқылдар

 

 

 

қыштар

 

 

суспензия

 

 

сінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

және N, P бар

 

 

 

ды

 

 

лайтын

 

 

бірыңғай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

басқа

 

 

 

механика

 

 

үстемелер

 

 

техноло

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өнімдер,

 

 

 

лық

 

 

дің өзара

 

 

гия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

аммиак, бу

 

 

 

аралас

 

 

әрекетте

 

 

лық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

және су

 

 

 

тыру

 

 

суіне

 

 

циклде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қоспасына

 

 

 

арқылы

 

 

негізде

 

 

өндіріледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

еңгізеді

 

 

 

өндіріледі

 

 

лінген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сурет. КЕШЕНДІ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ЖІКТЕУ

189

Сондай-ақ оларды ылғалы жеткілікті және алмаспалы калиймен жақсы қамтамасыз етілген егістік жерлерге де қолдануға болады. Өсімдікке сіңімді азот мөлшері жоғары топырақтарға егілетін дақылдарға, әсіресе, астықты дақылдарға, 0:1:1 типтес тыңайтқышты пайдалану керек. Сонымен бірге фосфорлы-калийлі кешенді тыңайтқыштарды күздік дақылдар егілетін пар танабына және біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егілетін алқаптарға сіңіреді.

5.1.5.2. Күрделі тыңайтқыштар

Аммофос құрамында 11-12 % азот, 46-60 % фосфор бар, аммиакты фосфор қышқылымен бейтараптау арқылы алады (9- сурет):

NH3 + H3PO4 = NH4H2РО4

Түйіршікті, ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Барлық топырақтарға қолданады. Біздің республикамызда астық дақылдарына тұқыммен бірге, ал қара қоңыр, боз топырақты суармалы егісте техникалық, көкөніс пен жеміс дақылдарына күзде және үстеп қоректендіруде пайдаланады.

Аммофоста азот пен фосфордың арақатынасының алшақ (1:4) болуы оны қолдануды шектеуі мүмкін.

Диаммофос тыңайтқышын фосфор қышқылын аммиакпен қанықтыру арқылы өндіреді:

2NH3 + H3PO4 = (NH4)2HPO4

Құрамында 18% азот, 50% фосфор бар, ақшыл-сұр түсті, түйіршікті, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Бұл тыңайтқышты аммофос сияқты қолданады.

Калий селитрасы калий хлоридін натрий нитратымен ыдырату арқылы алынады:

KCl + NaNO3 = KNO3 + NaCl

Құрамында 42-45% калий және 13% азот бар, сарғыштау-сұр түсті, ұсақ кристалды, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Калий

190