Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

калий үшін - картоп, қызылша, капуста, жүгері, түйебұршақ, алма, жоңышқа;

магний үшін - капуста, картоп, қарақат, алма;

темір үшін - капуста, картоп, таңқурай, алма;

бор үшін - қант қызылшасы, күнбағар, алма, зығыр;

марганец үшін - капуста, қызылша, картоп, сұлы;

жез үшін - бидай, арпа, сұлы, алмұрт;

цинк үшін - жүгері, соя, түйебұршақ, алма, алмұрт, шырын жемісті өсімдіктер;

молибден үшін - капуста, салат, бұршақ шөптер, шырын жемісті өсімдіктер.

2.6.3.2. Өсімдіктерге қажетті қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Қоректену элементтерін өсімдіктердің қажет етуін визуалды диагностикалау келесілерді білуге негізделінген:

индикатор-органдарды (ең алдымен бұларда қоректену элементтерінің жетіспеушілік нышандары байқалады);

қоректену элементтері (өсімдіктің бір бөлігінен басқасына ауысу қабілеті бар).

Дж. Мак-Мертри (1957) өсімдіктердің минералдық қоректену жетіспеушілігінің симптомдарын екі ірі топқа бөлуді ұсынады.

Бірінші топ - сиптомдар өсімдіктердің кәрі жапырақтарында байқалады. Оларға азоттың, фосфордың, калийдің, цинктің, магнийдің жетіспеушілік симптомдары жатады. Топырақта бұл элементтер жетіспесе, олар өсімдіктің кәрі, төменгі бөліктерінен өсіп жатқан жас бөліктеріне (жетіспеу нышандыры дамымаған) ауысады.

Екінші топ - симптомдар жоғарғы жапырақтарда, өсу нүктелерінде байқалады. Бұл жетіспеу тобына кальций, бор, күкірт, темір, мыс, марганец жатады. Бұл элементтер өсімдіктердің кәрі органдарынан жастауларына қарай ауысуға қабілетті емес.

Сонымен, топырақта бұл элементтердің мөлшері аз болған жағдайда жас, өсіп жатқан органдар қажетті қоректену элементтерін ала алмайды. Осының нәтижесінде өсімдіктерде жа-

71

пырақтардың сипатты түсі, габитусы, орналасуы түрінде сигналды функциялар пайда болады.

Симптомдардың бірінші тобы ескі, кәрі жапырақтарда байқалады. Бұл топты екі топшаға бөлуге болады:

бірінші топша - толық өсімдіктің немесе тек қана кәрі органдарының күй-жайына әсер етеді (мысалы, азоттың және фосфордың жетіспеуі).

екінші топша - жергілікті (локальды) түрде байқалады, яғни жапырақтардың кейбір бөліктерінде байқалады (магний, цинк, калий).

Симптомдардың екінші тобы жас жапырақтарда немесе өсімдіктің өсу нүктелерінде байқалады. Бұл топты үш топшаға бөлуге болады:

бірінші топша - хлороз байқалады немесе жас жапырақтар жасыл түсін жоғалтады, бірақ жоғарғы бүршік өлмейді (темірдің, күкірттің, марганецтің жетіспеуінен);

екінші топша - жоғарғы бүршік өледі және жапырақтар жасыл түсінен айырылады (кальций, бор жетіспеуінен);

үшінші топша - жоғарғы жапырақтар тұрақты сарғаяды (мыстың жетіспеуінен).

Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Азоттың жетіспеуі

Түсінің өзгеруі жапырақтың басынан және шеттерінен басталып, біртіндеп барлық жапырақтардың жасыл түсі ақшылданады, кейін жапырақтар түсі ақшыл-сары түске айналады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында төменгі жапырақтардың шеттері хлорофиллден айырылып, қайырылады, кейде «күйікке» шалдығады. Өсуі тоқтатылып, жапырақтары түседі.

Фосфордың жетіспеуі

Жапырақтары жиырылған, күңгірт-жасыл. Фосфордың қатты жетіспеуі жағдайында төменгі жапырақтардың түсі күлгінденеді. Өсімдіктер қатты, түзу болып келеді. Жапырақтардың діңі және шеттері жоғары қарай қайырылады. Жапырақ пішіні тостаған

72

тәрізді болып келеді. Жапырақтар тиісті шамасына жетпейді. Фосфордың қатты жетіспеуі өсімдіктің өсуін бәсеңдетеді. Түйнектерде датты-қоңыр дақтар пайда болады.

Калийдің жетіспеуі

Өсімдіктердің пішіні қисықтанған, буынаралығы қысқарған, жапырақтардың түсі кәдімгі түсіне қарағанда күңгірттеу, жапырақтары жиырылған, ұсақтау болып келеді. Кейіннен кәрі жапырақтар сәл сарғыштана бастайды. Алдымен жапырақтың басы және шеттері, кейінінен өсімдік толығымен қола түсіне ие болады. Вегетация кезеңінің соңында өсімдіктерге паразит ағзалары зиян келтіреді.

Көкөніс дақылдарына қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Азоттың жетіспеуі

Өсімдіктердің өсуі бәсеңдейді. Сабақтары жіңішке, талшықты және қатты болып келеді. Жапырақтарда ірі сарғыш-жасыл дақтар пайда болады. Азоттың қатты жетіспеу жағдайында бүкіл өсімдік сарғайып кетуі мүмкін. Басында тамыр жүйесі жер бетіндегі органдарына қарағанда жақсылау дамығанымен, азоттың жетіспеушілігі күшейген сайын тамырлардың өсуі тоқтап, түсі қоңырланып, өледі.

Фосфордың жетіспеуі

Сабақтары жіңішке, ағаштанған. Жапырақтары ұсақ, жасыл түсі күңгірттеу болып келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде қызыл түс пайда болады. Талшықты тамырлары өте әлсіз дамиды. Жемістің салынуы және пісуі кешігеді.

Калийдің жетіспеуі

Өсімдіктің төменгі бөлігінде сұрша-жасыл жапырақтар пайда болады. Өсімдіктің жапырақтары қола немесе сары-қоңыр түсін қабылдайды. Олардың шеттері сарғайып, кейінінен қоңырланады. Жапырақтың жүйкелері бойында дақтар пайда болады. Жапырақ

73

ұлпалары іріп, өледі. Тамырлары қоңыр түсті, әлсіз дамыған. Сабақтары жіңішке, біртіндеп олар қаттыланып, ағаштанады.

Бұршақ дақылдарына қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Азоттың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі ақшыл-жасыл болып келеді. Азоттың жетіспеуінен бірінші болып төменгі жапырақтар қиналады, кейін жетіспеушілік белгілер басқа жапырақтарда да байқалады. Төменгі жапырақтар солып, түсі ақшыл–сарыға айналып, одан кейін қоңырланып, түсе бастайды. Өсімдіктердің бойы аласа болады.

Фосфордың жетіспеуі

Өсімдіктердің түсі күңгірт-жасыл болып келеді. Жапырақ сағағы және жапырақ беттері жоғары қарай қайырылады. Өсімдіктердің бойы аласа болады. Сабақтары жіңішке, қызғылт түсті.

Калийдің жетіспеуі

Жапырақтардың шеттерін бойлай сары теңбілдік пайда болады. Хлорозға ұшыраған учаскелері қосылып, жапырақтың басын және бүйір жақтарын бойлай анық үздіксіз сары жолақтарды құрады. Жапырақтың бұл аймағы кеуіп, өлген ұлпа ыдырайды. Майда жапырақты бүршік тұқымдастардың жапырақтары өсімдіктің барлық бөліктерінде зардаптанады. Жапырақтардың шеттерінде майда ақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тоқтатылады.

2.6.4. ДАҚЫЛДАРДЫҢ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚАЖЕТ ЕТУІН ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСІМЕН ДИАГНОСТИКАЛАУ

2.6.4.1. Өсімдіктерді талдау және тыңайтқыштарды қолдану

Соңғы кезде өсімдіктердің қоректену жағдайларын олардың химиялық құрамы бойынша диагностикалау қажеттігі айтылып жүр. Өсімдіктік диагностикалау болашағы бар жаңа әдіс болып

74

табылады. Бұл әдіс ауылшаруашылық дақылдардың тыңайтқыштарға нақты мұқтаждығын дәлдейді және вегетациялық кезеңде өсімдіктердің қоректенуін жақсарту жөніндегі шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Диагностика әдістері:

1.Визуалды - қоректену заттың жетіспеушілігі туралы оның сыртқы түрі және өсімдіктің түсі бойынша білу.

2.Қоректену элементінің әлсіз ерітіндісін жеке жапыраққа, жапырақ сағағына, немесе өсімдік сабағына инемен еңгізіп, өсімдік органдарының сыртқы түріндегі (өсімі, тургоры, түсі) өзгерістерді өлшеу.

3.Өсімдіктерді химиялық талдау:

жалпы (өсімдіктерді күлдендірген соң );

өсімдіктерден алынған сүзіндіні талдау;

өсімдіктердің кесіктерінде немесе шырындысының тамшысында жедел-талдау.

Жапырақтық (ұлпалық) талдау қоректену заттардың жетіспеуін ертерек анықтауға мүмкіндік береді (өсімдіктердің жапырақтарында «ашығу» белгілерімен байқалу мерзімдерімен салыстырғанда). Өсімдіктердің қолайлы қоректену деңгейі өнімділік шамасымен, жапырақтардың, толық өсімдіктердің химиялық құрамымен және өнім сапасымен себептеледі. Ауылшаруашылық дақылдарын тыңайтудың ұтымды тәсілдерін табу мақсатында өсімдіктердің қоректену физиологиясының маңызды мәселелерінің бірі олардың өсу кезеңдері бойынша қоректену элементтерін қажет етуін зерттеу болып табылады. Өсімдіктердің дұрыс дамып өсуі үшін онтогенездің әр сатысында минералдық қоректену жағдайлары өсімдік ағзасының талабына сәйкес болу керек. Өсімдіктердің минералдық заттарға мұқтаждығын толық өсімдіктің немесе жапырақ-индикаторының химиялық құрамы арқылы білуге болады. Атап айтқанда өнімнің органикалық заттары жапырақтарда құралады. Сондықтан, жапырақтарды талдау өсімдіктердің қоректену заттарымен қамтамасыз етілу туралы ең дәл ақпарат береді.

Жапырақтың талдау нысаны ретінде келесі артықшылықтары

бар:

физиологиялық тұрғыда ол ең белсенді орган;

онтогенез үрдісінде оның химиялық құрамы толық өсімдіктің құрамындай өзгереді;

75

өсімдіктің нақты физилогиялық жасын сипаттайды;

үлгі алу өсімдікке айтарлықтай зиян келтірмейді. Сондықтан, жапырақтың немесе жапырақ сағағы шырынды-

сының құрамы бойынша толық өсімдіктердің өсу және даму кезеңінде қоректену элементтерімен қамтамасыз етілу туралы білуге болады. И.В.Мосолов (1969) айтуынша өсімдік ағзасының барлық тіршілік циклын (себуден бастап дәндер піскенше дейін) шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Әр кезең өзіне тән, анық бағытталған физиологиялық процесстерімен, сондай-ақ өсімдіктердегі синтез-гидролиз үрдістерінің әр түрлі ара қатынасымен сипатталады.

Бірінші кезеңде (тұқымдардың көктеуінен өскіндеген тұқымдарда немесе түйнектерде ассимиляция бетінің пайда болуына дейін) ыдырау үрдісі құрастыру үрдісінен басым болып келеді. Бұл кезеңде алғашқы тамыр жүйесі қалыптасады. Осы кезде тұқымдардың пластикалық заттары толық пайдаланған сайын өсімдіктердің өсіп, дамуы тезірек жүреді. Картоптың аналық түйнектерінде азот, фосфор және калий аз болады. Тамырлар пайда болысымен, бірақ өскіндеуге дейін картоп топырақтан қоректену заттарын пайдаланады.

Екінші кезеңде (ассимиляциялық беттің пайда болуынан және тамыр жүйесінің қарқынды дамуынан бастап гүлденуге дейін) дәнді және көкөніс дақылдарының, картоптың вегетативтік массасы қарқынды өседі. Бұл кезеңде құрастыру үрдісі басым болып, қоршаған ортадан қоректену заттары мол пайдаланады.

Үшінші кезеңде (гүлдену басынан өсімдіктің толық пісуіне дейін) өсімдіктер кәртайған сайын олардың вегетативті органдарында және тамырларында ыдырау үрдісі күшейеді, содан кейін бұл үрдіс құрастыру үрдісінен басымдайды. Бірақ тұқымдарда, түйнектерде, тамыр, сабақтарда құрастыру үрдісі басым болып қала береді.

И.Г.Дикусар (1967) зерттеулері бойынша вегетация кезеңінің бірінші жартысында жапырақтардың ассимиляциялық бетінің күшті дамуы өсімдіктердің қарқынды азоттық қоректену талабымен сәйкес келеді. Кейін, біркелкі азоттық қоректенуде фосфордың және калийдің маңызы зор. Қоректену жағдайларын өзгерте отырып, бұл үрдістерді бәсеңдетуге немесе үдетуге болады. Осыған байланысты өсімдіктердің өсіп-дамуы әр түрлі болып,

76

өнімнің шамасы мен сапасы өзгереді (Д.Н.Прянишников, 1952; Д.А.Сабинин, 1971; А.В. Петербургский,1973). Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдік ағзасының ішіндегі процестердің бағытын өзгертеді, ал қоршаған ортадан қоректену заттарын пайдалануда өсімдік ағзасының ішкі күй-жайының маңызы өте зор. Өсімдік тіршілігінің әр түрлі кезеңдерінде қоректену элементтерінің қажеттігін қанағаттандыру ұшін және қоршаған ортаның факторларының (температура, топырақ тың және ауаның ылғалдығы) қоректену үрдісіне тигізетін теріс әсерлерін азайту мақсатында дақылдардың физиологиялық ерекшеліктерін және топырақтың агрохимиялық қасиеттерін ескере отыра, тыңайтқыштарды қолдану керек. Мұнда тыңайтқыштарды түйістіріп, сурытпақтап, қатарлап және тамырдан тыс беру тәсілдерін қолдануға болады. Топырақтағы қоректену элементтерінің қорын анықтау және минералдық қоректенуді өсімдіктік диагностикалау – егіншіліктегі бірыңғай өндірістік бақылаудың екі жақтары. Осы келтірілген жайлар қоректенудің, сондай-ақ өсу фазаларына қатысты қоректену жайларын және тыңайтқыштардың нормаларын есептеудің теориялық негіздеуі болып табылады.

2.6.4.2. Ауылшаруашылық дақылдардың минералдық қоректену жағдайларын диагностикалаудың әдістемелік негіздері

Өсімдіктердің минералдық қоректену жағдайларын өсімдіктік диагностикалауды іс жүзінде пайдалану барысында үлгілерді алудың және оларды талдауға дайындаудың стандартты техникасын жасауды талап етеді. Орган-индикаторды таңдау, оның өсімдікте орналасуын, үлгі алу уақытын графикалық тәсілмен немесе нормалау негізінде анықтауға болады:

t =

 

x1

x2

 

 

=

D

 

 

 

 

 

 

 

;

 

 

 

 

 

m

 

2

+ m2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

m1

 

 

 

 

d

 

 

 

 

 

 

 

 

мұнда,

t - дұрыстық критерийі;

x1 - тыңайтылған өсімдіктің органындағы элементтің мөл-

шері, %;

x2 - тыңайтылмағанған өсімдіктің органындағы элементтің мөлшері, %;

77

md - айырмашылықтың орта квадраттық қатесі. Индикатор рөліне ең қолайлысы – белсенді өсу фазасындағы

өсімдіктің жас органдары (жапырақтар, жапырақтар сағағылары, ұлпалар). Картоп, қияр үшін мұндай фаза - гүлдену басы, капуста үшін – қауданды салу басы, сәбіз және ас қызылшасы үшін – тамырлардың жуандау кезеңі. Жақсы өнімді қалыптастыру үшін жапырақтарды немесе жапырақтар сағағылары шырындысын химиялық талдауды дамудың ертеңгі кезеңінде (тез өсу және минералдық, органикалық заттарды жинақтау фазасында) жүргізу керек.

Бірінші үлгіні дақылдар бойынша келесі фазаларда алу керек:

картоптан, қызанақтан, қиярдан - 4-5 нағыз жапырақ фазасында, яғни жасыл шанақтардың пайда болуына дейін;

ерте және кеш егілетін капустадан - дегелек, жертаған жапырақ фазасында (8-10 жапырақтар);

ас қызылшасынан, жуадан, сәбізден, шалғаннан - 4 нағыз жапырақ фазасында.

Екінші үлгіні дақылдар бойынша келесі фазаларда алу керек:

картоптан, қиярдан – майда жасыл шанақтардың пайда болуына дейін, яғни шанақтанудың ең басында;

қызанақтан - 1-2 шашақгүл фазасында;

капустадан - қауданды салу басында;

ас қызылшасынан, жуадан, сәбізден, шалғаннан - 6 жапырақ фазасында.

Үшінші үлгіні дақылдар бойынша келесі фазаларда алу керек:

картоптан, қиярдан - гүлдену фазасында;

қызанақтан - 4-5 шашақгүл фазасында;

ерте және кеш егілетін капустадан - екінші кезеңнен 10-12 күн соң;

ас қызылшасынан, жуадан, сәбізден, шалғаннан - 8-10 жапырақ фазасында.

Қоректену жағдайларын дәл көрсететін органды іздестіру барысында толық өсімдіктер, әр түрлі ярустағы жапырақтар, сабақтар, жапырақтар сағақтары және тамырлары зерттелінеді. Соның нәтижесінде келесі жайлар анықталады:

78

диагностика үшін тез өсуші немесе дамудың ерте кезеңдерінде қалыптасқан кәрі жапырақтарға қарағанда жас, бірақ өсуін тоқтатқан жапырақтар жарамдылау келеді;

далалық жағдайларда картоптың, қиярдың, қызанақтың, капустаның төменгі қабаттағы жапырақтардан өсімдік үлгілерін алу қиынға соғады (топырақпен ластанады, шіриды және жерді өңдеу барысында жиі сынады);

талдауға картоптың, қиярдың, қызанақтың 4-5 жапырағын, капустаның 3-4 жапырағын, ас қызылшасының, жуаның, сәбіздің, шалғанның 1-2 жапырағын алу керек;

вегетация кезеңінде үлгілерді 3-4 рет алу керек;

үлгілерді алу мерзімдерін өсімдіктердің даму физиологиялық фазаларымен сәйкестендіру керек;

тәулік бойында үлгілерді тұрақты бір уақытта алу керек (9- 12 сағат аралығында).

Химиялық талдауларда пайдаланатын әдістер өсімдіктердің органдарындағы элементтердің қасиеттеріне негізделінеді.

Жапырақтар сағағы шырындысындағы химиялық элементтер бір белгілі реактивтермен тиісті түстерге боялады. Ерітіндінің боялу қарқындылығы шырындыдағы химиялық элементтің мөлшеріне байланысты болады.

Жапырақтар сағағы шырындысын далада немесе жылыжайда қолды пресс көмегімен алып, лабораторияда талдайды. Бұл үлгіні антисептикпен қоса төмен температурада тоңазытқышта сақтау керек.

Іс жүзінде шырындының бір белгілі мөлшері тамызылып, көлеңкеде кептірілген фильтрды қолдануға болады.

Фильтрлер қарапайым карандашпен жазылады. Мұндай үлгіні кез келген ыңғайлы уақытта талдауға мүмкіндік бар. Осы химиялық диагностика әдісі дақылдың пісуін күттірмей, өсімдікке қоректену заттардың жету-жетпеуін тез анықтауға мүмкіндік береді.

2.6.4.3.Өсімдіктердің қоректенуін диагностикалау

Бір белгілі қоректену элементінің жетіспеуінен пайда болатын өсімдіктердің «ашығуы» - өсімдік ағзасының тіршілігіндегі ұзақ үрдіс нәтижесі. Осыған байланысты оны алдын ала болжауға мүм-

79

кіндік бар. Сондықтан өсімдік ішінде не болып жатқанын «көру» керек. Мұнда химиялық диагностика көмегін береді. «Химиялық диагностика» (грек. diagnostikos – айырып тануға қабілетті) деп өсімдікті зерттеудің барлық үрдісін атайды.

Бір белгілі қоректену элементінің жетіспеуіне қатысты өсімдіктің ашығуын айырып тану қоректенудің алдын алудың және егіншілікте ақиқат «минимум заңын» ескерудің негізін құрады.

Өсімдіктердің өсу және даму үрдісінде бір уақытта бірнеше қоректену элементтері жетіспеуі мүмкін. Осындай жағдайда өсімдіктің күй-жайын көрсету – диагностиканың міндеті.

Диагностикаға қоятын талаптың бірі – жеделдік. Бұл талапқа жапырақтар сағағылары шырындысын талдау сай келеді. Ауылшаруашылық дақылдардың өнімділік шамасы мен сапасына тигізетін минералды тыңайтқыштардың әсерін, өсімдіктердің қоректену элементтерінің қажеттілігін химиялық диагностика арқылы алдын ала болжауға болады.

Бір белгілі дақылдың минералды қоректенуінің болашақ жағдайларын және тыңайтқыштардың әсерін алдын ала болжау мүмкіндіктері топырақтар және өсімдіктер химизмінің заңдылықтарына және ағымды жағдайды білуге негізделеді.

Өсімдіктердің минералдық қоректенуін бақылап, олардың қоректену элементтерін қажет ету шамасын біліп, тыңайтқыштарды қолдану бойынша нұсқаулар беру – агрохимиктердің маңызды міндеттерінің бірі. Агрохимиктердің бұл бақылауында дақылдың ең биік өнімділігне сәйкес өсімдіктердің жапырақ сағағы шырындысының оптималды химиялық құрамын эталон ретінде қолдануға болады. Шырындының мұндай химиялық құрамының барлық параметрлері ауылшаруашылық дақылдардың жоспарлы өнімділігіне сәйкес. Өсімдіктердің бір белгілі фазасы бойынша шырындының химиялық стандартты құрамын білу тексерілетін ауылшаруашылық дақылдардың құрылымындағы бұзылыстардың басталуын білу үшін қажет. К.П.Магницкий (1972) жұмыстарының нәтижелері бойынша шырындыны талдаудағы тамшы әдісі элементтердің өрескел санын көрсетеді, ал сабақтағы және жапырақ сағағысындағы кесіктердегі жедел-талдау әдісі тек қана олардың сапасын анықтауға ғана мүмкіндік береді, яғни бұл әдістер көмегімен қоректену элементтерінің тек қана күшті жетіспеушілігін не күшті артықтығын білуге болады.

80