Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

қуаңшылық кезеңдерінде су тез буға айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді. Сондай-ақ, калий бүршік тамырларының дамуына, клеткаларының толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді, көмірсулардың түзілуіне және қозғалысына қатысады.

Калий тыңайтқышы өсімдіктердің ақуыз заттарының синтез жасауына (химиялық қосылыстар шығаруға) үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе бүл процесс бөгеліп қалады да, ақуызсыз (зиянды) азот жиналуына себеп болады.

Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұқымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол ақуыздың түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына көмектеседі.

Өсімдікке кальций жан-жақты әсер етеді. Ол өсімдіктің барлық мүшелерінде: қымыздық, пектин, фосфор қышқылдарының тұздарының құрамында кездеседі. Өсімдік құрамындағы кальций қосылыстарының 20-65 пайызы суда жақсы ерісе, қалған бөлігін әлсіз сірке, тұз қышқылдарының көмегімен бөліп алуға болады. Кальцийдің біраз бөлігі цитоплазмада ион түрінде кездеседі.

Кальций, басқа катиондар үшін күшті антагонист болып саналады.

Кальций өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің өсуіне де қолайлы жағдай тудырады. Ол фотосинтез құбылысының жүруі үшін маңызды рөл атқарады.

Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылжу, азотты заттардың өзгеру процестеріне қатысады. Бұл элементтің әсерінен протоплазманың тұтқырлығы мен өткізгіштігі жоғарылайды.

Кальций ферменттердің белсенділігіне әсер етеді. Мысалы, әк қолданғанда сұлы өсімдігінің инвертаза және каталаза ферменттерінің белсенділігі артқан. Кальций жетіспегенде ең алдымен өсімдіктің тамыр жүйесі зардап шегеді де, тамыр түкшелерінің пайда болуы тежеледі.

Ауылшаруашылық дақылдары кальцийді әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Мысалы, дәнді дақылдардың 20-30 ц өнімі 20-40 кг, 200-400 ц тамыр жемістілер 60-120 кг, 500-700 ц капуста 300-500 кг кальций пайдаланған.

Кальций топырақта түрлі минералдардың, сіңіру кешені құрамында және көмір, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының

41

тұздары түрінде кездеседі. Өсімдіктер алмасатын және топырақ ерітіндісіндегі кальцийді сіңіреді. Мұндай кальций қара топырақта көп, ал қара қоңыр және боз топырақтарда аз мөлшерде болады.

Кальцийдің жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты. Мысалы, қара топырақта 1,44 %, боз топырақта 6,04 пайыз шамасында болады.

Магний. Хлорофилл кұрамында фосформен бірге ұлпа және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Оның шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмайт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі.

Магний хлорофилл, фитин, пектинді заттардың клетка шырынында ион түрінде, цитоплазмада ақуыздармен байланысқан күйінде кездеседі. Бүкіл магнийдің 15-30 пайызы хлорофилл құрамында болады. Магний фотосинтез құбылысында маңызды физиологиялық рөл атқарады. Ол тотығу-тотықсыздану процестеріне әсер етеді. Фермент жүйесі арқылы магний көмірсулар, ақуыздар және липидтер алмасуына қатысады. Магний жетіспесе азотты заттардың синтезделуі өте нашар жүреді. Өсімдіктерде магний жетіспеушілігінен ең алдымен жапырақтарының түсі өзгереді. Көпшілік өсімдіктер бұл элементке аса сезімтал келеді.

Өсімдік құрамындағы магнийдің орташа мөлшері мынадай болады (пайыз есебімен): күздік бидай дәнінде - 0,15, ас бұршақта - 0,13, қарақұмықта - 0,15, картоп түйнегінде - 0,06.

Топырақта магний көпшілік жағдайда карбонаттар түрінде кездеседі. Қара топырақта магнийдің жалпы мөлшері 0,9 пайыз, боз топырақта 1,45 пайызға дейін жетеді.

Өсімдіктің магнийді қабылдауына оның топырақтағы жылжымалы түрінің мөлшері және катиондардың антагонизмі әсер етеді. Мысалы, аммиакты азот және калий тыңайтқыштары өсімдіктің магнийді сіңіруіне қарама-қарсы тұрады. Нитратты азот тыңайтқыштарын қолдану өсімдіктің магнийді қабылдауын жақсартады.

Өнімнің магнийді пайдалану деңгейі дақыл түріне, өнім мөлшеріне, топырақ типіне тағы басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Магний элементін қант қызылшасы, картоп, малазықтық қызылша, темекі, дәнді бұршақ тұқымдастар және бұршақ тұқымдас шөптер көп сіңіреді. Ылғалды жылдары, жеңіл және калий хлоридін қолданған топырақтан магний көп шайылады. Орта есеппен, 1 гектар егістіктен жыл сайын 10-20 кг магний ысырап болады.

42

Темір өсімдікте хлорофилл түзуге, өсімдіктің бірқалыпты тыныс алуына қажетті элемент. Өсімдікке темірдің қажеттілігі жарыққа байланысты. Темір шымтезекті және шымды күлгін топырақтан басқаның бәрінде де кездеседі.

Күкірт. Ақуыз, май құрамына кіріп, клеткадағы тотығу-то- тықсыздану процестеріне әдетте қатысады. Ол өсімдікке күкірт қышқылының анионы SO4-- түрінде енеді.

Бор. Өсімдіктің өсуін, жемістер мен тамыр-жемістерде қанттың мөлшерін реттеп отырады. Өсімдіктердің қүрғақ затындағы бордың мөлшері бірдей болмайды. Ол өсімдіктердің ылғал режиміне жақсы әсер етіп, олардағы көмірсу мен ақуыз алмасуына, фотосинтез процестерін және тамыр жүйесінің өсуін тездетеді. Мүның өзі өсімдіктердің құрғақшылық және тұзсыз жағдайларға төзімділігін жақсартады. Ол өсімдіктердің калий мен азотты пайдалануын тездетсе, фосфорды пайдалануын кешіктіреді.

Бор негізінен алғанда қант қызылшасында, көкнәр тұқымдас өсімдіктер құрамында көп кездеседі де дәнді дақылдар егістігінде аз, бұршақты дақылдарда орташа мөлшерде байқалады. Бұлардың өсімдік құрамында жетіспеуі олардың әр түрлі ауруларға - хлорозға, шіріндіге душар болуына әкеліп соғады.

Сонымен бірге, бор мыстың, марганецтің, алюминийдің уытын жойып, калийдің сіңірілуін күшейтеді, хлор мен азоттың сіңірілуін азайтады, бұдан соң аммиакпен салыстырғанда нитратты азоттың өсімдіктерге таралуы арта түседі. Өсімдік тканьдарын, әсіресе оның тамырларын оттекпен қамтамасыз етуді жақсартады. Басқа да микроэлементтер (марганец, иод, мыс, мырыш) секілді бордың ерекше бір маңыздылығы сонда, ол өсімдіктердегі тотықтыру процестерін реттеуге көмектеседі. Органикалық заттарды түзу үшін өсімдікке азоттың, фосфордың, калийдің және кальцийдің пайдалануын шұғыл арттырады. Бордың арқасында қант қызылшасында қант, картопта крахмал, жаздық бидайдың дәнінде ақуыз, соя мен күнбағыстың тұқымында май, шөптерде С витамині мен каротин көбейетін болады.

Марганец. Ферменттердің құрамына кіріп фотосинтез, тыныс алу, көмірсулар мен ақуыздардың алмасу процестеріне қатысады, ол өзгермелі көп валентті элемент болғандықтан өсімдіктер клеткасындағы тотықтандыру-тотықсыздандыру реакциясына қатысып, жапырақтардағы көмірсулардың көбеюі мен тамыр жүйелерінің

43

қозғалысын арттырады, өсімдіктерді нитратты қосылыс-тармен қоректендіргенде ол өзінің тотықсыздандырғыш заттар ретінде, ал аз аммиакты қосылыстармен қоректендіргенде тотықтандырғыш заттар ретінде әрекет етеді.

Өсімдіктерде марганец жеткіліксіз болғанда ауруға (хлороз деп аталатын) шалдығады. Алайда топырақта марганец өте көп болса, өсімдікке зиянды әсер ететінін есте ұстау қажет. Ол ақуыздық катализаторлар-фермент белсенділігін, демалу, азотпен алмасу процестерін тездетеді. Өсімдік көмір қышқыл газымен, хлорофилмен ақуыз қосылыстарының байланысын жақсартады.

Молибден. Өсімдіктерде нитраттарды аммиакқа тотықсыздандыруға, көмірсулардың мөлшерін көбейтуге және клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестерін күшейтуге қатысады. Сондықтан бұршақ тұқымдастардың тамырында азотты атмосфералық ауадан сіңіретін бактериялар қоректік ортада молибден болғанда ғана тіршілігін күшейтеді. Топырақтың қышқылдығы өсімдікте молибден алмасуын нашарлатады.

Молибден бөтен микроэлементтерге қарағанда жер қыртысында анағұрлым аз кездеседі. Өсімдік құрамында осы микроэлементтер аз болса оның жетімсіздігі де ерте сезіледі. Оның үстіне молибденнің өсімдіктер құрамындағы жетіспеушілігін түсім мөлшерімен ғана емес, өсіп-өнуі кезіндегі сыртқы белгілері-нен де көруге болады. Мүның өзі өсімдік құрамындағы нитраттардың мөлшерін кемітіп, оның өсімдіктердегі қышқылдық ортаның азаюына әсер етеді.

Мырыш әдетте ферменттер құрамына еніп, катализатор қызметін атқарады. Мырыш өсімдіктердің өсуіне дем беретін заттарды - ауксиндерді күшті күйінде жинақтауға, оның үстіне өсімдік организмінде болатын аса маңызды реакцияларға қатысып, плазмалардың жабысқақтығына әсер етеді, өсімдіктердегі тотығу процестеріне байланысты жүретін реакцияны жеделдетеді, өсімдіктердегі қөмірсудың өзара алмасуына орай ферменттік жүйенің құрамына қосылады. Мырыш әсерінің арқасында өсімдіктерде С витамині, каротин, қөмірсу мен ақуыздар көбейеді. Өсімдіктердің тамыр жүйесінің өсуін күшейтіп, оның аязға, құрғақшылыққа және тұз-сортаңға төзімділігін күшейтіп, жеміс салу процесі үшін маңызды түрде ықпал етеді. Сонымен қатар мырыш өсімдіктердің түріне, топырақ пен климатқа сай құбылып тұрады. Орта Азия мен

44

Қазақстанның суармалы жерлерінде өсірілетін техникалық дақылдардың өнімділігінің жоғары болуына байланысты тыңайтқыштар аса көп қолданылмайды. Міне, осыған орай оның қоры жылдан-жылға кеміп келеді.

Мыс клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне, ондағы ферменттер құрамына кіреді. Мыстың қатысуымен амин қышылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып, күрделі органикалық қосылыстар түзеді және онық химиялық құрамына әсер етеді. Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.

Өсімдіктер мен жануалардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріне қатысып, ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері В12 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі көмірсу мен ақуыздың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса, өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптың тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе, оның «көк» және «қызыл шірік» ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі.

Өсімдіктерде ақуыздарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ұлпа коллоидтарының суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.

Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мүның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналасатын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтан сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі артатындығы

45

айқындалы. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хло-оилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді.

Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды.

Өсімдік дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай, сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді.

Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азот, фосфор, қалий және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топы-ақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, минералдық заттар топыраққа өсімдіктің өсуі мен даму кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы, көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды еңгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезде-ақ топыраққа араластырып жібереді.

Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араласырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру, яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді.

Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген факторына тікелей әсер етумен бірге онымен тығыз байланысты болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүміндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А. Тимирязев

46

тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен қүрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі, егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын, ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды өте аз буландырады.

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді.

Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған

жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (13-кесте). Ал қоректік заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарда алатын өнімдерге қарағанда биолоиялық өнімдер анағұрлым жоғары болады.

Қоректік заттарды дақылдардың белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлерімен сыртқы құрылымына байланысты өзгеріп отырады.

Мысалы, дәнді дақылдар егістігінен жоғары дәрежелі биологиялық өнім алған кезде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда 1 тонна дәніне сәйкес минералды элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, капуста, қант қызылшасына келетін болсақ дәнді дақылмен салыстырғанда оның 1 тоннасына негізгі

13-кесте. 1 тонна биологиялық өнім өндіруге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері, кг.

Дақылдар

N

Р2О5

Қ2О

Қара бидай

40

15

44

Күздік бидай

47

15

41

 

 

 

 

Жаздық бидай

51

15

39

Арпа

36

14

38

Көп жылдық шөптер (беде ат қонақпен

29

13

38

араластырып егілген)

 

 

 

Кеш пісетін картоп

8

3

11

Ас бұршақ

6

2

8

Ақ қауданды капуста

6

3

12

 

 

 

 

Қияр

5

2

8

Қызанақ

5

2

5

47

өнімнің жинақталуы үшін калий элементі, ал беде, зығыр дақылдарына кальций анағұрлым кәбірек беріледі. Дәнді дақылдардың сабанына қарағанда дәнінде азот пен фосфор 4 есе, ал сабанындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады. Мысалы, А.Т.Пономареваның деректеріне сүйенсек Қазақстан жағдайында кейір ауыл-аруашылық дақылдарының қоректі элементтерді 1 тонна шаруашылық өнімге есептегенде пайдаланылуы төмендегідей болады екен (14-кесте).

Бұл кестедегі көрсеткіштер еліміздің әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардың қоректі заттарды пайдаланунан өзгеше болып келеді.

14 кесте. Қазақстанда егілген дақылдардың қоректік заттарды пайдалануының сипаттамасы.

 

1

тонна өнім

алу үшін топыраққа сіңірілген

Дақылдар

 

қоректік заттардың мөлшері, кг

 

 

 

 

 

 

 

 

N

P2O5

 

K2O

 

 

 

 

 

 

Күздік бидай

 

31

10

 

32

Жаздық бидай

 

33

12

 

28

Сұлы

 

33

14

 

29

Арпа

 

25

11

 

20

Тары

 

33

10

 

34

Дәндік жүгері

 

34

10

 

37

Сүрлемдік жүгері

 

31

1,5

 

3,5

Қарақұмык

 

30

15

 

40

 

 

 

 

 

 

Ас бұршақ

 

55

15

 

20

Мақта

 

40

12

 

48

Қант қызылшасы

 

4

1,2

 

7,5

Картоп

 

60

1,5

 

15

Жоңышқа

 

23

12

 

25

Күріш

 

40

6

 

18

Жеміс және жидек

 

34,5

7,9

 

25,6

Мына кестенің жалғасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарының әр түрлі аудандарында егілген дақылдарды өсіруге сіңірілген тыңайтқыштың мөлшері де Қазақстан бойынша алынған керсеткіштерге дәл келе бермейді. Мысалы, республикамызда орта есеппен 1 тонна күздік бидай осынша мөлшердегі сабанымен қоса 31 кг азотты, 10 кг фосфорды және 32 кг калийді пайдаланатын болса, Қазақтанның оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан ашық

48

қара қоңыр топырақтың парлы алқабында егілген күздік бидай 25,7 кг азотты, 6,9 кг фосфор, 23 кг калийді пайдаланады. Ал енді сүдігер алқабына егілген күздік бидай жоғарыда аталған қоректік элементтерді тиісінше 34,6, 8,6 және 33,2 кг пайдаланады. Ал күздік бидай болса қоректік заттарын биологиялық өнімдер дәрежесінде пайдалануы 40, 15 және 44 кг болды.

Мұндай құбылыстарды әр түрлі климат, аймақтардың топырақтарында егілген басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан байқауға болады (15-кесте).

Кез келген дақылдардың өсу және пісу кезеңдеріндегі қоректік заттармен қамтамасыз етілу мөлшерін анықтап білу әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардың әр гектарынан алынатын жоспарлы өнімге қаншалықты тыңайтқыш қажет екенін есептеп шығаруға, оның мөлшерін жоспарлауға, оның үстіне тыңайтқыштардың жұмсалуы мен шығынын анықтауға көмектеседі.

15 - кесте. Ауылшаруашылық дақылдарының топырақ түрлеріне байланысты қоректік заттарды пайдалануы

Топырақ түрлері

Дақылдар

N

Р2О5

К2О

Ашық қара қоңыр

Парға егілген күздік бидай

25,7

6,9

23

 

Сүдігерге егілген күздік бидай

34,6

8,6

33,2

Күңгірт-қара қоңыр

Парға егілген күздік бидай

27,8

10,3

22

 

Сүдігерге егілген жаздық бидай

3,6

12,3

21,2

Қара

Эспарцет аңызына егілген күздік бидай

34,4

6,3

17,9

 

 

 

 

 

Ашық сұр

Суармалы жерде егілген күздік бидай

31,3

9,8

49,2

 

Сурмалы жерде егілген дәндік жүгері

30,9

12,9

51,2

Ашық-қара коңыр

Арпа

26,5

7,0

17,8

Күңгірт-қара қоңыр

Арпа

21,9

11,6

18,9

Қара қоңыр

Суармалы жерде егілген арпа

31,6

11,4

28,8

Сұр

Қант қызылшасы

4,1

1,0

7,6

С.Н. Юркин (1977) топырақ кұнарлылығы мен дақылдардың өнімділігін арттыруға тыңайтқыштарды қолданудың дұрыс жүйесін жасағанда табиғаттағы заттар айналымын 5 тармақты графигімен өрнектеді. Онда топырақ, биологиялық және шаруашылықтық өнімдер, мал шаруашылығы, сабанды және сабансыз көң айналадағы ортамен байланыстырылды. Бұл процесс табиғат айналымына кіретін және бөлініп шығатын қоректік элементтер өзара әрекеттесу арқылы топырақта жоғары қарқынмен қарама-қарсы бағытта екі процесс жүреді. Біріншіден, босап қалған қоректік элементтердің өзара әрекеттесуі (мобилизация) артса, екіншіден, бұл

49

процестердің тұрақталуы мен бұзылуы да қатар жүреді (иммобилизация). Ал биологиялық өнім арасындағы байланыстар өте белсенді өтеді де, басқа звеноларда олардың ара қатынасы біртіндеп нашарлайды. Сондықтан да биологиялық өнім алу жағдайында жер бетіндегі жалпы өнім мен оның тамыры және аңыз қалдықтары біршама көбейіп, оның шаруашылықтағы пайдалы тауарлы өнімінің молаюына жағдай жасайды.

Шаруашылық және биологиялық өнімдер мен топырақтағы қоректік элементтердің мөлшерін қадағалау тыңайтқыштарды ауылшаруашылық дақылдарына қолдану жүйесін жақсартады.

Өсімдіктерден алынатын биологиялық және шаруашылық өнімдерін құру үшін олар қоректік заттарды негізінде топырақтан және минералдық тыңайтқыштардан, оның үстіне аз мөлшерде болса да өзінің жапырақтары арқылы, атмосфералық жауын-шашыннан алады. Кейде қоректі элементтерді симбиотикалық және симбиотикалық емес азот фиксациясынан, шаң-тозаңның түсуінен, суармалы және тасқын сулардан, коммуналды шаруашылықтардың қалдықтарымен бірге келген қоректік заттардан пайдаланады.

Дақылдардың тұқымы өсімдіктердің бірінші кезекте пайдаланатын қоректік заттары болып табылады. Егіншіліктің қарқынды түрде дамуы қолданылатын тыңайтқыштардың барған сайын көбеюіне, топырақтағы қоректік элементтердің арта түсуіне байланысты олардың кейбір жағдайларда биологиялық, шаруашылықтық өнімдерінің пайдаланбай (су және ирригациялық эрозия, газ тәрізді азоттың ұшып кетуі, өсімдіктердің тамырына жақын қоректік заттардың шайылуы т. б.) қалуына, қоректік элементтердің жоғалуына әсерін тигізеді.

Мал шаруашылығында қазіргі кезде көң өндіруге ерекше көңіл бөліне бастады. Себебі көптеген тәжірибелерде көрсетіп отырғанындай құс саңғырығы мен көңді 700°-қа дейін қыздырып мал жеміне минералды қоспа ретінде беруге болатыны дәлелденді. Көңді мал шаруашылығына пайдалану арқылы заттардың табиғаттағы айналымын едәуір жақсартуға болады.

Өсімдіктерден алынатын жоғары өнімдерді осындай схема түрінде біліп болжау, екіншіліктегі барлық жұмыстардың түрлерін индустриялық негізге көшіруге жағдай жасайды.

50