Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

С.Б., Таутенов И.А.); мақта-жоңышқа (Батькаев Ж.Я., Умбетаев И.); малазықтық дақылдар (Пономарева А.Т., Елешев Р.Е.); көкөніс (Мамышов М.М., Сапаров А.С., Саржанов С.Б.); көкөніс-малаз- ықтық дақылдар (Елешев Р.Е., Иванов А.Л.).

Арнайы мамандырылған ауыспалы егістер жағдайында стационарлық тәжірибелерде жүргізілген агрохимиялық зерттеулер нәтижелері Қазақстан топырақтарын ұтымды пайдалану және олардың құнарлығын сақтап қалу, өсімдіктердің қоректенуін қолайландыру, сондай-ақ дақылдардың тұрақты өнімділігін, өнімнің жоғары сапасын себептеуші органикалық, минералдық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, экологиялық қауіпсіздікті қамту бойынша практикалық ұсыныстар берудің және теориялық ілімінің негізі болып табылды.

Өсімдіктердің азоттық алмасуы мен азоттың «топырақ- өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде бір түрден екінші түрге көшуі және өсімдіктердің азоттық алмасуының физиологиялық, биохимиялық жайлары Б.С.Бәсібеков және оның оқушыларының еңбектерінде көрсетілген. Б.С.Бәсібековтің ғылыми жұмыстары негізінен күздік бидай және қант қызылшасы ауыспалы егісіндегі дақылдарға тыңайтқыш әсерін зерттеуге арналды. Сонымен қатар Б.С.Бәсібеков тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің сапасына әсерін де зерттеді.

Алыс және жақын шет елдерде биік беделге ие болған, Қазақстандағы агрохимия ғылымының дамуына көп үлес қосқан топырақтардың фосфаттық режимі бойынша зерттеулерді айтуға болады (Пономарева А.Т., Елешев Р.Е., Иванов А.Л., Сапаров А.С., Мамышов М.М., Саржанов С.Б. және т.б.).

Профессор Пономарева А.Т. жетекшілігімен Қазақстан топырақтарының қоректену элементтерінің жылжымалы түрлерімен қамтылу деңгейі бойынша бөліктенуі, сондай-ақ дәнді-пар, қызылша және малазық ауыспалы егістерінде фосфор тыңайтқыштарын жүйелі ұзақ қолдану жағдайында топырақтардың фосфаттық режимінің өзгеру сипаты белгіленді.

Фосфор тыңайтқыштарын пайдалану теориясының және практикасының әрі қарай дамуына академик Елешев Р.Е. басқаруымен, оның шәкірттерінің маңызды зерттеу жұмыстары зор үлес қосты. Соның ішінде өсімдіктердің фосфорлық алмасу және фосфордың «топырақ-өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде бір түрден

11

екінші түрге көшу жөніндегі зерттеулерді айтуға болады. Мақтажоңышқа, көкөніс, күріш ауыспалы егістерінің дақылдарын минералды қоректендіруді қолайландыруында Елешев Р.Е. оқушыларының ізденістері еңбектеріне лайық мойындалды.

Кәзіргі уақытта Қазақстан агрохимиктері топырақтарды агроэклогиялық тұрғыда бағалау (Рамазанова С.Б.), егіншілікті биологизациялау (Елешев Р.Е., Рамазанова Р.Х., Балғабаев Ә.М.), топырақтарды минималды және нөлдік өңдеуде тыңайтқыштарды жүйелі қолдану (Елешев Р.Е., Күрішбаев А.К., Кененбаев С.К., Үмбетов А.Қ., Киреев А.К.), агроландшафты егіншілік (Елешев Р.Е., Үмбетов А.Қ., Киреев А.К.)) мәселесі бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу үстінде.

Өкінішке орай, көптеген ғылыми зерттеулер сұраныссыз қалып жатыр.

Қазақстан егіншілігінде өсімдіктердің минералдық қоректенуінде негізгі элементтердің жетіспеушілігінің әсерінен алынатын өнім, тек қана топырақтардың шектелген табиғи қоры есебінен қалыптасады. Оның үстіне дақылдардың қоректенуін қолайландыру және топырақтардың құнарлығын қалпына келтіру бойынша ғылыми жетістіктер ауылшаруашылық өндірісіне еңгізілмейді.

Тыңайтқыштарды қарқынды пайдаланған кезеңмен (1980-1985 ж.ж.) салыстырғанда кәзір органикалық тыңайтқыштардың ортажылдық шамасы 200 есе, минералдық тыңайтқыштардың ортажылдық шамасы 20-22 есе төмендеді. Егер 1985 жылы республикамыз бойынша орта есеппен егістіктің 1 га берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері 29 кг ә.з., ал органикалық тыңайтқыштардың мөлшері 1,2 т/га шамасында болса, 2004 жылы бұл көрсеткіштер сәйкес тек қана 2,6 кг ә.з. және 0,01 т/га құрды (Елешев Р.Е. Состояние и перспективы научного обеспечения агрохимической науки в Казахстане //Материалы межд. конф. «Состояние и перспективы развития почвоведения в Казахстане». Алматы, 2005. С. 6-8; Корабаев М., Васько И., Матюшков и др. Технология нулевой обработки и прямого посева для возделывания зерновых культур в Северном Казахстане. Алматы; Астана, 2005. С. 29-45).

Ауылшаруашылық дақылдары өнімінің қалыптасуындағы тыңайтқыштардың рөліне кәзіргі кезеңде байқалатын немқұрайлы көзқарас, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі үшін кәдімгідей қатер

12

туғызады және топырақтардың құнарлығының орны толмас жоғалуына әкеліп соқтырады, сондай-ақ жалпы агрохимиялық ғылымының дамуын айтарлықтай тежейді.

Соңғы15 жылдық кезеңде Қазақстанның агрохимиялық ғылымының потенциалы төмендеді, мамандырылған ғылыми орталықтарда, тәжірибелік стансаларда ғылыми лабораториялар саны қысқарды және аграрлық жоғарғы оқу орындарындағы проблемалық лабораториялар себепсіз жабылды. Республикалық агрохимия қызметі де жойылды. Агрохимиктердің талабы бойынша 2002 жылы құрамында 150 маманы бар «Агрохимия қызметінің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» атты жаңа мемлекеттік мекеме құрылды. Бұл орталықтың атқаратын жұмысы өзінің негізгі міндетінен алшақ жатыр және тендерде жеңіске жеткен фермерлік қожалықтарының топырақтарының сапасын анықтаумен шектеледі.

Осындай ғылыми зерттеулер үшін қолайсыз жағдайларға қарамастан кәзіргі кезеңде Қазақстан агрохимиктері жинақталған білімдерді, қолданыстағы ғылыми лабораторияларды, құралжабдықтарды белсенді пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі алғашқы мәселелерін шешуде:

адаптивті-ландшафтты егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің заманауй ресурс сақтаушы, экологиялық қауіпсіз технологиясын тиімді қолдану үшін негіз ретінде топырақтарды қолайлы қалпына келтіру жүйесін құру;

химияландыру құралдарын шектеулі қолдану технологиясын зерттеу;

өсімдіктердің қоректену теориясын және қолайландыруын жетілдіру;

өсімдіктердің минералдық қоректену жағдайларын геном және плазмон деңгейінде генетикалық тұрғыда бақылау, былай айтқанда сұрыптау барысында агрохимиялық тиімді генотипті құру;

өсімдіктердің адаптивті жайының өзгеруін және потенциалды өнімділігінің қалыптасу заңдылықтарын ашу;

агроландшафттық егіншілікте тыңайтқыштарды қолданудың қолайлы жаңа жүйесін (нақты агротехнологияға және өндірістің қарқындылық деңгейіне сай жүйелігімен, экологиялығымен және альтернативтігімен ерекшеленетін) қалыптастыру және іске қосу;

13

антропогендік әсер жағдайында «топырақ-өсімдік-тыңайт- қыш» жүйесінде микроэлементтердің және ауыр металдардың таралу заңдылықтарын анықтау және топырақтарды агроэкологиялық тұрғыда бақылау әдістерін жетілдіру бойынша зерттеулер;

ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибелерде орындалатын зерттеулерді жетілдіру.

Әрине, алғашқы басым мәселе болып агроценоздар жүйесінде биологиялық қайнар қөздерін минералдық қоректену элементтерінің және азоттың айналымына, сондай-ақ теңгеріміне еңгізу болып саналады.

Азотты симбиотикалық және ассоциативті бекіту, өсімдіктер қалдықтарын және сидералды тыңайтқыштарды зерттеулердің, сондай-ақ топырақ қорындағы өсімдіктердің пайдалануына қиынға соғатын фосфаттар, калий және микроэлементтерді жылжымалы түрлеріне айналдыру жолдарын іздестірудің болашағы зор.

Осы аталған басым мәселелерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін келесі бір қатар ұйымдастырушылық шараларды іске асыру:

топырақтану, өсімдіктердің физиологиясы және биохимиясы, микробиология, генетика, селекция және басқа да табиғи ғылымдары саласында жүргізілетін іргелі басым зерттеулерге сәйкестендіріп, басымдықтарға бағыттай отырып, ғылыми-өндіріс- тік орталарда, аграрлық жоғарғы оқу орындарының кафедраларында, тәжірибелік стансаларда орындалатын агрохимиялық зерттеулердің тақырыптарын қайта қарастыру керек;

аймақтық ғылыми-өндірістік орталықтарда агрохимиялық зерттеулерді бағыттау және әдістемелік басқаруды ұйымдастыру бойынша бөлімдерді және проблемалық лабораторияларды ашу керек. Әрине, агрохимиялық бөлімшелері нәтижелі жұмыс істеу үшін олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, құралжабдық паркін жаңарту және жаңа зерттеу әдістерін игеру керек;

тыңайтқыштармен тәжірибе жұмыстарын жүргізу, топырақтардың жылжымалы қоректену элементтерімен қамтылу деңгейін бағалау және тыңайтқыштардың ауылшаруашылық дақылдарға қажетті мөлшерін анықтау құзыретін кеңейте отырып, ауылшаруашылығында мамандандырылған агрохимиялық қызмет көрсетудің жаңа формасын құру керек;

Қазақстан Республикасының агрохимиялық қызметі ғылыми, тәжірибе-өндірістік ұйымдарының, жер ресурстары,

14

өсімдік қорғау жөніндегі аймақтық комитеттерінің, ауылшаруашылық техниканы шығаратын зауыттардың, банк инвесторларының, сақтандыру компаниялардың, өндірістік нарығындағы операторлардың қызметтер жүйелерімен қосылу керек;

жаңа агротехнологияларды игеру және еңгізу бойынша Республикалық технологиялық орталық құру керек;

технологиялық орталарда тауар өндірушілер ассоциациясын, жергілікті орындарында жаңа кешенді агротехнологияны игеру және оны жүзеге асыру үшін олардың біліктілігін жоғарылату курстарын ашу қажет.

Қазақстанда агрохимия ғылымы саласындағы оқымыстылардың тәжірибелері мен зерттеулерінің республикамыздың түрлі топырақ-климат аймақтарында өсірілетін дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, мерзімін, тәсілін анықтауда маңызы зор. Мұның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапасы жоғары мол өнім алуға жағдай жасайды және Қазақстанда агрохимия ғылымының дамуына едәуір септігін тигізеді.

1.2.Тыңайтқыштар - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділігі мен топырақ құнарлылығын арттырудың

басты факторы

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткіліті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш еңгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді (1-кесте).

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 45-50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50-55 пайызы агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді.

15

1-кесте. Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері

мен дақылдан алынған өнім.

 

Бір гектарға

Бір гектардан алынған өнім, ц

 

Мемлекеттер

берілген

 

 

 

 

 

Астық

Бидай

Дәндік

 

Картоп

 

тыңайтқыш, кг

 

 

дақылдары

 

жүгері

 

 

 

(әсерлі зат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүние жүзі

87,1

25,7

23,1

36,3

 

151,5

бойынша

 

 

 

 

 

 

Нидерланды

798,5

-

81,2

-

 

429,6

Германия

428,0

53,1

63,1

67,3

 

364,4

 

 

 

 

 

 

 

Жапония

428,4

59,3

37,1

-

 

-

 

 

 

 

 

 

 

Франция

302,7

52,5

54,8

57,6

 

324,4

Ұлыбритания

359,9

60,6

69,5

-

 

391,4

ТМД

118,1

18,0

17,4

29,5

 

116,9

АҚШ

93,8

47,3

23,1

74,8

 

333,4

Д.Н.Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте “жаңа континенттердің ашылуы” деп бағалады.

Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.

Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді.

Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.

Қазақстанда 1996 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 15,6 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0,5 т. органикалық тыңайтқыш еңгізілді.

Соның нәтижесінде, ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі күрт төмендеп кетті.

Мысалы, 1986-1990 жылдары астық дақылдардың өнімділігі 10,8 ц/га, дәндік жүгерінің өнімділігі 34 ц/га, қант қызылшасының өнімділігі 260 ц/га, көкөніс дақылдарының өнімділігі 169 ц/га құрса, 1996 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 6,3 ц/га, 14,2 ц/га, 105 ц/га, 92 ц/га дейін төмендеп кетті (2-кесте).

16

2-кесте. 1999-2008 ж.ж. Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарына қолданылған тыңайтқыштың мөлшері мен дақылдардың өнімділігі

Дақылдар

1986 -1990ж.

1991ж.

1996ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

NPK,

Өнім,

NPK,

Өнім,

NPK,

Өнім,

 

кг/га

ц/га

кг/га

ц/га

кг/га

ц/га

 

 

 

 

 

 

 

Астық дақылдары

53,2

10,8

12,5

5,8

0,5

6,3

Дәндік жүгері

267

34

193

25,7

20

14,2

Мақта

282

27

220

25,0

25,2

17,2

Қант қызылшасы

334

260

231

159

80

105

Күнбағыс

65

5,9

16

3,1

9,5

1,9

Картоп

93

114

71

99

4,0

87

Көкөніс

179

169

51

121

16,8

92

Сүрлемдік жүгері

21

89

21

78

-

-

Көпжылдық, біржылдық шөптер

-

-

7,0

5,3

-

-

Жеміс –жидек

-

-

46

45

-

-

 

 

 

 

 

 

 

Статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда 1999 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі 13,0 ц/га, бидай 12,9, арпа 13,5, сұлы 14,0, қарақұмық 4,6 ц/га болса, ал 2008 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 10,1; 9,7; 10,5; 9,4; 3,1 ц/га төмендеп кетті (3-кесте).

Осы аталған дақылдардың өнімділіктерінің құлдырап төмендеуінің бір себебі минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану болып табылады.

Республикамызда техникалық (мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкөніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қоданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17,7 ц/га, қант қызылшасы 172,2; майлы дақылдар 4,9; картоп 107,5; көкөністер 134,1 және бақша дақылдарының өнімділігі 97,2 ц/га құраса, ал 2008 жыл бұл дақылдардың өнімділігі сәйкесінше: 18,2; 204,3; 5,5; 143,7; 203,2 және 158,9 ц/га жоғарылады (3-кесте).

Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ, 1990 жылы егістің 1 га көлеміне 19,7 кг минералдық, 0,7 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілсе, 2008 жылы егістің 1 га көлеміне тек қана 1,5 кг минералдық тыңайтқыштар, 0,4 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілді.

17

Тыңайтылған егістік көлемі 1016 мың гектардан 960 мың гектарға дейін қысқарды. Тыңайтылған егістік көлемінің үлесі 27 % - дан 4,9 % - ға дейін азайды. (4-кесте).

3-кесте. 1999–2008 ж.ж. Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі

Дақылдар

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәнді

13,0

9,4

12,2

11,5

10,8

8,8

10,0

11,7

13,3

10,1

және

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дәнді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бұршақты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дақылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соның

12,9

9,0

11,8

10,9

10,3

8,4

9,5

11,3

13,0

9,7

ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бидай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арпа

13,5

10,2

13,1

12,7

11,4

8,5

10,5

11,7

13,3

10,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұлы

14,0

9,6

12,0

12,7

10,6

7,7

11,8

11,8

13,5

9,4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күріш

28,1

29,7

28,7

30,3

32,7

34,2

33,5

33,0

33,6

33,7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәндік

30,2

33,3

37,1

41,4

43,2

44,6

41,6

46,3

45,8

44,0

жүгері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тары

4,4

4,8

6,3

7,4

8,9

6,5

5,6

7,6

8,5

9,9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарақұ-

4,6

6,0

7,9

7,1

7,7

6,1

5,7

6,7

5,9

3,1

мық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақта

17,7

18,7

22,7

21,5

20,5

21,3

23,1

22,2

22,1

18,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қант

172,2

154,0

172,6

206,5

210,4

197,4

209,2

240,8

248,9

204,3

қызылша-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Май

4,9

3,9

5,7

6,3

7,1

6,2

7,0

6,6

7,2

5,5

дақылда-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соның

4,9

4,0

6,0

5,9

6,8

5,9

6,3

5,9

5,9

4,1

ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнбағыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картоп

107,5

106,4

132,9

139,3

139,0

134,0

150,0

153,6

155,8

143,7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкөніс

134,1

153,2

166,3

171,5

176,6

185,5

172,5

200,7

209,9

203,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақша

97,2

119,3

126,6

134,9

144,5

153,2

159,3

167,1

171,7

158,9

дақылда-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеміс

17,7

35,9

32,5

35,3

31,1

47,8

50,5

49,5

50,4

45,7

және

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жидектер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүзім

28,4

57,2

41,7

24,6

29,1

57,1

55,9

55,3

50,0

38,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

4-кесте. Қазақстан Республикасы бойынша минералдық (қоректік заты 100% аударғанда) және органикалық тыңайтқыштарды қолдану динамикасы

 

Жылдар

1990

1995

2000

2006

2007

2008

 

 

 

 

 

 

 

Егіс көлемі - барлығы, мың га

35182

28680

16195

18445

18329

19990

 

 

 

 

 

 

 

Еңгізілген минералдық тыңайтқыштар,

672,1

36,2

11,4

41,4

58,9

30,9

мың

тонн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңгізілген органикалық тыңайтқыштар,

22326

1141,0

175,7

76,8

78,0

74,0

мың

тонн

 

 

 

 

 

 

Егіс көлемінің 1 га еңгізілген

19,7

9,7

0,7

2,3

3,1

1,5

минералдық тыңайтқыштар, кг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егіс көлемінің 1 га еңгізілген

0,7

0,2

0,4

0,70

0,35

0,40

органикалық тыңайтқыштар, т/га

 

 

 

 

 

 

Тыңайтылған алқап көлемі, мың га

1016

486

96

660

912

960

 

 

 

 

 

 

 

Тыңайтылған егістік үлесі, %

27

1,5

0,5

3,5

4,8

4,9

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі және минералды тыңайтқыштарды өндіру жоспары 5 және 6 кестелерде келтіріліп отыр.

Мысалы, еліміздің ауылшаруашылығына 2009 жылы 978,0 мың тонна (ә.з) минералдық тыңайтқыштар, оның ішінде азот тыңайтқыштары - 378,5 мың тонна фосфор мен калий тыңайтқыштары 584,6 және 14,9 мың тонна қажет болса, ал 2014 жылға қарай олардың мөлшері, тиісінше: 1059,7; 410,1; 633,4 және 15,8 мың тоннаға артуы тиіс (6-кесте).

19

5-кесте. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі, мың тонн ә.з.

Жыл

Суперфосфат

Қос

Аммофос

Нитроаммофос

Аммоний

Аммоний

Карбамид

Хлорлы

 

 

суперфосфат

 

 

селитрасы

сульфаты

 

калий

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2005

9,3

70,8

140,2

106,9

64,2

41,1

15,0

31,4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2006

10,5

75,5

160,2

136,1

76,5

42,7

17,2

36,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2007

11,2

77,4

182,2

153,2

84,3

43,2

17,9

39,7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008

11,2

88,2

196,6

170,2

89,7

45,5

19,0

46,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2009

11,5

96,6

219,5

189,4

108,1

46,1

19,5

52,8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010

12,1

110,5

254,2

220,2

116,5

50,4

22,4

56,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-кесте. Қазақстан Республикасында 2009-2014 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы үшін қажетті минералдық тыңайтқыштардың мөлшері, мың тонн ә.з.

Жыл

Барлығы

 

Соның ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

N

P2O5

K2O

2009

978,0

378,5

584,6

14,9

 

 

 

 

 

2010

994,1

384,8

594,1

15,2

 

 

 

 

 

2011

1008,3

390,3

602,6

15,4

 

 

 

 

 

2012

1026,4

397,5

613,4

15,5

 

 

 

 

 

2013

1043,3

403,8

623,8

15,7

 

 

 

 

 

2014

1059,7

410,1

633,4

15,8

 

 

 

 

 

20