Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

тамырдан бөлінетін шырынның еріткіштік қасиеті тым жоғары өсімдікті пайдалануға болмайды немесе физиологиялық қышқылдығы бірдей емес азот тыңайтқыштары үшін орта реакциясының өзгеруіне өте сезімтал дақылды пайдалану керек. Тәжірибені биологиялық ерекшеліктері әртүрлі бірнеше өсімдіктермен жүргізгенде агротехникалық сәйкестікті сақтауға назар аударған жөн (топырақты өңдеу, тұқымды себу мерзімі, себу мөлшері, арам шөптермен күрес т.б.).

Тәжірибеде жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау әдістеменің негізгі талабы болып саналады. Бұл талапты егістік тәжірибенің бағдарламасы мен сызбасын дайындау кезінде міндетті түрде ескеру қажет және бұрмаланбауы тиіс. Мұнда тәжірибе сызбасына бекітілген варианттарға өз бетімен қосымша басқа тәсілдерді еңгізуге болмайды. Тәжірибе варианттарын әртүрлі алғы дақылдардан кейін немесе тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде қолдану, немесе дақылдардың әртүрлі мерзімде себілуі қойған талапты орындауға мүмкіншілік жасамайды және тәжірибенің сапасын кемітеді. Мысалы, азот тыңайтқыштарының әр түрлі мөлшерін зерттегенде айырмашылық тек олардың мөлшері болуы тиіс. Ал басқа агротехникалық шаралар (топырақты өңдеу, алғы дақыл, сорт, тұқымды себу мерзімі т.б) барлық варианттар үшін бірдей болу керек.

Тәжірибе мәліметтерінің мәнінің тыянақты, әрі дәл болуы – егістік тәжірибе сапасына қойылатын міндетті талаптың бірі. Бұл талап жалғыз ғана өзгешелікті сақтау талабының логикалық жалғасы болып есептеледі. Оның нәтижелерінің мәнін сан көрсеткіші арқылы бағалайды. Көптеген зерттелетін агротехникалық тәсілдер мен факторлар дақыл түсіміне әсер етумен бірге оның сапасының өзгеруіне де ықпалын тигізеді. Мысалы, астық дақылдары дәнінің құрамындағы ақуыз, картоп түйнегіндегі крахмал, қант қызылша тамырындағы қант мөлшері өзгереді. Өнімнің сапа көрсеткіштерін зертханада химиялық талдау арқылы анықтайды. Дақыл өнімінің мәліметтері мен сапа көрсеткіштерінің мәндері зерттелген агротехникалық тәсілдер немесе факторларды шынайы түрде бейнелейді. Егістік тәжірибеде алынған нәтижелердің мәндерінің көрсеткіштері зерттелген тәсіл немесе фактордың ақиқатты әсерімен сәйкестік дәрежесін тәжірибе дәлдігін анықтау арқылы біледі. Тәжірибе жүргізуден алынған нәтижелер

241

мен ақиқатты нәтижелер арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, тәжірибе дәлдігі соғұрлым жоғары болады. Кез келген тәжірибе мәліметтерінің арасында айырмашылық кездеседі. Тәжірибе жұмысында іріктеп бақылау арқылы алынған нәтиже мен нақты өлшем мөлшерінің аралығындағы айырмашылық қателік болып саналады. Ондай жағдай тәжірибе жұмысында кездеседі. Тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше қателіктің мәнін азайту үшін оның пайда болу себептерін білу керек.

Тәжірибе жұмысында үш түрлі қателіктер кездеседі.

1. Кездейсоқ қателік. Зерттеудегі факторлар әсерлерінің көп болуы олардың көрсеткіштерін көбейтеді де кездейсоқ қателіктің пайда болуына себепкер болады. Сол сияқты тәжірибе мәліметтерін түрлендіру кездейсоқ қателікті туғызады. Сондықтан оны тәжірибе көрсеткіштерінің тұрақты серігі дейді. Бірақ математикалық статистика кездейсоқ қателікті анықтау үшін арнайы әдіс ұсынады. Егер бақылау мәліметтері көп болған жағдайда қалыпты бөлу заңына, ал бақылау саны шамалы болғанда Стьюденттің бөлісу заңына бағынады. Кездейсоқ қателіктің ерекшелігі – оң және тәріс мәндердің санының бірдей болуы жиірек кездеседі. Тәжірибеде бақылау вариантының санын өсіру, зерттеу мәліметтерін жинақтау кездейсоқ қателіктің оң және теріс түрлері тең болғандықтан өзара жойылады.

2.Тәжірибе жұмысында кезесетін жағдай белгілі бір тұрақты әсердің бұрмалануынан өлшеу, санау мәліметтірін өсіру немесе кеміту жүйелі қателік деп аталады. Бұл қателіктің кездейсоқ қателіктен ерекшілігі бұрмалануы тек бір бағытта болады, яғни тәжірибе мәліметтерін бірдей өсіреді немесе бырыңғай кемітеді. Тағы бір айырмашылығы мұнда өзара жоятын бағыт болмағандықтан ол бақылау көрсеткіші мен орташа көрсеткіштерге де енеді.

3.Өрескел қателік егістік тәжірибеге қойған талаптарды дұрыс орындамағандықтан немесе шала көзқарас пен салақтықтың салдарынан пайда болады. Мысалы, тәжірибе жүргізушінің ұқыпсыздығынан бір мөлдекке қатарынан бірнеше рет тыңайтқыш еңгізілуі, өнімін өлшегенде варианттардың мөлдегін ауыстырып алуы, түсімнің салмағын күнделік дәптерде дұрыс көрсетпеуі себеп болады. Мұндай қателікті түзету немесе орнын толтыру мүмкін емес. Тек қана қайталауларды, мөлдектерді немесе егістік

242

тәжірибені толығымен жарамсыз ету керек. Тәжірибенің дәлелденген қорытындысы мен математикалық жолмен өңдеуге арналған мәліметтердің ішінен тек қана жүйелі өрескел қателіктері жоғын пайдаланады.

Тағы бір ескеретін жәй тәжірибе жұмысында кез келген есепке сенуге болмайды, агротехникалық тәсіл арқылы мақұлданған мәліметтер ғана қателіктерден аулақ болуға мүмкіндік тұғызады.

Жалпы егістік тәжірибе дәлдігін анықтау үшін оның мәліметтерін (нәтижелерін) вариациялық статистиканы қолдану арқылы математикалық жолмен өңдейді.

Мұнда тұрақты және негізгі ұзақ мерзімді тәжірибелердің дәлдіктері, өндіріс жағдайында орындалатын қысқа мерзімді және топырақты алдын ала тексеру үшін жүргізілген барлау (рекогносцировка) егісінің дәлдіктерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы тиіс.

Тәжірибе дұрыстығы мен дәлдігі бір-бірімен тығыз байланысты. Дұрыстық көрсеткіші егістік тәжірибенің бағдарламадағы міндеттерді орындауға толық сәйкес және оның нәтижелерінің маңызы зор екенін білдіреді. Жүргізілген тәжірибенің дұрыстығына баға беру үшін оның мәліметтеріне агрономиялық талдау жасайды. Атап айтқанда бағдарламада көрсетілген зерттеудің міндеті мен мақсатын, әдістемені, сызба элементтерін, зерттеу барысында жиналған мәліметтерді, өнімді есептеудің нәтижелерін және кеңістікте егістік тәжірибені орналастыру техникасын мұқият тексеру керек. Егер егістік тәжірибе әдістемелік жағынан дұрыс орындалған болса, оның мәліметтерін математикалық жолмен өңдеп, кездейсоқ қателік мәні мен тәжірибе дәлдігінің деңгейін анықтайды. Мәліметтерді математикалық (статистикалық) өңдеу, кездейсоқ ауытқудың шегін және варианттардың орташа өнімдерінің арасындағы айырмашылықты ажырату үшін қажет.

Тәжірибенің нәтижелерін өндіріске ендіру немесе оны кең көлемде қайталап жүргізу, толық әрі дұрыс құжаттауды қажет етеді. Әрбір егістік тәжірибенің өзінің алғашқы құжаты – күнделігі болуы тиіс. Күнделікке егістікте күн сайын орындалған жұмыстар (топырақты өңдеу, тәжірибе учаскесін бөлу, тыңайтқыш еңгізу, өсімдіктерді күту, өсімдіктердің өсу кезеңдерін белгілеу, агротехникалық жұмыстар, өсімдік пен топырақ үлгілерін алу т.б.) хронологиялық ретпен тіркеліп отырады.

243

Тәжірибе журналы - басты құрама құжат. Әрбір тәжірибеге жеке журнал арнау керек. Журналға негізінен зертханада орындалатын агрохимиялық зерттеу жұмыстарының мәліметтері (өсімдік пен топырақты талдау) жазылады.

6.1.5 ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН УЧАСКЕНІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ДАЙЫНДАУ

Егістік тәжірибе жүргізуге арналған учаскенің топырақ жамылғысы біртектес болуы тиіс. Учаскенің тәжірибе жүргізуге сәйкестігін зерттеуге дейінгі мәліметтер арқылы анықтайды.

Жер бедері тәжірибе үшін маңызды фактордың бірі. Мөлдектер тәжірибе тік беткейлі учаскесінің әртүрлі баурайына орналастырылса, өсімдіктерге қажетті жағдайлардың әсерін зерттеу қиындайды. Ондай жағдайларда топырақтың беткі қабаты сумен жуылып, қолданған тыңайтқыштар жоғары орналасқан мөлдектен төменгі мөлдекке шайылып келуі ықтимал. Учаске жерінің бедері жүргізілетін тәжірибенің мақсаты мен зерттелетін өсімдіктің ерекшелігіне байланысты. Тәжірибе жүргізуге арналған учаске жерінің беткейі тегіс немесе бірынғай ылдилау болады (100 метр бойына 1-2,5 метрден). Су өз бетімен ағу арқылы суарылатын егістік тәжірибеде топырақты ылғалдандыру үшін оның ылдилығы 0,005тен 0,01 метрге дейін болуы керек.

Тәжірибе жүргізетін учаскенің жер бедерін зерттеу жоспарын дайындау үшін толық нивелирлеу (жер бетінің биіктік айырмасын белгілеу) жүргізіледі .

Топырақ картасына нивелир көмегімен түсірілген мәліметтерді мөлдектермен олардың қайталауларын орналастыруда пайдаланады. Тәжірибе учаскесіне жер таңдағанда макрорельефпен бірге микрорельефтерді де (дөңестер, шұңқұрлар, тайыз жыралар, атыздар) есепке алынады.

Егістік тәжірибеге арналған учаске топырағы мен оның жамылғысы біртектес болуы тиіс. Учаскенің топырақ жағдайлары тәжірибе талаптарын қанағаттандыра ала ма, әлде жоқ па, соны анықтайды. Ол үшін топыраққа агрохимиялық талдау жасайды. Себебі топырақ құнарлылығы туралы мәлімет болмаса, тәжірибе нәтижелерін салыстыратын көрсеткіштер болмайды. Топырақты

244

толық тексеріп, шекарасын анық көрсету үшін 1:2000 масштабпен картаға түсіреді.

Тәжірибе жүргізердің алдында учаске тарихымен танысу керек. Ол үшін танап тарихы туралы кітапты, ауыспалы егіс жоспарларын және басқа құжаттарды пайдаланады. Учаске тарихы белгісіз болса, ол жерге тәжірибе жұмысын жүргізуге болмайды. Ең кем дегенде 3-4 жыл ішінде қолданылған тыңайтқыш, себілген дақыл, топырақ өңдеу туралы мәліметтер болуы керек. Тарихы белгісіз учаскеде жүргізілген тәжірибе нәтижелері құнды болмайды. Себебі оны шаруашылыққа ұсыну күдік тудырады және алынған мәліметтерден қорытынды шығару мүмкін емес.

Тәжірибеге арналған учаскеде қазылған ор, жыра, арық, құрылыс нысандарының орны, малдың тұрған орын, жолдардың іздері болмау керек. Олар тәжірибе нәтижелерінің дәлдігін төмендетеді.

Орман, жол, қоршау және құрылыс нысандары, егістік тәжірибеге жақын орналасса, күн жарығының түсуі мен топырақ қабатының ылғалдылығы бірдей болмайды. Сондықтан егістік тәжірибені құрылыстан, мал қораларынан, орман алқабынан 50-100 м, бөлек өскен ағаштан - 25-30 м, жолдардан - 10-20 м қашық орналастыру қажет.

Суармалы егіншілікте егістік тәжірибеге арналған учаскені дайындауда ең алдымен топырақтың беткі қабатын тегістейді. Мұндай жұмыстар мөлдектердің барлығын бір уақытта суару және бөлінген суды есепке алу мақсаты үшін жүргізіледі.

Тәжірибе учаске топырағының біртектестігін мүмкіндігінше толығырақ анықтау үшін теңестіру егістін пайдаланады. Теңестіру егісі деп тәжірибе үшін таңдап алынған учаске топырағының құнарлылығын теңестіру мақсатында дәнді дақылдарды (сұлы, арпа, жаздық бидай) жаппай себуді айтады. Егер теңестіру егісін қатарынан бірнеше жыл пайдаланса, учаске топырағының алақұлалығы айтарлықтай азаяды. Теңестіру егісінен кейін барлау егісін себеді.

Учаске топырағының құнарлылығының өзгергіштігінің (алақұлалығын) ерекшелігін жаппай себілген дақылдың өнімін бөлшектеп анықтауды барлау егісі дейді. Барлау егісіне топырақ құнарлылығының өзгерістеріне сезімтал және ауа-райының қолайсыз жағдайларына төзімді дақылдарды таңдайды. Көбіне арпа,

245

сұлы, жаздық бидай, картоп, сәбіз, қызылша сияқты дақылдарды пайдаланады. Тәжірибе учаскесінің аумағы шамалы және топырағының құнарлылығының ала-құлалығы көп болған жағдайда байқау егісінің мөлдек көлемі 10 шаршы метрден аспауы керек. Тағы есте сақтайтын жағдай, барлау егісінің мөлдек көлемі, егістік тәжірибе мөлдегінің көлемінен үлкен болмауы тиіс.

Өнімін бөлшектеп есептейтін барлау егісін орындау техникасы мынадай: көктемде тәжірибеге арналған учаскеге тұқымды біркелкі етіп себеді. Сонан соң өсімдіктің вегетациялық кезеңінде мұқият бақылау жұмыстарын (фенологиялық, метеорологиялық т.б.) жүргізу керек. Ол үшін егісті шаршыларға бөледі. Егінді жинаудың алдында оның ала-құлалығын көзбен бағалайды да айырмашылықтарды жазып қояды. Мұнан кейін әр шаршыдағы өсімдіктерді орып алып өлшейді. Өнім деңгейіне қарай оларды топтастырады. Сөйтіп барлау егісінің бөлшектеп есептеу мәліметтерін егістік тәжірибенің мөлдек пішінін, көлемін және оны кеңістікте орналастыру үшін пайдаланады.

6.1.6. ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ОРНАЛАСТЫРУ

Мөлдектің пішіні, бағыты мен көлемі, варианттардың кеңістікте қайталанулары, мөлдектер мен қайталануларды орналастыру жүйелері, өнімді есептеу әдісі, егістік тәжірибені мерзімінде ұйымдастыру оның әдістемесінің құрамдас бөліктері болып саналады. Егістік тәжірибе әдістемесін дайындау үшін оның әрбір құрамдас бөліктері зерттеудің дәлдігін арттырудағы рөлін анықтайды.

Егістік тәжірибе әдістемесінің құрамдас бөліктерін тиімді үйлестірудің басты міндеті – мүмкіндігінше салыстырылатын варианттар топырақтарының бастапқы құнарлылықтарының арасындағы айырмашылықты азайту.

Мөлдек көлемі. Егістік тәжірибе учаскесін, пішіні мен көлемі бірдей тікбұрышты учаскеге бөлуді мөлдек дейді. Мөлдектерге белгілі жоспар бойынша дайындалған тәжірибе сызбасының варианттары орналастырылады. Мөлдектің көлемі негізінен егістік тәжірибенің мақсаты мен өзгешелігіне, топырақ құнарлылығына, қолданылатын агротехникаға және зерттелетін мәселеге байланысты болады. Әрбір мөлдектің көлемін екіге бөледі:

246

тәжірибелік және есептік. Мөлдектің тәжірибелік көлеміне бір зерттелетін вариантты орналастырады. Дақылдың өнімін анықтайтын мөлдек көлемін есептік дейді. Оның көлемі тәжіри-белік көлемнен кішірек болады (11-сурет).

Жалпы зерттеу әдістемесінің заңдылығы бойынша, бір шаршы метр көлемінде өсімдік саны неғұрлым көп болса, соғұрлым мөлдек көлемі кіші болып, тәжірибе дәлдегінің көрсеткіші жоғары болады.

Мөлдектің көлемі зерттеуге арналған мәселеге, тәжірибе дәлдігіне, қойылатын талапқа, топырақ құнарлылығының деңгейіне, агротехникаға, пайдаланылатын ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдардың түрлеріне және өсірілетін дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Ғылыми мекемелерінің ұсынылған мәліметтері бойынша мөлдек көлемі 50-100 м2 (арпа, сұлы, бидай), 100-200 м2 (отамалы дақылдар) болуы тиіс.

Жеміс ағаштары мен көкөніс дақылдарымен жүргізілетін егістік тәжірибелер мөлдектерінің көлемінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұнда әр өсімдіктің орналасқан көлемі егістік тәжірибенің қателігіне елеулі әсер етпейді. Мысалы, бір мөлдекте 6 немесе 10 жеміс ағашы отырғызылады, ал бұта тектес жидектерді бір мөлдекке 10 немесе 20 түптен өсіреді. Жеміс пен көкөніс дақылдарының мөлдектерінің көлемі аса үлкен болмай, тек агротех-никалық жұмыстарды қалыпты орындауға мүмкіндік болса жеткілікті.

Кейде тәжірибе жұмысын механикаландыру мақсатында егістік тәжірибенің әдістемесін машина мен өңдегіш құралдарына бейімдеп, мөлдектің көлемін дәлелсіз өсіреді, осының нәтижесінде зерттеудің сапасы төмендейді. Сондықтан егістік тәжірибе жұмысын ойдағыдай орындауға шағын трактор, тұқым себетін сеялка, өңдегіш құралдар мен комбайндарды қолдану, зерттеу жұмысының өнімділігін және тиімділігін арттыра түседі.

Мөлдек пішіні. Егер учаске топырағының ала-құлалығы жөніндегі мәліметтер белгілі болса, мөлдектің бағыты мен пішінін бақылау егісін бөлшектеп есептеу жоспары арқылы талдағаннан кейін анықтайды. Сол кезде ғана учаскенің ала-құлалығы варианттардың барлығына мөлдектің пішіні арқылы бірдей бөлінеді. Мұның өзі варианттарды бір-бірімен салыстырып бағалауға өте қолайлы. Мөлдектің пішіні әртүрлі болады. Шаршы

247

мөлдектің ұзындығы мен енінің бір-біріне қатынасы бірдей болып келеді. Мысалы, 10X10 м немесе 5X5 м. Тікбұрыш пішінді мөлдектің ұзындығы көлденеңінен 2-10 есе артық болуы тиіс. Мысалы, 5X20 м, 4X20 м, 5X50 м. Егістік тәжірибені баурайларда жүргізгенде мөлдектің ұзын пішінді болғаны дұрыс. Сонда ғана топырақ құнарлылығының ала-құлалығы варианттарға бірдей бөлінеді.

Егер егістік тәжірибе сызбасында варианттар саны көп болып, мөлдектер көлемін 100 немесе 200 шаршы метр етіп алған жағдайда олардың ұзындығы енінен 100 еседен артық болғаны дұрыс.

1-ші мөлдек

1 м

6 м

В

1,25 м

 

 

b

 

 

c

 

алқап

 

 

қорғаныш

12,5 м

м15

 

 

 

 

 

a d

қорғаныш

A

8 м

2-ші мөлдек

1 м

С

Е

c1 e

қорғаныш алқап

қорғаныш алқап

d1 f

алқап

D F

11сурет. Мөлдектердің тәжірибелік және есептік көлемі мен қорғаныш алқаптары.

ABCD және DCEF - тәжірибелік мөлдектер, abcd және d1c1ef - есептік мөлдектер

248

Егістік тәжірибеде ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша көлемі мен қайталау саны бірдей болған жағдайда, ұзын пішінді мөлдектің дәлдік көрсеткіштері жоғары болады (54-кесте).

54-кесте. Мөлдек пішінінің тәжірибе қателігіне әсері.

Қайталау саны

Шаршы және

Тәжірибе

Ұзын пішінді

Тәжірибе

 

қысқа пішінді

қателігі, %

мөлдек

қателігі, %

 

мөлдек

 

 

 

 

16

47

X 75

8,76

141

X 25

3,14

 

 

 

 

 

 

10

37

X 11

3,27

185 X 2,2

2,26

12

6,7

X 6,7

7,84

26,7

X 1,7

5,48

10

12,7 X 8,6

5,49

51,1

X 2,1

2,68

 

 

 

 

 

 

15

8,5

X 8,5

5,22

34,1 X 2,1

3,52

 

 

 

 

 

 

8

16 X 8,5

4,14

63,9

X 3,1

3,23

6

33

X 30

8,10

200 X 5

4,83

Топырақты өңдеу, тұқымды себу жұмыстары әр мөлдекте бөлек орындалатындықтан ұзын пішінді мөлдекте тыңайтқыш еңгізу техникасы мен оны дақылдың қатар аралықтарына беру мәселелерін зерттеуде қолданған жөн. Ұзын пішінді мөлдектің кемшілігі варианттардың жақын орналасу салдарынан бір-біріне әсері күштірек болады. Сондықтан мөлдектің екі қапталы қорғаныш алқаптарының енін ұлғайтудан оның есепке алатын көлемі кемиді.

Қорғаныш алқаптары. Егістік тәжірибе топырағын өңдегенде (жырту, тырмалау) тыңайтқыштың көршілес мөлдекке ауысуы тұрақты түрде болатын құбылыс. Мөлдектің жиегіндегі дақылдардың тамырлары қоректік заттарды көршілес мөлдектен және аралық жолдағы алқаптан пайдаланады. Сондықтан мөлдектің жиегіндегі өсімдіктің өсіп дамуы оның ортасында орналасқан өсімдіктерден өзгешелеу болады.

Мұндай келеңсіз жағдайдан аулақ болу үшін мөлдектің жанжағынан қорғаныш алқаптар қалдырады. Қорғаныш алқаптарының ені себілетін дақылдың түріне байланысты. Көбінесе мөлдектің екі жақ бүйіріндегі қорғаныш алқаптың енін 0,3-1,5 метр, ал суармалы егіншілікте 2-3 метрге дейін өсіреді. Мөлдектің бас жағы мен аяқ жағынан қорғаныш алқап үшін 2-5 метрге дейін жер қалдырады (12 сурет).

Егістік тәжірибені учаскеге дұрыс орналастыру мүмкіндігінше әр варианттың топырақ ала-құлағын толық қамтуына ықпал етеді

249

және оларды өзара салыстыруға қолайлы жағдай жасап, тәжірибе нәтижелерінің нақтылығы мен дәлдігін арттырады.

Учаскеде егістік тәжірибені орналастыруда, оның әдістемесінде көрсетілген талаптар бұлжытпай орындалуы тиіс. Тәжірибені кеңістікте орналастыру әдісін таңдауда топырақ құнарлылығы, сызбадағы варианттар саны және тәжірибені жүргізуге қажетті құрал жабдықтар мен техникаларды есепке алады. Мөлдек көлемі ықшамды әрі тәжірибе өнімін бір немесе екі тәулікте жинап алатындай болғаны дұрыс. Варианттардың барлық қайталауларын бір учаскеде орналастыруды тұтастыра орналастыру дейді. Тұтастыра орналастырғанда қайталаулар тәжірибе учаскесінде бір, екі немесе бірнеше қатарда болады. Тәжірибені жүргізуге ең қолайлысы қайталауларды бір қатарда орналастыру. Егер егістік тәжірибенің вариант саны көп болса, қысқа пішінді мөлдектердің қайталауларын екі немесе көп қатарға орналастырады.

Жеке тәжірибе учаскелерінде бір немесе бірнеше қайталаулардың орналасуын өзара байланыссыз орналастыру дейді. Мұнда әр қайталаудың топырақ құнарлылығының өзгергіштігі өзіне ғана тән болады.

250