Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1136
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Бұл тыңайтқыш құрамында хлор элементі болмағандықтан және күкірттің пайдалы әсері тиетіндіктен көкөніс, картоп, жүзім сияқты дақылдардың өнімін біршама арттырады. Күкірт қышқыл калийді күзде және үстеп қоректендіру үшін қолданады.

Калиймагнезия K2SO4 MgSO4 құрамында 26-28% калий бар. Каинит, лангбейнит минералдарынан өндіреді. Мұны картоп дақылына, әсіресе жеңіл топырақта, қолдану жақсы нәтиже береді.

5.1.3.4. Калий тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі

Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді. Топыраққа еңгізілгенде олардың құрамындағы калий ионы топырақтың коллиодты бөлшектерімен физикалық-химиялық жолмен және алмаспайтын түрде сіңіріледі. Калий тыңайтқыштарының ионның алмаспайтын күйге ауысуы шамамен бір тәулікте аяқталады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығының орта есеппен төрттен бірін алмаспалы калий құрайды. Калий катионының физикалық-химия- лық жолмен сіңірілуі қайтымды реакция қатарына жатады:

(Т.С.К)Ca + 2КСI

(Т.С.К)2K + СаСI

 

2

Са

Са

(Т.С.К)2Mg + 2КСI (Т.С.К)2К + MgСI2 Mg

Мұнда калий катионы топырақтың сіңіру комплексіндегі басқа катиондарды эквивалентті мөлшерде топырақ ерітіндісіне ығыстырады. Калий тыңайтқыштарының құрамындағы қоспа түрінде кездесетін катиондар да (мысалы натрий) физика-химиялық жолмен сіңіріледі. Топырақтың минералогиялық құрамы мен тыңайтқыштардың мөлшеріне байланысты калийдің 14-82% алмаспайтын күйге ауысады. Егер топырақта монтмориллонит, гидрослюда типтес минералдар көп болса, алмаспайтын калий мөлшері көбейеді. Iрі кристалды немесе түйіршікті калий тыңайтқыштарының калий катиондарының топырақта алмаспайтын күйге ауысуы төмен болады. Сонымен бірге тыңайтқышты жоғары мөлшерде еңгізу, алмаспайтын калий шамасының жоғарылауына ықпал етеді. Ал барлық калий тыңайтқыштарының катиондарының алмаспайтын күйге ауысуы бірдей. Қарашіріндісі жоғары топыраққа еңгізілген калий тыңайтқыштарының алмаспайтын түрге көшуі баяу жүреді.

171

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ

Табиғи калий тұздары

1. Сильвинит KCl· NaCl

12–18 % K2O, 35-

40 % Na2O Стандарт –15 %

K2O Гигроскопиялы,

сақтауда басылып қалады, тасымалдылығы төмен

2. Каинит KCl·

MgSO4· 3H2O

10 – 12 % K2O Қара топырақтарда

қант қызылшасы үшін жақсы тыңайтқыш. Тасымалдылығы төмен

Концентрлі калий тыңайтқыштары

1. Калий хлориді KCl

63, 2 % K2O, техникалық сорттарында 50– 60 % K2O.

Гигроскопиялығы төмен, сақтауда басылып қалады, Ресейде негізгі калий тыңайтқышы болып саналады

2. Калий тұзы

41–44 % K2O. Табиғи калий тұздарымен (көбінесе сильвинитпен) KCl араластыру арқылы алады. Тамыржемістер және көкөніс дақылдар (капуста, мал азықтық шалқан, шалғам, тарна) үшін тиімді тыңайтқыш. Техникалық талаптар бойынша K2O мөлшері 40 % кем болмау керек.

3. Калий сульфаты K2SO4

45-52 % K2O. Физикалық қасиеттері жақсы. Хлорды көтере алмайтын дақылдар (картоп, темекі) үшін жақсы тыңайтқыш.

4. Калиймагнезия K2SO4· MgSO4

26– 28 % K2O.

Картоп үшін өте тиімді, әсіресе жеңіл топырақтарда калий және магнийдің қайнар көзі ретінде.

6-сурет. КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫН ЖІКТЕУ.

172

5.1.3.5. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары

Калий тыңайтқышы түрінде берілген 1тонна К2О қосымша 2-3 тонна дән, 20-33 тонна картоп түйнегін, 35-40 тонна қант қызылшасының тамырын, 1-2 тонна шитті мақта жинауды қамтамасыз етеді .

Калий тыңайтқыштарының тиімділігі топырақтың типі мен гранулометриялық құрамына, топырақтағы өсімдікке сіңімді калий мөлшеріне, әр гектардан алынатын жоспарланған өнім деңгейіне, дақылдардың биологиялық ерекшіліктеріне, ауыспалы егіс типіне, жауын-шашын мен температураға, азот пен фосфор тыңайтқыштарын қолдану деңгейіне, калий тыңайтқышының түрі мен қолдану әдістері тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Олардың тиімділігі шымды-күлгін, сұр-орманды, солтүстік қара, суармалы және ертеден пайдаланып келе жатқан топырақтарда жоғары болады. Ал гранулометриялық құрамы жағынан саз, сазды топырақтарда калий тыңайтқыштарының тиімділігі төмен болып келеді.

Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттырудың негізгі жолдарына мыналар жатады:

1.Топырақтағы калийдің алмаспалы түрімен қамтамасыз етілуін ескере отырып, жеке егіншілік аймақтарға дұрыс бөліп, тарату.

2.Егіншілік мәдениетін көтеру, ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуін ұдайы қадағалап реттеп отыру.

3.Сор, сортаң топырақтарды гипстеу.

4.Ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық талаптарын ескере отырып, калий тыңайтқыштарының түрін дұрыс таңдау.

5.Ауыспалы егісте калий тыңайтқыштарын, алдымен калий элементін көбірек қажет ететін дақылдарға (көкөніс, картоп, қант қызылшасы, мал азықтық тамыржемістілер) қолдану керек.

6.Тыңайтқышты беру мерзімі мен әдісін дұрыс таңдау. Калий тыңайтқыштарын күзде сүдігер жыртар алдында беру оның тиімділігінің арттырады. Ол тыңайтқыш құрамындағы хлор ионының топырақтың астыңғы қабатына шайылып кетуіне ықпал жасайды.

7.Калий тыңайтқыштарының мөлшерін топырақ құрамындағы алмаспалы калий деңгейіне сәйкес белгілеу.

173

8. Калий тыңайтқышын басқа тыңайтқыштармен ұштастырып қолдану, өсімдіктің калийді бірінші жылы мүмкіндігінше көп пайдалануына көмектеседі. Бір кг топырақта 400-600 мг алмаспалы калий болса, калий тыңайтқышының тиімділігі онша байқалмайды.

5.1.4.МИКРОТЫҢАЙТҚЫШТАР

5.1.4.1.Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы

Өсімдіктің қоректенуі мен өнімінің қалыптасуына және оның сапасының жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт өте маңызды рөл атқарады. Микроэлементтер көптеген физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Олар ферменттердің, витаминдердің және микробиологиялық құбылыстарға қатысатын энзимдердің құрамдас бөлігі болады. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және ақуыз, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Мысалы, ақуыз құрамындағы 1 мг темір 10 тонна минералдық темірдің әрекетіндей әсер етеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.

Кейбір микроэлементтердің өсімдік үшін нақты маңызын қарастырайық.

Бор өсімдіктің жеміс салу, клеткалардың бөліну процесінде маңызды орын алады. Бор жетіспесе өсімдіктің жеміс салатын мүшелерінің саны кемиді, крахмал мен қант заттары жапырақтарына жиналады, олардың тамырға және генеративтік мүшелеріне жылжуы бұзылады. Мұның өзі бор көмірсулардың синтезделуі мен алмасуына өте қажет екенін көрсетеді. Бор кейбір ферменттердің белсенділігіне әсер етеді, өсімдіктің катиондарды сіңіруін күшейтеді. Өсімдіктер борды қайта пайдалана алмайды.

Өсімдіктердің құрғақ затында бордың мөлшері бірдей болмайды. Астық тұқымдас дақылдарының 1кг құрғақ дәнінде 4,7мг, сабанында 8,5мг, қант қызылшасының тамырында 14,6 мг, жапырағында 45,9 мг бор болады (М.В.Каталымов).

Борды техникалық дақылдар көп, астық тұқымдастар аз пайдаланады.

Марганец фотосинтез, тыныс алу, хлорофилл пигментінің пайда болуына, өсімдіктің молекулалық азотты және нитратты

174

азотты сіңіру процестерінде аса маңызды рөл атқарады. Марганец аскорбин қышқылының, қанттың және ақуыздың синтезделуіне әсер етеді. Өсімдіктің бір гектар өніміндегі марганец мөлшері 100700 г шамасында болады. Ол техникалық дақылдардың өнімінде көп, астық өнімінде аз болады (34-кесте).

Молибден өсімдік тіршілігінде жан-жақты рөл атқарады. Ол түйнек бактерияларының атмосферадағы азотты байланыстыру процесін күшейтеді. Молибден жетіспеген жағдайда, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырлары түйнек түзбейді және азот жинай алмайды. Молибден нитратредуктаза ферменттінің құрамына еніп, нитраттарды аммиакка дейін тотықсыздандыру процесіне қатысатын. Өсімдіктің қоректенуінде молибденнің жетіспеушілігінен аланин, аспарагин, глютамин, пролин және аргинин сияқты амин қышқылдарының мөлшері кемиді. Ал амин қышқылдарының жетіспеушілігі ақуыздың азаюына әкеп соғады. Молибден өсімдіктің фосфорды тиімді пайдалануына әсер етеді. Егер молибден жетіспесе өсімдікте фосфордың минералдық қосылыстары көп, ал органикалық түрлері аз жиналады. Сонымен қант қызылшасы, капуста сияқты дақылдарда аскорбин қышқылының синтезделуі де молибденнің қатысында өтеді.

Өсімдіктің құрғақ затында молибден мөлшері өте аз болады. Мысалы, қант қызылшасы тамырының бір кг құрғақ затында 0,16 мг, жапырағында - 0,60 мг, бидай мен сұлы дәнінде - 0,16-0,19 мг болады.

Мырыш өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Ақуыз, май, көмірсулар, фосфор, қосылыстарының синтезделуі мырыштың қатысында өтеді. Мырыш әсерінен өсімдіктерде С витамині, каротин көбейеді. Ол өсімдіктің суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін күшейтеді. Мырыш жетіспесе өсімдіктің өсуіне дем беретін ауксин тезірек бұзылады, судың мөлшері азаяды, осмос қысымы артады. Бұл элементтің жетіспеуі жапырақтар мен жемістердің ұсақ болуына себебші болады. Өсімдіктің 1 кг құрғақ затында шамамен 15-22 мг мырыш болады. Мырыш тапшылығын карбонатты топырақта өсірілетін - көкөніс, жүгері, жеміс ағаштары күшті сезінеді. Өйткені бұл топырақта мырыштың жылжымалы түрі аз болады (34-кесте).

Мыс өсімдіктің тыныс алуына, фотосинтезге, азотты заттардың алмасуына, хлорофилдің синтезделуіне әсер етеді.

175

Өсімдіктерде кең таралған полифенолоксидаза, аскорбатоксидаза ферменттерінің құрамында мыс бар. Бұл элементтің жетіспеушілігінен әсіресе астық дақылдары көп зардап шегеді. М.В.Каталымов мәліметі бойынша өсімдіктің бір кг құрғақ затында 1,5-8,1 мг мыс болады (34-кесте).

Кобальт ақуыз бен нуклеин қышқылдарының түзілуіне әсер ететін В12 витаминінің құрамында кездеседі. Ол түйнек бактерияларының жұмысын күшейтеді. Кобальт дегидрогеназа, нитратредуктаза, гидрогеназа сияқты ферменттердің белсенділігін жоғарлатады. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдік түрі мен даму ерекшіліктеріне байланысты кобальт әртүрлі мөлшерде кездеседі. Орта есеппен өсімдіктің бір кг құрғақ затында 0,2-0,6 мг кобальт болады (34-кесте). Өсімдіктердің жақсы өсіп жетілуі үшін жоғарыда аталған микроэлементтердің бәрі де қажет. Осы элементтердің біреуі өсімдікке жетіспесе ол жақсы өспейді, ауырады, нашар өнім береді.

34-кесте. Өсімдік құрамындағы микроэлементтердің мөлшері.

ДАҚЫЛДАР

 

1 кг құрғақ затта мг есебімен

 

 

 

 

 

 

 

 

Молибден

Марганец

Мыс

Мырыш

Кобальт

 

 

 

 

 

 

 

Күздік бидай:

дән

0,20-0,55

12-78

3,7-10,2

8,7-35,5

0,06-0,10

Жаздық бидай:

дән

0,25-0,50

11-120

4-130

11,4-75

0,05-0,13

 

сабан

60-146

1,5-3,0

10-50

Арпа:

дән

0,39-0,46

8-140

3,9-14,3

9,6-50

0,05-0,11

 

сабан

37-90

3,8-6,6

11-55

Сұлы:

дән

0,28-0,74

10-120

4-13,9

8,4-50

0,02-0,14

 

сабан

0,74

63-153

3,7-7,5

5-30

Жүгері: көк балауса

0,20-0,80

21-197

3,0-11,5

5-36

0,07-0,40

Жоңышқа:

шөп

13-86

6,2-20,3

11-37

0,20-0,85

Қант қызылшасы:

 

 

 

 

 

 

тамыр

0,10-0,20

50-190

5-7

15-84

0,05-0,29

жапырақ

0,40-0,60

128-325

6,9-8,4

14,7-124

0,25-0,50

Картоп:

түйнек

8-21

4,7-6

6-20

0,14-0,69

Малазықтық капуста

25-135

3,5-6,9

5-35

0,04-0,20

Асбұршақ:

дән

0,7-8,4

7-25

5,2-23,3

14,1-56,1

0,12-0,35

Қара бидай:

дән

0,20-0,54

8-94

3,4-18,3

9,8-35,8

0,05-0,21

176

5.1.4.2. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері

Топырақтағы микроэлементтердің қоры аналық жыныс пен органикалық заттардың мөлшеріне, гранулометриялық құрамына тағы басқа факторларға байланысты болады. Жер қыртысында олардың басым көпшілігі түрлі қосылыстар түрінде, ал кейбіреуі бос күйінде кездеседі.

Бор элементі топырақта бор қышқылы, бура, ашарит тағы басқа қосылыстар түрінде кездеседі. Орманды және орманды далалық аймақтардағы топырақтың бір килограмындағы бордың жалпы мөлшері 24-40 мг, оңтүстік аймақтарда 40-100 мг дейін болады. Яғни, солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын бордың қоры жоғарылап отырады. Қазақстанда орта есеппен 1 кг топырақ құрамындағы бордың жалпы мөлшері 52-70 мг (35-кесте), жылжымалы түрлері 0,70-1,33 мг арлығында болады (36-кесте). Бір кг топырақта суда еритін бор мөлшері 0,3 мг-нан төмен болғанда, бор тыңайтқыштарының тиімділігі жоғарылайды.

Марганец топырақта көбінесе суда нашар еритін қосылыстар түрінде кездеседі. Ол 150-ге жуық минералдардың құрамына кіреді. Қазақстан топырағының бір килограмында 587-729 мг марганец болады.

Мыс жер қыртысында түрлі қосылыстар және таза күйінде кездеседі. Олардың ішіндегі ең маңыздылары - мыс колчеданы, қызыл мыс рудасы, малахит, мыс хлориді, мыс нитраты.

Қазақстанның әр түрлі топырақтарында мыстың жалпы мөлшері 20-28 мг/кг, жылжымалы түрі 2,5-5,1 мг аралығында болады.

Мырыш топырақта күкіртті мырыш, виллемит, каламин т.б. қосылыстар түрінде кездеседі. Қазақстан топырағының бір килограмында 47-57 мг аралығында мырыш болады (35-кесте). Мырыштың топырақта әр түрлі дәрежеде болуы топырақ түзетін аналық жыныстарға, олардың гранулометриялық құрамына, агротехникалық шараларды қолдануға байланысты.

177

35-кесте. Қазақстан топырақтарының құрамындағы микроэлементтердің жалпы мөлшері.

Топырақ түрлері

 

1 кг топырақтағы микроэлемент мөлшері, мг

 

Бор

Мыс

Мырыш

Марганец

Молибден

Кобальт

 

 

 

 

 

 

 

Кәдімгі қара

52,1

26,8

54,0

659

1,42

8,5

Оңтүстік қара

60,4

28,7

57,0

729

1,27

8,5

Күңгірт қара қоңыр

70,5

25,1

51,0

700

1,48

8,7

Ашық қара қоңыр

70,2

23,2

48,0

587

1,23

8,4

Кәдімгі қара қоңыр

54,7

23,0

48,0

603

1,26

8,5

Боз

58,6

20,6

47,0

623

1,42

8,9

Молибден табиғатта әр түрлі қосылыс күйінде кездеседі. Кәзіргі кезде құрамында молибден болатын минералдар белгілі болып отыр. Қазақстан топырағының бір килограмында 1,23-1,48 мг шамасында молибден болады.

Кобальт басқа элементтерге қарағанда табиғатта аз таралған. Біздің республика топырағының бір кг кобальттың жалпы мөлшері 8,4-8,9 мг болады (35-кесте).

В.В.Ковальский, Г.А. Андрианова (1970) әр түрлі аймақтардағы топырақтың микроэлементтерінің түрліше болуына байланысты, тірі организмдегі биологиялық процестерді баяулататын немесе төмендететін “ықшамдалған тиімді” концентрациясын белгіледі. Мұндай концентрацияның ең төменгі шегі 1 кг топырақта мыс – 6 - 15, кобальт –2 - 7, мырыш - 30, марганец - 400, молибден -1,5, бор - 3-6 мг болса, орташа шегі мыс -15-60, кобальт - 7-30, мырыш -30- 74, марганец - 400-3000, молибден 4-5, бор 3-30 мг, ал олардың ең жоғарғы шегі мыс - 60, кобальт –3 0, мырыш - 70, марганец - 3000, бор - 30 мг артық болғанда. Қазақстан топырағындағы микроэлементтердің жалпы мөлшері осы “ықшамдалған тиімді” концентрация көрсеткіштерімен салыстырғанда бор және молибденнен басқаларының барлығы тірі организмдерге қолайлы жағдай туғызады. Қазақстан топырағы бор мен марганецке бай, молибден мен мырышқа тапшы, ал мыспен орташа дәрежеде қамтамасыз етілген.

Өсімдік үшін топырақтағы бор мен молибденнің суда еритін қосылыстары, екі валентті марганец тұздары, мыс пен мырыштың суда еритін және топырақ сіңіру комплексінің құрамындағы катиондар сіңімді болып есептеледі. Шаруашылықта микротыңайтқыштарды қолдануда олардың өсімдік сіңіретін жылжымалы түрлерінің мөлшерін есепке алады (36-кесте).

178

36-кесте. Құрамындағы микроэлементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшеріне қарай топырақты топтастыру.

Топырпақтағы

1 кг топырақтағы микроэлементтердің жылжымалы

микроэлементтердің

 

 

түрлерінің мөлшері, мг

 

 

жылжымалы

Бор

Мыс

Мырыш

Марганец

 

Молибден

Кобальт

түрлерінің деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

Өте төмен

<0,6

<0,05

<1

<10

 

<0,2

<0,1

Төмен

0,6-1,0

0,06-0,15

1-2

10-30

 

0,2-0,4

0,1-0,3

Орташа

1-2

0,16-0,30

2-3

30-60

 

0,4-0,7

0,3-0,6

Жоғары

2-3

0,31-0,50

3-4

30-100

 

0,7-1,0

0,6-1,2

Өте жоғары

>3

>0,50

>4

>100

 

>1,0

>1,2

 

 

 

 

 

 

 

 

Топырақтың жылжымалы микроэлементтермен қамтамасыз етілуін біле отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін анықтау егін, түсімнің артуына ықпал етеді.

Молибденмен Қазақстанның егістік жерлерінің 93,4,% мырышпен 44,8, мыспен 15,4, бормен 6, марганецпен 0,6 пайызы төмен дәрежеде қамтамасыз етілген. Бор, молибден, мырыш, марганец, мыс элементтерімен бүкіл егістік жердің көлемінің орташа дәрежеде қамтамасыз етілуі 13,3; 22,1;6,6;1,6;4,8 пайыз шамасында (37-кесте).

37-кесте. Қазақстан топырақтарының құрамындағы микроэлементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшері.

Топырақтың

 

1 кг топырақтағы микроэлементтердің жылжымалы

түрлері

 

 

 

түрлерінің мөлшері, мг

 

 

 

Мыс

 

Мырыш

Марганец

Молибден

 

Бор

Кобальт

Кәдімгі қара

2,77

 

0,08

60,7

0,23

 

1,33

2,31

Оңтүстік қара

2,50

 

0,08

74,7

0,03

 

0,77

0,88

Күңгірт қара қоңыр

3,21

 

0,14

94,4

0,05

 

1,11

1,13

Ашық қара қоңыр

3,04

 

0,13

88,0

0,03

 

0,86

1,26

Кәдімгі қара қоңыр

3,18

 

0,15

83,5

0,03

 

0,87

1,36

Боз

5,12

 

0,25

77,2

0,04

 

0,70

0,82

Солтүстік, Орталық Қазақстанның кәдімгі оңтүстік қара, күңгірт қара қоңыр, кәдімгі қара қоңыр, ашық қара қоңыр топырақтарында мыс, кобальт элементтерінің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейі орташа, марганец және бор мөлшері

179

көтеріңкі, молибден мен мырыштың жылжымалы түрлерінің мөлшері аз.

Алматы облысының қара қоңыр, боз топырақтарының бір кг 5-8 мг, ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының топырағында 2,5-3,0 мг жылжымалы мыс болады.

5.1.4.2. Микротыңайтқыштардың сипаттамасы және оларды қолдану

Ауыл шаруашылығында қолданылатын микротыңайтқыштардың негізгілеріне мыналар жатады (7-сурет):

180