Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ

.pdf
Скачиваний:
1138
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Минералдық тыңайтқыштарға арналған қойма көлемін арттыру, сондай-ақ қоймалардағы механикаландырылған технология жұмыстарын жетілдіру, яғни арту – түсіру жұмыстары мен берілген қатынаста қоректі элементтерді тыңайтқыш қоспасына араластыру, минералдық тыңайтқыштардың ысырап болуын біршама азайтып, тиімділігін арттырады және табиғи ортаны ластанудан сақтайды.

Минералдық тыңайтқыштардың тиімсіз жұмсалуы мен тиімді әсерінің төмендеуі, оларды егістік алқаптарына біркелкі емес қолданылуы және тасымалдау мен ендіру кезіндегі солғырттықтан болады. Мысалы, нитрофосканы 60-80 кг/га мөлшерін еңгізгенде, NPK біркелкі таралмауы 60-80% болғанда, арпа түсімінің шығыны 5 ц/га, картоп 15ц/га, қант қызылшасы – 20 ц/га жетеді. Өнім түсімінің жетіспеушілігі тыңайтқыштарды біркелкі еңгізбеуден, жоғары концентрлі тыңайтқыштардың мөлшерін көтергеннен, дақылдардың тыңайтқыштарға жоғары сезімталдығынан болады. Сондықтан, минералды тыңайтқыштарды еңгізу агрохимиялық талаптарға сай және оларды еңгізуге арналған машиналардың біркелкі емес себу көрсеткіші 15 % аспау керек.

Чехияда күздік бидаймен жүргізілген тәжірибелерде минералдық тыңайтқыштарды біркелкі еңгізбеуден, өсірілген аудандарға байланысты дақылдың өнімінің түсімділігі 3-5 ц/га (5- 8%) 10-11 ц/га (15-16%) дейін төмендеген.

Германияда тыңайтқыштарды біркелкі емес еңгізуіне және дақылдардың сезімталдығына байланысты оларды бірнеше топтарға бөлген. Бірінші топқа картоп пен күзгі арпа, өнім түсімінің төмендеуі 1 га 8-10 астықтық бірлігіне жетеді, екіншісіне – күздік бидай мен қара бидай, жүгері сүрлемі жатады. Бұл дақылдардың өнім түсімінің төмендеуі 4,5 ц/га дән бірлігін құраған. Астық тұқымдас шөптер мен қызылшаның өнім түсімін тек 2 - 4,5ц/га астықтық бірлікке төмендетті. Біркелкі емес себудің жағымсыз әсері қара топырақпен салыстырғанда шымды - күлгін топырақтарда көбірек байқалады.

Ресейде тыңайтқыштарды еңгізу техникаларын жетілдіру, жұмыс сапасын көтеру, тыңайтқыш, химиялық мелиоранттар және басқа да агрохимиялық құралдардың тиімсіз шығынын азайтуда үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай технологияларға, алдымен тыңайтқыштар қоспасын дайындау және еңгізудің орталықтанған

401

технологиясын, контейнерлік технологияны, тасымалдау технологиясын және салмағы 8 т мол өнімді артық тиелетін көліктерді қолдану арқылы тыңайтқыштарды ендіру, тыңайтқыштарды майдалап еңгізу технологияларын (ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы үшін) және тыңайтқыштарды топырақ арасына еңгізу технологияларын жатқызу керек. Осы алдыңғы қатарлы өнеркәсіп технологияларын жүзеге асыру үшін ауылшаруашылық өндірістеріне қажетті механикаландыру құралдары біртіндеп қамтылуда.

Қатты минералдық тыңайтқыштарды қолдану үшін УТС-30 тыңайтқыш қоспасын араластырғыш қондырғысы, тыңайтқыштарды салу мен майдалау үшін АИР-20, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы үшін РУМ -5-03 және СТТ - 10 машиналары (тыңайтқыштарды майдалап, біркелкі таралуын қамтамасыз етеді) пайдаланылады. Сонымен қатар, тыңайтқыш қоспасын араластырғыш УТМ-30 қондырғысы автомобиль көліктеріне орнатылған, тыңайтқыштарды өндіргіш МХА, ААП-5 агрегаттарымен жабдықталған жетілдірілген техникалық құралдары шығарылуда.

Сүйық тыңайтқыштарды қолдану үшін (ЖКУ, аммиак суы және сүйық аммиак) ПЖУ-2,5 және ПЖУ-5 машина серияларын шығару көзделуде. Сүйық аммиакты еңгізу үшін қажетті кешенді машиналар: МЖИ типті тасымалдағыш машинасы, аммиакты еңгізу үшін АБА мен АША және оларды шабындықтар мен жайылымдарға еңгізу үшін УЛП типті машиналар қазіргі уақыттың өзінде шығарылуда.

Тозаңды әкті тыңайтқыштарды еңгізу үшін қолданылатын тыңайтқыштарды бүйірден себетін қондырғымен жабдықталған РУП-8 және АРУП -8 ауылшаруашылық өндіріс машиналарының орнына, шаңдануы мен тыңайтқыштар шығынын және қоршаған ортаны ластануын біршама төмендететін үлкен жүк орналастырғыш МТП-10 және МТП-13 (8 және 13 т) тасымалдау көліктері және еңгізу үшін штангалы себу қондырғыларымен жабдықталған РУП10 және РУП-14 тракторлары колданады.

Сұйық және қатты органикалық тыңайтқыштарды еңгізу үшін жүк орналастыру көлемі 5,16т РОУ, ПРТ және РЖТ типті машиналарымен қамтамасыз ету жалғастырылады. Қазіргі кезде жоғары өнімді ПНД-250 тиегіш (250 т/сағ) өндіріс қалпына

402

келтірілуде. Ол еңгізуге арналған машиналарға қатты органикалық тыңайтқыштарды тиімді тиеу мәселесін шешіп береді. Тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген агрономиялық технологияларының бұзылуы, олардың шығын болуы мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады. Агрохимиялық құралдардың табиғи ортаға әсерін қарастырғанда бірінші дәрежелі мәнге азот ие болады. Азотты тыңайтқыштар ауыл шаруашылығындағы ақуыз мәселесін, сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығының өнімділік деңгейін шешеді. Ал қолдану технологиясы бұзылса, онда биосфераға – топыраққа, суға, атмосфераға, өсімдікке, олар арқылы адам мен жануарларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Азоттың тыңайтқыштан шығын болуының қауіпі орасан зор. Ол далалық жағдайда шамамен 40%-ға, жекелеген жағдайларда – 50-70% сіңірілсе, ал топырақта 20-30% иммобилизацияға ұшырайды. Азоттың көп бөлігі қиын гидролизденетін гумусты заттардың құрамына енеді. Еңгізілген азоттың әртүрлі газ тәріздес ұшқыш қосылыстар есебінен шығын болуы 15-25% құрайды, ал шайылу арқылы шығын болуы топырақ қасиеттеріне, климатқа, су құбылымдарына, тыңайтқыштар түрі мен мөлшеріне, дақыл түріне және т.б байланысты болады. Мысалы, Еуропадағы егіншілік жағдайларында қыста азоттың 2/3, жазда 1/3 мөлшері шығын болады. Азот шығынын анықтау факторларына: мөлшері, түрлері, азотты тыңайтқыштарды еңгізу мерзімі мен тәсілдері, азоттың басқа қоректі элементтермен ара қатысының дұрыстығы; топырақтың гранулометриялық құрамы мен басқа да қасиеттері, эрозиялану дәрежесі, табиғи-климаттық жағдайлар; тыңайтқыштарды суармалы және жерді құрғату жағдайларында қолданудың технологиялық ерекшеліктері; дақыл түрлері мен мамандандырылған ауыспалы егіс жатады. Жалпы азоттың шайылуының 15% шығыны тыңайтқыш азотының үлесіне, ал қалған бөлігі – топырақ азотына тиселі. Сондықтан азоттың шығынын болдырмаудың кешенді шараларын қарастыру қажет. Қара топырақсыз аймақтарда нитратты азот орташа 10-15 кг/га, құмайтты топырақтарда – 20-25 кг/га, ал құмбалшықты топырақтарда -10 кг/га шайылады. Ылғалдануы қолайлы жылдары бұл көрсеткіш шамамен екі есеге төмендейді. Жалпы топырақтың қоректік элементтерді ұстап қалу қабілеті оның әртүрлілігімен (құм < құмбалшық < балшық) анықталынады, бірақ ол үнемі шектелген. Сондықтан, топырақтарға

403

тыңайтқыштармен еңгізілген артық қоректік элементтер олардың шайылуының негізгі көзі болып табылады. Украинаның жеңіл шымды-күлгін топырағына 6 жыл ішінде 345 кг азот еңгізу кезінде оның шығыны борпылдақ-құмды топырақта 161, ал байланысқан – құмды топырақта -83 кг/га құраған. Осыған үқсас мысалдар әлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Тыңайтқыштар мен биогенді элементтердің табиғи ортада шығынын сақтап қалудағы маңызды агрономиялық шара - ғылыми негізделген ауыспалы егісті игеру болып табылады. Қоректік элементтер мен ауылшаруашылық дақыл түрлерінің арасындағы шайылу тәуелділігін келесі тәртіпте көрсетуге болады: көкөніс дақылдары > тамыр жемістілер > дәнді дақылдар > малазықтық дақылдар. Төсенішсіз көңді, көңді ағындарды және басқа да жануарлар қалдықтарын, ғылыми негізделген ұсыныстарды бұзып жүйесіз қолдану, қоршаған ортаға біршама залалын тигізеді. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану технологияларының бұзылуының ең маңыздысы:

1.төсеніш материалдарының жеткіліксіз қолданылуы мен көң шығару жүйелерінің жетілмегендігі, жоғары сапалы органикалық тыңайтқыштардың шығымын 1,5- 2 есеге азайтып, сүйық органикалық фракциялардың жыл сайын миллион тоннасының ысырап болуына соқтырады;

2.органикалық тыңайтқыштардың тиімділігін біршама төмендететін көң шашқыштардың жеткіліксіз мөлшерін және бульдозер мен басқа да арнайы құралдарды қолдануда көң мен компостардың біркелкі емес еңгізілуі;

3.жанауарлар саны мен тыңайтылған егістік көлемінің ара - қатысының бұзылуы алқаптардың артық тыңайтылуына, қоршаған ортаны ластануына әкеледі;

4.малшаруашылық кешендерінің ирригациялық – дайындау аудандарының жетіспеушілігі, мал қалдықтары мен сүйық төсенішсіз көң қалдықтарын суаруға қолданудағы кемшіліктер, сондай-ақ құбырлы тасымалдау мен танаптық көң сақтағыштардың нашар дамуы, қажетті құралдарды пайдалануға қарағанда эксплуатациялық шығындарын арттырады, көң шығыны да жоғарылайды;

5.астық жинау кезінде майдаланған және шашыраған сабандар және танапқа сидераттармен төсенішсіз көңді үйлесімді қолдануды бағаламау;

404

Отандық және шет елдердегі органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәжірибелерін қорытындылау нәтижесінде биогенді элементтердің, әсіресе азоттың шығынын болдырмау үшін төмендегі жалпы ережелерді басшылыққа алған жөн:

1 га ауыспалы егіс көлеміне жыл сайын 200 кг-нан артық азот еңгізбеу керек;

малшаруашылық кешендері бар шаруашылықтарда ауыспалы егістерде мал азығы ретінде немесе жасыл тыңайтқыштар ретінде аралық дақылдарды еңгізу (тығыздалған ауыспалы егіс нитраттардың шайылу есебінен, өсімдіктер қарқынды пайдалану салдарынан болатын шығындарынан сақтап қалады);

күзде төсенішсіз көңді сабан немесе жасыл тыңайтқыштармен араластырып еңгізуге болады (бұл жағдайда күз және көктем-жаз кезеңдерінде биологиялық азот иммобилизацияланып, оның шығыны біршама азаяды).

Фосфор биогенді элемент ретінде топырақта жылжымалылығы төмен болғандықтан қоршаған ортада аз шығын болады және азот сияқты аса экологиялық қауіп тудырмайды. Фосфаттардың шығыны топырақтың эрозиясы кезінде жиі болады. Топырақтың беткі қабатынан шайылу нәтижесінде әр гектардан 10 кг дейін фосфор жоғалады. Суда ерігіш фосфаттардың беткі ағыстармен шығыны аз. Фосфордың топырақтан шайылу кезіндегі шығыны 1 кг/га құрайды. Балшықты және құмбалшықты топырақтардың ұстап қалу қасиеттері жоғары болуы, оның топырақ кескінімен, сондай-ақ жер асты ыза суына дейін жылжуына кедергі жасайды.

Калийдің шығыны фосфорға қарағанда жоғары. Ресейдің қара топырақсыз аймақтарындағы егістік жерлерде көбіне дақыл түріне, топырақтың гранулометрлік құрамына, атмосфералық жауын - шашын мөлшеріне т.б. байланысты калийдің шайылуы шамамен 5- 10 кг/га құрайды.

Минералдық тыңайтқыштарды қарқынды қолдану кальций, магний, күкірт және басқа бигенді элементтердің жылжуы мен шығынын күшейтеді.

123-кестеде Ресейдің қара топырақсыз аймақтарындағы топырақтардың гранулометрлік құрамына байланысты қоректік элементтердің шайылу мөлшерінің нәтижелері көрсетілген.

405

123–кесте. Ресейдің қара топырақсыз аймақтарындағы топыраққа N60P60K60 еңгізгенде тыңайтқыш пен топырақ құрамынан атмосфералық жауыншашынмен шайылған элементтердің орташа мөлшері,

кг/га жыртылған жер (Бобрицкая).

Элемент

Құмбалшықты топырақтар

Құмайтты топырақтар

Азот

1-6

14-15

Калий

7

10-12

Кальций

50

70-120

Магний

3-7

10-15

Күкірт

14

25

Ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолдануды қолайландырудың жаңа әдістері қоректік элементтердің топырақ құнарлығына және басқа егіншілік тәсілдерімен кешенді қасиеттеріне байланысты (арнайы ауыспалы егіс, тығыздалған аралық дақылдар егісі, топырақты өңдеудің дифференциалды топырақ қорғау жүйелері, топырақты химиялық мелиорациялау, суару және құрғату т.б) дұрыс ара қатысын есепке ала отырып пайдалану – тыңайтқыштың қоректік элементтерінің пайдалану коэффициентін арттыруға, олардың қоршаған ортаға шығынын болдырмауға маңызды жағдай туғызады.

Егіншіліктің қарқындылығына топырақ эрозиясы үлкен зиянын тигізеді. Ол ауқымды сипатқа ие және қоршаған ортаның басқа да мәселелері сияқты барлық елдердің бірге күш сала шешулерін талап етеді. Тек жыралардың өзі күн сайын 100–200 га жерді «жейді», ал ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамсыз жерлердің көлемі жыра көлемінен 3-4 есе артық. Топырақ эрозиясы нәтижесінде өсімдік шаруашылығының 20% өнімі жоғалады. Топырақ эрозиясының даму дәрежесі және келтіретін зиян мөлшері көптеген факторларға тәуелді: жергілікті жер бедері, дақыл түрлері, топырақтың гранулометрлік құрамы, суару немесе түскен атмосфералық жауын-шашынның қарқындылығы, алқаптың тыңаю деңгейі, топырақты өңдеу жүйесі және т.б. Топырақ массасы мен органикалық заттардың су эрозиясы есебінен шығын болуы топырақтың эрозиялану дәрежесіне байланысты артады (124-кесте).

406

124-кесте. Су эрозиясының нәтижесіне байланысты топырақ массасы мен органикалық заттарының шығыны.

Топырақтың

Топырақ

Гумус шығыны, жылына т/га

эрозиялану

массасының

Шымды-күлгін топырақтар

Қара топырақтар

дәрежесі

жоғалуы,

 

 

 

жылына т/га

 

 

Әлсіз

<6

<0,1

<0,6

Орташа

6-12

0,1-0,2

0,6-1,2

Күшті

>12

>0,2

>1,2

Су эрозиясының нәтижесінде жыртылған топырақтағы органикалық заттар шығыны, оларды жырту кезінде минералданатын қоректік заттардың шығынынан біршама жоғары болады. Кейбір қоректік элементтердің топырақ эрозиясымен шығын болуы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерге, беткей тіктігіне, суару қарқындылығы және т.б. сипаттарына байланысты әртүрлі болып келеді. Ғылыми мекемелердің қорытындыланған нәтижелері бойынша, әлсіз шайылған топырақтағы өнім түсімінің кемуі 10-12%, орташа шайылғанда - 30-50%, ал күшті шайылғанда – 60-80% құрайды. Эрозияға қарсы маңызды шара кешендерінің ішіндегі топырақтың эрозияға қарсы тұрақтылығын арттырудың қуатты агротехникалық құралы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану болып табылады. Тыңайтылған топырақтарда өсімдіктің тамыр жүйесі жақсы дамиды, топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, топырақтың эрозиядан қорғануына мүмкіндік туғызады (125-кесте).

125–кесте. Минералдық тыңайтқыштардың әсерінен топырақ массасы мен қоректік элементтердің эрозиялық шығындарының өзгеруі, кг/га (шымдыкүлгін топырақтағы күздік бидай) (Фокин, 1986).

Топырақ компоненттері

Тыңайтылмаған нүсқа

N60P60K60

Топырақ массасы

4730

3500

Гумус

260

198

Азот

17,1

12,0

Фосфор

14,5

10,8

Калий

93

69

Тыңайтқыштың түрін, мөлшерін, еңгізу мезгілі мен әдісін және сіңірілуін дұрыс таңдау, қоректік элементтердің шайылу мен сілтісіздену кезінде топырақтан шығын болуын алдын алудың маңызды тәсілі болып табылады.

407

Топырақ эрозиясының пайда болу себептерін талдау, бұл болмай қоймайтын құбылыс екенін, ал ол егіншіліктің ғылыми принциптері мен заңдылықтарының агрономиялық әдіс технологияларының ғылыми негізделген кешендерінің айтарлықтай бұзылуын тудыратынын көрсетеді.

Отандық және шет ел зерттеулерінің нәтижелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибелері топырақты эрозиядан және өнім құрамындағы қоректік заттардың шығынын сақтап қалудың төмендегі негізгі агрономиялық шаралар кешенін ұсынуға мүмкіндік береді:

Эрозиялық қауіп дәрежесін есепке алып, ғылыми негізделген топырақ қорғау ауыспалы егісті өңдеу және игеру.

Топырақты эрозияға қарсы өңдеу жүйелері: қайырымсыз, сыдыра, минималды, суыртпақтап, контурлы, жалды, ұяғалап жырту, аудармай терең өңдеу, топырақты тілу және т.б.

Контурлы, террасты, суыртпақтап егу егіншілігі мен эрозияға қарсы мелиоративті шаралар кешенін ендіру.

Жиілеп егу, сондай-ақ топырақ қорғаушы дақылдарды тығыздап қатарға пайдалану. Бұл әдіс әсіресе жеңіл топырақтар үшін тиімді.

Қатты эрозияға ұшыраған егіс алқаптарын көпжылдық шөптермен шалғындандыру.

Минералдық және органикалық тыңайтқыштардың түрін, мөлшерін, қолдану мерзімі мен тәсілдерін дұрыс таңдау – шайылу мен сілтісіздену кезінде топырақтан қоректік элементтердің шығынын болдырмаудың маңызды амалы.

Түйіртпектүзуші – полимерлерді қолдану.

Тыңайтқыштар мен әртүрлі тыңайту құралдарының қасиеттері мен химиялық құрамының жетілдірілмеу салдарынан биогенді элементтердің едәуір бөлігі қоршаған ортаға шығын болады. Мысалы, мочевина мен аммонийлі азот тыңайтқыштарының құрамынан азоттың газтәріздес аммиак (NH3) түрінде шығынға ұшырауы, оларды топырақ бетіне еңгізу кезінде микробиологиялық процестердің әсерінен болады. Бұл шығын гранулометрлік құрамы жеңіл және карбонаттылығы жоғары топырақтарда арта түседі. Мочевинаны топыраққа сіңіру азот шығынын біршама азайтады. Гумусқа бай топырақтарда қолайлы жағдайлар кезінде

408

мочевинаның көмір қышқылды аммонийге айналуы 2-3 күн аралығында жүзеге асады. Бейтарап және сілтілі топырақтарда жауын-шашынсыз жылдары азоттың аммиак түріне шығын болуы арта түседі. Мочевинаны топыраққа сіңіре отырып еңгізу (негізгі жырту, егу алдында қопсыту, қатарға себу) өте тиімді.

Тыңайтқыштардан азоттың шығын болуының екінші биологиялық жолы – топырақтағы денитрификация құбылысы. Осы құбылыс салдарынан топырақтан газ түрінде азоттың шығыны 1525% құрайды. Топырақтан газ тәріздес азот өнімдері көбінесе N2 және N2O түрінде бөлінеді.

Азоттың тыңайтқыштан көп шығын болатын химиялық жолы - аммиакты азот тыңайтқыштарының сілтілілігі, карбонаттылығы жоғары топырақтармен әрекеттесуі салдарынан бос аммиактың (NH3) бөлінуі. Топырақтағы биологиялық және химиялық процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, күкірт қышқылды аммонийдан NH3 шығын болуын мына реакция арқылы көрсетуге болады:

(NH4)2SO4 + CaCO3 = CaSO4 + (NH4)2CO3

Аммоний карбонаты – тұрақсыз қосылыс, мочевинаның ыдырауы сияқты ыдырап, (NH3) бөлініп, ұшып кетеді.

Қалыпты жағдайда азоттың барлық түрлері белгілі бір уақыт аралығында жылжымалы түріне ауысып, біраз мөлшері инфильтрациялық сулармен шығын болады. Қазіргі кезде нитрификация процестерін тежеу үшін өндірістерде азот тыңайтқышын қолдану коэффициентін көтеруге мүмкіндік беретін және қоршаған ортаға шығынын біршама төмендететін әртүрлі ингибиторлар сынақтан өткізілуде. Ингибиторлардың ішінде кең тарағаны - американдық препараттар: нитропирин (N-Serve), Extend, сондай-ақ топыраққа еңгізілген тыңайтқыштардағы аммоний иондарының нитрификацияға ұшырауын тоқтататын жапондық AM препараты. Ингибиторлар тыңайтқыштардағы азоттың пайдалану коэффициентін 10-15%, кей жағдайларда одан да жоғары көтереді.

Көптеген минералдық тыңайтқыштардың, әсіресе азотты тыңайтқыштардың кемшіліктерінің бірі, олардың физиологиялық қышқылдылығы, сондай-ақ оларда өндіру технологиялары

409

салдарынан қалдықты қышқылдардың болуы. Осындай тыңайтқыштарды ауспалы егісте қарқынды қолдану топырақты қышқылдандырып, өсімдіктердің өсуіне қолайсыз жағдай туғызады. Осыдан топырақты әктеу және тыңайтқыштардың қышқылдылығын бейтараптау қажеттілігі туындайды. Минералдық тыңайтқыштардың физикалық қасиеттерін жасқсарту, сонымен қатар тыңайтқыш ретінде жаңа химиялық қосылыстарды жете зерттеу қажеттілігі талап етілуде. Бұл зерттеулер өсімдіктер қорегін макрожәне микроэлементтермен, қоректік элементтердің өсу стимуляторлармен, ретарданттармен, нитрификация ингибиторларымен және т.б. үйлесімділігін қолайландыру бағытында болу керек. Қазіргі кезде тыңайтқыш түйіршіктерін әртүрлі қабықшалармен, элементарлы күкіртпен бүркелген капсулалар түрінде қолдану кең тараған. Дақылдардың вегетациялық өсу кезеңінде, қоректік элементтері, әсіресе азоттың босатылатыны бақыланатын тыңайтқыштарды алу өте маңызды.

Көптеген минералдық тыңайтқыштардың тағы бір кемшілігі балласты элементтердің (фтор, хлор, натрий), сондай-ақ улы ауыр металдардың (кадмий, қорғасын және басқа) бірге болуы. Осы элементтердің кейбіреуі аз мөлшерде өсімдіктің өсуі мен дамуына оңтайлы әсер ете алады. Тыңайтқыштың жоғары мөлшерін жүйелі еңгізгенде балласты элементтердің көп мөлшері топырақта жиналып, топырақ қасиеттері мен құнарлығына кері әсерін тигізе отырып, жер асты ыза суына жылжиды да олардағы тұздардың концентрациясын жоғарылатады. Минералдық тыңайтқыштардағы улы элементтердің мөлшерінің ауысу шегі әр түрлі болуы мүмкін (126-кесте). Мысалы, фосфорит ұнында 2-3% фтор және 1,2-1,7% стронций; суперфосфатта сәйкесінше 1,2-2,7% фтор, 1% - стронций т.б. элементтер болады. Суперфосфатта болатын басқа да қоспалар 127 - кестеде көрсетілген.

126-кесте. Минералдық тыңайтқыштар мен мелиорантардағы техникалық қоспалардың мөлшері.

Қоспаның аталуы

Мөлшері, %

Қоспаның аталуы

Мөлшері, %

Бор

0,1-0,2

Стронций

0,5-2,1

Молибден

0,05-0,13

Фтор

0,3-3,8

Марганец

1,0-1,5

Мышьяк

10-3 -10-4

Мыс

0,01-0,5

Кадмий

10-4

Мырыш

0,05-1,5

Қорғасын

10-4

410