Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

1. 1997 Жыл 11 шілдедегі қр Тіл туралы заңының баптарына талдау жасау.

2. Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау

  1. Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

2. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3. Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

4. Басқа пәле тілден

5. Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

6. Өнер алды –қызыл тіл

7. Сөйлесе білген – үйлесе біледі

8. Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

9. Білім кілті - тіл

10. Тіл – қылыштан өткір

11. Піл көтермегенді тіл көтереді

  1. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Астанада қанша театр бар?

  2. Сен театрға барғанды жақсы көресің бе?

  3. Басқа жақтың театрлары гастрольмен келгенде олардың қойылымына барасың ба?

  4. Қазір қалада қанша кинотеатр бар?

  5. Кинотеатрға жиі барасың ба?

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Кез – келген, сәулет үлгісі, мәдениет сарайы, инфрақұрылым, дәстүр, әлемдік музыка, рухани, ынтымақтастық, нәтиже, дарынды, сахна шеберлері, шеберлік, қойылым, туындылар

  1. Сөздердің сәйкестігін табыңыздар.

әлемдік – отечественный

ұлттық – произведение

дәстүрлі – одаренный

дарынды – выпускники

қойылым – постановка

шеберлік – мастерство

түлектер – традиционный

туындылар – духовный

отандық – мировой

рухани – национальный

  1. Мәтінді оқыңыздар.

К. Байсейітова атындағы опера және балет театры

Астанаға поезбен келген кез-келген адамның алдынан үш қабатты кірпіштен қаланған ғимарат шығады. Ғимараттың кіре берісі ерекше сәулет үлгісімен өрнектелген. Қайта жөнделген теміржолшылар сарайында Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры орналасқан. Астана театры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылдың қаңтар айында құрылған. Бүгінде ол еліміздің ең жас музыка театры болып табылады. Қазақтың дәстүрі мен әлемдік музыка мәдениетін дәріптеп, қазақ қоғамының рухани сұранысын жүзеге асыруда.

Ұлттық театр қарқынды өсіп, барша жұртқа танымал ұжымдардың біріне айналуда. Олар әр ғасырлар мен түрлі стильдердің қойылымдарын көрсетеді. Ұлттық театрдың мақтан етерлік репертуарына отандық, сондай-ақ, әлемдік музыка театрларының жауһарлары және де Қазақстанның опера және балет жанрының дамуына үлес қосатын жаңа туындылар кіреді. Мәселен, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша экспериментальды қойылымы, Б.Тілеуханның « Ф.Жанносы », Дж.Верди «Травиата», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Щелкунчик» және т.б. Театрмен ең үздік шетелдік сахна шеберлері ынтымақтастық жасайды: Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері – қоюшы-режиссері Юрий Александров пен қоюшы-суретші Вячеслав Окунев. Сондай-ақ, хореографтар : ұлы балет бишісі және Ресейдің Үлкен театрының атақты балетмейстері Екатерина Максимова, атақты қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов, тамаша биші әрі атақты хореограф Сергей Вихарев және т.б. Әлемдік театр өнер шеберлерін ынтымақтастыққа шақыру уақыт өте өз нәтижесін бере білді. Соның арқасында театр аз уақыттың ішінде құрылып, белгілі бір белеске жете білді.

Ең алғашқы әртістік құрам Қазақ Ұлттық музыка академиясының, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының, Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлектері мен сондай-ақ дарынды әртістер мен сахна шеберлерінен құрылды.

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры қашан құрылған?

  2. Опера және балет театры қай жерде орналасқан?

  3. Бұл театрда қандай қойылымдар қойылды?

  4. Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Театр жұмысына Ресейлік, Италия, Германия мен Францияның көптеген шығармашылық ……. өз үлестерін қосты. Олар опера және балеттің жеке …. , дирижер және қоюшы режиссерлері ретінде қатысқан. Қазақстанда «Опера жұлдыздары Астанада» атты ….. опера фестивалі өтті. Қабілетті жас орындаушылар мен бишілерді үлкен …. мен биік белестер күтуде.

Қажетті сөздер: мүмкіндіктер, орындаушылары, қайраткерлері, халықаралық