Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Тест тапсырмалары

  1. Қазақ жазуы қай жылдар аралығында латын графикасын қолданды?

А. 1930-1950

В. 1929-1940

С. 1562-1580

Д. 1991-2001

Е. 1885-1887

  1. Қай жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды?

А. 1995 жылы 12 қазан

В. 1991жылы 2 наурыз

С. 1997 жылы 11 шілде

Д. 1993 жылы 30 тамыз

Е. 1991жылы 16 желтоқсан

  1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы неше тарау, неше баптан тұрады?

А. 6 тарау, 27 бап

В. 5 тарау, 47 бап

С. 2 тарау, 7 бап

Д. 7 тарау, 35 бап

Е. 1 тарау, 23 бап

  1. «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса,оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Кімнің сөзі?

А. М.Шаханов

В. М.Әуезов

С. А.Байтұрсынов

Д. Н.Назарбаев

Е. В.Кекілбаев

  1. Президенттің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қашан қабылданды?

А. 2001 жылы 6 ақпанда

В. 2001 жылы 7 ақпанда

С. 2002 жылы 4 ақпанда

Д. 2007 жылы 12 ақпанда

Е. 2008 жылы 22 ақпанда

  1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының I тарауында не туралы айтылады?

А. тіл туралы

В. еңбек туралы

С. жалпы ережелер туралы

Д. азаматтық құқықтар туралы

Е. студенттер туралы

  1. Мемлекеттік тіл қандай тіл?

А. мемлекеттік басқару тілі

В. заң шығару тілі

С. сот ісін жүргізу тілі

Д. іс қағаздарын жүргізу тілі

Е. аталғандардың барлығы

  1. «Сыпайы» сөзінің антонимін табыңыз.

А. қара

В. жаман

С. дөрекі

Д. ыңғайсыз

Е. қарапайым

  1. Қай жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды?

А. 1991 жылы

В. 1992 жылы

С. 1993 жылы

Д. 1989 жылы

Е. 1999 жылы

  1. «Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз» кімнің сөзі?

А. Ғ.Мүсірепов

В. Н.Назарбаев

С. М.Шаханов

Д. М.Әуезов

Е. А.Байтұрсынов

  1. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры қашан құрылды?

А. 2000 жылдың қаңтар айында

В. 2001 жылдың ақпан айында

С. 1999 жылдың наурыз айында

Д. 1998 жылдың мамыр айында

Е. 1994 жылдың сәуір айында

  1. К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында қандай қойылым қойылды?

А. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»

В. Дж.Верди «Травиата»

С. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин»

Д. Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы»

Е. аталғандардың барлығы

  1. Ең алғашқы әртістік құрамда кімдер болды?

А. Қанат Омарбаев

В. Қорлан Қалиламбекова

С. Шамиль Терегулов,

Д. Екатерина Максимова,

Е. А, В

  1. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры қандай сахна шеберлерімен ынтымақтастық жасайды?

А. хореограф Сергей Вихарев

В. қоюшы-балетмейстер Шамиль Терегулов

С. балетмейстері Екатерина Максимова

Д. қоюшы-суретші Вячеслав Окунев

Е. аталғандардың барлығы

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театры қашан құрылды?

А. 2000 жылы

В. 1996 жылы

С. 1995 жылы

Д. 1998 жылы

Е. 1991 жылы

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театры ең алғаш театр өз шымылдығын қандай спектакльмен ашқан?

А. Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері –Ақтоқты» шығармасымен

В. Дж.Верди «Травиата»

С. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»

Д. Б.Тілеуханның «Ф.Жанносы»

Е. П.Чайковскийдің «Евгений Онегин»

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театрында бүгін кімдер жұмыс істейді?

А. «Құрмет» белгісі орденінің иегерлері.

В. Жастар сыйлықтарының лауреаттары

С. Елбасының Құрмет грамоталарын алған өнер қайраткерлері

Д. еңбек сіңірген өнер қайраткерлері

Е. аталғандардың барлығы

  1. Қай жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театр ұжымы С.Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанды?

А. 1991 жылы

В. 1998 жылы

С. 1992 жылы

Д. 1995 жылы

Е. 1996 жылы

  1. Қай жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің «Туганлық» атты ІІ фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанды?

А. 1991 жылы

В. 1998 жылы

С. 1992 жылы

Д. 1995 жылы

Е. 1996 жылы

  1. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды - драма театр негізін қалаған кім?

А. Әзірбайжан Мәмбетов

В. Гүлжан Әспетова

С. Жақып Омаров

Д. Қорлан Қалиламбекова

Е. Қанат Омарбаев

  1. «Темекі денсаулыққа зиянды» дұрыс аудармасын табыңыз.

А. сигарета опасна для жизни

В. сигарета вредна для здоровья

С. сигарета вредна для людей

Д. курить запрещено

Е. нельзя курить в общественном месте

  1. Қай жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті?

А. 2003 жылдың 21 мамырында

В. 2001 жылдың 2 мамырында

С. 2004 жылдың 6 мамырында

Д. 1887 жылдың 5 мамырында

Е. 1994 жылдың 1 мамырында

  1. «Глобализация» сөз тіркесін аударыңыз.

А. құжат

В. мәлімет

С. жаһандану

Д. тамақтану

Е. шылымқорлық

  1. «Моё здоровье» қазақша аудармасын табыңыз.

А. сенің денсаулығың

В. сіздің денсаулығыңыз

С. менің денсаулығым

Д. менің бөлмем

Е. менің кітабым

  1. Қай жылы еліміз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының конвенциясына қол қойды?

А. 2004 жылдың 21-ші маусымында

В. 2001 жылдың 2 мамырында

С. 2004 жылдың 6 мамырында

Д. 1887 жылдың 5 мамырында

Е. 1994 жылдың 1 мамырында

  1. «Шылымқорлық» аудармасын табыңыз

А. купание

В. привычка

С. борьба

Д. курение

Е. сигарета

  1. XVI ғасырда қай елде темекі тартқан адамдардың басын кесіп тастау жазасын қолданған?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

  1. Қай елде аузына насыбай салған адамдардың шіркеуде шоқынуына тыйым салынған?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

  1. «Түрі жексұрын, иісі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»,- дегенді кім айтты?

А. Ресейде Михаил Романов

В. Константинопольде Мұрад ІV

С. Италияда папа Урбан ІІ

Д. Англия королі Яков І

Е. ешкім

  1. 1633 жылдан бастап темекі тартуға тыйым салынған, заңды бұзғандарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесетін жаза өмірге қайда келді?

А. Ресейде

В. Францияда

С. Қытайда

Д. Англияда

Е. Италияда

  1. Жастар ұйымдарын көрсетіңіз

А. «Отан»

В. «Азаматтық»

С. «Талапкер»

Д. «Зергер»

Е. барлығы

  1. Республикамыздағы жастар ұйымдарының саны шамамен қанша?

А. 120-аса

В. 150-аса

С. 200-аса

Д. 100-аса

Е. 50-аса

  1. «Қоғамдық мәселе» аудармасын табыңыз.

А. общественный договор

В. общественное мнение

С. общественная проблема

Д. государсвенное дело

Е. глобальный вопрос

  1. «белсенді» аудармасын табыңыз

А. активный

В. неверный

С. аккуратный

Д. довольный

Е. культурный

  1. «Жастар ұйымы» сөз тіркесінде қандай септік жалғауы түсіріліп тұр?

А. атау септік

В. ілік септік

С. табыс септік

Д. жатыс септік

Е. шығыс септік

  1. Барыс септікті сөз тіркесін табыңыз

А. дәптерді алу

В. киноға бару

С. бөлмеден шығу

Д. есіктен қарау

Е. досыммен сөйлесу

  1. «Денсаулығын күтеді» сөз тіркесі қандай септік арқылы байланысқан?

А. табыс

В. жатыс

С. ілік

Д. шығыс

Е. көмектес

  1. «Ата-буынның үмітін бала буын ақтай білді».Асты сызылған сөз қай септікте тұр?

А. жатыс

В. шығыс

С. ілік

Д. көмектес

Е. табыс

  1. «Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі». Асты сызылған сөз қай септікте тұр?

А. барыс

В. табыс

С. шығыс

Д. көмектес

Е. табыс

  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөзді көрсетіңіз.

А. алма

В. студент

С. оқытушы

Д. ұн

Е. себеп

  1. Қай жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады?

А. 1993 жылы 30 тамыз

В. 1991 жылы 16 желтоқсан

С. 1995 жылы 25 қазан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

  1. Қай жылы Бүкілхалықтық талқылаудан кейін Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті?

А. 1992 жылы маусымда

В. 1993 жылы қазанда

С. 1995 жылы сәуірде

Д. 1990 жылы тамызда

Е. 1991 жылы наурызда

  1. Қай жылы Қазақстан Республикасы парламентінің салтанатты мәжілісінде еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды?

А. 1992 жылы маусымда

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

  1. Қай жылы Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта –теңге- күні енгізілді?

А. 1993 жылғы қарашаның 15-сі

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

  1. Қай жылы Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа конституцияны республикалық референдумда қабылдады?

А. 1995 жылдың 30 тамызында

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1989жылы 3 қараша

  1. Қай жылы елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауға жарлық шығарды?

А. 1993 жылғы қарашаның 15-сі

В. 1993 жылы 28 қаңтардың

С. 1991 жылы 16 желтоқсан

Д. 2001 жылы 1 мамыр

Е. 1998 жылғы 6 мамырда

  1. Геральдика заңында күн нені білдіреді?

А. татулықты

В. тыныштықты

С. өмірді

Д. шексіздікті

Е. байлық пен берекені

  1. Шаңырақ ұғымы нені білдіреді?

А. отбасыны

В. достықты

С. татулықты

Д. үлкен үйді

Е. еңбекқорлықты

  1. Жалқы есімді табыңыз

А. заман

В. зәулім

С. иран

Д. кеме

Е. білім

  1. Тудағы дала бүркіті нені білдіреді?

А. еркіндікті

В. тыныштықты

С. өмірді

Д. шексіздікті

Е. байлық пен берекені

  1. «Аккуратный студент» сөз тіркесін аударыңыз

А. сыпайы студент

В. мәдениетті студент

С. жақсы студент

Д. ұқыпты студент

Е. кеңпейілді студент

  1. «Честный друг» сөз тіркесін аударыңыз.

А. адал дос

В. ұқыпты дос

С. жаман адам

Д. момын дос

Е. айырылмас дос

  1. Қазақ халқы бала тәрбиесінде ненің орнына ерекше мән берген?

А. мінездің

В. тегінің

С. бойының

Д. бет-әлпетінің

Е. еңбектің

  1. Әдептілік тәрбиесінің неше түрі бар?

А. 2

В. 3

С. 4

Д. 5

Е. 6

  1. Мінез-құлық әдептеріне нелер жатады?

А. биязылық

В. кішіпейілділік

С. салмақтылық

Д. кең пейілділік

Е. аталғандардың барлығы

  1. Жүріс-тұрыс әдептеріне жататын әдеп түрін көрсетіңіз

А. сыйластық

В. білімділік

С. ұқыптылық

Д. нанды екі қолмен үзу

Е. ұстамдылық

  1. Қатынас әдептеріне нелер жатады?

А. сыйластық

В. ұстамдылық

С. ақты теппеу

Д. екі қолмен амандасу

Е. нанды екі қолмен үзу

  1. «Ассалаумағалейкум» деген нені білдіреді?

А. «Жолыңыз болсын!»

В. «Асыңыз дәмді болсын!»

С. «Ұлыс оң болсын!»

Д. «Сізге нұр жаусын!»

Е. «Аман болыңыз!»

  1. «Уағалайкум ассалам» деген нені білдіреді?

А. «Жолыңыз болсын!»

В. «Асыңыз дәмді болсын!»

С. «Алланың нұры сізге де жаусын»

Д. «Сізге нұр жаусын!»

Е. «Аман болыңыз!»

  1. Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік не жатады?

А. үлкенге орын беру

В. адамның аты-жөніне құрметпен қарау.

С. үлкенмен бірінші болып сәлемдесу

Д. нанды екі қолмен үзу

Е. қатты сөйлемеу

  1. Халық атақты шеберлерді ардақтап, алақандарында ұстаған.

Сөйлемнен сапалық сын есімді табыңыз.

А. халық

В. атақты

С. шеберлер

Д. алақан

Е. ардақтап

  1. Алмагүл бұл сұраққа ұзағырақ ойланып, жауап берді. Сөйлемнен қатыстық сын есімді табыңыз

А. Алмагүл

В. бұл

С. сұрақ

Д. ұзағырақ

Е. жауап берді

  1. Қазақ халқындағы әдептілік мәселесі сан ғасырлар бойы қалыптасқан ... тығыз байланысты. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңыз.

А. бет-әлпетімен

В. адамның сана-сезімімен

С. рухани мәдениетімен

Д. көне тарихымен

Е. ұлттық салт-дәстүрлермен

  1. «Тәрбие» сөзінің орысша баламасын табыңыз

А. культура

В. поведение

С. привычка

Д. воспитание

Е. забывчивость

  1. Қазақ халқы кімнің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген?

А. ата-ананың

В. егде адамдардың

С. ер баланың

Д. қыз баланың

Е. ер бала мен қыз баланың

  1. «Моё свободное время» аударыңыз

А. сенің сүйікті асың

В. маған ұнайтын саябақ

С. менің бос уақытым

Д. менің орным бос

Е. сенің бос орның

  1. «Түскі астан кейін дем аламын».Сөйлемді аударыңыз

А. Я люблю отдыхать летом

В. Ты обедал сегодня?

С. Я отдыхаю сейчас

Д. Я отдыхаю после завтрака

Е. Я отдыхаю после обеда

  1. «Мой свободный день-воскресенье». Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

А. Менің сүйікті уақытым – кешқұрым.

В. Жексенбіде мен демаламын.

С. Сен сенбіде бос боласың ба

Д. Мен жексенбіде бос боламын

Е. Менің бос күнім жексенбі.

  1. «Кешке саябаққа серуенге барайық». Сөйлемді орыс тіліне аударыңыз.

А. Пойдем вечером гулять

В. Ты пойдешь вечером гулять в парк

С. Они пойдут вечером гулять в парк

Д. Пойдем вечером гулять в парк

Е. Я не хочу гулять, я устала

  1. «Ертең үште сен бос боласың ба?».Сөйлемнен сан есімді табыңыз.

А. ертең

В. сен

С. үште

Д. бос

Е.боласың ба

  1. 45-5= 40. Дұрыс жазылуын табыңыз.

А. қырық бес алу төрт, тең болады - қырық

В. қырық бес алу бес, тең болады - қырық

С. қырық бес алу бес, тең болады - қырық бес

Д. қырық үш алу үш, тең болады - қырық

Е. қырық алты алу қырық алты, тең болады - қырық бір

  1. Марқакөл көл аймағы қайда орналасқан?

А. Ертіс өңірінде

В. Сырдария өңірінде

С. Батыс Қазақстанда

Д. Орталық Қазақстанда

Е. Солтүстік Қазақстанда

  1. Каратау Мемлекеттiк қорығы қайда орналасқан?

А. Ертіс өңірінде

В. Сырдария өңірінде

С. Батыс Қазақстанда

Д. Орталық Қазақстанда

Е. Солтүстік Қазақстанда

  1. «Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр». Асты сызылған сөз үстеудің қай түріне жатады?

А. Мекен үстеуі

В. Қимыл-сын үстеуі

С. Мезгіл үстеуі

Д. Мақсат үстеуі

Е. Мөлшер үстеуі

  1. «Внешний вид земли» сөз тіркесін аударыңыз.

А. жердің ішкі келбеті

В. жердің сыртқы келбеті

С. жердің жалпы көлемі

Д. жердің ең жақын серігі

Е. жердің өзге планеталардан ерекшелігі

  1. Қай уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады?

А. Бір күнде

В. Бір айда

С. Бір жылда

Д. 36 сағатта

Е. бір ғасырда

  1. Жердің сыртқы қабығы неден құралған?

А. көмірқышқыл газ бен оттегіден

В. магний мен кальцийден

С. оттегі мен кремнийден

Д. озон мен никельден

Е. тек қана оттегіден

  1. Жер қашан жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған?

А. 2 млрд. жыл бұрын

В. 4,5млрд. жыл бұрын

С. 3 млрд. жыл бұрын

Д. 5 млрд. жыл бұрын

Е. 10 млрд. жыл бұрын

  1. Жерде осыдан 4,5млрд. жыл бұрын неден пайда болған?

А. Оттегі мен азоттан

В. Сутегі мен кремнийден

С. Бір уақытта өздігінен жойылып кеткен планеталардың қалдығынан

Д. Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен

Е. жоқ нәрседен пайда болған

  1. Жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында не қалыптасты?

А. атмосфера

В. биосфера

С. литосфера

Д. метасфера

Е. гидросфера

  1. «Білім туралы» жаңа Заң қашан қабылданды?

А. 2008 жылдың тамыз айында

В. 2005 жылдың сәуір айында

С. 2001 жылдың мамыр айында

Д. 2002 жылдың наурыз айында

Е. 2005 жылдың ақпан айында

  1. Негізгі орта білім қай жылдарды қамтиды?

А. 1-4 сыныптар аралығы;

В. 5-10 сыныптар аралығы;

С. 11-12 сыныптар аралығы;

Д. 2-9 сыныптар аралығы;

Е. 5-10 сыныптар аралығы;

  1. «Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді» Сөйлемде етістің қай түрі қолданылған?

А. ырықсыз

В. өзгелік

С. өздік

Д. ортақ

Е. жай

  1. «Жас келішектер дастархан жасасты».Сөйлемде етістің қандай түрі қолданылған?

А. ырықсыз

В. өзгелік

С. өздік

Д. ортақ

Е. жай

  1. «Меня заставили делать уроки». Қазақ тіліне аударыңыз.

А. Маған сағыңды жаса деді.

В. Маған сабақ жасатқызды.

С. Менің сабақ жасағым келмеді.

Д. Менің сабағым жақсы.

Е. менің сабаққа барғым келмеді.

  1. «Қиыншылық» сөзінің синонимінн табыңыз

А. жақсылық

В. тауқымет

С. азап

Д. дамытушылық

Е. жетіспеушілік

  1. Сәкен Сейфуллин қашан, қайда туған?

А. 1854 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

В. 1894 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

С. 1899 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

Д. 1923 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

Е. 1 956 жылы бұрынғы Ақмола обылысы

  1. Сәкен Сейфуллиннің шын атын көрсетіңіз.

А. Садуақас

В. Ибраһим

С. Сәкен

Д. Бауыржан

Е. Мұхамед Қанапия

  1. Сәкен Сейфуллиннің шығармасын көрсетіңіз.

А. «Аласапыран»

В. «Бақыт жолында»

С. «Абай жолы»

Д. «Оян, қазақ»

Е. «АЗиЯ»

  1. «Нығайту» етістігіне есімше жұрнағын жалғаңыз.

А. нығайып

В. нығайғалы

С. нығая

Д. нығайған

Е. нығайды

  1. Көсемшелі етістікті табыңыз.

А. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты

В. Шын аты Садуақас, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

С. Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді.

Д. Алғашқы өлеңін Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастайды.

Е. Сәкен Сейфуллин Колчак түрмесінде отырады.

  1. «Правовое государство» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. егеменді мемлекет

В. тәуелсіз мемлекет

С. құқықтық мемлекет

Д. демократиялық мемлекет

Е. жас мемлекет

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы нешінші Ата заң болып табылады?

А. бірінші Ата заң

В. екінші Ата заң

С. үшінші Ата заң

Д. төртінші Ата заң

Е. бесінші Ата заң

  1. Ата Заң қандай үш ізгі қызметті дәріптейді?

А. заң, саяси, идеологиялық

В. саяси, тәрбиелік, сот

С. заң, құқықтық, тәрбиелік

Д. отбасылық, идеологиялық, заң

Е. ешқандай

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы қашан республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды?

А. 1995 жылғы 30 тамызда

В. 1991 жылғы 30 тамызда

С. 1992 жылғы 30 тамызда

Д. 1993 жылғы 30 тамызда

Е. 1994 жылғы 30 тамызда

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қандай бөлімдерден тұрады?

А. өтпелі ережелерден

В. қорытынды

С. негізгі мәтіннен,

Д. кіріспеден

Е. аталғандардың барлығынан

  1. Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздері қай бөлімде баяндалады?

А. өтпелі ережелерде

В. қорытындыда

С. негізгі мәтінде

Д. кіріспеде

Е. аталғандардың барлығында

  1. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)нормалары Заңның қай бөліміне енген?

А. өтпелі ережелеріне

В. қорытындыға

С. негізгі мәтінге

Д. кіріспеге

Е. аталғандардың барлығына

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен мен баптан тұрады?

А. 6 бөлімнен 28 баптан

В. 4бөлімнен 12 баптан

С. 9 бөлімнен 98 баптан

Д. 5 бөлімнен 56 баптан

Е. 2 бөлімнен 108 баптан

  1. «Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды». Асты сызылған етістік қай райда тұр?

А. ашық рай

В. бұйрық рай

С. шартты рай

Д. қалау рай

Е. тұйық етістік

  1. Конституцияның І бөлімі қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Жалпы ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Өтпелі ережелер»

  1. Жаңа Ата заңды күшіне енгізу нормаларын бекітетін бөлім қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Өтпелі ережелер»

  1. Адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған бөлім қалай аталады?

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Адам және азамат»

Е. «Өтпелі ережелер»

  1. Мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейтін бөлім...

А. «Кіріспе»

В. «Қортынды және өтпелі ережелер»

С. «Негізгі бөлім»

Д. «Қорытынды»

Е. «Президент»

  1. Конституцияның IV-VIII бөлімдерінде не көрсетілген?

А. Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі

В. билікті болу принципі

С. мемлекет органдарының қызметі

Д. мемлекет органдарының құрылуы

Е. аталғандардың барлығы

  1. «Культурная связь» сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.

А. мәдениетті студент

В. мәдени байланыс

С. саяси жағдай

Д. күрделі мәселе

Е. рухани мұра

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз....

А. шаруашылықтың бір түрі

В. билікті болу принципі

С. мемлекет органдарының қызметі

Д. мемлекет органдарының құрылуы

Е. ұлттық шаруашылықтың жиынтығы

  1. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен, қандай ғалымдар айналысты?

А. Д.Рикардо

В. А.Смит

С. К.Маркс

Д. Ф.Энгельс

Е. аталғандардың барлығы

  1. «Әмбебап» сөзінің аудармасын табыңыз.

А. универсальный

В. качественный

С. количественный

Д. серъезный

Е. аккуратный

  1. Болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қайда қалыптасты?

А. Ежелгі Шығыста

В. Ежелгі Батыста

С. Ежелгі Қазақстанда

Д. Ежелгі Америкада

Е. Ежелгі Жапонияда

  1. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін қалай аталды?

А. Христиан Ренессансы

В. Буддизм Ренессансы

С. Ислам Ренессансы

Д. Алтын ғасыр

Е. Күміс ғасыр

  1. Қазіргі заманғы ғылымды не қызықтырады?

А. Ақпарат өңдеу

В. Басқаруды автоматтандыру

С. Жоспарлауды автоматтандыру

Д. Энергия

Е. А,В,С

  1. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді

В. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады.

С. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты

Д. ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Е. Адам тікелей өндіріс процесінің шеберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастырады.

  1. Мифология ненің алғышарты болды?

А. музыканың

В. ғылымның

С. киноның

Д. мәдениеттің

Е. өнердің

  1. 20 ғасырдың басында ғылымда қандай жаңалықтар болды?

А. Генетик кодтары айқындалады

В. Жасуша теориясы

С. Энергияның сақталуы мен айналуы

Д. ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленді

Е. А,Д

  1. «Система производства» сөз тіркесін аударыңыз.

А. өндіріс құрылымы

В. жүйелі өндіріс

С. өндіріс жүйесі

Д. сапа жүйесі

Е. жүйелі құрылым

  1. Демеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.

А. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық революцияның басты ерекшелігі болып табылады.

В. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.

С. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді.

Д. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды.

Е. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда ғылымдар салалары қауырт дамыды.

  1. «Еркін байланыс» сөз тіркесін аударыңыз.

А. өндіріс құрылымы

В. жүйелі өндіріс

С. свободная связь

Д. сапа жүйесі

Е. жүйелі құрылым

  1. Бұйрық райдың бірінші жағында(көпше түрі) тұрған етістікті көрсетіңіз.

А. сабаққа барамыз

В. дәрісті тыңдайық

С. киноны көреді

Д. қалада тұрасың

Е. олар тыңдасын

  1. Ата Заңды қалай қабылданды?

А. президенттің шешімімен

В. үкіметтің шешімімен

С. бүкілхалықтық дауыс беру арқылы

Д. парламент шешімімен

Е. Жоғарғы Сот шешімімен

  1. С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті қай жылы құрылды?

А. 1956

В. 1957

С. 1954

Д 1955.

Е. 1953

  1. Аңшылықтану мен аң шаруашылығы, балық шаруашылығы, биотехнология мамандықтары қандай факультетке жатады?

А. техникалық факультетке

В. технологиялық факультетке

С. компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетіне

Д. сәулет өнері факультетіне

Е. ветеринарлық факультетке

  1. Тәуелдік жалғауының 2-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А. Арманым

В. Үйіміздегі

С. Қалаларыңызда

Д. Ұлттары

Е. Сенім

  1. Есімше жұрнағы жалғанған мақалды көрсетіңіз.

А. Отан оттан да ыстық.

В. Көп көрген білер.

С. Опасызда отан жоқ.

Д. Көп түкірсе көл.

Е. Өнер алды қызыл тіл.

  1. «Знающий студент» сөз тіркесін қазақшаға дұрыс аударыңыз.

А. білген студент

В. білетін студент

С. білмейтін студент

Д. білгісі келмейтін студент

Е. студент білер

  1. Есімше жұрнақтары көмегімен мына сөйлемді қазақшалаңыз: «Они наверное завтра пойдут в гости»

А. Олар ертең қонаққа барады.

В. Олар ертең бәрі қонаққа баратын болды.

С. Олар ертең қонаққа барар.

Д. Олар ертең емес бүгін қонаққа барар

Е. Олар ертең ешқайда бармас.

  1. Көсемшені көрсетіңіз

А. Дүниеде әркімнің бір қалағаны болады

В. Бірақ бұл қуаныш та ұзаққа бармады

С. Міне, атты осылай тоқтату керек

Д. Қой, тентек болма

Е. Сабаққа барғым келмеді

  1. Дерексіз зат есімді табыңыз

А. ғалым

В. ғылым

С. мұхит

Д. теңіз

Е. ауа

  1. «Көркем» сөзіне синоним табыңыз

А. ақылды

В. білімді

С. ауқымды

Д. әдемі

Е. жайлы

  1. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

А. жақсы, жаман

В. жасыл, қызыл

С. әдемі, сұлу

Д. қалалық, ауылдық

Е. қара, қызыл

  1. Қажетті етістікті көрсетіңіз «Мен мектепті былтыр..........»

А. барамын

В. оқыдым

С. бітірдім

Д. бардым

Е. оқимын

  1. Өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

А. оқимын

В. оқып жүрмін

С. оқымақпын

Д. оқырмын

Е. оқыдым