Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

11. Өлеңді жаттап алыңыздар. Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

М. Мақатаев

12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Бүгінгі жастар уақыттың қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты маңызды орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, еркін меңгергендері де бар. Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері көп. Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі елдерден байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи деректерді іздестіріп жинап, мәдени мұра қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең меңгерген мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Қазіргі қазақ тілі - өсіп-өркендеген тіл. Қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Қазақ тілін үйренуге, үйретуге арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Мұның бәрі тіліміздің жағдайын жақсартуға арналған игі іс-шаралар мен табанды ізденістердің нәтижесі. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Қазір еліміздегі азаматтардың бәрі сауатты. Қай мәселеге болса да байыпты қарап, тиімді жағына баса назар аудару - өмір талабы.

14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

Қатынас құралы ретінде

белгілейді.

Тіл

қызмет етіп келеді

Мемлекеттік тіл

сөз байлығы

Міндеттерін

әркімнің азаматтық борышы

Жалпы ережелер туралы

- қоғамдық құбылыс

Тіл байлығы -

қызыл тіл

Ана тілін жақсы білу -

айтылады.

Өнер алды -

болып бекітілді.

15. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

С первых дней независимости страны Нурсултан Абишевич Назарбаев постоянно заботится о повышении статуса и авторитета казахского языка, о расширении сферы его применения, руководит этим процессом. Значительное расширение сферы употребления государственного языка за прошедшие годы стало возможным благодаря настойчивости, требовательности Президента. Крылатыми стали его выражения: "Казах должен разговаривать с казахом по-казахски", "Будущее Казахстана – в казахском языке". Сам он выступил с личной инициативой о создании фонда "Государственный язык". За прошедшие годы Глава государства также выступил с рядом инициатив по исследованию родной истории, развитию культуры и искусства, образования и науки. Лично провел презентацию программы "Культурное наследие", держит под постоянным контролем ход ее реализации. Способствовал реабилитации представителей старшего поколения, боровшихся за свободу народа, возвращению добрых имен безвинно репрессированных.