Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

UpRibbonSharp

1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси , ғылыми, көркем әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.

мемлекеттік

древний

егемендік

особенность

тәуелсіздік

алфавит

ғылыми

история

әдеби

эпоха

дәуір

литературный

тарих

научный

әліпби

суверенитет

ерекшелік

государственный

көне

независимость

3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.

Ел

жуық

өлке

даму

дәуір

айрықша

4. Мәтінді оқыңыздар.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады.

I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-ші бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

5. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

6. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыздар.

1.Тілін, бастаған, болып, кейбір, өз, ұмыта, елдерде, мемлекеттік, отарлаушы, тілі, елдің, бекітілген.

2. Үндістанда, тұрмыстық, қалып, деңгейінде, хинди, қойған, тек, тілі.

3. Мароккада, француз, дәрежеде, бірдей, араб, қолданылады, тілі, тілімен.

4. Тілі, - тіл, қазақ, өркендеген, қазіргі, өсіп.

5. Уақыты, жаңалықтар, мен, өзгерістер, қазіргі, үлкен, уақыт -.

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Сыпайы

жақсы

сауатты

ыңғайлы

кіру

тұру

бұзу

жабық

8. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

1. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесін алды.

2. Жыл сайын қыркүйек айында тілдер мерекесін тойламаймыз.

3. Қазақ тілі семит тілдері тобына жатады.

4. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында 6 тарау, 27 бап бар.

5. Қазір іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

9. Тіл туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

М. Әуезов.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

А. Байтұрсынов

Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ғ. Мүсірепов

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Н. Назарбаев

10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыздар.

Жоғары оқу орындары - мамандар дайындауда ғана емес, әрбір мамандық бойынша түлектерге мемлекеттік тілді де терең меңгертіп шығаратын мекеме. 1999 жылғы 8 қаңтарда «Тілдер туралы» Заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы _______бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тілде ресми __________ әзірлеу мәселесінде ілгерілеушілік бар.

Қажетті сөздер : білікті, құжаттар, ережені.