Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

13. « Баланың ата - ана алдындағы парызы » дегенге өз пікірлеріңізді айтыңыздар

Есте сақтаңыздар!

Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма,

Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма

Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. Ата-анаңның бетінен алма. Үйде отырып ысқырма. Әркімді бір кекетіп, мұқатпа. Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама. Нанның үстіне зат қойма. Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме. Кемтар адамға күлме.

1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек.

Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сұраған көрінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы көрінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуы тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие арқылы ғана іске асады. Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жағдайда ғана, жеке басының тұлғасын қалыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз тұлғасын өзі жасай алады.

2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.

3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.

Есте сақтаңыздар!

Мақал-мәтелдерде сын есімдер болса, табыңыздар.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

Елгезектің қарны тоқ.

Есер жігіт сәнқой келеді.

Жуастан жуан шығады

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Серуен, бейне таспа, саяжай, саңырауқұлақ, жидек, шатыр, тоғай, серуенге шығу, демалыс, от жағу, тамақ пісіру, түнеу, жаяу оралу, жүзу, таза ауа, саябақ

  1. Сәйкестікті табыңыздар.

Серуен - вечер

Саябақ – палатка

Саяжай – завтрак

Таңертеңгі ас - дача

Кешкі ас – парк

Түскі ас - прогулка

Шатыр – искать

Кеш – обед

Түнеу – искать

Іздеу – ночевать

3. Мәтінді оқыңыздар.

Менің бос уақытым

Адамдар бос уақыттарын әр түрлі өткізеді. Бірулер үйде тыныштықта отырып демалғанды жақсы көреді. Көбінесе теледидар қарайды, музыка тыңдайды, кітап оқиды немесе өздерінің сүйікті ісімен айналысады. Ал кейбір адамдар табиғатқа шығады, жағажайға, саяжайға, тауға, демалыс үйлері мен сауықтыру кешендеріне барады.

Жазда адамдардың көбін жағажайдан кездестіруге болады. Жаздың ыстық күндері оларға суға түсу, күнге күю, жүзу ұнайды. Қазіргі кезде жағажайларда адамдардың демалуына көп жағдай жасалған.

Демалыс орындарының бірі – кинотеатр. Кинотетрларға келген жаңа фильмдер туралы теледидардан берілген жарнамалардан, газетке шыққан хабарландырулардан білеміз. Бұл күндері кинотеатрларда тек кинозалдары ғана емес, сонымен қатар би залдары , ойын бөлмелері, дәмхана бар. Сол себепті қазіргі кинотеатрларды ойын – сауық , демалу, көңіл көтеру орталығы деуге де болады.

Бос уақытта мәдени орындарға барғанды жақсы көремін. Театрға барып, әнші , биші, күйшілердің өнерін көрген дұрыс. Мұражайға барып, суретшілердің өнерін тамашалған да жақсы.

Бос уақытымда спортпен айналысқанды, таза ауада қыдыруды, мұз кешенінде сырғанақ тебуді, саябақта қыдыруды ұнатамын. Қаланың көрікті, әдемі, керемет жерлеріне барған да ұнайды.