Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Мінез-құлық әдептерін атаңыз.

  2. Жүріс-тұрыс әдептерін атаңыз.

  3. Қатынас әдептерін атаңыз.

  4. Қазіргі заманда мәдениетті адам қандай болуы керек?

5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Адамгершілік ой пікірлер ертедегі Шығыс ... Әл-Фараби, Әл-Беруни, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари жазбаларында орын алып, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты ... еңбектерінде көрініс тапқан. Олар ... ұрпақты әдептілікке тәрбиелеуде отбасы, ата-ана, туған-туыс, жора-жолдастар, туған жер, өскен орта әсері туралы бағалы пікірлер айтқан.

Қажетті сөздер: даналардың, ойшылдары, жас

  1. Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

  1. Амандасуы, адамдар, достығын, ниетін, білдірген, ізгі, осылай, арқылы, бір-біріне.

  2. Халқының, сыйластық, құрметпен, қазақ, тәрбиесіндегі, ерекшелік, адамның, бір атау, аты, жөніне, қарау

  3. Тәрбиесі, негізгі, табылады, бірі, болып, этнопедагогикада, әдептілік, тәрбиеленің

8.Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады.

  1. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе емес

  1. Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік адамның аты-жөнін құрметпен атамау

  1. Қазақ халқы ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген

9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.

Әдепті бала - арлы бала

әдепсіз адамды көргенде білесің.

Әдептіліктің белгісі –

сіңлі әдепті.

Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

Апа әдепті болса,

Әдепсіз - бала сорлы бала

Аға әдепті болса

іні әдепті

Ұят-

адамдықтың белгісі

Әдептілік-ар, ұят –

иіліп сәлем бергені

Әдептің не екенін

адамгершіліктің бір жемісі

Сіз деген әдеп

біз деген көмек

10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.

1. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор». Демокрит.

2. «Жігіт адмға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан». Әйтеке би.

3. «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады». Ж.Ж.Руссо.

11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

  • Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

  • Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

  • Шеше тұрып қыз сөйлегеннен, әке тұрып ұл сөйлегеннен без

  • Ақылды кісі байқап сөйлер, ақылсыз кісі шайқап сөйлер.

Жылы –жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

12. Мәтінді оқыңыздар.

Ата – анана не істесең, алдына сол келеді

« Ата – анана не істесең, алдына сол келеді», « Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды » деген бар еме пе? Ата – анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп , адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға , қатты қарғысқа ұшырған.

Баланың ата – ана алдындағы ұлы парызы мейірімммен, жақсылықпен өтелмек. Бала - ата –ананың көз нұры, көңіл қуанышы. Ата – ана табан ақы, маңдай терін перзентінің адам болуы жолына жұмсайды. Ата – ананың бұл еңбегін өтеу , әлбетте, оңай болмаса керек.

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да , қарызыңнан құтылмайсың» деген сөз осыны айғақтайды.

( « Әдептілік қағидалары » кітабынан)