Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз - яз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

10. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар

11. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Әзірет Сұлтан қорық мұражай қай жылы құрылған?

2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды?

3) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз.

4) Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?

12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.

«Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан .... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы .... 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық .... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз ... тұрады.

Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат

1.«Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

2.Үстеулердің әр мағыналық түріне 2 сөйлемнен жазыңыздар.

  1. Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Алтын, ер жету, тіршілік ету, құрал-жабдық, түзелу, жердің сыртқы келбеті, зерттеу, даму сатысы, ғылым, заттық белгілер, пайда болу, амин қышқылдары, саналады, белгісіз, кәдімгі, сөз, көздері, қоректендіру.

  1. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Күн, жер планетасы, қоршаған орта, жер қойнауы, уақыт, зерттеулер, болжамдар, ғылым, тіршілік.

  1. «Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.

  1. Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.

Жер – біздің анамыз

Біздің сөз етіп отырғанымыз Күн планетасы емес, бір күн дейтін уақыт. Осы уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады. Ол сағаттық өлшеммен алғанда 24 сағат. Былай қарағанда көпшілігіміз мән бере бермейміз. Кешкілік көк күмбезді аспаннан самсаған сан жұлдыздарды көреміз ғой. Келесі күні жұлдыздар тағы да сол жерде пайда болады. Бұл екі аралықта 23 сағат 56 минут 4,09 секунд уақыт өтеді. Мұны жұлдыздық күн деп атайды. Жердің ішкі ядросының бар екенін білеміз. Ол темірден және никельден тұрады. Одан беріде металдардың балқыған кремнийлі және күкіртті қосылыстарынан және олардың тотықтарынан құралған мантия қабаты орналасқан. Ал жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

Жерде тіршілік бар. Адам баласы өмір сүреді, өйткені мұндағы температура судың жердің сыртқы бетінде тұруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, атмосферада оттегі бар. Ауа мен су тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік!

Жер планетасын біз жайдан-жай анамыз, алтын ұя – бесігіміз деп атамаймыз. Өйткені, ол біздің тұрақ – мекеніміз ғана емес, әрі асыраушымыз да. Біз осында өмірге келіп, есейіп, ер жетеміз, көз жұмғанша тіршілік етеміз.

Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам-тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз. Ендеше, Жер біз үшін қымбат та, асыл АНА!

Олай болса, біз осы Жер туралы не білеміз?

Ғалымдардың болжауы бойынша Жер осыдан 4,5млрд. жыл бұрын жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған. Бүгінде күн жүйесінде тоғыз планета бар дейтін болсақ, олардың да өмірге келуі солай деседі. Арада тағы да жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында атмосфера қалыптасты. Бұл адам баласының табанын тірейтін және тыныс алатын өмір-тіршіліктің бастауы еді.

  1. Сұрақтарға жауап беріңідерз.

  1. «Жыл» деген ұғым қайдан шыққан?

  2. «Күн» деген ұғымды түсіндіріңіз?

  3. Жер қандай заттардан тұрады?

  4. Жердің басқа планеталардан айырмашылығы неде?

  1. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «шын» деп жазып беріңіз.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам - тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз.

Қалдықтар жиналып - жиналып төрт жылда жарты күнді құрайды.

Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

Жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған

  1. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

Легенда о названии местности Акмола

Существует легенда о названии местности Акмола. Когда-то здесь проживал знатный и уважаемый в народе би по имени Акмола. Он был главным советником Уалихана, сына Абылай хана – деда Шокана Уалиханова. Акмола жил долгую и славную жизнь. Он был известным человеком своего времени, по этому после смерти его тело, по обычаю, завернули кошму и возили на верблюде, Животное отпустили на свободу6 чтобы тело уважаемого аксакала из знатного рода передать земле там, где верблюд сделает первую остановку и ляжет на землю.

По народным преданиям, верблюд лёг на землю именно в том месте, где в 40-х годах ХIII столетия однажды стоял Толе би, завещавший, чтобы там был заложен новый город.

За знатность и заслуги Акмоле был сооружен величественный мазар из белой глины, одиноко возвышающийся в степи.

Время шло. В середине XIX века внук Акмолы Жазы би привел к мазару своего деда отряд российской экспедиции. Жазы би поведал руководителю отряда, что здесь похоронен его дед и что когда-то великий Толе би посоветовал казахам основать столицу там, где сейчас отряд сделал привал. Выслушав Жазы би, Руководитель экспедиции повелел: «Крепость будем строить здесь и назовём её Акмолой».

  1. Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар.

  1. Төменде берілген сөз тіркестеріндегі қарамен жазылған сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратып көрсетіңіздер.

Қол бастаған батыр, ақ көбейді, жетісін берді, таудың етегі, үйдің қабырғасы, бір тұяқ та қалмапты.

  1. Мына етістіктердің болымды түрін болымсыз етістікке, болымсыз түрін болымды етістікке айналдырып, сөйлем құраңыздар.

Алды, айналдырмау, шаршау, серуендемеу, қыдыру, ойламау