Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
249
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

1 Бас жоспар Ұн зауытының құрылысының техникалық-экономикалық сипаттамасы

Техникалық-экономикалық дәлелдеу деп белгіленген аймақта кәсіпорын құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық тиімділігіне байланысты дайындау жұмыстардың нәтижелерін айтамыз.Техникалық-экономикалық дәлелдеудің құрамында келесі мәліметтерді енгізеді:

  • ауданның қысқаша экономикалық сипаттамасы және оның дамуы;

  • теміржол мен тас жолдардың дамуы, басқа аудандар мен облыстармен байланысы;

  • құрылысты электрэнергиямен, сумен, отынмен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік алаңында инженерлік жүйелердің (суқұбырлары, канализация және т.б.) болуы;

  • қызмет ету ауданының халық саны және болашақтағы өсу перспективасы;

  • астықтың келу көздері, ұн зауытын астықпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың болуы;

  • ауданның, облыстың ұнға сұранысы;

  • тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының болуы;

  • ауылшаруашылығының негізгі саласы (астық, малшаруашылығы және т.б.)

  • құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың болуы.

Өнімділігі 220 т/тәуіл шығымы 75% сұрыптық ұн шығаратын ұн зауытын салу Ақтөбе қаласында жоспарланады. Зауыттың құрылысы экономикалық есептеулер мен техникалық-экономикалық мәліметтермен дәлелденеді.

Ақтөбе қаласы облыс орталығы болып табылады. Қаланың территориясы 497,8 ш.км. Халық саны 454 мың адам. Қала басқа қалалармен және облыстармен дамыған тас және теміржолдарымен байланысқан.

Ақтөбе қаласының экономикасы индустриалдық бағытта дамуда, қайта өңдеу, тау-кен өнеркәсіптері, электрэнергияны тарату және астық өндіру негізгі салаларына жатады.

Электр жүйесі ұн зауытын қажет электрэнергиясымен қамтамасыз етеді. Зауыттың территориясында инженерлік жүйелер қарастырылған.

Ауылшаруашылығы астық өндіруге бағытталған. Астық өндіретін және өңдейтін кәсіпорындары облыс аумағында біркелкі орналасқан. Ұн зауытының шикізатқа сұранысын жергілікті кәсіпорындар қанағаттандырады.

Ұн зауытының өндірістік қуаты

Өндіру және ұнды тұтыну балансын ұнның сұранысын және ұн зауытының жоспарланған өнімділігін ескеріп құрайды.

Ұн өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарын ұнды тұтыну аймақтарында орнатады. Ұнның сұранысын халық санының өсуінен, жылдық тұтыну нормасынан және макарондық, наубайханалық және өнеркәсіптің басқа салаларының қажеттіліктерінен шығарады.

Ақтөбе қаласының халық саны 454 мың адам. Халық саны бес жылдан кейін 5%-ға өседі, яғни 476,7 мыңға тең болады. Аймақтың ұнға сұранысын келесі формуламен анықтайды[4]

, т/жыл (1)

мұндағы Ха – берілген ауданның халық саны, адам;

Нт – 1 адамға шаққанда ұнды тұтыну нормасы, кг/жыл.

Берілген формулаға қажет мәндерді қоямыз:

Жобаланатын ұн зауытының қажетті өнімділігін мына формула арқылы есептейміз[4]

(2)

мұндағы Нш – ұн шығымының нормасы, 75%;

Жп – жұмыс істеу периоды, 300 күн.

Мәндерді формулаға қойып, жобаланатын ұн зауытының өнімділігн есептейміз:

Есеп нәтижесінде шыққан мәлімметтер бойынша Ақтөбе қаласында өнімділігі 220 т/тәуіл ұн зауытын салу экономикалық тиімді.

Негізгі жоспар

Өнімділігі тәулігіне 220 тонна болатын диірменнің негізгі жоспары мынадай ғимараттардан тұрады:

-құрылыстың негізгі жүйесінде теміржолмен байланысқан басты өндірістік объектілер орналасқан – қабылдау, босату қондырғысы және бидай кептіргышы бар элеватор, диірмен, транспорттың галереялар және цехаралық транспорттар торабы, өнім қоймалары және жылу қоймасы;

-құрылыстың екінші жүйесін теміржолмен байланысы жоқ объектілер тобы құрайды яғни өндірістік қызмет көрсету және өндірістік қойма объектілері, бұларға жататындар; жөндеу шеберханалары, әкімшілік бөлім,, автомобиль өлшейтін таразылар, бақылау-босату пункті, жылу, майлайтын материалдар және жабдық бөлшектер қоры сақталатын қоймалар;

-энергия шаруашылық құрылысы-отжағар (кательная);

-транспорт шаруашылығы мен байланыс объектілері: теміржолдар мен автокөлік жолдары, радио және телефон байланысы, дабыл объектісі (сигнализация), тепловоз депосы және маневрлы лебедкалар;

-сыртқы тораптар және сумен қамтамасыз етуші құрылғылар, кәріз (канализация), жылумен қамтамасыз ету және газдандырушылар – үргілеу (насос) станциясы және өрт қызметі депосы, артезиен скважиналары, су резервуарлары, су транспортары, жылу және газ магистралдары.

-айналаны көркейту объектілері-қоршаулар, абаттандыру, сыртқы жарықтар;

Өндірістің бас жоспары негізгі техникалық құжат болып есептеледі, онда 1:500 масштабта барлық инженерлік тораптағы ғимараттардың өзара сәйкестігі мен орналасуы, теміржолдар мен автокөлік жолдарының орналасуының сызбасы көрсетілген.

Территория аумағын кішірейту үшін орын-жайларды бір ғимаратқа біріктіреміз. Диірмен ғимаратына трансформаторлы станцияны, тұрмыстық жайларды, зертханалық цехтарды және оның бөліктерін орналастырамыз, ал қоймаларға орталық шеберханалар, материалдар қоймасы, буфет және асхана, гардероб, жуынатын жерлер орналастырылады.

Өндірістік ғимараттар және қоймалар, олардың қосымша құралдары және жабдықтары, тұрғын жайлар мен мәдени-тұрмыстық ғимараттар, осылар орналасқан территориялар өндірістің техникалық базасы болып табылады.

Өндіріс құрамына кіретін ғимараттар мен құрылыстар өндірістік, қоймалық және тұрғын жай мен тұрмыстық болып бөлінеді. Қабылдауға,сақтауға босатуға, оның өнімдерін өңдеуге арналған. Оларға элеваторлар, қоймалар, таразылар және ұн, жарма, бидай қалдықтары, бидай жармалары, құрама жемдерді сақтайтын орындар, тазалағыш-кептіргіш, тазалау жұмыстары, үгітіп-тазалағыш және тағы да басқа қоймалар мұнарасы, бидай кептіргіш, тұқым тазалағыш цехтар және станциялар, зертханалар және күш қондырғылары жатады.

Өндірістік ғимараттарға қабылдау-босату құрылғылары, түрлі жұмыстар атқаратын және өлшейтін жабдықтар, көпірлері мен өтпелі жолдары орнатылған теміржол және автомобильдің кіру жолы да жатады.

Ұн сақтайтын қоймалардың орналасуы бидайды элеватордан диірменге жеткізу және элеваторға, диірменге, дайын өнімдер қоймасына транспортпен кірудің қысқа әрі тиімді жолын қамтамасыз етеді.

Бас жоспарды жобалар кезде ғимараттар мен құрылыстар арасында төмендегі аралықтарды аламыз;

-элеватордың жұмыс мұнарасынан диірменге дейін 12 метр;

-диірменнен қоймалар корпусына (ғимараттың ұзына бойымен) деін 25 метр;

-элеватор мен қабылдау құрылғылары және элеватор мен бидай кептіргіштің ара қашықтығы нақты емес.

Қалған өндірістік және көмекші құрылыстардың ара қашықтығы ғимараттардың өртке шыдамдылығы мен өрт қауіпсіздігінің сақталуына байланысты. Ғимараттардың өртке шыдамдылық деңгейін ҚНиП «Өрт қауіпсіздігі талаптары, жобалаудың негізгі ережелері» бөлімін басшылыққа ала отырып жіктейді, ал өндірістердің өртке қауіпсіздік деңгейлерін ҚНиП «Кәсіпорындардың өндіріс ғимараттары. Жобалау нормалары» бөлімін басшылыққа алып жіктейді.

Ғимараттар мен құрылыс арасының енін сыртқы қабырғалар ара қашықтығымен аламыз. Аралық енді ғимараттың құралған немесе архитектуралық бөлігінің шығыңқы жағының биіктігіне үлкейту керек, өйткені олар тез жанғыш материалдардан жасалады.

Шаруашылыққа және өртке қарсы су қорының резервуарларын, сорғыш (насос) станцияларын территориядан оқшау жатқан аумақтарға орналастырып, өрт сөндіру автокөліктері кіре алатындай қақпа жасап, темір шарбақпен қоршайды және де инженерлік жерасты тораптарын (су торабы, кәріз, күш кабелі, жылу) қысқаша жолмен тартуды ойластыруымыз керек. Қоршаудың айналасына ағаштар мен бұтақтар егіледі. Су жүйесі негізгі ғимараттар мен өндіріс құрылыстарын айнала тартылады. Өндіріске суды бір немесе екі жағынан беруге болады, себеді, біреуінде уақытша су тоқтатылғанда өндіріс аумағы сусыз қалмайды. Су жүйесін айналдыра бір-бірінен 80-100 метр ара қашықтықта өрт сөндіру гидранттарын орнатамыз. Өрт сөндіру гидранттарын орнатуға берілген жер аумағын су резевуарынан жақын маңдағы құрылыққа немесе автокөлік жолына 25 метрден кем болмайтын ара қашықтықпен аламыз.

Өндіріс алаңындағы жолдар, оған кіру жолдары автокөлік транспорттары үшін ыңғайлы болғаны дұрыс. Өндіріс ауласындағы қабылдау алаңы автомобиль транспорттарын орналастыратындай кең, ауқымды болады. Дайын өнімдер қоймасына тартылған автокөлік жолының ені 20 метр. Теміржолды айнала өтетін өрт сөндіру жолын қоспағанда басқа бөліктердегі жолдың ені-6,5 метр. Территорияға кіретін және шығатын қақапалар ауланың ішіне қарай ашылады. Қақпалар және автокөліктер таразысының жабық жолдарының өлшемі: екі автокөліктің еніне тең, оған 1 метр қосылады, 3 метрден кем емес, биіктігі автөкөліктің габариттік биіктігіне тең. Алаң төселген әрі таза болуы тиіс. Өйткені транспорт дөңгелектеріне жабысқан батпақ, балшықтар бидайдың дұрыс салмағының анықталмауына әрі түсіргенде оның былғануына әкеп соғады.

Астық қабылдау өндірісінің аумағы мен қабылдау құрылғысының арасына автокөлік таразысы орналастырылады. Таразы санын сағат бойы келген автокөліктерді және олардың өлшеп өткізу қабылеті құрылымына байланыстылығын ескере отырып анықтаймыз.

Қабылдаушы қондырғының маңайындағы төселген жолдың көлемі автокөлік транспорттарының жүк түсіру нүктесіне жетуде қолайлы жүрісті қамтамасыз етеді.

Территорияға кірер аумақ пен қабылдаушы қондырғы арасында теміржол қиылысы болмайды. Барлық ғимараттарға жол тартылған, өрт сөндіру машиналарының қозғалысына да ыңғайлы. Су қорлары сақталатын су қоймаларының маңайына өрт сөндіру машиналары ойнала қозғалатын және сорғыш (насос) орнататын 10 да-10 метр болатын жолды төсейміз. Жүк арту алаңы қондырғысын және автокөліктің айналу алаңын есептеп, ені 2 қатар 5,5-6 метр болатын параллель, автокөлік транспорт легімен қиыспайтын жолды жоспарлаймыз.

Теміржол жолдарын жобалай білудің өндірістің бас жоспарының шешілуіне тигізер әсері көп. Теміржол жолдарының сызбасын өндірістің жүк айналымы мен құрылыстарының құрамына қарай таңдаймыз. Теміржолдарды атқаратын қызметі бойынша қабылдау – вагон орнату үшін, жүк тиейтін және түсіретін, жұмысшы-тиеу және жүк тарту операциясы жүргізілетін, жөнелтілетін – оған жүк тиелген вагондарды орнатады және маневрлы – вагондарды бірінен біріне бері отыратын деп бөлінеді. Өндірістің ыңғайлы әрі тиімді қолдалынуы осы жолдардың территорияда қалай орналасқанына байланысты.

Ұн тарту заводының бас жоспарындағы теміржолдар бірінші және екінші жолдардағы қабылдау құрылғысы алдына 20 үлкен жүк вагондарын орната отырып, оларды элеваторға бағыттайтындай есеппен жоспарланған. Үшінші жол ұн мен қалдық жарнамаларды жөнелтуге арналған.

Қоймалық ғимараттар өндіріс объектілеріне қызмет жасауға арналған оларға кеңселер, өту аралықтары мен тексеру пункттері, жанар-жағар май қоймалары, су құюға арналған ыдысымен бірге сору (насос) станциялары, жөндеу шеберханалары, машиналар мен жабдықтарды сақтайтын орындар және өндірістің қалыпты жұмыс жасауына қажетті көмекші қызмет атқаратын құрылыстар мен орындар қоймалық ғимаратқа трансформаторлы станцияларда жатады.

Тұрғылықты- тұрмыстық ғимаратқа медициналық пункттер, жуынатын бөлме, күту бөлмесі және жұмысшылардың жылынатын бөлмесі, асханалар, дүңгіршектер жатады.

Өндіріс территориясына ғимараттыр мен құрылысты орналастырардан бұрын бүкіл шаруашылықтың тұтастай тиімділігін, ыңғайлылығын, үнемділігін қарастырамыз, оған қоса өрт сөндіру, құрылыс, тазалық гигиена талаптарын ескеру қажет.

Өндірістік белгісіне қарап алаңды жеке аумақтарға бөліп тастаймыз: қабылдау алаңы, қоймалық орындар мен теміржол тораптары кіргізілген өндірістік территория, тұрғын және өндірістік емес орындарға арналған алаң. Бұл аумақтарды бір-бірінен жасыл өсімдіктермен немесе қоршаулармен оқшаулап тастаймыз.

Ғимараттар мен құрылыстардың қабылдау алаңы мен өндіріс территориясына орналасуы бидайдың ағымын, қабылдануын, қабылдау қондырғысынан элеваторға өлшеніп, тиеліп барылуын қамтамасыз етеді және қоймалардан әртүрлі транспорттарға босатылады.

Басты өндіріс ғимаратын (элеваторды) теміржол тараптарын бойлай орналастырамыз. Бұдан жүк арту жұмысы үлкейеді және жер аумағының алаңы тиімді пайдаланылады. Аумақ ұзындығы өндіріс территориясына кіру жолының ұзындығымен анықталады.

Элеватор маңайына жеткілікті бос орын қалдырамыз, Ол жерге сарайлар, жанар-жағар май қоймалары, дүңгіршектер, т.б. орналаспайды. Осы жалпы түсініктерді ескере отырып өндірістің әкімшілік ғимаратын есігін сыртқа қаратып алаңның шекарасына орналастырамыз. Кездесу пункті мен зертхананың есігі аула жаққа қарайды, өйткені ол жерде бидай өткізетіндер зертханадан жолдама алуды күтіп тұрады. Отындарды керекті жеріне тиімді жеткізетін автокөлік немесе вагонетка уақытында үлгеру үшін және отын сарайларына отынды тезірек түсіріп, толықтыру үшін қатты отынға арналған сарайлар темірдолдың бойына салынады. Өрт туу қаупі бар сарайлар өндіріс ғимараттарынан алысқа салынады.

Тоқ күшін беретін станцияларды энергияны негізгі тұтынушыларға яғни элеваторла мен дірменге жақын орналастырамыз, бірақ мұнда да өрт сөндіру қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Сұйық отын электр станциясына арналған қойма өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап береді. Қоймаға теміржол цистерналары келу үшін тұйықтамасы бар теміржол тартылады. Жерасты және жерүсті темір цистерналар және отын насосына арналған орын жақын жердегі теміржол бойынан 20 м кем емес жерде болады. Қойма аумағы топырақ жолдарымен қоршалады. Аймақты сәулеттендіру, абаттандыру алаңдарды тиімді пайдалану үшін бірнеше кешенді шаралар жасалады. Оның ішінде: жүк ағымдары қимайтындай тротуар аумақты сыртқы жарықтандыру үшін ыңғайлы жарықтандырғыштар орнатамыз, жұмыскерлер демалу үшін алаңдар жасалады, аумақты мүмкіндігіне дейін көгалдандырамыз. Бұл жерде орнатылған көшеттермен сол аудандағы табиғи жасыл өскіндердің бір-бірімен үндестігін ескерген абзал. Жасылдандару түрін солтүстік аймақтағы нақты жағдайға қарай таңдаймыз. Ағашты қоршаудың ішкі жағына егеміз. Бұталар сумен қамтамасыз ететін аймақ жанында, тұрмыстық нысан, әкімшілік ғимарат және демалуға арналған орындар жандарына егіледі. Басқа құрылыс салынбаған бос жерлерге шөп егіп тастаймыз. Жасылдандыру көлемі аумақтың 15-20% құрайды. Жасыл белдеулердің көлемі ені : бір қатарлы ағаш егу 2м, 2 қатарлы-5м, бұталар белдеуі орташа 0,8-1,2м.

Коммуналдық жүйелерді ереже бойынша құрылыспен тік сызықты және қатар орналастырамыз. Кәсіпорынды жобалағанда оның территориясындағы және жақын жатқан жерлердегі санитарлық-гигиениялық жағыдайдың дұрыс болуын қараймыз. Кәіспіорынға кіре беріс жанына хабарландыруларға ілетін тақталар құрмет тақтасын қоятын орындарды жобалаймыз.

Кәсіпорынның бас жоспары 1 графикалық парақта көрсетілген.

Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Бас жоспардың техникалық-экоомикалық көрсеткіштерін анықтайтын:

-ұзындығы-290м, ені-185м; көрсеткіштерге төмендегілер жатады:

-учаскенің ауданы -42950 м2;

-енінің ұзындыққа ара қатынасы-0,64;

-бас жоспардағы барлық ғимараттар мен құрылымдардың аумақтық құрылыс алаңы-42950 м2 ;

-асфальтты бетонды алаңдар, автомобиль жолдары,тротуарлар,алаңқайлар -15750м2;

-теміржол алаңы-870 м2;

-көгалдандыру алаңы-6500 м2;

-қоршаудың периметр бойынша ұзындығы -1770 м.

1.Салынатын құрылыс мына формула бойынша анықталады:

КЗ=, (3)

мұндағы f3- бас жоспардағы барлық ғимараттар мен құрылымдардың көлемі, м2 ;

F0 – аумақтың жалпы көлемі , м2

К3 –құрылыс салу тығыздығы, %

Маңыздарды қоя отрып, алатынымыз:

2.Аумақты пайдалану коэффициент төмендегі формула бойынша анықтайды:

, (4)

мұндағы fисп - пайдаланылатын аумақ көлемі құрылыс көлеміне, ашық қоймалардың, автомобиль жолдарының, тротуарлардың теміржолдардың қосындысына тең, м2

F0 – жалпы көлемі , м2

Маңыздарды қоя отырып, алатынымыз:

3.Көгалдандыру коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

, (5)

мұндағы F озел – көгалдандыру көлемі – ұйымдастырылған жасыл өскіндердің көлемінің жиынтығы, м2

F0 – аумақтың жалпы көлемі , м2

Маңыздарды қоя отырып, алатынымыз:

Кесте 1- Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Показатели

Ед.

изм.

Занимаемая площадь

1

Учаскенің көлемі

м2

42950

2

Аумақ мөлшері

-ұзындығы

м

290

-ені

м

185

3

Енінің ұзындығына қатынасы

-

0,64

4

Аумақтық құрылыс алаңы

м2

10703,5

5

Асфальтты бетонды жамылғының көлемі

м2

15750

6

Темір жолға бөлінген жер көлемі

м2

870

7

Көгалдандандыру алаңы

м2

6500

8

Қоршаудың ұзындығы

м

1770

9

Құрлыстың тығыздығы

%

25

10

Аумақты пайдалану коэффиценті

-

0,64

11

Көгалдандыру коэффиценті

-

0,15