Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

11. Тышқандарды иммундеу

Иммундеуге таңдап алынған жануарлар мен миелома жасушаларының линиялары бір-біріне туыс болып келуі және егілген жануарлардың лимфоциттері мен миелома жасушаларын будандастырған кездегі жаңа гибридті жасушалар пайда болып, алынған гибридомалардың сол жануарлар организмінде көбейе алуы қажет.

Көбінесе иммундеуге миелома жасушаларына сингенді тышқандар мен егеуқұйрықтарды қолданады. Себебі, бұл жануарларға шығын аз жұмсалады, сонымен қатар олардың организмінде гибридомаларды өсіру еш қиындықтар тудырмайды.

Антиденелерді түзуші гибридомаларды алу үшін, әр түрлі жануарлардың лимфа түціндері мен көк бауырынан бөлініп алынған лимфойдты жасушаларды (лимфоциттерді) қолданады.

Организмде белгілі бір бағыттағы антиденелерді түзе алатын жасушалардың мөлшерін көбейту үшін қажетті антигеннен жануарларды бірнеше рет егеді. Жануарларды антигенмен соңғы рет еккеннен кейін 3-4 күннен иммунды лимфоциттерді бөліп алады. Себебі, дәл осы кезде жануарлардың лимфойдты органдарында телімді антиденелерді түзетін белсенді жасушалар көп мөлшерде түзіледі.

Нақты иммундеу схемасы антигеннің табиғаты мен оның иммуногендігіне байланысты болады. Корпускулярлы антигендердің иммуногендігі күшті, ал ерігіш антигендер (белок, полисахаридтер, т.б.) болса әлсіз иммуногенді болып келеді. Иммуногендігі әлсіздеу антигендерді қолданған жағдайда организмнің иммундық жауабын үдететін әр түрлі адъюванттар қолданылады. Организмде түзілген телімді антиденелердің мөлшерін иммунологиялық реакциялардың көмегімен анықтап, ең жоғары титірді көрсеткен жануарларды таңдап алады.

ВАLB/c тышқандарын иммундеу. Иммундеуге 7-8 апталық BALB/c тышқандары алынады (2-кесте). Антигенмен бірінші күні толық Фрейнд адъювантының 0,1 мл-мен, жетінші тәулікте толымсыз Фрейнд адъювантымен араластырылып, оның 100 мкг-ы тышқандардың құқрсақ қуысына енгізіледі. Ал 11, 12, 13-і күндері тышқандар 100 мкг фосфатты тұз ерітіндісінде (рН 7,2-7,4) араластырылған антигенмен егіледі. Соңғы иммундеуден кейін 3-4 күн өткен соң иммуноферменттік талдаудың нәтижелері негізінде лимфоциттердің көзі ретінде телімді антиденелердің ең жоғары титрін көрсеткен BALB/с тышқандарының көк бауыры алынады [9].

2 кесте - ВАLB/c тышқандарын иммундеу схемасы (И.И.Фридлянская бойынша, 1988 ж)

Будандастыруға дейінгі тәулік

Антиген дозасы (бір тышқанға, мкг)

Енгізу орны

1

15

0,1 мг антиген+0,1мг Фрейндтің толық адъванты

Құрсақ қуысына

2

9

0,1 мг антиген+0,1мг Фрейндтің толық адъюванты

Құрсақ қуысына

3

5

0,1 мг антиген+0,1мг ФТЕ

Құрсақ қуысына

4

4

0,1 мг антиген+0,1мг ФТЕ

Құрсақ қуысына

5

3

0,1 мг антиген+0,1мг ФТЕ

Құрсақ қуысына

6

0

Будандастыру

Қорытынды

Емдік қан сарысуларын алу технологиялары қазіргі таңда өте кең қолданыста. Оның жаңа техникасы мен технологиялары өндіріліп, өнімнің сапасы артуда. Бұны біз қарастырып өткен жұмыстардан біле аламыз.

  1. Бруцеллезге шалдыққан малдардың үлесі дәстүрлі серологиялық әдістердің нәтижелері бойынша 0,003-0,004%, ал иммунды ферменттік талдау тәсілі бойынша 1,9-4,8% құрайды. Сондықтан шаруашылықтарды бруцеллез індетінен сауықтыру шараларында сезімталдығы мен телімділігі жоғары ИФТ кеңінен қолдану керек.

  2. Диагностикалық тексеру нәтижесі және территорияның статусы бойынша жануарлар шартты түрде сау, ауруы күдікті, ауру ретінде сертификатталады.

  3. Қазіргі таңдағы өндірістің негізгі мақсаты продуцент-жануарларды аз уақытта дайындап, өнімнің активтілігін арттыру болып табылады. Бұл жұмысты жақсарту үшін жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан сарысу бөліп алу болып табылады. Одан әрі сарысуға антиген қосып, антиген мен антидене комплексін алып, тамырға инъекциялау циклын өткізеді.

  4. Продуцент-жануарларды дайындау мерзімі 3 жылдан 2-3 айға дейін төмендейді.

Бұл жұмыстардың негізінде жануарларды Феракрил ерітіндісі қосылған антигендермен иммундеу, одан сарысу бөліп, қайта иммундеу жүргізу болып табылады. Соңында, жоғары сапалы, активтілігі бірден көрінетін сарысуды бөліп алуға болады.

Алынған өнімдер арқылы жануарлардың, құстардың, адамдардың да емдік шараларында қолданамыз. Инфекциялық, жұқпалы ауруларды алдын алып, диагностика жасап, көптеген қатерлі аурулардан емдеуде қарқынды пайдалануда. Сарысу препараттары арқылы миллиондаған өмірді сақтап қалады.

Экономикалық жағынан көп шығынды талап етпейтіндей технологияларды қарастырдық. Бұл мәселе заманауи технологиялардың ең өзекті мәселесі болғандықтан, біз бұл технологияны өндірісте еш қиындықсыз пайдалануымызға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]