Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

2. Қан туралы түсінік

Қан дегеніміз организмнің сұйық ортасы. Қан, сөл (лимфа), және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Бұл орта құрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) сипатталады.

Қан екі бөліктен құралады: біріншісі – қан сұйықтығы – плазма, екіншісі – қанның торшалық элементтері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан құрамында плазманың үлесі 90-92%, ал 8-10% құрғақ зат болады. Қан плазмасында белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген - 6-8%), қалдық азот (0,02-0,03%), глюкоза (40-60 %), майлар (0,15 %), минералды элементтер (0,9%) кездеседі. Минералды заттардың 0,6% -ін ас тұзы (натрий хлориді) құрайды. Сонымен қатар плазма құрамында гормондар, дәрмендәрілер (витаминдер), ферменттер және антиденелер болады.

Қан тасымалдаушы, қорғаныстық, жылу реттеуші, байланыстырушы (коррелятивтік) және басқа да қызмет атқарады [3].

3. Иммундыбиологиялық медициналық препараттар

Иммундыбиологиялық препараттар деп иммунды жүйеге және иммунды жүйе арқылы әсер ететін немесе әсер ету принципі иммунологиялық реакцияларға негізделген препараттар жатады. Осы қасиеттеріне байланысты иммундыбиологиялық препараттар генезінде иммунды жүйе роль атқаратын жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды сақтандыру, емдеу және диагностикасында қолданылады.

Иммундыбиологиялық препараттар тобтарына табиғаты, шығу тегі, препаратты алу және қолдану әдісі бойынша келесі топтарға бөлуге болады:

  • Тірі микроорганизмдерден немесе микробты өнімдерден дайындалған вакциналар және сақтандыру, емдеу препараттары (анатоксиндер, фагтар, эубиотиктер, пробиотиктер);

  • Иммунды сарысулы препараттар;

  • Иммуномодуляторлар;

  • Диагностикалық препараттар, соның ішінде аллергендер.

Иммундыбиологиялық препараттар иммунды жүйе қызметін белсендіру, басу немесе қалпына келтіру үшін қолданылады.

Иммундыбиологиялық препараттардың иммунды жүйеге әсері белсенді немесе пассивті, спецификалық немесе бейспецификалық болуы мүмкін. Белсенді әсер деп препаратпен организмнің иммунды жүйесі тікелей белсенуін айтады (мысалы, вакцинадан кейін); пассивті – иммунды жүйе қызметін жоғарылататын препараттар (иммуноглобулиндер, иммуномодуляторларды егу). Егер препараттың әсері белгілі антигеннен қорғауға бағытталса, оны спецификалық деп атайды (мысалы, көкжөтелге, тұмауға қарсы вакциналар; сіреспеге қарсы иммунды сарысу т.б.). Егер препараттың әсері иммунды жүйенің белсенуіне және қорғаныш қызметін (мысалы, фагоцитозды немесе иммундыкомпонентті жасушалардың пролифериясын белсендіруші иммундымодуляторлар) атқару қабілетін жоғарылатуға бағытталса, бейспецификалық деп аталады.

Иммунологиялық препараттарды иммунды жүйенің белсенуі және қызметінің қалпына келуі үшін, біріншілікті және екіншілікті иммунды талшықта, жұқпалы ауруларға қабылдамаушылықты тудыру үшін, ісік жасушаларының өсуін басу үшін, аллергиялық,аутоиммунды ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Иммунды жүйенің иммунологиялық препараттармен басылуы мүшелер мен тіндердің трансплантациясында, кейбір жағдайларда аутоиммунды және аллергиялық ауруларда қолданылады.

Иммунды жүйе организмге сырттан түсетін немесе организмде аурулар мен кейбір қызметтік бұзылыстар нәтижесінде түзілетін патогенді егент әсеріне спецификалық және бейспецификалық жауап береді.

Иммунды жүйенің бұл жауапты реакциялары гуморальды және жасушалық болып келеді, олар спецификалық тесттен және иммунды реакциялар негізінде көптеген диагностикалық препараттар құрастырылған [4].

Вакцинатүрлі микроорганизмдерде, белгілі микроб компоненттерінен немесе олардың өміршеңді өнімдерінен алынатын телімді препараттар. Оларды адам және жануарлардың инфекциялық аурулардың профилактикасында немесе емдеуде иммундеуді белсендіру үшін қолданылады.

Тірі вакциналар – тірі әлсіздендірілген (атенуирленген) микроб штамдарынан дайындалатын, жануар организмінде көбеюге және белсенді иммунитет түзу қабілетіне ие, клиникалық ауру белгілерін тудырмайтын ауру препарат. Осындай мақсатты көздей отыра жиі әлсіздендірілген микроб штамдары да қолданылады.

Өлтірілген немесе инактивирленген вакциналар – микроорганизм культураларының жылыту мен, гамма сәулелермен немесе фенолмен формалин, ацетонмен, спиртпен және т.б. әдістермен әсер ету арқылы өлтірілген препараттар. Инактивирленген вакциналарға мыналар жатады, мысалы: фенолвакциналар – микроорганизм өсіндісін фенолмен инактивирленген препарат.

Химиялық вакциналар – иммунитет түзіді қамтамасыз ететін, химиялық әдістің комегімен бөлініп алынатын микроб жасушаларының жеке фракциясының препараты.

Анатоксиндер - өзінің ентигендік және иммуногендік құрылымын сақтай отыра, өзінің токсинділігін химиялық немесе физикалық факторлардың әсерінен жұмсайтын токсиндер [5].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]