Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

6. Сарысулы ауру

Сарысулы ауру деп, сарысулы және басқа ақуызды препараттарды көп мөлшерде парентеральды жолмен бір-ақ рет еккенде пайда болатын реакцияны айтады. Әдетте реакция 10-15 тәуліктен кейін пайда болады. Сарысулы аурудың механизмі енгізілген бөтен ақуызға (антигеннің) қарсы антиденелердің түзілуіне және антиген-антидене кешенінің жасушаға зақымдаушы әсерімен байланысты. Клиникалық сарысулы аурудың белгілері: тері мен шырышты қабаттардың ісінуі, дене температурасының жоғарылауы, буындардың ісінуі, теріде бөртпелердің және қышынудың пайда болуы; қанда өзгерістер байқалады (ЭТЖ ұлғаюы, лейкоцитоз т.б.). Сарысулы аурудың мерзімі және ауырлығы айналымдағы антиденелер мен препараттың мөлшеріне байланысты. Бұл, сарысудың ақуызын еккеннен кейін 2-ші аптада сарысу ақуыздарына антиденелердің пайда болуына және антиген-антидене кешенінің түзілуімен түсіндіріледі [4].

1 Кесте – Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Жануарлар

1 мм қандағы эритроциттердің саны млн

ЭТЖ мм

Гемоглобиннің мөлшері

15 мин

30 мин

45 мин

60 мин

Сали, %

100 мл қандағы, г

pH

Жылқы

7,0-8,5

38,0

49,0

60,0

64,0

80

13,6

7,40

Ірі қара

6,0

0,1

0,25

0,40

0,58

65

13,6

7,40

Қой

9,4

0,2

0,4

0,6

0,8

68

11,0

7,40

Шошқа

6,0-8,0

0,2

8.0

20,0

30,0

60

11,6

7,50

Іт

6,5

3,0

0,9

1,7

2,5

80

10,6

7,49

Қоян

5,0

0,0

0,3

0,9

1,5

69

11,7

7,48

Тауық

3,5

-

2,0

-

4,0

75

12,7

7,42

7. Қан сарысуын бөліп алу, фибринсіз қан дайындау технологиялары

Қан плазмасын алу үшін қанға ұйытпайтын заттар (антикоагулянттар) қосады да, біраз уақыт ыдыста тұндырады. Белгілі бір уақыт өткен соң қан торшалары тұнып, ыдыстың жоғарғы жағында сары түсті сұйықтық – плазма бөлінеді. Жұмысты жылдамдату үшін қанды центрифугада айналдыруға болады. Осы жұмысты қанға антикоагулят қоспай жүргізсе, онда қан ұйып, пайда болған ұйынды тығыздалып, тұнады да, сары түсті сұйықтық – қан сарысуы бөлінеді. Демек, қан сарысуы дегеніміз фибриноген белогынан айрылған плазма.

  • Егер қанды ыдысқа құйып алып, таяқшалармен араластырып отырса, пайда болған фибрин талшықтыры таяқтарға жабысып, қан ұю қабілетінен айырылады. Мұндай қанды фибринсіз қан деп атайды.

Алу жолдары:

Қанды жануарлардан тамақтанар алдында алады. Ірі малдардан инемен күре тамырынан, шошқалардан құйрық венасынан, құстардың қанатасты венасынан, ал қоянның құлақ венасынан алады. Оны таза, залалсыздандырылған пробиркаға құйып алады [7].

  • Антикоагулянт қосылмаған пробиркаға не цилиндрге 10 мл. қан алып, оны бірнеше сағатқа 38 °C жылылықты термостатқак қояды. Қан ұйып, оның сарысуы бөлінеді. Пробиркадан қан сарысуын бөлек ыдысқа құйып алып, оны қан плазмасымен салыстырады.

  • Сарысуды алу ушін қанды 37°C-да термостатқа қояды. 1 сағаттан соң қанды суыққа апарады. Ұйыған қанды сарысудан бөліп алу үшін шыны немесе ағаш таяқшамен ұйыған қанды пробирка қабырғасын бойлай араластыру керек. Суықта 4-5 сағат тұрғаннан соң, сарысу ұйыған қаннан мөлдір сұйықтық түрінде бөлініп шығады. Оны ары қарай зерттеулерде қолдануға болады. Ұйыған қанды ұстап тұрып сарысуды құйып алады, немесе пипеткамен сорып таза пробиркаға құйып алады.

  • Фибринсізденген қанды центрифуга пробиркасына құйып, 3000 айналым жылдамдықпен 10-15 мин. айналдырады. Қан түйіршіктері пробирка түбіне тұнады да, үстінгі жағында сарысу бөлінеді. Кей жағдайда қанды фибринсізденген кезде эритроциттердің бұзылуы салдарынан сарысу қызғылт түсті болады.

  • Шыны колбаға 10-12 шыны түйіршіктерін салып, оған 20-30 мл қан құяды да, қанды 10-15 бойы шайқап араластырады. Ұю процесі кезінде пайда болған фибрин талшықтары шыны түйіршіктерінің бетіне жабысады. Қанды екі қабат дәке арқылы сүзгенде, сүзгіде шыны түйіршіктер мен фибрин талшықтары қалады да фибринсіз қан алынады. Дәкеде қалған шыны түйіршіктерді жылы сумен абайлап шайса, ақ түсті талшық зат көрінеді. Бұл – фибрин талшықтары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]