Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

8. Белсенділігі жоғары ценуроз қоздырғышына емдік қарсы қан сарысуын алу

Алдын ала таңдап алынған иммундеу үлгісі бойынша, тәжірибеге салмағы орташа 1,6 – 2,0 кг құрайтын 20 үй қояндарын таңдап алынады, сонан соң оларды әрқайсы 5 басқа бөлініп 4 топ құрып, әр топтағы қояндарға Буавен, Вестфаль, Такахаси және ультрадыбыспен әсер ету арқылы алынған антигендермен егіледі. Одан соң тәжірибедегі қояндарды Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология институтының әдісі бойынша ценур антигендерімен егеді. Мұнда әр қоянның 1 кг салмағына 12 мг ақзат келетіндей етіп, есептеледі.

Қорыта келгенде, ценур антигенмен қояндарды үстемелеп егу арқылы қан сарысуын алудың оптимальді үлгісі табылды. Әсіресе, ультрадыбыспен әсер ету арқылы алынған антиген ең жоғарғы титрлі қан сарысуын алуға мүмкіндік береді [1].

9. Гипериммунды қан сарысулары

Бактерия, вирус антигені мен анатоксиндердің тірі продуценттерінің гипериммунитет уақытша және енжарлы иммунитет түзеді, сондықтанда организмнің жұқпалы аурумен ауырғаны байқалса, онда иммунитеттің тез түзілуі үшін қолданылады. Организмге емдік қан сарысуын еккеннен кейін 2-3 сағаттан соң иммунитет түзіледі, бірақ 2-3 аптаға ғана созылады.

Диагностикалық иммунды қан сарысуы мен иммуноглобулиндерді жануарларға сәйкес келетін антигендермен гипериммундеу жолымен алады. Көп жағдайда қан қан сарысуларының продуценттері ретінде зертханалық жануарлар, тауық және жылқылар болып табылады. Диагностикалық қан сарысулары тек бір ғана антигенге бағытталған телімді антиденелерден тұрады. Диагностикалық қан сарысулары ауру қоздырғыштарының патогенді материалдарын (сібір жарасы) анықтауда қоздырғыш инфекциясының түрін (сератоп, сератин) анықтау мақсатында қолданылады.

9.1 Гипериммунды қан сарысуын алу технологиясы

Емдік – алдын алу және диагностикалық иммунды қан сарысуларды және олардан алынатын телімді-белсенді ақуыз фракцияларын – иммуноглобулиндерді – жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасында және ауру малдарды емдеу кезінде, және де аурулардың динамикасында серологиялық әдістер үшін қолданады. Қан сарысу препараттары міндетті түрде стандартқа, тиімділікке, телімділікке, қауіпсіздікке және зиянсыздыққа жауап беруі қажет.

Гипериммунды және иммунды диагностикалық қан сарысулары жануарлардың гипериммунизациясынан алынады (жылқы, есек, бұқа, шошқа, қоян, қой, тауық, теңіз шошқалары, т.б.)

Формалы элементтер мен фибриннің жойылуы нәтижесінде алынған гипериммунды қан сарысуы – нативті деп аталады.

Иммунизация аяқталған соң, жануарлар организмінде телімді антиденелердің максималды деңгейі орнаған соң, одан қан алады. Ол келесі сызба бойынша алынады:

  • Нативті плазманы (қан сарысуын) тұндыру

  • Тазарту (фенолды және мертиолятты қосу)

  • Қан сарысуын концентрлеу

  • Қан сарысуын стандартизациялау

  • Стерильдеу (фильтрациялау)

Жылыту қан сарысуын (керек болған жағдайда): жылқы қан сарысуын 60 мин 58,5 +-0,5°C, ІҚМ, шошқа қан сарысуын 30 мин 58,5 +-0,5°C

Суыту 15°C немесе одан да төмен градуста

Консервациялау (0,25-0,50% фенол ерітіндісімен, 0,10-0,30% креозол ерітіндісімен, 0,01-0,03% тиомерсал (мертиолят) ерітінділерімен және т.б. консерванттармен).

Алынатын қанның мөлшері жануарлардың салмағына және денсаулығына байланысты болып келеді. Жануар – продуценттерден қанды алар кезден бұрын жануарларды үйретеді. Қандағы глобулин 50%-дан төмен болған жағдайда қанды алуға тыйым салынады. Қанды алудың дозасы белгіленген. Бір ретті, екі ретті және көп ретті қан алу болып бөлінеді.

Қансыздандыруды қандағы антиденелер максималды деңгейге жеткен кезде және олардың төмендеу қаупі төнген кезде ғана жүргізіледі [8].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]