Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

10. Диагностикалық қан сарысуын алу тәсілдері

Өндірістің өзектілігі: тәсілдің құрамына жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан иммунды сарысуды алу. Осы комплекспен иммунизацияланған уақытта антиген мен атнидененің түзілуі. Туляремияға диагностикалық сарысу алатын продуцент-жылқылардың дайындық кезеңі 2-3 жылдан, 2-3 айға дейін кемиді. Бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысуды алатын қояндарды ыңғайлаған кезде, бруцеллезді қоздыратын тірі вирулентті ортаны қолданбайды, оған инактивирленген антиденелерді пайдаланады. Себебі, инактивирленген антиденелерді қолданғанда эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті талап етпейді. Бұл әдіспен алынған сарысуларды гаммаглобулин алуда қолдануға болады.

Өнімнің сипаттамасы:

Бұл өнім биотехнологияға қатысты, атап айтсақ диагностикалық препараттарды алу үшін. Біраз жылдар бойы продуцент-жануарларды әр түрлі антигендермен иммунизациялап, активтілігі жоғары иммунды сарысуды алу үшін қолданды.

Бактериялды корпускулярлық антигенмен продуцент-жылқылардың тамырына көп рет иммунизациялау арқылы диагностикалық туляремия сарысуын алудың тәсілі белгілі болды.

Продуцент-қояндарды Br. abortus 146 және Br. melitensis 565 (1.109 м. д. в 1 мл) тірі вирулентті клеткалармен 4 рет иммундеп, бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысу алу тәсілі белгілі. Мұнда 1-ші 3 антиген инъекциясы 0,5 0,75 1,0 мл (тура осындай мөлшердегі толық Фрейнд адъювантын қосып) мөлшерде алып, омыртқа бойымен бірнеше жерге тері астына егеді. 4-шісін тамырға егеді. 1-ші, 2-ші, 3-ші инъекция арасындағы уақыт 1 жұмаға тең, ал 3-пен 4-тің аралығы 2-3 жұма. Толық инъекция біткен соң, 2 жұмадан кейін жануарды толық қансыздандырады. Бұл бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысудың титрі 1:1600-дан кем емес.

Зооноздарды (оба, маңқа, мелиоидоз, туляремия, қарасан) қоздыратын ауруларға диагностикалық тест-жүйе жүргізу үшін тікелей емес иммунофлюресцентті әдіспен иммунды сарысу алу тәсілі. Мысалы: массасы 2,5-3кг қояндардың омыртқасын бойлай, көптеген жеріне, тері астына, оба ауруы үшін антиген қоздырушы 0,2мг, маңқа үшін 1мг, мелиоидоз үшін 1мг, бруцеллез ауруы қоздырғышы үшін 3мг, туляремия үшін 3мг, Фрейнд адъювантын қосып, араларына 6 күн сала, 4-5 инъекция жасау арқылы гипериммундайды. 30 күн өткеннен кейін жоғарыда айтылған тәртіп бойынша 2-ші гипериимунизация жүргізеді. 7 күннен кейін жануарды қансыздандырады. Тікелей емес иммунофлуресценция реакциясы кезінде сарысу активтілігі 1:256-ға тең.

Белгілі тәсілдердің кемшілігі бар, олар: жоғары сапалы сарысу ала алмауы, және жұмысы көп, ұзақ уақытты талап етеді.

Продуцент-жылқылырды дайындау қореқтендіруші затты, жұмыс пен биологиялық сағатты көп қажет етеді. Егер тірі вирулентті орталарды қолданатын болса, олар эпидемияға қарсы жұмыс режимін қатаң қадағалауды қажет етеді.

Продуцент-жылқыларды қайнату әдісімен өлтірілген туляремиялық микроб ортасымен гипериммунизация жасайды. Аралығы 5 күн болатындай етіп, мөлшерін жоғарлата отыра 5-6 рет тамырға циклді гипериммунизация жүргізеді. Мұндай мұндай инъекцияны 17-ретке дейін, және одан да көп қайталайды. Бұл жұмыстың кемшілігі: сарысудың керекті титрін (1:3200) алу үшін 2,5-3 жыл тер төгер еңбекті қажет етеді.

Қазіргі таңдағы өндірістің негізгі мақсаты продуцент-жануарларды аз уақытта дайындап, өнімнің активтілігін арттыру болып табылады. Бұл жұмысты жақсарту үшін жануарларды лимфа түйіндері мен бұлшықеттеріне феракрил ерітіндісі қосылған бактериалды антигендермен иммунизациялап, қан алып, одан сарысу бөліп алу болып табылады. Одан әрі сарысуға антиген қосып, антиген мен антидене комплексін алып, тамырға инъекциялау циклын

өткізеді.

Мысал 1 - Диагностикалық туляремия сарысуын алу

Продуцент-жылқының мойын (төменгі 3/1 бөлігіне) терісінің астына 2мл 3% спирттісу Феракрил ерітіндісін енгізеді. 5-7-ші күндері жауырын үстіндегі лимфа түйіндеріне 300 млрд.м.к. 2% Феракрил ерітіндісі араласқан, формолинмен инактивирленген туляремия микробының культурасын енгізеді. 3 күннен кейін, мөлшерін көбейте отыра (400,500,600,700 млрд.м.д.), арасын 4 күн етіп, тура осындай қоспаны бұлшықетіне енгізеді. Соңғы антиген инъекциясынан 7-8 күн өткен соң, қан сынамасынан қан сарысуын алып, ондағы антиденелердің титрін анықтайды. Егер антиденелердің титрі 1:3200-ден төмен болса стимулдаушы қансыздандыру (2-3л мөлшерінде) өткізеді. Иммунды сарысуды алады да, оны 100мл-ден 4 бөлікке бөліп, әр қайсысына жоғарыдағыдай мөлшерін көбейте отыра антиген-антидене комплексін пайдаланып, аралығын 4 күн етіп, 4 рет тамырға инактивирленген туляремия микробының культурасын егудің 2-ші циклын бастайды. 7-8 күннен кейін қан сынамасын алып, иммунды сарысудығы антиденелердің титрін анықтайды. Оның титрі (1:3200) жануарды өндірістік қансыздандыруға дайын екенін көрсетеді.

Сөйтіп, продуцент-жылқыларды дайындау мерзімі 3 жылдан 2-3 айға дейін төмендейді.

Мысал 2 - Бруцеллезді агглютинирлеуші диагностикалық сарысуды алу

Массасы 2,5-3кг продуцент-қояндардың артқы аяқтарының жұмсақ табандарына 0,6мл 3% спирттісу Феракрил ерітіндісін енгізеді. 5-7 күні 1мг мөлшердегі Br. melitensis 16М липополисахаридті антиденені (ЛПС) 1,2мл 1% спирттісу Феракрил ерітіндісімен араластырып, 0,6мл-дан қоянның тізе асты лимфотүйіндеріне енгізеді. 3 күннен соң, аралығын 4 күн етіп, қоянның бұлшықетіне 3 рет тура осындай қоспаны енгізеді. 30-шы күнінде жануарлардан 4мл иммунды сарысуды алады. Оған 1мл ЛПС 0,9% натрий хлоридімен араласқан 4мг Br. melitensis16M қосады. АГ-АД комплексін алып, аралығы 3-4 күн етіп, 4 рет, 1мл-ден иммунды сарысу алынған жануарға енгізеді. 7-8-ші күндері жануарды қансыздандырады. ИДР-дағы сарысу активтілігі 1:32, ИФА-да 1:7,106, ірі агглютинация реакциясында 1:2560-1:5120.

Мысал 3 - Оба, маңқа, мелиоидоз, бруцеллез, туляремия ауруын қоздырушыларға диагностикалық тест-жүйе өткізу үшін сарысу алу

Продуцент-қоянға иммунизация жүргізілетін барлық операциялар бруцеллезді агглютинирлеуші сарысу алғандағыдай жүргізіледі. Тек қана әр ауруға байланысты әр түрлі мөлшерде антигендерді инъекциялайды. Оба-2мг, маңқа-1мг, мелиоидоз-1мг, бруцеллез-3мг, туляремия-3мг. АГ-АД түзілуі үшін жартылай дозаларды пайдаланады. Тікелей емес иммунофлюресцентті реакцияда сарысудың активтілігі 512-1:2048.

Бұл тәсілдің тиімділігі: жоғары өнімді сарысу алу, продуценттердің аз уақытта дайын болуы.

Жануарлар эпидемияға қарсы қатаң қадағалауды қажет етпейді. Себебі, иммунизацияланғанда инактивирленген антиденелер қолданады.

Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі қорытындысына келетін болсақ, бұл диагностикалық сарысуды алу тәсілдерінің тиімділігі мол екенін көріп отырмыз. Себебі, бұл жұмыстардың негізі жануарларды Феракрил ерітіндісі қосылған антигендермен иммундау, одан сарысу бөліп, қайта иммундау жүргізу. Соңында, жоғары сапалы, активтілігі бірден көрінетін сарысуды бөліп алу [1].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]