Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Негізгі бөлім

1. Әдеби шолу

Қанның бактериоцидтік әсері XIX ғасырдың 80-ші жылдары ашылған.

1887 жылы неміс ғалымы Рудольф Эммерих – “құрамында еш жасушалары жоқ қан сарысуы микробтарды өлтіру қасиетіне ие, сондықтан ағзаны инфекциялардан қорғау үшін фагоциттерсіз де жүргізуге болады” – деген.

1896 жылы Нобель сыйлығының иегері, Жюль Борде агглютинация реакциясын ашты. Агглютинация – эритроциттердің жабысуы. Ол бір жануардың қанын екінші жануарға құйған кезде болатынын көрді.

1900 жылы Ланштейнер антиденелерді зерттеп, иммунды сарысумен лабораториялық бактерияларға әсер еткенде, оларда агглютинация жүретінін көрсетті.

1860-1917 жылдар арлығында И.И.Мечников қанның құрамында бейспецификалық заттардың бар екенін және олардың микроорганизмдерді өлтіре алатынын бәріне мәлім қылды.

Э.А.Беринг, үлкен қадам жасады. Ол, дифтеридті токсинге қарсы сарысуды алды.

Э.А.Беринг егер иммунизацияланған жануарлардың сарысуында ауру қоздырушылармен күресе алатын спецификалық заттар болса, оларды емдік препарат ретінде қолдануға болатынын тұжырымдаған. Осы жұмыстары үшіе Берингке 1901 жылы Нобель сыйлығы берілді.

ХХ ғасырдағы зерттеулердің барлығы И.И.Мечниковтың теорияларына қатысты жүргізілді [1].

Обаға қарсы Иркутск ғылыми-зерттеу институты, өндіруші ФС 42-112ВС-88, туляремияға қарсы сарысу.

Одесск бакпрепарат өндірісі бруцеллез агглютинирлеуші диагностикалық сарысу.

Обаға қарсы Сібір және Қиыр шығыс Иркутс ғылыми-зерттеу институты оба, маңқа, мелиоидоз, бруцеллез, туляремия ауруын қоздырушыларға диагностикалық тест-жүйе өткізетін сарысу [2].

Қазақстанда қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласының көкейтесті мәселелерінің бірі – паразитарлық аурулардың эпидемиологиясы, диагностикасы, емі және оларды алдын алу шаралары болып табылады. «Қазақстан Республикасында 2005 жылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Мемлекеттік баяндамада 2005 жылы Қазақстанда 62 996 гельминтоз оқиғасы тіркелгені көрсетілді.

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың тарауына сауда-саттық, туристтік және басқа байланыстар мен транспорттық қатынас түрлері айтарлықтай әсерін тигізіп, олардың жануар, құстар мен адам арасында тарауының қауіпті факторлары болып табылады. Жыл сайын дүниежүзіндегі мемлекеттерде тіркелген инфекциялық аурулардан болатын эпизоотия мен панзоотиядан экономикалық зиян орасан зор және әлеуметтік қауіп айтарлықтай.

Жұғымтал ауруларда жүргізілетін шаралардың тиімділігі әрқашан да қоздырушыны уақытында анықтау және оған қарсы шараларды ұйымдастыруға бағынышты және олар ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті болып табылады. Сақтық жұмыстарының тиімділігі өткізілген шаралардың дұрыс жүргізілуіне байланысты. Біршама аурулардың (Ауески ауруы, кәдімгі оба, аусыл, топалаң) таралу қаупі айтарлықтай болуы мал шаруашылығын өркендетуге кедергі жасайды. Тәуелсіз еліміздің ветеринария саласында балау мақсатында қолданылатын отандық биопрепараттарды өндіру міндеті қойылды. Аталған міндеттің орындалуы сөзсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен биопрепараттардың қорын жасауға толық мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аса қауіпті індеттік ауруларға қатысты дұрыс болжам беру жүргізілетін шараларға, олардың неғұрлым нақтылы жағдайды сипаттайтын шынайы болу керек. Бұл мәліметтер негізінен мониторингілеу жұмысы нәтижесінде алынады.

Үй және жабайы жануарлар мен құстардың арасында аса қауіпті инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу және дауалау, ғылыми-негізделген мониторингілеу жүйесі елімізде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе.

Республика деңгейінде көпшілік инфекциялық ауруларға қарсы вакциндеу жұмыстарын тоқтатуға орай жыл сайынғы мониторингілік зерттеулердің маңызын бірнеше есе арттырады. Мониторингілік зерттеулер індеттік жағдай жөніндегі деректердің, жүргізілетін сақтық шаралардың тиімділігінің шынайылығын көрсетеді және осының нәтижесінде ауруды аудандастыру арқылы оның енетін бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аса қауіпті аурулар бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болжам беруге мүмкіндік туғызады.

Қорыта келгенде, нақтылы территориядағы аса қауіпті аурулардың індеттік жағдайын мониторингілеу арқылы бағалау және осының негізінде сақтық шараларды өндіріске енгізу өзекті жұмыс болып табылады.

Бұдан басқа да мәселелер, иммунитеттің әлсіреуі салдарынан бруцеллез, сальмонеллез, хламидиоз індеттері ара-кідік ірі қара мен қой арасында байқалып жүр. Республикада АШМ індеттік жағдайға қатысты ресми деректері бойынша бруцеллезден - 789, құтырықтан - 582, туберкулезден - 31, құс тұмауынан - 7, топалаңнан - 8, аусылдан - 3 және шешектен - 1 ауру ошағы тіркелген.

Бруцеллез еліміздегі ірі қара мал, қой, ешкі, доңызарасында эпизоотия түрінде тіркелсе, жылқы мен иттерде спорадиялық жағдайда байқалған. Үй жануарлары арасында бруцеллез: серозды бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, еркек малдарда - орхит пен эпидидимит, енінің ісінуі, ал доңыздарда тері асты шелінің абсцесімен, жылқыларда – желке мен иық бурсит ағымдарында тіркеледі.

Жануарлар арасында құтырықтың оқиғалары ит, түлкі, қарсақ, мысық және басқа етқоректілердің қолдауымен үй малдары арасында тіркелгендігі жөнінде төмендегі мәліметтер тұжырымдайды. Республика деңгейінде құтырықтың эпизоотикалық жағдайы күрделенуде. Соның ішінде ауру оқиғаларының басым үлесі (365) жабайы аңдарға тиесілі және оның табиғи ошақтылығын көрсетеді. Мысалы, иттер 35,9%, ірі қара мал – 24%, жылқы – 2%, ұсақ қара мен түйе 0,99% ауру көздері болып таблған. 2008 жылы елімізде 61 ауру ошағы тіркелсе, ол 2007 жылмен салыстырғанда 41 ошаққа көбейген. Індеттік жағдайдың шиленісуі 2008 Ақмола облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 5 ауру ошағына азайып, ал Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген. Керісінше, Атырау облысында 12-ге, Шығыс Қазақстанда – 13 ошаққа дейін көбейіп, ал тұрақты тіркелетін Қостанай облысында 22 ауру ошағы сақталған. Қостанай облысы соңғы 3 жыл бойы құтырықтан тұрақты ауру аймағы деп саналады. Республика бойынша жұғудан аса қауіпті мүмкіндіктері бар 7 облыстың 26 ауданы жатқызылған. Жұғудан орташа қауіпті аймақтарға барлығы 8 облыстың 48 ауданы жатқызылған. Төменгі қауіпті аудандар қатарына көрсетілген екі аймаққа қатысты енбегендері (14 облыстың 99 ауданы) ендірілген.

Туберкулез індетінің қазіргі уақытта таралу қарқыны айтарлықтай. Елімізде 2000-2008 жылдар арасындағы сиыр туберкулезі бойынша 37 ауру ошағы тіркелген. Аурудың спорадиялық оқиғалары Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркеліп, ал таза аймақтарға тек қана Маңғыстау мен Атырау облыстары жатқызылған.

Елімізге соңғы 9-11 жыл ауқымында жабайы құстармен енген жоғарғы патогенді құс тұмауы басқа мемлекеттермен қатар, біздің еліміздің құстарының арасында тіркеліп келді. Құс тұмауы елімізге эпидемиологиялық тұрғыдан жабайы құстардың ұшып келу және қайтып ұшуымен тығыз байланысты. Сондықтан жұғудан аса қауіпті аймақтарға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары, ал бақылау аймағы төңірегіне Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары жатқызылған.

Қазақстан Республикасында Ақмола облысы бойынша аса қауіпті инфекциялық аурулардың індеттік жағдайына мониторингілеу мен сараптау көпжылдық деректердің негізінде алғашқы рет жасалынған. Облыс аудандарында ауа райы мен мал шаруашылығын-дағы қолданылатын жүйелердің ерекшеліктеріне сүйене эпизоотологиялық мониторингілеу жүргізілген және өңірлер індеттік жағдайларына қарай аудандастырылған.

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың қарқындылық коэффициенттері (бейімділік, ошақтылық) анықталынып, індет бұғауының буындары айқындалған.

Соңғы жылдары Ақмола облысы территориясында тіркелген бірқатар инфекциялық аурулардың (бруцеллез, туберкулез, құтырық, аусыл, топалаң, індеттік лимфангит, лейкоз, лептоспироз) таралу себептері сараланған және енуден қауіпсіздендіру жолдары ұсынылған.

Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық ретінде вакциндік профилактиканың орнына жыл сайынғы індеттік жағдайды мониторингілеу және сараптау кешені енгізілді [1].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]