Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Скачиваний:
266
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Тақырып 12: Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

  1. Ұлттық шоттар- халықаралық практикада қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы.

  2. Ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұны.

  3. Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы.

  4. Саларалық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы.

  5. ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісі. Саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы. Тікелей шығын коэффициентерін есептеу.

Дәрістің мақсаты: ұлттық шоттарды құру принциптері: міндеті, үлгісі, шоттардың мазмұнынұғыну, ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын ұғыну, ҰУЖ-дегі салаларалық баланстың үлгісін, саларалық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасын, тікелей шығын коэффициентерін есептеу міндеттерін қарастыру.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: өндіріс шоты, табыстардың пайда болу шоты, алғашқы табыстарды бөлу шоты, табыстарды қайта бөлу шоты, қолда бар табысты пайдалану шоты, капиталға байланысты операциялар шоты, қаржы шоты, тауар және қызмет шоты, ағымдағы операциялар шоты, капиталға байланысты операциялар шоты және т.б.

Дәрістің конспектісі

1 сұрақ. Ұлттық есептеу – Бастапқы, бухгалтерлік және статистикалық жедел есеп, барлық экономикалық қызметтің түрлерін қамтитын, әдістемелік қағидалардың бірлігіне негізделген және секторлар деңгейінде ҰЕЖ құруды жүргізетін жүйе. БҰҰ-ның ұлттық шоттар саласындағы бірінші стандарты 1953 жылы, екінші стандарты 1968 жылы , үшінші версиясы 1993 жылы қабылданды. Қазақстанда ұлттық шоттар 1994 жылдан құрылады.

Ұлттық есептеу жүйесі (ҰЕЖ) – шоттар мен кестелердің жиыны түрінде берілген өз ара байланысты экономикалық көрсеткіштердің жүйесі, ҰЕЖ объектісі - өнім өндіру, қызмет көрсету, табысты бөлу операцияларының ұлттық деңгейдегі жиынтығы.

ҰЕЖ былай анықталуы мүмкін яғни статистикалық көрсеткіштер мен жіктелу жүйесі, белгілі шоттар және таблица жиыны түрінде ұсынылып, макроэкономикалық қызметтің нәтижесін сипаттайды.

ҰЕЖ негізінде экономиканың жұмыс істейтін әр түрлі өндіріс процессі стадиясының макроэкономикалық көрсеткіштерінің жалпылама жүйесі жатыр: өнімді өндіру және қызмет; ағарту, бөлу, қайта бөлу және табысты түпкі пайдалану; жалпы қорларды әртүрлі активтерді жинауға пайдалану /жиналу шотында/; сыртқы экономикалық байланыс (қалған әлем шоттары) және экономикалық қызметтердің басқа стадиялары.

Көрсеткіштер жүйесінің негізінде ҰЕЖ экономикалық процесстерді және олардың нәтижелерін сипаттайды, осы процесстер арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан, ҰЕЖ – экономиканың өзіндік үлгісі, ел экономикасын, оның аймақтарын және секторларын бір біріне өзара байланысқан баланстар/шот/негізінде, өнімдер қозғалысының ағынын көрсетуге және олардың қаржылық эквиваленттерін экономикалық аганттер арасында олармен әртүрлі экономикалық операциялар жасау процессінде пайдалануын комплексті зерттейді..

Отандық статистикада макроэкокнимикалық процесстерді және олардың нәтижесін халақ шаруашылығы есебі мен жоспарлы балансын/ХШБ/ дайындауда баланс әдісін пайдаланатын едәуір тәжірибе жинақталған. Бірақта ХШБ мен ҰЕЖ арасында ежептәуір айырма бар. Оларды талдағанда ҰЕЖ-ні таңдауға мүмкіншілік берді, яғни ол нарықтық экономиканың қажетіне жауап береді. ҰЕЖ сектор бойынша табыс пен шығыстың және толық экономиканың баланс теңдігін қамтамасыз етеді, үздіксіз өндіріс процессі тек қана материалдық береке ғана құрмайды, қызметте ұсынады, ҰЕЖ оның қаржылық аспектісінің сипаттамасына құрмет береді.

2 сұрақ. Үдемелі өндірістің қоғамдық өндірісінің әр түрлі этапында, құралу, бөлу, қайта бөлу және табысты түпкілікті пайдалану, негізгі қорларды өсіру, жерді сатып алу, МЕА шаруашылық субъектілерінің телімдері, салалары, секторы бойынша алу, толықтай жан-жақты сипаттамасымен көрсетіліп барлық ішкі экономика және сыртқы экономикалық байланыстың экономикалық операцияның нәтижесі ҰЕЖ-де арнайы баланс таблица- шот түрінде ұсынылады. Әр шот толық экономика деңгейінде де, сектор және сала деңгейінде де құралады, басқаша айтқанда, бір шот көрсеткіші бойынша шоттар тобы құрылып, шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметінің бір аспектісін көрсетеді, бірақ әр түрлі басқару деңгейінде.

Шот екі бөліктен - ресурстар және ресурстарды пайдаланудан тұрады. Екі бөліктің жинағы бір - біріне тең. Бұған баланс баптарының көрсеткіштері арқылы қол жеткізуге болады. Шоттар көрсеткіштерінің өз ара байланысы, бір шоттан келесі шотқа көшу мүмкіншілігі жүйеде қабылданған екі жақты жазу арқылы қамтамасыз етіледі, яғни әр операция екі рет көрсетіледі: бірінші рет бір шоттың ресурстарында, екінші рет басқа шоттың пайдалану ресурстарының разделінде.

ҰЕЖ кіретін барлық таблицаларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты ішкі экономика шоттары, екіншісін сыртқы экономикалық байланыстар шоттары немесе олар «қалған әлем» деп аталатын топ құрайды.

Ішкі экономика шоттарына жататындар:

  • өндіріс шоты

  • табыстардың пайда болу шоты

  • алғашқы табыстарды бөлу шоты

  • табыстарды қайта бөлу шоты

  • қолда бар табысты пайдалану шоты

  • капиталға байланысты операциялар шоты

  • қаржы шоты

  • тауар және қызмет шоты

Сыртқы экономикалық операция шотына «қалған әлемдер» жатады:

  • ағымдағы операциялар шоты

  • капиталға байланысты операциялар шоты

«Қалған әлем» шоты немесе төлем балансы деп аталатын, барлық көлем шоты болып белгіленіп, мемлекеттік шаруашылық субъектілері/резидент/ және басқа елдің шаруашылық субъектілерінің/резидент емес/ арасындағы барлық операцияларды біртұтас біріктіреді. Төлем балансы товар және қызметтің экспорты-импорты, табыс ағымын немесе олардың басқа елге немесе басқа елден трансфертін, инвестиция бойынша қаржылық операцияларды қамтиды. Төлем балансы экономиканың барлық секторларының төлем қабілеттілігі туралы ақпаратты ұстайды.

Салааралық баланс /шығын-шығару таблицасы/ халық шаруашылық байланыстарының белгіленген өндіріс процессі және бар технологияның толық сипаттамасын береді. Бұл таблица төрт квадранттардан тұратын, абсалютті көп сала бойынша құрылып, «халық шаруашылық салалық жіктелу» номенклатурасына кіреді және өзіне /1квадрант/ көптеген жекелеген позиция- салаларын/графа және жолдар/ қосады және жекелеген кәсіпорындар және халық шаруашылық салалары арасындағы өз ара байланыстарды экономикалық талдау үлкен тәуелсіз мәні бар.

Қаржылық операцияның жиынтық таблицасы ҰШЖ шоттарында көрсетілетін экономикалық айналымның қандай қаржылық құндылықтармен істелетінін; Әр шаруашылық бірліктерінің топтарында ақша нарығы құрылымының және қаржы ресурстарының құрылымының қалай өзгеретінін көрсетеді.

Ұлттық баланс таблицасы өзінің мазмұны бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік балансына ұқсас, барлық халық шаруашылығы бойынша жасалады. Ол елдің ҰБ жылдық балансы ретінде ұсынылады.

Ішкі экономикалық шоттар өз ара байланысты болып, бір шот келесі шотқа өтуге мүмкіншілігі бар.

ҰЕЖ ІЭШ қысқаша мағынасы

Ресурстар

Пайдалану

Балансттық теңдеу/құпия айту/

1

2

3

4

Өндіріс шоты

Жалпы шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтер

Аралық тұтыну

Жалпы ішкі өнім/жалпы қосылған құн/

Жалпы шығару минус аралық тұтыну тең жалпы ішкі өнімге

Табыстардың пайда болу шоты

Жалпы ішкі өнім/жалпы қосылған құн/

Еңбек ақы. Өндіріске салық. Экономиканың жалпы пайдасы/жалпы аралас табыс/

Жалпы ішкі өнім минус еңбек ақы және өндіріске салық тең экономиканың жалпы пайдасына/жалпы аралас табыс/

Алғашқы табыстарды бөлу шоты

Экономиканың жалпы пайдасы/жалпы аралас табыс/,меншік табысы/алынған/, өндіріске таза салық, еңбек ақы

Берілген меншіктен табыс.

Алғашқы табыс

Жалпы пайда/жалпы аралас табыс/ плюс меншік табысының сальдосы плюс өндіріске таза салық және еңбек ақы тең алғашқы табысқа /жалпы ұлттық табыс/

Табыстарды қайта бөлу шоты

Алғашқы табыс. Алынған ағымдағы трансферттер, оның ішінде түрлері бойынша

Берілген ағымдағы трансферттер, оның ішінде түрлері бойынша.

Қолда бар жалпы ұлттық табыс

Ағымдағы табыс плюс ағымдағы трансферттер сальдосы тең қолда бар жалпы ұлттық табысқа

Қолда бар табысты пайдалану шоты

Қолда бар жалпы ұлттық табыс

Ақырғы ұлттық тұтыну /ішкі тұтыну/, оның ішінде тұтыну түрі бойынша/секторлар/ Жалпы ұлттық жинақ

Жалпы ұлттық табыс минус ақырғы тұтыну тең жалпы ұлттық жинаққа

Капиталға байланысты операциялар шоты

Жалпы ұлттық жинақ. Алынған күрделі трансфертер

Негізгі капиталдың қорлануы. Материалды айналым қордың өзгеруі. Жерді және МЕА таза сатып алу. Берілген капитал трансферті. Таза несие /+/ немесе таза карыз /-/

Жалпы ұлттық жинақ плюс күрделі трансферт сальдосы минус негізгі капиталдың қорлануы минус Материалды айналым қордың өзгеруі минус жерді таза сатып алу, МЕА –тер емес тең таза несие/+ / немесе таза қарыз /-/

Қаржылық шот

Таза несие /+/ немесе таза карыз /-/Қаржылық міндеттемелерді қабылдау

Қаржылық активтерді қабылдау

Осыдан басқа ҰЕЖ таблица құрамына өнім және қызмет кіреді, олар басқа шоттардың көрсеткіштері негізінде толтырылады, кейде бұл шот есеп-статистикалық мәліметтер негізінде толтырылады, шоттың жинақ көрсеткіштері басқа шоттарды құруға пайдалынылады. ҰЕЖ көлемінде ашық және жабық баланс ведомосттері құралады, онда шаруашылық субъектілерінің/ сала, сектор/ бастапқы және соңғы жылдың актив пен пассивтер шамаларының мәліметтерінен тұрады. Актив пен пассивтердің айырмасы жекелеген секторлар мен экономикалық бірліктердің белгілі мерзімге олардың меншікті капиталдың мөлшерін анықтайды. Баланс ведомосінде актив пен пассивтің үш түрлі өзгеру құнын көрсетеді:

-Инститтуциалды бірліктер арасындағы операция нәтижесі арасында актив пен пассивтердің алынуы.

- Актив пен пассивтерді біржақты өзгерту

  • Жекелеген актив бағалары немесе жалпы бағаның өзгеруі нәтижесінде актив пен пассив құнының өзгеруі.

4 сұрақ. Есеп және статистиканың жаңа жүйесін енуі ҰШЖ қатар салааралық балансттың жаңа буынын зерттеуді қарастырады. Салааралық баланс ҰШЖ тұжырымдамасында /САБ ҰШЖ/ - бұл халық шаруашылық негізгі салаларының өзара байланысқан макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесі., жалпы өнім шығаруды, аралық және түпкі тұтынуды, жалпы жинақ және өнімнің экспорт-импортын біржақтан, шығын және қосымша құнды басқа жағынан. Ол салааралық өндірістік қатынастарды және экономикалық негізгі пропорцияларды, қоғамдық өндірістегі техникалық –экономикалық қарым қатынасты және басқа да бірқатар міндеттерді шешуді жанжақты қарастыруға мүмкіндік береді.

САБ ҰШЖ зерттеу нақты әдістемелік проблемаларды шешуді талап етіп,

баланс жүйесіне қатысты материалды емес қызмет сфераларын және жаңа көрсеткіштерді, үдемелі өндірістің қаржылық аспектілерін және жаңа жүйе көрсеткіштерді бұрын болған жүйе салааралық балансқа сәйкес ХШБ тұжырымдамасымен келістіру, сондай-ақ ұйымдық мәселелердің құрау, жинау және қызмет сферасы туралы және экономика секторы бойынша қазіргі кезеңдегі ақпаратты өңдеу, бұрын бұлар үдемелі өндіріс процессінің көзқарасы бойынша статистикалық зертеудің объектісі болмаған үй шаруашылығы, өндірістік емес қызмет сферасын, «қалған әлем» және басқаларды қосады.

САБ ҰШЖ ағымдағы және салыстырмалы бағада, өндірушілер бағасымен және түпкі пайдаланушылардың ірі статистикалық жұмыс құралдарын қолдану бойынша халық санағына көп дайындықты қажет ететін мероприятияны, ақпарат жинау, экономикалык салаларды іріктеу және т.б. құрады. Зерттеу нәтижесінде халық шаруашылық салаларының телімдерінде алынған жаңа экономикалық макростатистикалық модель бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • халық шаруашылығының толық жүйе түрінде айтылуына байланысты, материалды өндіріс және материал емес сфера қызметі тең құқылы болуын қарастырады, қоғамдық үдемелі өндірісте қызмет орны көрсетіледі, оның экономикада рөлін және халықтың әл ауқатын қамтамасыз етуін, барлық экономикалық организмнің жұмысына комплексті баға береді.

  • Ресурстар және қорлар ағымы көрсетуге мүмкіншілік береді салалар мен шаруашылық бірліктердің нақты экономикалық өзара әсерінің қарама қарсы көрсетуін / өнім мен қызметтің өндіріушілері арасындағы, өндірушілер және халық, өндірушілер және мемлекет халықпен/.

  • ХШБ өзгешелігі ол экономиканы және бір мезгілде мынандай шаруашылық құралдары, қаржылық ресурстарды, бюджет, салық, еңбек ақы төлеу қоры және пайда, товар айналысы және күрделі салым, табыс және шығыс, шаруашылық субъектілерінің активі және пассиві және т.б. ұйымдастырып үйлестіруге мүмкіншілік береді.

  • Қаржылық ағымдардың талдау мүмкіншілігін анықтау, құн айналымының және салалық шаруашылық қызметтің ерекшелену заңдылығы

  • Бар шаруашылық сондай-ақ олардың жекелеген сектор және салаларының дамуының болжау мүмкіншілігін береді

5 сұрақ. САБ ҰШЖ схемасы САБ ҰШЖ схемасына ұқсас және олар төрт квадранттардан тұрады, бірақ бұрынғы баланстан өзгешелігі төртінші квадрант бос/ашық/ болады. Жаңа баланста ҰШЖ тұжырымдамасы және идеологиясына сәйкес қайта бөлу операциясы оның басқа бөліктерінде көрсетіледі.

ҰШЖ салааралық балансының схемасы

Шығару

шығындар

Аралық тұтыну

Ақырғы пайдалану

Жалпы шығару

Материалды өндіріс сферасы

Материал емес қызметтің сферасы

Ақырғы тұтыну

Жалпы тұтыну

экспорт

импорт

Үй шаруашылығы

Жалпы мем. Басқару және қоғамдық ұйымдар

Негізгі капиталдың жалпы жинағы

Айналым құралдарының өзгерісі

Аралық шығындар

Матер. өндіріс және материалды өндіріс емес сфера

1 2

1 квадрант

3 4

11 13 14 15 17

2 квадрант

10 12 16 18

Қосымша құн

Айналым капиталын тұтыну. Таза қосымша құн

5 6

3 квадрант

7 8

Х х х х х х

Х х х х х

Жалпы құн

Ішкі квадрант/1/ салалардың өзара байланысын, ҰШЖ түсінігі бойынша аралық тұтынуды көрсетеді, бұнда тек өндіріс сферасындағы тұтыну емес, материалды емес сфера қызметін сипаттайды. 2 сыртқы қанат квадрантында жалпы ішкі өнімнің түпкі пайдалану құрылымы келтіріледі, 3 төменгі қанат кварантында ЖІӨ құрылу құны көрсетіледі.

1квадрантта САБ ҰШЖ /шахмат таблицасы/ жолдар және бағандар бойынша материал өндірісі және материал өндірісі емес қызмет /ағарту, денсаулық, мәдениет, ғылым, басқару, қорғаныс және басқалары/ салалары жазылады.

2 квадранта жолдар өндіріс салаларына сәйкес келіп, онда әр саланың түпкі пайдалану және жалпы жинақ салымы көрсетіледі. 1 және 2 салымның квадранттарының жиыны жалпы шығару құнын көрсетеді. 2 квадранттың бағаналары түпкі пайдалану категориясын ұсынады: үй шаруашылығының түпкі тұтынуын жалпы мемлекеттік басқару мекемелерінің түпкі тұтыну шығыстарын және коммерциялық емес /қоғамдық/ ұйымдардың, негізгі капиталдың жалпы жинағын және материалды айналым қорларының өзгерісін, сондай-ақ товар және қызметтің экспорт және импорт көрсеткіштерін.

САБ ҰШЖ түпкі тұтыну /2 квадранттың көрсеткіштері/ негізгі қордың толық құнын қосады, сондай-ақ материал емес қызметтің түпкі пайдалануын.

3 квадрантта САБ ҰШЖ бағаналар өндіріс салаларына сәйкес, ал жолдар – қосылған құнның негізгі компоненттеріне / еңбек ақы төлеу, өндіріске салық субсидиясыз, пайда, негізгі капиталды тұтыну, аралас табыс/. САБ ҰШЖ колонкалары бойынша жеке салалардың өнімді жалпы шығыру құнының құрылымын көрсетеді, олар аралық тұтынудан тұрады, /1квадрант/, яғни қанша өнім әр халық шаруашылық салаларында өз өнімін өндіру үшін пайдаланылуын, сондай-ақ қосымша құнды /3квадрант/көрсетеді. САБ ҰШЖ жолдарында өнімнің натуралды мүліктік құрамын көрсетеді, жоғарыда аталғандар басқа салалардың /1квадрант/ аралық тұтынуларына пайдаланылады және белгілі саланың 2 квадрант/ түпкі пайдалануын. Әр сала бойынша өнімді жалпы пайдалануы олардың жалпы ресурстарына тең.

Аралық тұтыну САБ ҰШЖ таблицаларында өнімнің материалды шығындарын және материалды қызметін, сондай-ақ материалды сферада және материалды емес қызмет сферасында материалды қызметті тұтынуын қосады, және негізгі капиталды/негізгі қор/ тұтынуды қоспайды.

1 квадрантта САБ ҰШЖ материалды өндіріс саласының материалды шығындары/аралық тұтыну/ көрсетіледі, бірақ 1 блокта амортизация және амортизацияланбаған құн көрсетілмейді.

Блок 2 материалды өндіріс саласының материалды емес қызмет көлемінің тұтынуынан тұрады.

3 блокта өндірістік емес қызмет сферасының материалды шығындарын көрсететін көрсеткіштерді ұстайды.

4 блокта материалды емес қызмет сфера саласында материалды қызмет емес көлемінің тұтынылуы көрсетіледі.

3 квадранта САБ ҰШЖ схемасының 5-8 блогында қосылған құн белгіленеді.

5,6 блок өзіне негізгі капиталдың материалды өндіріс сферасында және материалды қызмет емес сферасында тұтынуын қосады.7 блокта материалды өндіріс сферасында таза қосылған құн мәліметтері келтіріледі.

8 блок материалды қызмет емес сфера саласының таза қосылған құнды көрсетеді.

САБ ҰШЖ 2 квадрантында түпкі тұтыну/ 9-12 блок/ негізгі капиталдың жалпы жинағын және айналым құралдары қорының өзгерісін /13-14 блок/.

9 блокта үй шаруашылығының тікелей тұтынған немесе сатып алынған, материалды қызметтің және товарлардың тұтыну мәліметтері келтіріледі. 10 блокта үй шаруашылығы тұтынған материал емес қызмет көлемі қосылады. 11 блок жалпы мемлекеттік басқару мекемелері және коммерциялық емес ұйымдардың товарларының тұтынуын көрсетеді

12 бюлок материал емес сфера саласының қоғамға ұсынған қызмет көлемін көрсетеді. Жалпы жинақтау негізгі капитал және материалды айналым құралдарының өсімін көрсетеді. 15-18 блогында сыртқы экономикалық қызметтің жинағы көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]