Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

1 Техникалық бөлім

1.1 Көтеріп түсіру операцияларын орындауға арналған асп механизмдер кешенін талдау

АСП механизмдер ікешенді ұңғыманы бұрғылау кезінде көтеріп-түсіру операцияларын жарым-жартылай автоматтандыру мен механизациялауға арналған.

Көтеріп-түсіру операциясы кезінде қондырғының қамтамасыз ететін жұмыстары:

а) бұрғы құбырларының тізбектерін сонымен қатар тиелмегенэлеваторды көтеру және түсіру кезінде свечаларды бұрау және шығарып алу, оларды подсвечникке орнату, ұңғыманың центріне шығару операцияларын қоса орындау;

б) свечаларды подсвечникке орнатып және кері бағытта ұңғыма центріне алып баруды механикаландыру;

в) бұрғы колоннасын қысып және босатуды автоматтандыру;

г) бұрғылау колонналарын ұзартуды механикаландыру;

д) свечаның құлыптық байланыстарының оймасын майлауды механикаландыру.

АСП механизмдер кешенінің техникалық сипаттамасы 1.1-ші кестеде көрсетілген.

Төменде АСП-3М4 механизмдерінің кешені сипатталған.

1.1-сурет. АСП-3М4 механизмдерінің кешені

АСП механизмдер кешеніне келесілер кіреді: косымша шкивпен 9 кронблок 8, арнайы конструкциялы тәл блогы 4, свечаны көтеру механизмі 13, свечаныұстау механизмі5, свечаны орналастыру механизмі10, бағыттауыш арқандары бар центратор 6, автоматты элеватор3, шамдал11, свечаны орналастыруға арналған қойма7, свечаның оймасын майлау үшін арналған механизм12, автоматты бұрғы кілті1 және пневматикалық сына 2 кіреді.

1.1-кесте- АСП-3М4 қондырғының техникалық сипаттамасы

АПС-3М1

АСП-3М4

АСП-3М5

АСП-3М5 500

КМПС 6500

Құбырларға арналған подсвечник сиымдылығы 114 мм, м

4200

6000

8200

Автоматты элеватордың жүккөтергіштігі, кН

4000

5000

Бұрғылау құбырларының диаметрі, мм

89…146

Ауырлатылған бұрғылау құбырларының диаметрі, мм

108, 146, 178, 203

Свечалар ұзындығы

25…29

Подсвечниктегі секциялар саны

2x7

2x9

2x11

Свечаны көтеру механизмндегі цилиндрдің ауа қысымы, МПа

0,59…0,88

0,59 МПа қысымдағы свечаны көтеру механизмінің жүккөтергіштігі, кН

52

Жебе мен арбаны қозғалтудағы электроқозғалтқыш қуаты, м/с

3,5

4,5

Жебе мен арбаның қозғалу жылдамдығы м/с

0,4

Свечаны көтеріп-түсіру жылдамдығы, м/с

0,4

Басқару

Дистанционды (Басқару пультімен)

Массасы, кг

19500

24300

31180

39000

56600

Свечаларды орналастыру механизмі АСПмехнизмдер кешенінің көтеру-түсіру операцияларын орындау кезінде свечалардыподсвечниктен ұңғыманың ортасына қою және кері бағыттағы жұмысын атқару үшін арналған.

Механизм конструкциясыбалконнан 1,арба 3, жебе 5 және басқару тетігінен тұрады.

Балкон фермалыметаллқұрамадан тұрады және қалған мехнизмдердің орнауының негізі болып табылады. Арба алдыңғы вертикаль жазықтықта орналасқан бағыттаушы швеллерде қозғалады. Төменгі швеллер соңында арбаны қалыпты жағдайдан оңға немесе солға ауытқымауы үшін резеңкелі тірек орнатылады. Болттар арба қозғалуының шынжыр тартылысын қатырады және реттейді.

Арба (1.2-сурет) пісірілген рамадан тұрады. Онда өз жетегі және жебенің жетегі орналасады. Арба блог-роликтермен бағыттаушы швеллерде қозғалады.

1-кронблог; 2-бағыттаушы арқандар; 3-центратор; 4-тәл блогы; 5-автоматты элеватор; 6-АКБ кілті; 7-подсвечник; 8-орналастыру механизмі; 9-қойма; 10-ұстау механизмі; 11-свечаны көтру механизмі; 12-свечаны майлау механизмі.

1.2-сурет. АСП-3 механизмдер кешенінің жұмысы

Жебе мен арба жетектері жеке монтажды блогтармен қамтылған. Олар біртипті және червякты редуктор 3 орнатылған рамадан 6 тұрады. Червыкты редукторда электроқозғалтқыш орнатылған. Ақырынжүрісті вал редукторында шектік моментті муфтасы 4 орнатылған. Бұл электроқозғалтқышты артық жүктемеден сақтандырады.

Муфта корпусы жұлдызша 5 болып, арба қозғалуына керекті күшті береді. Жұлдызша балконда қатырылған қозғалмайтын шынжыр көмегімен айналып, арбаны қозғалысқа келтіреді.

Калодкалы тежегіш 1 жетек сөндірілген кезде арбаны немесе жебені тоқтату қызметін атқарады.

Жебе балкадан тұрады. Алдыңғы жағында свечаны қысу механизмі бекітілетін пружиналы амартизатор орнатылған. Амартизатор свечаны механизммен ұстаған жағдайда соғуды жеңілдетеді. Жебенің артқы жағында монтаждау кезінде құлаудан сақтайтын тірек орналасқан. Ал үстіңгі жағында шектік қосқыштарға арналған планка пісірілген. Қалыпты жағдайда арба ұстау механизмі қойма ортасында, ұңғы центріне қарсы орналасады. Ал жебе толығымен арбада жиналып тұрады. Бұрғы құралын котеру кезінде жебе ұңғыма ортасына ұстау механизмі бұралған свечаға тіреліп, оны қыспағанша итеріледі. Қысу механизмі свечаға тірелгенде шектік жағдай муфтасы сырғып кетеді. Свеча қысылғаннан кейін жебе арбаға бастапқы қалпына дейін тартылады. Содан кейін свечасы бар арба қойманың белгіленген секциясына дейін жылжып, жебе свечаны қоймаға және подсвечникке кіргізеді.

Бұрғы құралын түсіргенде операциялар керісінше орындалады.

Свечаларды көтеру механизмі АСП механизмдер кешенімен көтеріп-түсіру операцияларын орындау барысында қысу механизмімен ұсталынып тұратын свечаларды көтеру және түсіруге арналған.

Көтеру механизмі (1.3-сурет) екі жақты әсерлі пневматикалық цилиндрлер блогынан, көтеру арқанынан, көмекші цилиндрден, реттеу арқанынан, ауажібергіштенжәне басқару пультінен тұрады.

Көтеру арқаны бір ұшымен пневмоцилиндлердің қозғалмалы штокына бекітіледі, төменгі блокжәне кронблоктыңқосымша шкиві арқылы өтіп, екінші ұшы свечаларды қысу механизміне бекітіледі.

1.3-сурет. Жетекпен бірге арба

а – свечаны көтеру механизмінің түйіндері; б – цилиндрлер блогы;

1-арқан; 2-муфта; 3-құлақша; 4-қысу механизмінің тартуы; 5-төменгі блог;

6-басқару пульті.

1.4-сурет. Свечаны көтеру механизмі

Сығылған ауаның әсерінен пневматикалық цилиндрлердің поршеньдерінің қозғалысы кезінде қысу механизмі түсіріледі немесе көтеріледі.

Пневматикалық шлангтердің үзілуі немесе ауаөткізгіштерде үлкен саңлаужағдайлары үшін көтеру механизмінің екі пневматикалық цилиндрі өзара блокталған.

Жоғарғы цилиндр екі роликпен центрленеді. 1.3-суретте свечаны көтеру механизмінің ауаөткізгіштерінің схемасы келтірілген. Басқару пульті қалыпты жағдайда тұрғанда. Жоғарғы цилиндрдің шток асты қуысыауаөткізгішпен байланысады, үсіңгі жағы атмосферамен.

Қос цилиндр ауа қысымымен төмен қарай жылжйды. Собачкаға барғанда төменгі цилиндр фланеці оны кері итеріп, өзінің шектік төмен жағдайына жетеді. Ал собачка пружина әсерінен төменгі цилиндрді реттейді.

Свечаны қысу мехпнизмі свечаны 800мм көтереді. Бұдан кейін орналастыру механизмі свечаны подсвечникке орнатды.

1-жоғарғы цилиндрді басқару краны; 2-төменгі цилиндрді басқару краны; 3-отстойник; 4-жоғарғы цилиндр; 5-төменгі цилиндр; 6-комекші цилиндр; 7-магистральды ауаөткізгіш; 8-вентиль; 9-қысым реттеуші; 10-масленка; 11-бұрғылау полына ауа жіберуші шлаг.

1.5-сурет. Свечаны көтеру механизмі ауаөткізгіштерінің