Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

1.5.4 Көтеріп-түсіру операцияларының механизмдерін жөндеу

АКБ-3 кілттерін ремонттау. Кілттердің тез тозатын бөлшектеріне челюсть сухарилері, тіректер, астар, бойкалар мен фиксаторлар серіппелері, храповой құрылғаның бөлшектері жатады.

Ағымдағы ремонтқа келесі жұмыстар жатады: барлық резьбалық қосылыстарды тексеру және тарта түсу; тез тозатын бөлшектерді ауыстыру және күйін тексеру; ауалық фильтрлерді тексеру және тазалау; майлайтын майдың болуын тексеру және қажет жағдайда майлау картасына сәйкес ауыстыру.

Орташа ремонтқа цилиндрлер блогын, фиксаторларды және ароматизаторларды тексеру және шаю; каретканың бағыттауыш ішпектерін тексеру және алмастыру; қауіпсіздендіру муфтасын, дросселдейтін вставкаларды және келтіру-жөнелту цилиндрлерінің пневматикалық амортизаторларын тексеру және реттеу; пневмодвигательдің бөлшектерінің күйін тексеру; сонымен қатар ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар жүзеге асырылады.

Іргелі ремонтқа келесі жұмыстар атқарылады: кілтті толық бөлшектеу, барлық бөлшектерді дефектілеу, жарамайтын бөлшектерді қалпына келтіру немесе алмастыру (оның ішіне редуктор корпусы да кіреді), кілтті майлау, обкаткалау, және бояу.

Кілттерді ағымдық және ортша ремонттар, әдетте бұрғы мұнарасында жүзеге асырылады, ал іргелі ремонт – механикалық-ремонттау шеберханаларында немесе зауыттарда жүзеге асырылады.

Кілтті бөлшектемес бұрын редуктор картерінен төгу тығындарын алдын ала бұрап алып, майды ағызып жібереді.

Кілтті бөлшектеу. Кілтті бөлшектеу басында кілттің блогын кареткадан ажыратады, ал каретканы тізбектен шығарып алады. Бұдан кейін кілттің түйіндері мұқиятпен лас заттардан тазартылады және шайылады. Кілттің блогы бөлшектенеді және блоктың оның ұзына бойлық осі бойымен бұрылуын сонымен қатар блоктың бөлшектеуге және жинақтауға керек кез-келген талап етілген жерге бекітілуін қамтамасыз ететін арнайы стендке жинақталады.

Кілттің блогы келесі ретпен бөлшектенеді: алдын ала обвязкасын ажыратып, пневмомасленканы шешеді; пневмодвигательдің бекіту болттарын бұрап алыпсоңғысын шешіп алады; маховикке маховиктің денесіндегі арнайы саңылауларға бұрап кіргізілетін болттардың көмегімен екі планканы қосады және олармен тельфердің көмегімен редуктордың шлицевой валигінен маховикті шешіп алады.

Мұнан кейін бекіткіштен аралық дискінің үш саусағына босата отырып құбырқысқыш құрылғының жоғарғы корпусын шешеді; төменгі челюстің қысу цилиндрін шешіп алады; алдын ала заглушкаларды, шектеуіштерді және дискіні бекіту гайкаларын ажыратып аралық дискіні шешеді; редуктордың кожухаларын шешеді.

Мұнан кейін тілетін шестерняны (разрезная шестерня) шешеді, ол үшін заглушкаларды шешіп, арнайы съемниктермен, тілетін шестерня айналып тұратын, роликтерді және саусақтарды алып шығады.

Содан соң стендтің көмегімен блоктың корпусын 1800-қа бұрады да төменгі құбырқысқыш пен редукторды бөлшектеуге көшеді: полозьяларды және цилиндрлер блогын шешіп алады; үйлесу стопорын және төменгі храповикті шығарып алады; челюстедержательдің поводогын және төменгі фланецті шешеді, артынан төменгі челюстедержательді алып шығады. Мұнан кейін редуктордың білігінің подшипниктерінің қақпағын алып тастап, аралық шестернялармен осьтерді престейді.

Корпустың қақпақтарын орнатқан жағдайда коленчатый біліктің осьтік люфтін тексеру керек, оның өлшемі 0,5-2,5 мм болуы керек. Люфттің өлшемі двигательдің қақпағы мен корпусы арасындағы прокладканы таңдаумен жүзеге асады.

Жинаған кезде құбырқысу құрылғысының корпусына вкладыштерді орналастыруға көңіл аударады. Жоғарғы корпуста бұрап кіргізу жағына қарай 70 бұрышпен, ал бұрап шығару жағына 90 бұрышпен вкладыштар орнатылады. Мұнда вкладыштар корпустағы ұялардың тірек беттеріне тығыз тиіп тұру керек. Тиіп тұру тығыздығы бояудан тексеріледі, ал керек жағдайда корпустағы ұялардың шабровкасы жүргізіледі. Аралық дискіні жинаған кезде оның орнатуының дұрыстығы тексеріледі. Аралық диск қолдан нейтрал қалыптан кем дегенде 15 мм қашықтыққа оңай жылжып отыруы керек. Мұнда қиық бағытында, сонымен қатар вертикал бағытта дискінің шестерняға қатысты люфтісі болмауы керек.

Челюсттерді жинақтаған кезде роликтер челюстте оңай айналып тұрулары керек және челюсттің ұзына бойына жапсырылып тұрулары керек, ал сухарилер – челюсти пазасының бетіне тығыз тиіп тұрулары керек.

Кілтті жинаған кезде деальдер мен түйіндер арасындағы белгілі өлшемдер мен саңылаулар сақталынуы керек:

1.7-Кесте

1

2

Храптік құрылғының жоғарғы шаригі мен төменгі челюстедержатель арасындағы саңылау, мм .....................................

1-1,5

Храптік құрылғының төменгі шаригінің төменгі челюстедержательден көтерілу кезіндегі шариктің жоғарғы нүктесінің челюстедержательдің жазықтығына қатысты көтерілу биіктігі .....................................................................................................

5-14

Жоғарғы челюстедержательдің жоғарғы корпусқа қатысты екі жаққа бұрылуының максимал бұрышы, град ......................................

28

1

2

Жоғарғы челюстедержательдің төменгі корпусқа қатысты екі жаққа бұрылуының максимал бұрышы, град .....................................

23

Шарикпен шариктік фиксатор тірегінің арасындағы саңылау .........

0,3

Үйцлесу стопорын орнату кезінде:

а) төменгі қалыпта роликпен шестерня торецінің төменгі нүктесі арасындағы саңылау, мм .......................................................................

0,4

Жиналғаннан кейін кілт ауаның желідегі 3-4 кгс/см2 қысымымен бос жүріспен обкаткаға ұшыратылады. Обкатка екі жаққа 30 минуттан орындалады. Мұнда шестернялар бірсарынды, соққысыз және бөлшекті сырғытусыз бірқалыпты шумен жұмыс істеулері керек. Обкатка кезінде подшипниктердің және құбырқысу құрылғыларының шектен тыс қызуын болдырмау керек.

Кілтті жинауды аяқтаған кезде пневобасқарудың түйіндерін 10 кгс/см2-пен пресстейді, содан соң кілттің цилиндрлерінің штоктарының жұмысын және жүйеде ауаның 10 және 5 кгс/см2 қысымымен жоғарғы корпустың екі жаққа айналу кезіндегі үйлесу стопорының жұмысын тексереді.

1.5.5 АСП-3М4 механизмдерін жөндеу

Ағымдағы ремонт кезінде тірегіш детальдер тексеріледі және тартылады, механизмнің жұмысындағы ұсақ дефектілер жойылады, сонымен қатар майдың болуы тексеріледі және қажет болған жағдайда ол жаңа маймен ауыстырылады.

Іргелі ремонт кезінде механизмді толық бөлшектейді, барлық детальдердің дефектовкасы, қалпына келтіру немесе жарамсыз детальдерді ауыстыру, майлау, реттеу, механизмдерді жұмысқа жарамдылығына, беріктігіне сынау, обкатка және бояу жұмыстары іске асырылады.

АСП механизмерін ағымдағы және орташа ремонттау тікелей бұрғы мұнарасында, ал іргелі ремонттау ремонттау-механикалық шеберханаларда немесе ремонт жасау зауыттарында орындалады.

Свечаларды орналастыру механизмін ремонттау. Іргелі ремонт кезінде свечаларды орналастыру механизмі алғашында түйіндерге бөлшектенеді, кейіннен әрбір түйін жеке-жеке ремонтталады.

1.5.6 АСП-3М4 механизмдер кешенін монтаждау

Свечаны жіберу механизмін монтаждау. Мұнараны ВАС-53-А және ВАС-42-А каркастарды орнатуға арналған арнайы балкондары бар механизмде монтаждайды. Бұл кезде горизанталь жағдайда тұрған жинақталған мұнараны тік жоғарыға көтеріп, тіректерге отырғызамыз. Сонымен қатар балкон монтажы ынғайлы болуы үшін размерлері сақталған жағдайда көтеріледі.

Мұнараның қапталғы және артқы блкондарын орнатып, қатырып болғаннан кейін, свечаны жіберу механизмін монтаждауға кіріседі.

1.13-сурет. Свечаны жіберу механизмін монтаждау

Механизмді тіректе жасалған қойғышқа орнатылады. Свечаны ұстау механизмінің жебесін сол жақ шеткі жағдайға апарады. Кейін осы жебе тік жоғары бағытта болуы үшін механизмді 90 бұрады. Бұдан кейін кран көмегімен механизм қаңқасын балконның төменгі белдігіне тигенше апарады. Сонымен қатар механизмнің пісірілген құлақшаларын тесігі балконның құлақшаларына дәл келуін қарастырылады. Кейін шарнирлі байланыстарды болт көмегімен біріктіреді. Сосын қапталғы балкон сүйеніш механизм қаңқасымен байланыстырады.

Балкондағы монтаждалу аяқталған соң мұнараны вертикаль жағдайға көтереді және сыртқы электрлік схеманы жалғау жүзеге асырылады. Кейін механизмді түзету және реттеуі орындалады. Сонымен қатар арбаның қозғалу, тоқтау дәлдігі және муфтаның максимал моменттегі жетегі және де бүкіл механизм дұрыстығы қаралады.

Свечаны көтеру механизін монтаждау. Бұрғылаудағы көтеру және түсіру операциясы кезінде свечаны ұстау механизмі свечамен бірге көтеріп-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін арналған.

Механизмдердің түйіндерін монтаждау келесі ретпен жүзеге асырылады. (1.13-сурет): жоғарғы 1 және төменгі 2 кронштейнді мұнара аяғына бекітеді, кейін төменгі цилиндр штогын кронштейн құлақшасымен болтпен байланыстырады. Жоғарғы цилиндрдің ңегізгі бағыттаушы роликтерін жоғарғы кронштейн плитасына орнатып, бекітеді. Мачта белдігі мен подкос арасындағы (мұнара аяғының осінен панель центріне 600мм қашықтықтағы) пісіріліп қатырылған тірекке төменгі бағыттаушы блогты орнатып, бекітіледі. Жоғарғы кронблогтың қатыру рамасын мұнараның кронблогасты рамасына бекітілуін тексеріледі. Және жоғарғы мен төменгі блогтағы роликтерде жнақталған канатты түзетеді. Канаттың төменгі жағы өзекшеге болт арқылы бекітеді. Канат, өзекшелер және планкалар жоғарғы цилиндрмен шток арқылы байланысады. Канаттың жоғарғы жағы құлақша арқылы ұстау механизмінің тартылуымен байланысады. Цилиндрлер блогының жоғарғы кронштейнінде орналасқан ролик блогына 3 реттеу канаты бекітіледі. Тартулы канат күйіндегі ролик блогы мен құлақша хомут 4 арасындағы ұзындық 2600 ± 30 мм болуы тиіс.

Барлық құбырлар отстойникке қатысты немесе жалпы ауа магистральді линиясына қатысты төмен емес көлбеумен орналастырады. Штуцердегі шлангтер хомутпен мықтап тартылуы және отстойникке қатысты немесе жалпы ауа магистральді линиясына қатыстыградуста жеңіл сыммен ұстатылуы қажет.

Басқару түйіндерін және құбырларды монтаждағаннан кейін барлық механизм түйіндерінің герматикалығы және жұмыс қабілеттілігі тексеріледі.

Жұмыс істеуде келесілер ескеріледі: жиындағы және цилиндрлер блогындағы канат дәлдігі, сонымен қатар олардың реттелуі; сақтандырғыш собачканың жұмысын тексеру; барлық тығындаушы манжеттер және өзге де үйкеліске түсетін бөлшектердің герметикалығы және дұрыс жұмысы; барлық ауаөткізгіш құбырларының герметикалығы. Бұл жағдайдағы минимал (3,5 ) және максимал (7) жұмыс қысымында тексеруден өткізуге ұсынылады. Барлық механизмдер дәл, қалқымалы және тоқтаусыз жұмыс істеуі керек. Ал пневмобасқарудың бүкіл жүйесі герметикалы болуы қажет.

Свечаны ұстау механизмін монтаждау. Механизмді монтаждауды (1.14сурет) мұнараның горизонтальды немесе вертикальды жағдайында жүргізуге болады. Монтаждамас алдын үйкеліске түсетін бөлшектердің майлылығын және барлық бекітілетін механизмдер түйінін мұқият тексеру керек. Бұдан кейін механизм канат көмегімен көтеріледі және қозғалмайтын бөліктерін көтеру механизмінің жебесімен болт арқылы 7 бекітіледі. Кейін болт 1 арқылы қозғалмалы бөліктің тартылу құлақшасын көтеру механизмінің муфтасымен байланыстырады.

1-арныйы болт; 2-копир; 3-ролик; 4-амартизатор; 5-арба; 6-жебе; 7-арнайы болт; 8-сыналар; 9-рычакты жүйе

1.14-сурет. Свечаны ұстау механизмі

Мұнараны тұрғызғаннан кейін механизмді реттеу қарастырылады. Бұл үшін свечаны босату механизмндегі арбаны орталық күйге орналастырады. Кейін жебе мен бірге механизмді арбадағы шектік амартизаторға дейін жылжытады. Соңынан реттеуші стерженьдердің ұзындықтарына қатысты механизмнің қозғалатын бөлімін қалыпты күйге орнатады.

Реттеу ыңғайлығы үшін корпустың қозғалмалы бөлігінде 3 белгілеу бар. Сонымен қатар қалыпты жағдайда сыналар корпус скобасынан 60мм болуы тиіс. Егер бұл размет сақталмаса, копирдің 2 өзгеру қалпына байланысты резьба сынаның керекті күйін орнатады. Монтаждау, майлау жұмыстарын тексергеннен кейін, механизм түйіндерінің жұмысқабілеттілігі тексеріледі.

1-амартизатор; 2-механизмнің жоғарығы блогы; 3-центратордың аспа арқаны; 4-қойма; 5-көтеру механизмінің төменгі блогы; 6-подсвечник; 7-көтеру механизмінің көтеру блогы; 8-центратор; 9-свечаны ауыстыру механизмі; 10-свечаны ұстау механизмі; 11-көтеру механизмінің арқаны; 12-свечаны майлау механизмі; 13-АКБ кілті; 14-ұршық; 15-пневмосыналарымен ротор; 16-бұғылау шығыры; 17-мұнара; 18-бекіту механизмінің хомуты; 19-қойманың сақтандырғыш арқаны; 20-консольды-айналмалы кран; 21-орналастыру механизмінің пульті; 22-көтеру механизмінің пульті; 23-майлау механизмінің пульті; 24-бұрғылау свечасы; 25-қапталғы балкон; 26-артқы балкон; 27-қойма

1.15-сурет. АСП механизмінің орналасу схемасы

Подсвечникті монтаждау. Подсвечник АСП-3М4 механизмдер кешенімен бұрғылаудағы көтеріп-түсіру операциясын жүргізу кезінде свечаларды орнату үшін арналған.

Подсвечниктің техникалық сипаттамасы:

Подсвечниктегі свеча сыйымдылығы:

168мм бұрғылау құбыры (ЗУ-212 құлпымен) ................................. 104

168мм бұрғылау құбыры (ЗШ-203 құлпымен) ................................ 118

141мм бұрғылау құбыры (ЗУ-185 құлпымен) ................................. 118

141мм бұрғылау құбыры (ЗШ-178 құлпымен) ................................ 104

Подсвечникке түсетін мүмкін шектеулі салмақ, Т ................................... 130

Подсвечник салмағы, кг .............................................................................. 6950

Подсвечникті фундамент блогындағы арнайы блогтарға орнату қаралады. Сонымен қатар балка негізі мен подсвечник арасына келтек ағаш орнатады. Бұдан кейін подсвечникті фундаментальді шпилькамен қатырады. Подсвечникті блогқа орнату кезінде суреттегідей размерлер сақталады.

Свечалар қоймасын монтаждау. Қойма бұрғылаудағы көтеру-түсіру операциялары кезінде бұрғылау свечаларының жоғарғы жағын ұстауға арналған. Кешен сол және оң жақ магазмндерден тұрады. Және мұнара тұрғызылмас бұрын монтаждалады. Төменгі тегістік центрі мен магазин осі арасындағы қашықтық 100мм етіп, кронблогтан төмен орнатады. Орнату биіктігі мұнара типіне байланысты қабылданады. Сол және оң жақ магазиндер мұнара аяғына хомут комегімен қатырылады. Қойма саусақшалары қосымша мұнара аяғындағы саусақшаларға жеке-жеке арқан арқылы сақтандырылады. Екінші арқанмен магазиннің негізгі трубасын мұнара аяғына қатыру арқылы сақтандырылады. Подкостар болттар және реттеуші винттер көмегімен қатырылады. Барлық гайкалар шплинттелген болуы тиіс. Магазин 141-114мм аралығындағы свечалармен жұмыс атқыруға есептелген.

Свеча сыйымдылығы:

141мм құбырларына .................................. 140

114мм құбырларына .................................. 168

Қойманың габариттік өлшемі ……………..…. 3130x4050x260

Жалпы салмағы, кг .............................................. 1925

Свечаны майлау механизмін монтаждау. Свечаны майлау механизмі көтеріп-түсіру операциясы кезінде бұрандалы түтікті майлау үшін арналған. Механизм свечаны подсвечниктен шығарып, бастапқы қалыпқа келтіру моментінде ылғалдандырылады. Мөлшерлеуіш пен майлау камерасын подсвечникке орнатады. Ал басқару пульті механизм пульті маңында орналасады. Ауаөткізгіш құбырды бекіту схемады көрсетілгендей (сурет) жүргізіледі. Майлау механизмінің иінтірегін майлау кезінде кронштейн мен майлау камерасын биіктікте, керекті қалыпта ұстап тұру қаралады. Сонымен қатар иінтіректі механизмнің айналу осі мен подсвечник қақпасы осінің үйлесімділігі келуі тиіс. Кейін жинақталған механизмнің подсвечник қақпасы толық ашылғандағы айналу жиілігі тексеріледі.

Центраторды монтаждау. Центратор мұнара тұрғызылғанға дейін монтаждалады. Монтаждалмас бұрын роликтердің еркін айналуын және ось, қатыру бөлшектеріндегі майлауды тексереді. Мұнара секцияларын жинақтап, кронблогты орнатқаннан кейін, кронблогты рамаға екі амартизатор орнатады. Соңынан мұнара секцияларына кронштейндермен центратор аспаларын байланыстырады. (1.16-сурет)Әрбір кронштейн аспасы төбесінен арқан көмегімен магазин белдігіне сақтандырылады. Ал төменгі мұнара тұрқысына бекітіледі. Бұл кезде болт басы бұрғылау көпіріне қарама-қарсы бағытта болғанан ескеру керек. Кейін жоғары бағыттаушы арқан ұшы амартизатор штогына бекітіледі, ал төменгі ұшы (сақтандырғыш буын арқылы) кронштейнге. Бұдан кейін кран көмегімен центраторды көтереді, аспаларға орнатады. Монтаждаудан кейін центраторды реттеп, монтажды размерін тексереді. Кронштейннің шарнир аралық өлшемдері тексеріледі. Бұлар артқы балкон құлақшаларына реттеліп және ВАС53-А мұнарасына сай болуы керек.

1-амартизаторлар; 2-бағыттаушы арұандар; 3-мұнара; 4-құлып; 5-кронштейндер; 6-тәл жүйесінің қонышы; 7-жұдырықшалар; 8-центратор; 9-балкон; 10-подсвечник қоймасы

1.16-сурет. Центраторды монтаждау схемасы.

Тартып реттеу әдісімен кронштейнді мұнараға перпендикуляр жағдайда тегістікте орнатады. Мұнараны тұрғызғаннан кейін арқандарды тартады. Бұл процесс пружиналы арматура қақпақ тегістігіне жеткенше жүргізіледі. Монтаждау мен тегістеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тәл блогы көмегімен центратордың бағыттаушы арқан бойынша қозғаласын тексереді. Қозғалыс бірқалыпты, тоқтаусыз болуы тиіс. Центраторды конусты втулкамен толық түсірген кезде аспаның конусты тіреуіне толық отыруы керек. Бұл кезде тәл блогының қонышы толығымен центратор шұңғырына кіреді. Ал центратордың төменгі жазықтығы толығымен тәл блогының амартизаторына тіреледі.

Центраторды демонтаждау кері бағытта жүргізіледі. Мұнараны вертикальды күйінде тасымалдау кезінде центратор демонтаждалмайды. Бұл жағдайда центратордың тербелуін болдырмау үшін арқан көмегімен мұнара ая,ына бекітіледі.