Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

4. 2 Гидросфераға әсері

Жерасты суларын ластаушы көздері өндірістік және тұрмыстық қалдық сулар, соынмен қатар сыйымдылықтардағы, құбырлар және басқа да құрылымдардағы зиянды заттардың сүзгілік ағулары болып табылады.

Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспелі қабат сулары аса минералданған су болып табылады. Оның жер бетіне түсуі жердің беткі және төменгі қабаттарындағы суларды тұздап, олардың ішуге жарамдылық қасиеттерін жоғалтуына әкелуі мүмкін.

4.3Литосфераға әсері

Мұнай-газ кен орнын пайдалану кезінде топырақ мұнаймен, түрлі химиялық заттармен ластанады. Топыраққа түскен мұнай және басқа да компоненттер оның құрамын айтарлықтай, кейде қайтымысыз өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімділік жағдайы мен жердің биоөнімділігін нашарлатады. Нәтижесінде топырақтың эррозиясы, дефляция және криогенез болады.

Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР «Атмосфералық ауа» туралы заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:

- ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;

- Ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;

- Ұңғыманы сынау барысында жанған өнімнің тарап кетуін болдыртпайтын жабдықты қолдану керек;

- Химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;

- Мониторинг жүргізу.

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне: мұнайды ысытатын пештер, резервуарлар, аппараттар (буферлік ыдыстар, сораптар, сепараторлар) жатады. Ауаға көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді және күкіртті газ тарайды.

Жұмыс зонасы үшін ПДК:

Көмірсутегі 300 мг/м куб, азот оксиді 5 мг/м куб, көміртегі оксиді 3 мг/м куб, күкіртті газ 10 мг/м куб.

Елді мекендер үшін:

Көміртегі оксиді 5 мг/м куб, күкіртті газ 5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.Технологиялық құрал жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері:коррозия әсерінен болатын авариялар, құбырөткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы және т.б. жағдайлар. Кен орнын пайдалану кезінде жылына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді – 472 т/жыл құрайды.

Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау

Топырақ пен жер қойнуын қорғау үшін қарастырылған шаралар:

- ҚР актілерін және заңдарын сақтау;

- Қалдықтар шығармайтын және қабат флюидтерінің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар конструкциясын және құрылысын қолдану;

- Улылығы аз бұрғылау ерітінділерін және жуу сұйықтарын, табиғи негізді ерітінділерді қолдану;

- Нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;

- Өндірістік операциялар аяқталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүгізу;

- Мониториенг жүргізу.

Мұнай газ кен орнын игергенде жер беті мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен және минералдылығы жоғары сулармен ластанады. Мұнай және басқа компоненттер жерге тамып, гидронизация, цементтеу сияқты процестердің жүруіне әкеп соғады. Бұл процестер өсімдіктер әлемінің және өнімділіктің нашарлауына әкеп соғады. Жер бедерінің бұзылуына байланысты эррозия, дефляция, криогенез процестері жүреді.

Кен орынның топырағы сазды және құмды фракциялардан тұрады. Жер бедері сұрғыш қоңыр топырақты, горизонт қалыңдығы 25 см-ге дейін жетеді.

Ауаның және судың эррозиясынан жер бетін қорғау үшін көп жылдық өсімдіктер өсіріледі. Жер қойнауын қорғау бойынша щаралар:

- Сепарация, мұнайды дайындау, жинау, тасымалдау грметизациясының болуы;

- Авария кезінде ұңғылардың автоматты түрде тоқтауы;

- Ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйығын төгілуін болдырмау;

- Қабаттық және өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп пайдалану.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен тұрғын үйлердің шкарасында орналасуы керек. Өлшемі СН-245-71 және ОНД-86 сәйкес 300 – 1000 м болу керек.

Жануарлар әлемін қорғау

Жануарлар әлемін қорғау бойынша жобада келесі шаралар қарастырылған:

- Ішкі құжаттарды және ҚР нормативтік актілері мен заңдарын сақтау;

- Құстар тіршілік ететін жерлерге жақындауды шектеу;

- Ұңғыманы сынау жұмыстарын күндізгі уақытта жргізу;

- Биік қоршаулар орнату:

- Көліктердің жылдамдығын шектеу және олардың нақты айналым бой- ынша жүруді қадағалау;

- Жануарлар әлемін қорғау және аң аулауға тыйым салу үшін әкімшілік, құқықтық және экономикалық шаралар қабылдау;

- Мониторинг жүргізу.

Гидросфераны қорғау

Бұрғылау ағын суларын тазалаудың өте арзан және тиімді әдістерінің бірі – коагуляция әдісі. Коагуляция процесінде судан қарапайым тұңбамен қатар ілінген бөліктер, мұнай бөлінеді. Ағын сулардың ең күшті тазалануы күкірт қышқыл аллюмииймен өңдеу кезінде болады. Ағынды сулардың ластану дәрежесіне байланысты 100 %-тік ерітіндінің мөлшері 300 – 800 мг/л құрайды. Механикалық қоспа бойынша тазалау дәрежесі 80 – 100 %-ға жетеді, тотығу бойынша 66 – 88 %-ға және БПК бойынша 66 – 88 %-ға жетеді.

4.2-кесте - Әр түрлі коагулянттарды пайдалану мен бұрғылаудағы ағынды сулардың тазартылуын зерттеу нәтижелері

Коагулянт

Коагулянт мөлшері, мг/л

Мөлдірлігі, ем

Тазалау тиімділігі, %

Механикалық қоспалар бойынша

Тотығу бойынша

NaAlO2

BaCl2

FeCL2+(SO4)3

FeCl3

Al2(SO4)3

1000

500

400+400

900

600

3,5

6

7

5,5

12

51

75

94

79

90

46

71

82

58

85

Жер бетіндегі және жерасты суларының бүлінуінің көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбырөткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Сумен қамтамасыз ету көздеріне жерасты сулары жатады. Оның минерализациясы 1–1,2 г/л аспайды. МЕСТ 2874-82 бойынша «ішуге жарамды» деп танылған, санэпидемстанция пайдалануға рұқсат еткен. Жерасты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жерасты суларын химиялық және бактериялық лас нәрседен қорғауға арналған.

4.3-кесте - Қалдықтарды пайдаға асыру және қайтадан қолдану

Мұнай, химикаттар жағатын майлар

20 м3

өртеу

Батареялар, жарықтандыру құралдары

8 м3

өңдеу

Бояулардың қаңылтыр банкалары, бос бөшкелер

420 банка, 280 бөшке

бөлшектеу, бумен тазалау, қайта қолдану

Өртке қарсы жабдықтар, мұздатқыштар

6 м3

кемеге орналастыру

Күл

2,4 т

көму

Медициналық жабдықтар

1 м3

басқарып өртеу

Қағаз, қатты қағаз, ағаш

14 м3 қағаз, 24 м3ағаш

өртеу

Нейлон, пластмасса

10 м3

өртеу

Асхана, коммуникация қалдықтары

340 м3

өртеу

Қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қалдықтар

33 т

өңдеу, қайта қолдану

Металлалом

36 м3

өңдеу, қайта қолдану

Бөлім бойынша қорытынды:

Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу, барлау және мұнай, газ өндіретін ұнғымалар құрылысынан басталады сонымен катар атмосфераны, гидросфераны және литосфераны (ауа, топырақ, жер қойнауын) ластайтын неше түрлі технологиялық үрдістер да бар.

Теңіз кен орнында барша ұңғымаларды бұрғылау бағдарламасы бойынша күнделікті жұмыстар қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді. Апаттық жағдайлар және басқа жағдайлар қоршаған ортаға ойламаған жерден басқа қауіп төндіреді. Сол себептен қоршаған ортаға әсерді төмендету, бойынша шаралар кәзіргі кезде өте актуалды деп айтуға болады.