Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

2.7Арнайы бөлімше

2.7.1 Бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру құрылғысы

Біздің ұсынып отырған механизмдерінің бірі бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру құрылғысы. Оның қолданылуы: колонкалы зерттеу мақсатындағы бұрғылауға қатысты және ұңғыдан бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру үшін қолданылуы мүмкін. Құрылғы бұрғылау станогынан жоғары жерге монтаждалған. Құрылғыда жетек жоғарғы арқанға ілінген қозғалмайтын және төменгі қозғалмалы бөліктер түрінде орындалған. Мысалы, цилиндр қозғалмалы штокпен. Рычагтармен орындалған жоғарғы және төменгі қысулары бар. Жоғарғы қысу рычагы жетектің қозғалмайтын жоғарғы бөлігімен шарнирлі байланысқан. Төменгі қысу рычагы жетектің қозғалатын төменгі бөлігімен шарнирлі байланысқан. Төменгі қысуды жоғары көтергенде құбырлар тізбегі сыналасады да онымен бірге жоғары қозғалады. Бұл уақытта жоғарғы қысу қандайда бір бұрышқа бұрылады да құбырды өткізіп жібереді. Төменгі қысу төмен қарай орын ауыстырғанда жоғарғы ұстау қысылады және тізбектелген құбырларды ұстап тұрады.

Ұстап қалу жұмысы іске асады. Тапқан жаңалығымызды пайдалану тізбектелген бұрғылау құбырларын көтерудегі қолмен жасайтын жұмыс көлемін азайтады, сонымен қатар ұңғыларды бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсіру операцияларының жұмысын жеделдетеді.

Тапқан жаңалығымыз тізбектелген барлау-бағалау ұңғымасына қатысты және ұңғымалы бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру үшін қолданылуы мүмкін.

Бұрғылау тізбектерін жоғары көтеру құрылғысы белгілі. Белгілі құрылғыда (экстракторда) жетектің қозғалмайтын бөлігінің жоғарғы торецында секторный режим жоқ, соның нәтижесінде снаряд бос жүріс уақытында ұңғының сағасында спайдердің немесе құбырұстағыштың көмегімен қолмен ұсталынып тұрады.

Бұл өнертабыстың мақсаты бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру кезіндегі қолмен істелетін жұмыс көлемін азайту, сонымен қатар ұңғыларды бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсіру операцияларының процессін жеделдету.

Бұл жетістікке бұрғылау станогынан жоғары орналастырып монтаждалған бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру құрылғысына жоғарғы арқанға ілінген қозғалмайтын және төменгі қозғалмалы бөліктер түрінде орындалған жетектің болуының және рычагтармен орындалған жоғарғы және төменгі қысулар жетектің жоғарғысы жоғарғысымен төменгісі төменгісімен шарнирлі байланысқандығының арқасында жетеді.

Мұндай конструктивті шешім бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру кезіндегі қолмен істелетін жұмыс көлемін азайтуға, сонымен қатар ұңғыларды бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсіру операцияларының процессін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сызбада сипатталған құрылғының жалпы кескіні бейнеленген.

Бұрғылау станогынан жоғары жерге монтаждалған бұрғылау тізбектерін көтеруге арналған құрылғыға жоғарғы арқанға 2 ілінген қозғалмайтын және төменгі қозғалмалы бөліктер түрінде орындалған жетек 1 кіреді, рычагтармен орындалған жоғарғы 3 және төменгі 4 қысулар жетектің жоғарғысы жоғарғы қозғалмайтын төменгісі төменгі қозғалатын бөліктермен шарнирлі байланысқан.

Құрылғы келесі түрде жұмыс істейді.

Жетектің 1 жоғарғы бөлігі қозғалмайды, ал төменгі бөлігі жоғары төмен қозғалыстарды жүзеге асырады. Төменгі бөлік жоғары орын ауыстырғанда төменгі қысу 4 онда сыналанған бұрғылау құбырларының тізбегімен 5 бірге көтеріледі. Бұл уақытта бұрғылау құбырларының тізбегімен 5 тартылып әкетілетін жоғарғы қысу 3 сағат тіліне қарсы бағытта қандай да бір бұрышқа бұрылады да, бұрғылау құбырларының тізбегімен 5 босатылады. Бұрғылау құбырларының тізбегі 5 тоқтаған моменттеқысу 3 өз салмағымен қайтадан сағат тілінің бағытымен бұрылады да, бастапқы (көлбеу) қалыпқа келеді, сыналанады да бұрғылау құбырларының тізбегін салмақта ұстап тұрады.

Жетектің 1 төменгі бөлігі төмен орын ауыстырғанда жоғарғы қысу 3 қозғалмайды (сыналанған), ал төменгі қысу 4, сағат тіліне қарсы бағытта бұрыла отырып, бұрғылау құбырларының тізбегімен 5 босатылады да бұрғылау құбырларының тізбегімен сырғи отырып төмен түседі.

Тоқтау моментінде қысу 4 өз салмағымен қайтадан сағат тілінің бағытында бұрылады да бастапқы (көлбеу) қалыпқа келеді, сыналанады және бұрғылау құбырларының тізбегін 5 көтеруге дайын болады. Цикл қайталанады.

Аталған өнертабыс бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру кезіндегі қолмен істелетін жұмыс көлемін азайтуға, сонымен қатар ұңғыларды бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсіру операцияларының процессін жеделдетуге мүмкіндік береді, бұл өз тарапынан халық шаруашылығында үнемдеуге жағдай жасайды.