Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

3.3 Санитарлы-гигиеналық шаралар

Санитарлы-гигиеналық себептерге өңдірістік ортаның улы заттармен ластануын, шу, вибрациялар, зиянды сәулелер, қалыпсыз метеорологиялық жағдайлар, тиімсіз жарықтандыру, өңдірістік және тұрмыстық бөлмелердің антисанитарлық жағдайы, шектен тыс суық немесе жылу, тонизирлейтін сәулеленужұмысшыларға әсері кәсіби ауруға шалдықтыратын деңсаулықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Өндірістік микроклимат ауа температурасымен , оның салыстырмалы ылғалдығымен - су буының қысымының берілген қозғалыс жылдамдығында және температурасында қанықтығы қалпындағы су буының қысымына қатынасы.

Бұрғы жұмыстары таза ауада, тәулік бойы мемлекеттің бүкіл территориясында жүргізіледі: тундраның аймақтарынан Қиыр Солтүстіктің батпағынан оңтүстіктің шөліне дейін. Тюмень облысының қарқынды меңгеріліп жатқан аймақтарында температура -3,3/ 1,8 С – тан артық көтерілмейді, суық болмайтын кезең 72 күннен 1323 күнге дейін созылады, ал ең төмен температура ақпан айында -55С – дейін жетеді. Бұдан қатал климат Қиыр Сөлтүстікте.

Еліміздің шөлді және жартылай шөлді аймақтары қатал климатымен ерекшеленеді. Мысалы, Маңғышлақ түбегінде ауа температурасы +40С дейін жетеді, ал қыста -10С-тан төмен түседі.

Атап айтқанда метеорологиялық жағдайлар бұрғышыларға айырықша ыңғайсыздықтар туғызады, өйткені қазіргі бұрғы қондырғылары желден нашар қорғалған және жоғары температурадан, аяздан мүлдем қорғалмаған. Бұрғы жабдықтарының қорғалмаған металдары және құралдары сөлтүстікте суып кету қауіпін күшейтеді, ал оңтүстікте жұмыс істеп тұрған механизмдер қосымша жылу көзі болып табылады. Сонымен Маңғышлак түбегінде сыртқы ауаның температурасы +29; 32; 33 С болғанда бұрғының дизелді сарайында сәйкес 34;37 және 40 С болған.

Шу мен вибрацияны мөлшерлеу.Шудың психофизиологиялық әсері оның дыбыстарының құрастырушыларының жилігіне байланысты болғандықтан шуды мөлшерлеу октавалық жолақтар жиіліктерінде жүргізіледі. Орташа квадраттық дыбыс қысымы туралы әңгіме болғанда өлшеу децибилмен (дБ) жүргізіледі немесе шуды болжаммен бағалаған кезде және «дыбыс деңгейі» және «дыбыстың эквивалентті деңгейі» туралы айтқанда децибил А (дБА) өлшенеді. Дыбыстық қысым деңгейі С шкаласы бойынша, ал дыбыс деңгейі А шкаласы бойынша.

Дыбыс қысымының орташа квадраттық деңгейі келесі формула бойынша анықталады:

L=20lg p/po, мұндағы р- дыбыстық қысымның орташа квадраттық шамасы;

po – орташа квадраттық дыбыстық қысымның шектік шамасы;

Зерттеулер нәтижесінде бұрғы кезінде шығырдың жұмысы барысында дыбыстың деңгейі 99 – 101 дБА аралығында өзгереді, шаппалы-көтерме операциялары кезінде 100 – 101 дБА дейін, сонымен қатар кезекті свечаны, жұмыс құбырын көтергенде және скважина жұмыс істегенде шу өзінің ең үлкен мәніне жетеді. Жетегі бар ротормен бұрғылаған кезде жабысқақ берілістен алаңдағы дыбыс деңгейі 110 – 115дБА, яғни L=20lg 115/85=2.5; құрайды.

Бұрғылардағы вибрация көздеріне барлық жұмыс істеп тұрған механизмдер, бұрғы құбырларының тізбегі, айдауыш жүйедегі жуып-шаятын сұйықтық жатады.

Шығырға тікелей I2 – 5 – 5 жақындықта бұрғы құбырларының тізбектерін түсіру кезінде тербеліс жиілігі 24-35Гц құрады, орын ауыстыру амплитудасы мүмкін болатын шамадан 3 есе, тербеліс жылдамдығы 7 есе өсті.

Насостың қасында 7 ден 14 Гц дейінгі жиілікте орын ауыстыру амплитудасы 0,047 ден 0,068 мм дейін күрт өзгерді (нормадан 2 есе жоғары), ал тербеліс жылдамдығы 0,22- ден асты (10% пайыз нормадан жоғары).

Бұрғы кәсіпорындарының объектілерін жасанды жарықтандыру. Қазіргі заман бұрғы қондырғылары қызу қуаттылығы 300Вт шамдары бар, жарылысқа қарсы жоғары сенімділікті шырақтармен жабдықталады.

Кестеде көрсетілген мәндерді СНиП ІІ-4-79-тегі бекітілген шамалармен салыстырғанда өндірістік кәсіпорындар үшін келесіні тұжырымдуға болады:

Аталған объектілдердің жарықтандырылуы орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес келмейді. Бұрғыда жұмыс істейтіндер үшін қажет ең аз айыру объектілері:

а)бұрғышы үшін – бақсару-өлшеу құралының бағыттауышының ұшының қалындығы (0,5 мм);

ә) бұрғышының І және ІІ көмекшілері үшін – айналдырғыш және бұрғы құбырларындағы, машиналық кілттердегі, бұрғы сораптарының элементтеріндегі және штроптардағыжарықшақтардың ені (0,15 мм – 0,2мм);

б) бұрғышының ІІ көмекшісі үшін – бұрғы құбырларындағы, элеватордың элементтеріндегі жарықша ені (0,15 – 0,2 мм);

в) электроликтер, дизелистер үшін – күш беретін жабдықтар элементтеріндегі жарық ені, бақылау-өлшегіш құралдарындағы бағыттауыш ұшының қалындығы (0,5 мм ден 0,15-0,2 мм дейін).0,15-0,3 мм-ге дейінгі объектілерді ажыратумен жұмыс, қазіргі заман нормаларында (СНиП ІІ-4-79) ІІ-ші разрядты көру жұмысына (өте жоғары дәлдікті) сәйкес және қыздыру шамдарымен жарықтандырғанда ажырату объектісі мен фонның, сонымен қатар фонның ашықтығы арасындағы контрастына тәуелді жарықтандырудың 200-ден 300 лк-ге дейін болуын талап етеді. 0,15-0,3 мм-ге дейінгі объектілерді ажыратумен жұмыс (III-ші разряд – жоғары дәлдікті жұмыс) жарықтандырудың 150-300лк дейін болуын талап етеді.

3.1-кесте

Жарықтануға тиісті орындар

Жарықтандыру мөлшері

Шырақтарды орнату орындары

Нүктелер саны 53 м мұнара

Шамның қуаттылығы

Роторлық стол

Бақылау-өлшеу құралдарының қалқаны

Жоғарғы жұмысшының полості

Тальдік блоктың жолы

Кронблок

Қабылдау көпірі

Редукторлық бөлме

40

50

25

13

25

13

30

Мұнараның ұшына 4м биіктікте (41м мұнараға) және 6 м (53м үшін) 45-500 бұрышпен. Шығыр үстіне 4м биіктікте вертикаль 25-300 бұрышпен.

Құралдың алдында

Мұнараның ұшында кем дегенде 2,5 м биіктікте және полосттің полынан, кем дегенде бұрышпен

Басқыш алаңында (лестничная площадка)

Кроноблок үстіне

Мұнараның алдыңғы аяғында кем дегенде 6м биіктікте, кем дегенде 65-700 бұрышта

кем дегенде 3 м биіктікте

4

2

1

2

2

1

2

8

300

300

100

300

300

150

300

150

3.1-кесте жалғасы

Сорап бөлмесі: іске қосу жәшіктері, бұрғы сораптары

Жаңғыш-майлайтын материалдар алаңы

50

25

10

кем дегенде 3 м биіктікте

8

200

Зиянды өңдірістік факторларды талдау.Зиянды заттар жұмысшылардың организіміне үш жолмен түсуі мүмкін: ингаляциялық (тыныс жолдары арқылы), өңеш арқылы және тері арқылы. Заттың қасиетіне байланысты оның ену жолы басқа жолға қарағанда қауіптірек болады.

Улы заттардың адамға әсері көптеген факторларға байланысты болады, олардың арасында негізгісі төмендегідей:

  • заттың физика-химиялық қасиеттері (еруі, ұшпалығы, агрегаттық жағдайы);

  • организмге ену жолдары (ең жиі-ингаляциялық);

  • адамға әсер ететін улы заттың әсер ету концентрациясы;

  • оның организмге әсер ету ұзақтығы;

  • адамның істейтін жұмысының ауырлығы (ауыр жұмыс барысында ауаны ішке жұту саны және оның құрамындағы улы заттар артады, организмнің қарсы тұруы төмендейді);

  • организмнің қорғаныс күштерінің деңгейі және физикалық жағдайы шаршағанда, дұрыс тамақтанбағанда, күн өткенде, алкогольді мастану, ультрокүлгін дефицитінде, еңбек және демалыс тәртібі дұрыс болмағанда төмендейді және т.б.

Адамға улы заттардың әсер етуінің ең ауыр,бірден көп мөлшерде әсер ететін және созылмалы улану болып табылады.