Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

2.7.2 Бұрғылау құбырларына және нкт арналған элеватор.

Өнертабыстың мәні: Өнертабыс ұңғыны бұрғылау және жөндеуге арналған жабдықтарға жатады. Соның ішінде, сораптық-компрессорлық және бұрғылау құбырларымен түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге арналған жабдықтарға жатады. Мақсыты – элеватор жұмысында сенімділігін арттыру.

Өнертабыс сипаттамасы: Өнертабыс ұңғыны бұрғылау және жөндеуге арналған жабдықтарға жатады. Соның ішінде, сораптық-компрессорлық және бұрғылау құбырларымен түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге арналған жабдықтарға жатады.

Белгілі құбырлы элеватор(а.с. 1687763, кл. E 21 B 19/06, 1991) келеселерден тұрады:дөңесше және секторы (алаң) бар корпус, сырға, шарнирмен байланысқан штогы бар жақ, және корпустың секторымен өзара әрекеттесу мүмкiндiгі орнатылған, сырғымалы серпiмді фиксаторы бар, саптары дөңесшеге орнатылған, бұрылыс мүмкiндiгiн беретін тиек тетік, және серпiлткен төлкемен байланысу мүмкiндiгі бар және бұрау серiппесімен жабдықталған, сапта бекiтiлген стержен түрдегі қосымша фиксатор, бір ұшы саппен, ал екінші ұшы дөңесшемен байланысқан.

Алайда, бұндай қосымша фиксатордың құрамында майда бөлшектері көп болатын элеваторды өнеркәсіптік жағдайда, ескі жақ істен шыққанда, сораптық-компрессорлық және бұрғылау құбырларының басқа типтіөлшемдері үшін жақты жинау мүмкін емес болады.Сонымен қатар бұндай элеваторларды пайдалану кезінде бөлшектер тез тозуға ұшырап, жұмыс сенімділігі төмендейді.

Белгілі бұрғылау және шегендеу құбырларына арналған элеватор(а.с. 739211, кл. E 21 B 19/06, 1980) келеселерден тұрады: корпус, жарма, iлгешегі және серпiмді тұтқалы тиегі бар құлп,төменгi тетiктiң аяғында тiк сақтағыш тiреу орындаған,тiк бет пен жармалар түйiсетiн.

Бірақ, бұндай элеватор жұмыс кезінде сенімді емес, өйткені, КТО-ның монотонды жұмысы кезінде iлгешектiң серiппесiнiң күшiнен қатты ырғу жеткiлiксiз болып элеватор жабылмай қалуы мүмкін.

Келесі белгілі сораптық-компрессорлық құбырларына арналған элеватор (а.с. 1218061, кл. E 21 B 19/06, 1986): аналог,дөңесше және секторы (алаң) бар корпус, сырға, шарнирмен байланысқан штогы бар жақ, және корпустың секторымен өзара әрекеттесу мүмкiндiгі орнатылған, сырғымалы серпiмді фиксаторы бар, саптары дөңесшеге орнатылған, бұрылыс мүмкiндiгiн беретін тиек тетік, және серпiлткен төлкемен байланысу мүмкiндiгі бар және бұрау серiппесімен жабдықталған, сапта бекiтiлген стержен түрдегі қосымша фиксатор, бір ұшы саппен, ал екінші ұшы дөңесшемен байланысқан.

Алайда, бұндай элеваторда ашып-жабуды сенімді басқару жетіспейді. Бұндай элеваторды ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде төлкесі тозып, басқа да бөлшектері шаршайды.

Өнертабыстың мақсыты болып элеватор жұмысында сенімділігін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін сораптық-компрессорлық және бұрғылау құбырларымен түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге арналған элеваторында дөңесше және секторы (алаң) бар корпус, сырға, шарнирмен байланысқан штогы бар жақ, және корпустың секторымен өзара әрекеттесу мүмкiндiгі орнатылған, сырғымалы серпiмді фиксаторы бар, саптары дөңесшеге орнатылған, бұрылыс мүмкiндiгiн беретін тиек тетік. Тетіктің үстіңгі ұшы корпус алаңымен байланыса алатын фиксатор серіппесімен, ал төменгі ұшы дөңесшеде жасалған, пазбенбайланыса алатын мүмкіндігі бар. Қойылған мақсатқа жетудің жолы элеватор корпусында тіреу пластинасы орнатылған, тиек фиксациясы үшін ойық жасалған, ол элеваторды ашық жағдайда ұстап тұра алады.

1-корпус; 2-сырғалар; 3-жақ; 4-тарту (бұру серіппесі); 5-дөңесше; 6-төлке; 7-шток;8-кершік;9-серпімді фиксатор; 10-сап; 11-серіппе;12-тиек; 13-тіреу пластинасы; 14-ойық; 15-алаң;16-паздар;

2.7-сурет. Элеватордың ашық күйдегі жалпы көрінісі

13-тіреу пластинасы;9-серпімді фиксатор; 10-сап; 4-тарту (бұру серіппесі); 15-алаң

2.8-сурет. Элеватордың тиекті механизмі

4-тарту (бұру серіппесі); 8-кершік;9-серпімді фиксатор; 12-тиек; 14-ойық; 15-алаң

2.9-сурет. Элеватордың жабық күйі

Элеватор корпустан 1, онда төлкеде 6 орналасқан жақтар 3 мен шток 7 бар, сырғалар 2, элеватор корпусының дөңесшесінде 5 орналасқан жақты фиксациялайтын сап 10.

Корпустың жоғарғы бүйір жағында алаң 15 орналасқан, онда фиксацияланатын ойығы 14 бар тіреу пластинасы 13, сапта серпімді фиксатор 9 орналасқан.

Тиек 12 фиксатормен 9 өзінің жоғарғы ұштарымен байланысқан және Г тәріздес төменгі ұшы бар, ол кершікке 8 кіріп тұрады, серіппе 11 көмегімен паздары 16 бар дөңесшенің бүйір жағына тіреліп тұрады.

4-тарту (бұру серіппесі); 9-серпімді фиксатор;10-сап

2.10-сурет. Элеватордың ашық күйдегі тиекті механизмі