Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

Мазмұны


Кіріспе ....................................................................................................... 1 Техникалық бөлім .................................................................................... 1.1 Көтеріп түсіру операцияларын орындауға арналған АСП

механизмдері................................................................................

1.2 Ұңғыларды бұрғылау кезіндегі көтеріп-түсіру құралдары .............

1.2.1 Құрал-саймандарды көтеріп-түсіруді ұйымдастыру....................... 1.2.2 Көтеру-түсіру операциялары құралдарыі ..................................

1.2.3 Бұрғылау свечаларды орталықтандыру құрылғылары..............

1.3 Көтеріп-түсіру операцияларын орындайтын қондырғылар .........

1.3.1 Құрал-сайманды үзіліссіз көтеріп-түсіретін автоматтандырылған

қондырғыларға жалпы шолу ................................................................... 1.3.2 Свечалармен жұмыс істеуге арналғанқондырғылар....................

1.3.3 Бұрғылау құбырлары иілгіш тізбектер болып келетін бұрғылау

қондырғылары .......................................................................................... 1.3.4 Тұтас металл құбырларды көтеруге арналған үздіксіз әрекет ететін

бұрғылау көтеріп-түсіру кешені ............................................................. 1.4 АСП-3М4 кешенінің құрылымы ............................................................. 1.5 АСП-3М4 механизмін пайдалану ........................................................... 1.5.1 Бұрғы тізбегін көтеру және түсіру кезіндегі АСП-3М4 мехнизмдер

кешенінің жұмыс істеуге дайындығы және жұмыс істеу тәртібі ........ 1.5.2 Бұрғы тізбегін түсіру ............................................................................... 1.5.3 Бұрғы тізбегін көтеру ............................................................................... 1.5.4 Көтеріп-түсіру операцияларының механизмдерін жөндеу................... 1.5.5 АСП- 3М4 механизмдерін жөндеу ......................................................... 1.5.6 АСП-3М4 механизмдер кешенін монтаждау ........................................ 1.5.7 АСП механизмдер кешенінің эксплуатациясы ..................................... 2. Есепті және арнайы бөлімі .......................................................

2.1 Свечаны қысу механизмін есептеу.........................................

2.2 Свечаны подсвечникке кіргізген кездегі жалпы ауырлық

орталығының күйі .................................................................................... 2.3 Дөңгелектің тістерін иілімге тексеру ..................................................... 2.4 Свеча червякті дөңгелек пен тіректерді есептеу ................................... 2.5 Тіректердің реакциясы ............................................................................. 2.6 Ішпектердің қызмет мерзімі .................................................................... 2.7 Арнайы бөлім ...........................................................................................


2.7.1 Бұрғылау құбырларының тізбегін көтеру құрылғысы ......................... 2.7.2 Бұрғылау құбырларына арналған элеватор ........................................... 2.7.3 Бұрғылау құбырларына арналған автоматты элеватор ........................ 3 Еңбекті қорғау және техникалыік қауіпсіздігі ..........................

3.1 Ұйымдастыру шаралары ......................................................................... 3.2 Техникалық шаралар ................................................................................3.3 Санитарлы-гигиеналық шаралар ............................................................ 3.4 Өртке қарсы шаралар ............................................................................... 4 Қоршаған ортаны қорғау ......................................................................... 4.1 Жобаланатын жабдықтың атмосфераға әсері........................................ 4.2 Гидросфераға әсері ................................................................................... 4.3 Литосфераға әсері .................................................................................... 5 Экономикалық бөлім ...............................................................................

Қорытынды ...............................................................................................Пайдаланылған әдебиет тізімі.................................................................

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мұнай және газ өндіру саласында алдыңғы қатарда келе жатқан мемлекет. Мұнай және газ өндірісі экономикамыздың, еліміздің, барша қазақстандықтардың жағдайының әрі қарай жақсарып, өсіп өркендеуіне үлесі зор. Ал енді бұл байлықты игеру үшін мұнай және газ жабдықтарының сенімді, эксплуатациясы барынша жеңіл, қауіпсіз, конструкциясы, технологиялық жасалуы мен жөнделуі экономикалық жағынан тиімді және бәсекеге сай болуы тиіс.

Осындай бұрғылауда қолданылатын механизмдер кешенінің бірі АСП механизмі. Бұл механизмдер кешені бұрғылау кезінде көтеріп-түсіру операцияларын механизацияландыруға және жартылай автоматтандыруға арналған. Қазіргі кезде бұл қондырғылар көмегімен ұңғыманы 8000 метр тереңдікке дейін бұрғылау қарастырылған. Аталған механизмдер кешенінің көмегімен біз физикалық еңбекті жеңілдете аламыз. Нәтижесінде түсіру-көтеру операциясының уақытын қысқартады және жұмыстың қауіпсіздігін жоғарылатады.

Бұрғылау қондырғысының типі мен бұрғылау әдісіне байланысты әр жағдайда жеке қажетті қуатты, өнімділікті және сәйкес жабдықтарды таңдайды. Бұрғылау жұмыс көлемінің қарқынды өсуі, сонымен қатар ұңғыма тереңдігінің үлкеюі бұрғылау жабдықтарын әрдайым жетілдіру мен жаңа қуатты машиналарды жасауды қажет етеді. Мұнай және газ жабдықтарын жасау ғылыми техникалық прогресстің негізі бағыты: жабдықтың сенімділігі мен ұзақмерзімділігін, технико-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлату мен жабдықтардың қуатын көтеру. Жер қабаттарының әр түрлі болуына және бұрғылау тереңдігіне байланысты олардың физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп отырады. Бұл мханизм кешенінің технкалық жағдайына, ұзақмерзімділігіне параметрлерінің төмендеуі кері әсерін тигізеді. Сондықтан да оған жоспарлы ескертулі жұмыстар жүргізіп, жағдайын бақылап отыру қажеттілігі туады.

Бұл дипломдық жобада АСП-3М4механизмдер кешенінін жетілідіру шаралары қарастырылады.Жобалау барысында қондырғының көтеріп-түсіру операциясын жеңілдететін механизмдер конструкциясы толығымен талқыланып олардың перспектівті түрлері келтірілген. Сонымен қатар механизмдер кешені элементтеріне жеке тоқталып, монтаж және пайдалануы жөнінде мәліметтер жазылған. Көтеріп-түсіру параметрлерін жобалауға қажетті қондырғының конструктивтік есептеулері келтірілгенжәне де ұсынылып отырған техникалық шешімдер тиімділігі технико-экономикалық есептермен дәлелденген.