Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / АСП-3М4 / Пояснительный / Пояснительный.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.49 Mб
Скачать

3.1 Ұйымдастыру шаралары

Жұмыс уақытын және демалысты ұйымдастыру

Бұрғы бригадаларының демалыс және жұмыс уақыты ұйымдастыру бекітілген кесте бойынша 12-сағаттық жұмыс күні бойынша апталық ауысу вахталық әдіспен ұйымдастырылады. Демалысқа және тамаққа үзіліс өз бетімен ұйымдастырылады. Тамақтануды, демалысты, тұрмысты ұйымдастыру арнайы бөлмелерде орналасады.

Оқытуды және нұсқау алуды (инструктаж) ұйымдастыру

Жобаланып жатқан объектіде оқытуды ұйымдастыру кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі, сонымен қатар жұмысшылардың нұсқау алуын өткізу уақытына байланысты келесідей бөлінеді:

  • кіріспе – қауіпсіздік техникасының инспекторы өткізеді;

  • бастапқы – жұмыс орнында жұмыс жетекшісі жеке өткізеді;

  • қайталау – белгілі бір уақыт аралығында барлық жұмысшылармен өткізеді;

  • ағымдық –наряд-допускдайындау кезінде.

Кәсіби нұсқаулар нұсқау алатын адам мен нұсқау беретін адамның қолы қойылған арнайы журналдарда көрсетіледі.

Мемлекеттік қадағалау және қоғамдық бақылау

Бұрғы кәсіпорындарында еңбек қорғау жағдайларын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қадағалау органдарына: Мемтехқадағалау, кәсіподақтардың техникалық инспекциялары жатады.

Еңбек қорғау жағдайларын бақылаудың негізгі түрлеріне:

  • жұмыс басқармасын және басқада лауазымды адамдарды тікелей бақылау;

  • әкімшілік-қоғамдық бақылау;

  • кәсіпорынның еңбек қорғау қызметімен жүргізілетін бақылау;

  • жоғары тұрған органдарды ведомтволық бақылау;

  • кәсіподақтардың техникалық инспекцияларының және мемтехқадағалаудың бақылауы;

АСП-3М4 механизмдер кешенімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. АСП-3М4 механизмдер кешенін қолданып көтеріп-түсіру операциясын жүргізу қиын технологиялық процесс болып саналады. Сондықтан бұрғылау бригадасының мамандары механизмнің барлық агрегаттары мен түйіндерінің барлық конструкциясын жақсы меңгеріп, олардың жұмысқа әрекеттестігін және бұрғылау технологиясын толығымен білуі тиіс.

Көтеріп-түсіру операциясын жүргізудің ерекшелігі свечалардың бұрғы калонналарымен бірге бұрап кіргізу және бұрап шығаруында болып есептеледі. Бұл процесс бұрғылау вахтасынан дәлдікті, жұмыс үйлесімділігін және жұмыскерлердің жоғары квалификациялық қызметін талап етеді.

Сондықтан барлық қызметкерлер механизмнің конструкциясын, түйіндердің конструкциялық ерекшеліктерін және бұл механизмдерге жұмысты дұрыс жүргізуді меңгеруі қажет.

Барлық қызметкерлер оқып болғаннан кейін, бағдарламаға сай нұсқаулықты өтуі тиіс. Осыларды өткесін ғана АСП-3М4 механизміне жұмысқа жіберіледі.

Жұмысқа кіріспес және свечаны жіберу механизмін эксплуатациялауды бастамас бұрын арба мен жебені тарту шынжырларын тексереді. Сонымен қатар электрсымдарының жағдайы қаралады, төменгі рельс жиілігі тексеріледі және тежегіш жұмысы реттеледі.

Көтеріп-түсіру жұмысын бастамас бұрын шеттік ажыратқыштың жұмысы тексеріледі, жалғастырғыштың шектік моменті және бөлшектердің бекітілуі тексеріледі.

Әр күн сайын тұтқадағы үйкеліске түсетін сына саңылаулары мен ұстау механизмі сыналарының жағдайы бақыланады. Сонымен қатар, бұл жағдайда сызаттар мен жарықшақтардың түсуін болдырмау керек.

Көтеру механизміндегі цилиндр ілгекшесінің төменгі жағдайдағы бекітілуі тексеріледі.

Арқан ұзындығы, жағдайы және жалғастырғыш түйіндер жүйелі түрде қаралады. Қыс кезінде уақтылы тұндырғыштан конденсат құйылып тұрады.

Әр күн сайын центраторға, бағыттаушы арқандарға, байланыстырушы болттарға және көмекші арқандарға сырттай барлау жүргізіледі. Сонымен қатар олардың мұнарамен тартылу байланысы қаралады.

Уақтылы тәл жүйесі майланады, айналу блогтарының еркіндігі қаралады, жырылар жиілігі тексеріледі және подшипниктердің 70О жоғары қызып кетпеуі ескеріледі.

Әрбір көтеріп-түсіру операцияларынан бұрын автоматты элеватордың барлық бөлшектері мұқият тазаланып, жуылады. Корпусқа, штропқа, болттар мен штифтерге сырттай бақылау жүргізіледі және роликтердің подшипникте еркін айналысы тексеріледі. Кейін элеваторды көтеріп-түсіру арқылы роторда бұрғылау калоннасын қысу және босатуы тексеріледі.

Подсвечникте пісіріліп жалғанған металлқұрастырылушы бөлшектер түйіні және топсалы байланыстар жағдайы қаралады.

Күн сайын свечалар магазинінің бекітілуі мен сақтандырылуы тексеріледі. Сонымен қатар барлық бекітілетін бөлшектер қаралады. Және негізінен олар қызметкерлер астынан орналасқандарды ерекше ескеріледі.

Эксплуатация процесінде күн сайын барлық механизмдер кешеніне және электржабдықтарына кәсіптік-техникалық тұрғыдан бақылау жүргізіледі. Бақылаулар мен жөндеулер нәтижесі журналға жазылады. Көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу кезеңінде әрбір қызметкер өз жұмыс орнында болуы керек: Шығыр тежегішінде – бұрғышы (№1 орын); бұрғышы көмекшісі автоматты кілтті басқарып, бұрап-ажырату жұмыстарымен №2 орында; және «верховой» №3 орындағы, ол свечаны ұстау-жіберу және көтеруді басқарады. Бұл уақытта бұрғылауға жақындауға тыйым салынады, әсіресе, свечаның бағыт бойындағы қозғаласы кезінде. Сонымен қатар бұрғылауда өзге адамдардың болуына қатаң тыйым салынады.