Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

15. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Ортаның химиялық құрамы.

Сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары. Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады.

Ортаның химиялық құрамы миграцияның ерекшеліктерін, жер қыртысы жағдайындағы химиялық элементтердің табиғи ерітінділерде және балқымаларда концентрациясын және шашырауын анықтайтын фактор болып келеді. Сонымен қатар миграция процесі кезіндегі элементердің тәртібі физикалық химияның заңдарымен реттеліп отырады, бұларды білмей тіпті қарапайым геохимиялық құбылыстарды зерттеу мүмкін емес.

Геохимиялық жүйеде миграция ерекшеліктерін анықтайтын өте маңызды фактор осы элементтер санының басқа да элементтер санының қатынасына тең болатын заттардың концентрациясы болады. Көбінесе концентрация еріген заттағы молекулалар санымен сипатталады, 1 литр ерітіндіде, немесе молекулалар санында еріген 1000 г еріткіш болады.

Сулы ерітіндінің қышқылдық дәрежесін анықтау үшін сутекті иондар концентрациясын минус таңбасымен алынған және рН шамасымен белгіленетін концентрацияның логарифмі түрінде көрсеткен ыңғайлы болады.

pH = - loqCH = -loq(10-7) = 7

pH = 7 - нейтралды ерітінділер;

pH от 1 до 7 – қышқыл ерітінділер (төмендеуімен қышқылдық артады);

pH от 7 до 14 – сілтілі ерітінделер ( неғұрлымкөп болса, соғұрлым ерітінді сілтілеу болады);

16. Химиялық элементтер миграциясының сыртқы факторлары. Сутекті иондардың концентрациясы.

Сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары. Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады.

Сутекті иондардың концентрациясы (ерітінділердің қышқылдығы немесе сілтілілігі – сутекті потенциал) рН – катиондар мен аниондардың меншікті белсенділігін, элементтер арасындағы химиялық реакциялардың бағытын және минералдардың табиғи қосындыларының жаралуын сипаттайды.Суда (Н2О) молекулалар мен бірге судың дисоциацияланғаниондары (Н+1) және (ОН)1-1 кездеседі, олардың концентрациялары Сн= Сон= 10-7.

Сулы ерітіндінің қышқылдық дәрежесін анықтау үшін сутекті иондар концентрациясын минус таңбасымен алынған және рН шамасымен белгіленетін концентрацияның логарифмі түрінде көрсеткен ыңғайлы болады.

Гипергенді, сонымен қатар топырақты процестердегі химиялық элементтердің миграциясы үшін рН үлкен мәнге ие болып келеді. Көптеген гипергенді және шөгінді минералдардың жаралуы рН нақты мөлшерімен байланысты.

Гипергенді процестердегі элементтердің миграциялық қабілеттілігінің маңызды сипаттамасы рН мөлшері болып келеді, осыдан ерітіндіден сол элементтің гидрототықтардың түсуі (құлауы) басталады. Бұл мөлшер сол элемент атомының қасиетіне (ион радиусы, валенттілік, поляризация, энергетикалық қасиеттері) және сыртқы ортаның жағдайына (ерітінді, концентрация температурасы, басқа иондардың құрамы және т.б.) байланысты болады

рН эксперименталды түрде анықталады. Табиғи геохимиялық процестерде ортаның қышқылдылығы мен сілтілігін ортаның минерал-индикаторладың көмегімен анықтауға болады.