Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

54. Пайдалы қазба кенорындарын биогеохимиялық іздеу әдістері.

Бұл әдіс тірі заттардың, яғни өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеуге негізделген. Қазіргі биогеохимиялық іздеулер заттың химиялық талдауымен байланысты.

Биогеохимиялық іздеу әдісінің қолданылуы егер ол туынды шашырау ореолдары бойынша жүргізілетін қарапайым литохимиялық іздеу әдісінен артықшылығымен ие боғанда тиімді болады. Биогеохимиялық іздеу әдісі келесі ландшафты-геохимиялық және климаттық белдемдерде жүргізген тиімді болады.

Қойылған міндеттерге байланысты биогеохимиялық зерттеулерді аймақтық (1: 200 000 – 1: 100 000), меншікті іздеу (1: 50 000 – 1: 25 000) және дәлдікті (1: 10 000 және одан жоғары) деп бөлуге болады.

Аймақтық зерттеу жұмыстары ауданның жалпы геохимиялық және биохимиялық сипаттамаларын анықтауға септігін тигізеді. Бұл жұмыстарды жүргізгенде кенорынның бөлігінің биогеохимиялық ореолдарын анықтауға мүмкіндік туады. Бұл этаптың негізгі міндеті келесі этаптардағы биогеоимиялық іздеу жұмыстарының эффективтілігін қамтамасыз ететін тәжірибелі-әдістемелік зерттеулерді жүргізу.

Меншікті іздеу жұмыстары жаңа пайдалы қазбалар кенорындарының биогеохимиялық ореолдарын және олардың орналасуының жалпы заңдылықтарын анықтауға алып келуі қажет.

Дәлдікті жұмыстар кенорындардың, жеке кенді белдемдер және денелердің биогеохимиялық ореолдарын анықтау және контурлау мақсатында жүргізіледі.

55. Биогеохимиялық іздеу кезіндегі сынамаларды алу және өңдеу жұмыстары.

Биогеохимиялық зерттеулерді жүргізу кезінде сынамаларды алу торы, профильдің бағыты және жұмыстардың масштабын ірілету реттілігі туынды ореолдар бойынша литохимиялық іздеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай болуы керек. Сынамалауда өсімдіктің бір түрі профиль бойынша кем дегенде 5 нүкте бойынша сынамаланады. Шөпті өсімдіктерді сынамалауда топырақтың бөлікшелері мен тамыр маңындағы жапырақтардан басқа сынамаға барлық жер бетіндегі бөлік толығымен алынады. Көп жылғы бұталар мен ағаштарды сынамалағанда сынамаға ағаштардың тек қана бір бөлігін ғана үнемі алған дұрыс болады. Сынамалардың салмағы негізінен тәжірибелік жұмыстарды жүргізгеннен кейін белгілі болады. Көбінесе 20 г-нан аспайды.

56. Пайдалы қазба кенорындарын атмохимиялық іздеу әдістері.

Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің атмохимиялық іздеу әдістері жерасты атмосфераның құрамын зерттеуге негізделген, яғни жер бетіне жақын орналасқан таужыныстарды қанықтыратын газдардың химиялық құрамын зерттеуге негізделген. Егер сынама алу 1-3 м тереңдікке дейін алынса, онда топырақ астындағы ауаны зерттеледі деуге болады. Қазіргі газды түсірулер тереңдігі 20-600м сынама алумен жүргізіледі. Сирек жер маңы атмосфераның газды құрамы зерттеледі, бұл вариантта атмохимиялық түсірулердің оперативтілігі өседі.

Жер атмосферасын негізінен үш газ құрайды – азот (78%-ке жақын), оттегі (≈21%) және аргон (≈1%). Ауыспалы сандармен атмосферада судың буы бар, СО2≈ 0,03%, ал басқа газдар 10-4 – 10-6 және одан да төмен болады. Төмен геохимиялық фон және газды фазадағы химиялық элементтердің жоғары қозғалмалылығы кез келген пайдалы қазбалар кенорындарының атмохимиялық шашырау ореолдарының жаралуына қолайлы жағдай жасайды.

Атмохимиялық іздеу әдісінің жаралуы өткен ғасырдың 30 жылдардың басына тән және В.А.Соколовтың атымен байланысты.