Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

12. Химиялық элементтер миграциясының ішкі факторлары. Химиялық қасиеттері және радиоактивтілік қасиеттері.

Ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты

Миграцияның негізгі ішкі факторлары ретінде атомның келесі қасиеттерін бөлуге болады: 1) гравитациялық; 2) байланыс қасиеті; 3) химиялық; 4) радиоактивті.

Химиялық қасиеттері. Табиғатта өте жоғары температура кезінде барлық қосындылар дисоциацияланған (дисоциация – атомдардың тарауы) күйде болады және осы жағдайда атомдар мен иондардың табиғатымен байланысты факторлар пайда болады. Ортаның температурасы төмендегенде миграция процесі кезінде молекулалар басты маңызға ие болады. Кейбір элементтердің миграция мінезі мен дәрежесі осы жағдайдағы қосындылардың миграциялық қасиетіне байланысты болады.

Элементтердің және олардың қосындыларының химиялық қасиеттері жер қыртысындағы таужыныстардың магмадан кейінгі эволюция сатысындағы элементтердің геохимиялық миграциясының басты факторы болып келеді.

Миграция процесіндегі элементтердің химиялық қасиеттерінің рөлі келесі негізгі қағидалармен сипатталады:

1.Миграция дәрежесі және жолы нақты жағдайдағы элементтердің негізгі қосындыларының тұрақтылығына байланысты болады. Яғни, кез-келген термодинамикалық және химиялық жайдайдағы элементтердің миграциясы оның негізгі қосындыларының тұрақтылығымен анықталады:

а) мысалы, магманың жоғары температурасы кезінде миграцияға қабілеттілігі сол элементтен туындайтын сол жағдайдағы қатты фазаға түсетін балқу және қайнаудың ең жоғарғы нүктесі бар қиын балқитын қосындылардың жаралу мүмкіндігіне байланысты болады;

б) сулы ерітінділер жағдайында көптеген элементтер қатарының миграциялық қабілеттілігінің төмендеуі олардың қосындыларының қиын ерігіштігімен сипатталады. Мысалы, қиын еритін фосфорқышқылды және күкірт қышқылды тұздардың жаралуымен;

в) гипергенез жағдайында мықты (стойкий) қосындыларға тотығу процесіне ұшырамайтындар жатады.

2. Элементтер қосындыларының жаралуы бірнеше мүмкіндік бар кезде бос энергиялармен анықталады. Т

А.Е.Ферсман миграция процесі үшін химиялық элементтер атомдарының ионизация потенциалының рөлін келесідей түсіндірді:

а) жақын ионизация потенциалы бар атомдар миграцияның сол қасиеттеріне ие болады (R, Na, Li, Rb, Si, Ge);

б) бірдей типті торлардан тұратын атомдар мен иондар миграциялық қасиеті бойынша бірдей болады.

3. Химиялық элементтер атомдары мен иондарының радиустарының бірдей болуы миграция жолының бірдей болуын сипаттайды. Өте үлкен немесе өте кіші радиусты атомдар мен иондар миграцияның және қайта бөлінудің жоғары қабілеттілігімен сипатталады. Мысалы, ион радиусы өте кіші және өте үлкен мөлшерде болатын элементтер жиналатын гранитті пегматиттер.

Радиактивті қасиеттері. Атомдардың радиоактивті қасиеті миграция процесі радиоактивті элементтердің таралуы кезіндегі және жаңа ядролардың басқа физика-химиялық қасиетттермен жаралуы кезінде сол элементтер санының үнемі өзгеруімен сипатталады.