Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

9.Химиялық элементтер миграциясының типтері.

Химиялық элементтердің миграциясы көптеген факторлар нәтижесінде туындайды, бірақ оларды екі топқа бөлуге болады: 1) ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты, 2) сыртқы – миграция жағдайының термодинамикалық шарттары.

Осы факторлардың әрбір жеке тобы геохимиялық миграцияның тек қана кейбір маңызды түрлерін түсіндіре алады. Бұл жағдай құбылысты толық түсінуге мүмкіндік бермейді. Толық түсіну үшін барлық факторлар тобын олардың қарама-қайшы әрекетінің (в их противоречивом взаимодействии) жағдайын қарастыру қажет.

Ішкі және сыртқы факторлардың қарама-қайшы әрекеттері геохимиялық процестің негізгі себебі элементтердің миграциясы ретінде В.И.Вернадскийдің, А.Е.Ферсманның, А.Н.Заварицкийдің эвалюциялық геохимиялық концепцияларына кіреді. Олар бұдан геохимиялық жүйелер эвалюциясының заңдарын диалектикалық негізін бөліп алған.

10. Химиялық элементтер миграциясының ішкі факторлары. Атомдардың гравитациялық қасиеті.

Ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты

Миграцияның негізгі ішкі факторлары ретінде атомның келесі қасиеттерін бөлуге болады: 1) гравитациялық; 2) байланыс қасиеті; 3) химиялық; 4) радиоактивті.

1) Атомдардың гравитациялық қасиеті оның массасының мөлшерімен байланысты және Жердегі және космостағы элементтердің дифференциациясы процесі кезінде өте маңызды болып келеді. Атомдардың гравитациялық қасиеттері ең үлкен рольге Жер жаралуының ерте сатыларында ие болған.

Барлық элементтердің миграция процесі біріншіден, бүкіл әлемдік тартылыс күшінің әсерімен жүзеге асады, сонымен қатар космостық денелердің ортасында ауыр атомдар жинақталады, бұзылған бөліктерінде жеңіл атомдар жинақталады. Атодардың гравитациялық қасиетіне меншікті салмақ және атомдық көлемдер жатады.

Бұрыннан белгілі, магмалық кристаллизацияның ерте минералдары дала шпатымен салыстырғанда үлкен меншікті салмақты хромит, оливин, пироксендер, гравитациялық күштің әсерінен магмалық ошақтың түбіне жиналып, таужыныстарды құрайды. Сонымен қатар, жер қыртысының континенттері өзінің астында жатқан таужыныстардан қарағанда біршама жеңіл таужыныстардан құралғаны бізге мәлім. Жердің орталық бөліктерінде ең көп тараған элементтердің ішінен темір мен никель бар деп сесептеледі.

11.Химиялық элементтер миграциясының ішкі факторлары. Байланыс қасиеттері.

Ішкі – химиялық элементтердің және оның қосындыларының атомдарының қасиеттерімен байланысты

Миграцияның негізгі ішкі факторлары ретінде атомның келесі қасиеттерін бөлуге болады: 1) гравитациялық; 2) байланыс қасиеті; 3) химиялық; 4) радиоактивті.

Байланыс қасиеттері (термикалық қасиеттер) - элементтің немесе қосындының атомдарды , иондарды немесе молекулаларды ажыратуға бағытталған күштерге қарсы тұруымен сипатталады. Бұл күштерге механикалық және жылулық күштер жатады (механикалық – бұл қашықтау (отрыв), жылулық – атомдарды қозғалмалы күйге алып келеді).

Атомдардың немесе қосындылардың бір агрегатты күйден екінші агрегатты күйге ауысуымен байланысты ажыратушы күштердің әсерінен байланыс қасиеттері қайнау температурасымен (ұшпалылықпен) және химиялық элементтердің және қосындылардың балқуымен анықталады.

Қайнау температурасымен байланысты элементтердің ұшпалылығы, осыдан олардың жоғары миграциялық қозғалысы мына реттілік бойынша төмендейді: ұшпалы газдар (He, Ar, N, O), қозғалмалы металлоидтар (F, Cl, Br, J, S), металлдар (Hg), сілтілі және сілтіліжерлі металлдар (Li, Rb, Cs, K, Na, Ca, Mg), жәй металлдар (Fe, Ni, Co, Cu) және қиын ұшпалы элементтер (Pt тобы, C, W, Na, Mo, Hf, B, Zr).

Жер қыртысында өтетін миграция процесі кезінде ұшпалылық қайна температурасы 600С аспайтын элементтердің геохимиялық тарихында маңызды рөлді атқарады. Қайнау температурасы 4000С төмен болатын элементтерде ұшпалылық геохимиялық процестердегі миграцияның негізгі факторы болып келеді.

Ұшпалылыққа ұқсас жер қыртысындағы магмалық балқымалар жағдайындағы химиялық элементтердің миграциясы үшін қосындылардың (қышқылдар, силикаттар және галоидты қосындылар ) балқу температурасы негізгі рөлді атқарады.

Қыртысішті магмалық температуралардың интервалы 700-13000С. Осы температуралық интервал жер қыртысы жағдайындағы элементтердің және оның қосындыларының термикалық қасиеттері туындайтын облыс ретінде қарастырылады.