Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

25. Іздеу критерийлері және іздеу белгілері.

Іздеу критерийлері – бұл берілген ауданда болған геологиялық және геохимиялық үрдістер бойынша элементтердің мүмкін болатын шоғырлануы (концентрация) және белгілі бір типтің кенорындары ауданында орналасуы туралы айтуға мүмкіндік беретін факторлар. Оларды әдетте геохимиялық іздеулер жүргізер алдындағы геологиялық түсірулер кезінде анықтайды.

Іздеу критерийлері барлық жерде кездесетін, бірақ нақтылығы төмен әмбебап және белгілі бір территорияға тән, әрі шынайы болып табылатын жергілікті болып табылады. Кенорындардың локализациясын анықтайтын көптеген факторлар әдетте алты негізгі топты біріктіреді: магмалық, құрылымдық, стратиграфиялық, литология-фациялық, геоморфологиялық және геохимиялық.

Іздеу белгілері деп п.қ. кенорнының ашылуына қатысты кез-келген деректер мен құбылыстардың белгілі бір жердегі анықталған орнын айтамыз. Іздеу белгілері тікелей және жанама болып екіге бөлінеде.

Тікелей іздеу белгілері: 1) п.қ ашылуы; 2) п.қ шашырау, таралу ореолдары; 3) адамзат тіршілігінің іздері.

Жанама іздеу белгілері: 1) кен маңайындағы жыныстардың өзгеруі; 2) геофизикалық аномалиялар; 3) геоморфологиялық белгілері.

26. Геохимиялық ландшафттар туралы түсінік.

Геохимиялық ландшафт – бұл өзара байланысты және өзара тәуелді табиғи факторлардың және процестердің кешендерімен шартталған, химиялық элементтер миграциясының ерекшеліктерімен өзгешелентін жер үстінің бөлігі.

Табиғи жағдайларда ландшафтар әртүрлі категориялармен көрсетілген: үлкен белдемдермен (тайга, дала, шөл дала), тектоникалық жарылымдармен және бедер мінезімен сипатталаған ірі облыстармен, жергілікті ареалдармен және т.б. Топырақтың әртүрлі генетикалық типтері және әртүрлері геохимиялық ландшафтарды өте жақсы көрсетеді, себебі топырақтың біртектілігі нақты бір өсінділердің құрамына, топырақ түзуші жыныстардың біртекті құрамына, нақты бір макро- және микроклиматқа сәйкес келуі керек.Топырақтарда және табиғи суларда белсенді миграцияланатын және сол облыстағы, аудандағы және бөлікшедегі ландшафтың өзіне тән ерекше белгісін анықтайтын элементтер типоморфты деп аталады.

27. Геохимиялық түсірулер. Мақсаты және міндеттері. ???

28. Рудалы кенорындардың алғашқы ореолдары.

Эндогенді, экзогенді (алғашқы-шөгінді) немесе метаморфогенді процестерде кенжаралу кезінде кенді денелермен бір уақытта жаралған, кен маңындағы (түпкі) жыныстардағы кенді немесе ілеспе (сопутствующие) элементтердің жоғары мөлшерлі белдемі алғашқы ореолдар деп аталады.

Кенді дене және оның алғашқы ореолы арасындағы шекара көбінесе геологиялық емес, тек қана уақытша, өнеркәсәптік кендерді баланстан тыс кендерден бөлетін экономикалық мәнге ие.

Алғашқы ореол металлдар мөлшері бар аз ғана дәрежеде жергілікті фондық мөлшерден асатын кен кіріктіруші жыныстар белдемін кіріктіреді, сонымен қатар шоғырдың пайдалы компоненті болмайтын кенденудегі серіктес-элементтердің аномалды мөлшерінің белдемін кіріктіреді.

Кенкіріктіруші жыныстардағы литохимиялық аномалияларды «алғашқы ореолдар» деп атауға тек қана кенді дене немесе кенорны маңында оның дамуы дәлелденген немесе болжанған жағдайда болады.

Кенді элементтің алғашқы ореолы төменгі аномалды мөлшердің шекарасында, алғашқы жақындағанда, кеңейтілген түрде кенденудің құрылымдық-тектоникалық, магмалық немесе литологты-стратиграфиялық бақылауына бағынатын кенді дененің контурын шығарады.

Кенді денемен бір уақытта жаралмаған кенді элементтердің аномалды мөлшерлері басқа процестердің нәтижесінде оның алғашқы ореолы деп аталмайды.