Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

23. Табиғи және техногенді геохимиялық аномалиялар.

Ноосфераның жаралуы кезінде химиялық элементтердің гипергенді миграциясы көбінесе антропогендік іс-әрекетімен анықталатын болды. Нәтижесінде бірқатар геохимиялық барьерлерде осы іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған аномалиялар құрылды. Бұндай аномалиялар техногендік деп аталды. Қазіргі кезде техногенді процестер үлкен масштабтарға жетті, табиғи және техногенді барьерлерде олардың әсерімен өнеркәсіптік концентрациядағы нақты элементтердің жиналулары болуы мүмкін. Техногендік аномалиялардың өлшемдері кең ауқымда (бірнеше км-ден 100 км-ге дейін) таралады. Техногенді аномалияларда элемнттер минералды, биогенді немесе изоморфты формаларда, ерітінділер және газды қосылыстар түрінде кездеседі.

Аномалияларды табиғи және техногенді түрлерге бөлудің негізгі критерияларына – аномалиялардың морфологиясы, олардың нақты таужыныстарға және геологиялық құрылымдарға туралануы, сонымен қатар осы аномалияларды туғызатын химиялық элементтердің ассоциациялары жатады.

Техногенді геохимиялық аномалияларға химиялық элементтердің өзіндік ассоциациялары тән болады. Олар негізінен ластану кезіндегі ғылым және техниканың даму деңгейімен анықталады. Бұндай аномалиялар – қорғасынмен, мырышпен, мыспен, молибденмен, никельмен, ванадиймен, кобальтпен, бариймен, марганецпен, титанмен, хроммен, темірмен көрсетілген, оларды тағы ластандырғыш заттар деп атайды. Техногенді аномалияларда жеке элементтермен жаралған контурлар жиі сәйкес келмейді. Әрбір элементтің техногенді аномалияларының контрастылығы әртүрлі болуы мүмкін.

24. Химиялық элементтердің ассосациясы туралы жалпы түсінік.

В.И.Вернадскийдің ережесінен шығатын, кез-келген табиғи нысанда барлық химиялық элементтер кездеседі, көп жағдайда жер қыртысының кейбір бөлікшелері түпкі таужыныстарда, топырақтарда, суларда, атмосферада бірқатар элементтер бірге жинақталады. Осы бірге жинақталуды «элементтер ассоциациясы» деп атайды. Мұндай бірге жинақталуларды ішкі және сыртқы факторлар мен сипатталған миграция шарттарының ортақтығымен түсіндіруге болады. Егер нақты бір элементтердің концентрациясына ішкі факторлар шешуші әсер етсе, жоғары мөлшерде орналасқан элементтер ассоциациясы әртүрлі ландшафты-геологиялық жағдайлардың кең диапазонында сақталады. Мысалы: жаралулары радиоактивті ыдыраумен байланысты тұрақты ассоциациялар – U, Pb, He, Th-Pb-He, K-Ar.

Егер ассоциациялардың жаралуына негізгі әсерді ішкі факторлар тигізсе, онда элементтердің бірге орналасуы нақты жағдайлардың кешенімен шектелген. Мысалы: Au-Cu-As-Pb-Zn-Fe – ассоциациясы тек қана алтын құрамды кендерге тән, бұлардың морылуы (при выветривании) кезінде жаңа ассоциациялар пайда болуы мүмкін - Au-As-Fe, Cu-As-Zn-Au-Fe және т.б.

Геохимиялық зерттеулерді жүргізген кезде әртүрлі таужыныстарды жинақтайтын (шөгінді, магмалық, метаморфтық), элементтерді құрайтын элементтер ассоциациясымен жиі кездесуге болады. Мысал ретінде пайдалы қазбалар кенорындарының түпкі таужыныстарында жоғары концентрациясында орналасқан элементтер ассоциациясы туралы мәліметтерді көрсетуге болады.