Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

41. Туынды шашырау ореолдарының жаралуының жалпы заңдылықтары.

Морылу және денудация құрлық үстінде типі және қалыңдығы бойынша әр түрлі борпылдақ түзілімдердің жаралуына әкеліп соғады, олар өз кезегінде бедердің төмендеген бөлікшелерінде түпкі таужыныстарды жабындайтын астына төселген таужыныстар есебінен және де морылудың араласқан өнімдері есебінен дамиды. Рудалы кенорындарды олардың туынды шашырау ореолдары арқылы литохимиялық іздеудің тиімділігі борпылдақ таужыныстардың генезисіне және олардың субстрат таужыныстармен қарым-қатынасына байланысты болады.

Тегістелген бедер жағдайында және морылудың алғашқы сатысында түпкі таужыныстардың морылуы нәтижесінде пайда болған және өзінің жаралған орнында қалған өнімдер - элювий құралады. Өзінің құрамы бойынша элювий түпкі таужыныстардың құрамын енгізеді және химиялық морылу, биогендік процестер енгізетін өзгерулер және кенденулерді көрсетеді. Делювий деп баурайлардың бөктерін жабындаған және атмосфералық жауын-шашынның және ауырлық күшінің әсерінен орын ауыстырған түпкі таужыныстардың морылу өнімдерін құрайтын кез-келген петрографиялық құрамды борпылдақ жаңа түзілімдерді айтады. Делювий, беткейдің негізінде жаппай жамылғы құастыра отырып, суайрыққа дейін жетеді, бұл жерде өзінің құрамына жақын элювиймен қосылады. Нәтижесінде борпылдақ түзілімдер әлсіз толқынды элювиальді-делювиальді жамылғыны құрастыра отырып, барлық өңірді жабындайды.

42. Литохимиялық шашырау ағындары. Классификациясы және қысқаша анықтамасы.

Құрлықты құрайтын жер қыртысының бір бөлігі, Жердің геологиялық тарыхының барлық периодтарында пайдалы қазбалар кенорындарының гипергенді шашырау алаңдарын құрастырып, өзара байланысқан морылу және денудация процестерінің дамуының аренасы болған. Бұл процестер іздеу практикасына маңызды кенорындардың туынды литохимиялық ореолдарының және шашырау ағындарының дамуын анықтайды. Денудациялық процестердің масштабы (шөгінді жиналу белдеміне морылу өнімдерінің тасымалдануы) геологияның, физикалық географияның және гидрологияның көптеген мәліметтерімен сипатталады.

Шашырау ағындарының негізгі морфологиялық ерекшелігіне олардың ұзындығы (линейность) жатады, яғни ұзындығы енінен көп болады және ағынның қалыңдығы үлкен болады. Кенорындарды іздеу кезіндегі қолданылатын көптеген шашырау ағындары құрлықтағы сулы ағыспен байланысты. Шартты түрде оларды механикалық, тұзды және араласқан деп бөлуге болады.

Механикалық шашырау ағындары сирек кездеседі, және олар тұзды ағындармен бірге жүреді. Бірақ, іздеу кезінде оның тек механикалық құрамын қарауға тұра келеді. Бұл шлихті іздеу кезінде қолданылады.

Тұзды шашырау ағындары элемент-индикаторлардың ерігіш қосындыларының борпылдақ түзілімдерде миграциялануы және түзілуі есебінен жаралады. Тұзды ағындардың жаралуы кезінде үлкен мәнге сорбция құбылысы ие болады. Механикалық құраушысы басым болатын араласқан механикалық және тұзды ағындар ең үлкен таралуға ие болды.

42. Литохимиялық шашырау ореолдары. Классификациясы және қысқаша анықтамасы.

Морылу және денудация құрлық үстінде типі және қалыңдығы бойынша әр түрлі борпылдақ түзілімдердің жаралуына әкеліп соғады, олар өз кезегінде бедердің төмендеген бөлікшелерінде түпкі таужыныстарды жабындайтын астына төселген таужыныстар есебінен және де морылудың араласқан өнімдері есебінен дамиды. Рудалы кенорындарды олардың туынды шашырау ореолдары арқылы литохимиялық іздеудің тиімділігі борпылдақ таужыныстардың генезисіне және олардың субстрат таужыныстармен қарым-қатынасына байланысты болады.

Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының классификациясы.

Туынды литохимиялық шашырау ореолдарының келесі жеті негізгі типтері бөлінеді.

Бірінші тип. Кенорындардың ашық қалдықты шашырау ореолдары үлкен іздеу мәніне ие болады. Осы типтің ореолдары барлық активті денудацияланатын аудандарда, жоғарғы құрылымдық этаждарда жататын кез-келген генетикалық типті кенорындарды құрастырады. Осындай жағдайда кен кіріктіруші таужыныстардың үстінде тек қана өздерінің элювий-делювийлі морылуының өнімдері дамыған.

Екінші тип. Ашық салынған диффузиялық шашырау ореолдары шектеулі қалыңдықты аллохтонды түзілімдердің жабындалған жазықтықты аудандарға, негізінен қоңыржай ылғалды және аридті белдемдерге тән. Бұл ореолдарда кенді элементтердің тұзды шашырау процестері күрт көп болады, жеке жағдайларда тұрақты кенді минералдардың салынған механикалық шашырау ореолдары байқалады.

Үшінші тип. Кенүсті және үзілген салынған шашырау ореолдарының жаралуы келесі жағдайларда болады, егер тұзды шашыраулар кенді элементтер миграциясының біркелкі процесінің қарама-қарсы тенденциясымен, яғни олардың гипергенді аккумуляциясымен қиюласса.

Төртінші тип. Жұлынған аккумулятивті ореолдар жоғарыда сипатталған кенүсті ореолдарына жақын болады, олардан аллохтонды түзілімдердің жоқ кезіндегі жаралуымен және кенді денелерден қазіргі ағынға қарай анық ығысуымен ерекшеленеді.

Бесінші тип. Шаймаланған (выщелоченные) және мүмкіндігінше анық жұтаңданған ореолдар элювий-делювийде жаралады және қалдықты ореолдар класына жатады. Олар өзара ұқсас болып келед, бірақ олардың жабық ореолдарға айналу себептері әр түрлі болады. Жабық шаймаланған қалдықты ореолдардың жаралуы, жоғарыда айтылғандай, гумидті белдемді аудандарда баяу денудациядағы активті сулы мигрантты элементтерге (J, B, F, Cl) тән болады.

Алтыншы тип. Көмбеленген (погребенные) қалдықты шашырау ореолдары қазіргі элювий-делювийлі ореолдардың аналогы болып келеді, олардан палеогеографиялық жағдайда жаралуымен ерекшеленеді. Бұл типтің ореолдары ұзақ континентальды дамуды өткізген кенді аудандарға тән болады, бұл аудандардағы қатпарлы іргетастардың тегістелген бетінде көне морылу қыртысы сақталады.

Жетінші тип. Көмбеленген салынған шашырау ореолдары, өз кезегінде, қазіргі ашық салынған ореолдардың (тип III) палеогеографиялық аналогі болып келеді, олар кеш шөгінділермен қайта жабылған болатын.