Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геохимия шпор.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

37. Шашыранды кенорындардың ореолдары.

Шашыранды кенорындар және олардың алғашқы ореолдарынының жаралуы негізінен минералдық формадағы элементтердің миграциялануы механикалық бөгеттердегі жалғасымды диференциациямен және олардың шөгінделуімен байланысты болады. Кенденсі мен ореолдағы металдың өзгешеленуі олардың шайымалы таужыныстардығы концентрациясына байланысты анықталады. Байытылған немесе жұтан шашылымды бөлікшелердің байқалуы жергілікті бірқатар құбылыстармен түсіндіріледі. Мысалы: арналардың тоғысуының, беткей еңістігінің өзгеруінің және т.б. Шашыранды кенорындарындағы алғашқы ореолдардың пішіні мен өлшемі, сондай-ақ кенденесі және ондағы металл мөлшерінің тұрақтылық формасының денгейіменде байланысты болады. Жалпы мынаны ескеру қажет, шаршыранды ореолдардағы минералдардың көптеген ассоциациясы нақты бір аудан үшін ғана іздеу белгілері болып табылады.

38. Инфильтрациялық кенорындардың ореолдары.

Сутасқындарымен тасылатын заттарының геохимиялық бөгеттерде жинақталуы нәтижесінде, уран, мыс, вольфрам және темір кенорындары қалыптасады. Аталғандардың ішінде құмтастарда, конгломераттарда, көмірде, аргелиттерде орналасқан уран кені айтарлықтай маңызға ие. Уранның шөгінделуі және оның біртіндеп шоғыр түзуі негізінен қышқылдану жағдайынан бірден оның миграциялану қасиетін өзгертетін, қайта қалпына келуімен жүзеге асады. Осы типті кенорындарды В.Н. Котлярдың зерттеуі бойынша кенденесінен уранның бөліну кезіндегі оның мөлшерінің біртіндеп төмендеуі тік бағытта байқалады.

39. Шөгінді кенорындардың ореолдары.

Қарастырып отырған осы типті ореолдар кенорындардың қалыптасуымен, сондай-ақ кен сиыстырушы таужыныстармен бір уақытта жаралады. Ол ұзақ уақыт бойы сулы орта мен жинақталған шөгінділер шекарасында жүзеге асады. Шөгінді кенорындарының қалыптасуының ерекшелігі негізінен ореолдардың сиыстырушы горизонтпен ұштасуын көрсетеді. Ореолдың элементтік және минералдық құрамы кенорының жалпы құрамын айшықтайды, ал тікелей индекатор-элементтері әдетте пайдалы қазба денесінің қалыптастыратын минералдық түрде болады. Жалпы мұндай ореолдармен фосфоритті, марганецті және т.б. кенорындарды анықтауға мүмкіндік береді.

40. Стратиформдық кенорындардың ореолдары.

Стратиформдық кенорындардың негізгі белгілеріне кенорындар тобының белгілі бір қатқабатқа, кенді денелердің қабат тәрізді пішіні, магмалық жаралымдармен генетикалық байланысының болмауы, кендердің сеппелі, желішекті-сеппелі, жолақты және сирек массивті (шомбал) бітімді қарапайым минералдық құрамды болуы жатады. Стратиформдық кенорындардың кендері карбонатты, карбонатты-терригенді және терригенді жыныстарда локализацияланған болуы мүмкін. У. А. Асаналиевтің есептері бойынша стратиформдық кенорындардың кендері үлесіне әлемде өндірілетін қорғасын (Pb) мен мырыштың (Zn) 60% және мыстың (Cu) 30%-дан астамы тиеді. W, Mo, Hg, Au және басқа да металдардың стратиформдық кенорындарының рөлі артуда. Дегенмен геохимиялық ерекшеліктері бойынша бұл кенорындар басқа барлық генетикалық типтерден мардымды ерекшеленеді. Осы арқылы оларды іздеу әдістемесіне аса маңызды түзетулер енгізіледі.