Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать
☆

Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.

Жасөспірімдік уақыт (11-15) биологиялық жыныстың жетілу кезеңі ғана емес, ағзаның өзге де бөліктерінің жетілу кезеңі болып табылады. Қоғамдық көзқараспен алғанда бұл алғашқы жетілу фазасының жалғасы болып келеді. Әдетте бұл жастағы жасөспірімдердің мектеп оқушылары болып келеді. Ал оқушының санасының орта буын оқушысының санасынан айырмашылығы аз. Бұл кезең аса күрделі кезең, сондықтан да келіспеушіліктер мен төбелес, жаңа ашулардың болуы заңды да. Жасөспірімдік (14-18жас) балалық пен ересектік арасындағы «үшінші әлем» іспетті. Биологиялық тұрғыдан бұл физикалық жетілудің соңғы кезеңі. Қоғамдағы қарым-қатынас пен өзіндік бағалануы оның психикалық ерекшеліктерінің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Өзіндік орнын айқындау мен өзіндік пікір қалыптастыру, ересектерден бөліну деген сөз емес қайта сол ересектер өз орнын табу болып табылады. Моральді – құқықтық нормалардың негізін ұғыну 14-16 жаста аяқталады. Бұл 14 жастан құқықтық жауапкершілік болуы керек, ал 16 жастан толық құқықтық жауапкершілік болуы керек деп заң заң шығарушы орган арқылы бекітілген. «Психикасы күрделі жасөспірімнің» қалыптасуы негізгі үш орта негізінде қалыптасады: отбасы, мектеп, өнеркәсіп. Басқа жағынан алғанда жасөспірімнің қалыптасуына көшенің оны қоршаған бұзық балалардың да көп әсері бар. «Тәрбиелеуге көнбеу» дегенде ең бірінші мұғалім, тәрбиеші ырқына көнбеуді түсінеміз. Ата-анасы мен ересектермен, мұғалімдермен келіспеушілік көбінесе жасөспірімдік шақта байқалады және адамның тек қана ағзасының емес, бүкіл ортамен қарым-қатынасының өзгеруімен түсіндіріледі. Ересектердің сынынан құтылу мақсатымен өзіне берілген кез келген бағаны теріс қабылдайды. Бұл жастың тағы бір қауіптілігі, жасөспірімнің өз тұрғыластарымен қарым-қатынасын өзгертуінде болып табылады. Бұл кезде ол өзін осы ортада неғұрлым тұлға ретінде қалыптастыруға тырысып бағады.

Осы жаста әрбір жасөспірімнің тұлғалық қасиеттері толықтай қалыптасатынын атап көрсету керек. Мұндай қалыптасу көбінесе өзі секілді жасөспірімдердің ортасында болғанда ғана тұрақтанады. Жасөспірімнің қалыптасуы мен араласу ортасы аса қалыпты және жақсы болуы керек. Егер мұндай жағдай тумай жатса, онда жасөспірімдердің қалыптасуы көше жағдайында жүзеге асады және болашақта қылмыскер болуына әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамға үйренісуін әртүрлі жүйке аурулары мен ауытқулар күрделендіріп жіберу мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда жай ғана мұғалімдер емес, психиатрлар, невропотологтар мен психотерапевтердің көмегімен баланың ата-анасын мен мұғалімдермен жеке сұхбаттар жүргізу керек. К.Роджерстің пікірі бойынша әрбір адамның өзіндік ішкі ұмтылыстары болады. Ең алғаш құндылықтар бала ағазының ішінде болады, ал өсе келе күрт өзгеріп кетеді. К.Роджерс ұсынған тұлғаның өзін-өзі белсендендіру критерийлері:

1. Шындықты батыл қабылдау және оған өзін-өзі дайындау қабілеті

2. Өзін немесе өзгелерді қандай болмасын сол қалпында қабылдау

3. Ойы мен сезімінің жылдам болуы

4. Шынайылық сезімінің болуы

5. Қоршаған ортаның адамдарымен мейлі барлығымен болмасада , достық қарым-қатынаста болуы

6. Өмірге ашық көзқарасымен қарау және дүниені өз көзқарасымен бағалай алу

Көп жағдайда адамның биологиялық ерекшелігі есепке алынбай жасаған қылмысына байланысты жаза қолдана салады, ал шын мәнінде оған медициналық көмек қана қажет. Дегенмен кей жағдайда дәрігердің көмегі жүйке ауруына шалдыққан науқасқа көмектесе алмауы мүмкін. Ең бірінші кезекте, әрине отбасындағы жағдаймен мектептегі қарым-қатынасы, қан арқылы берілетін алкогольді ішімдіктерге әуестіктің балалардың интеллектуалды және психофизиологиялық дамуына кедергі келтіруі жатады.

Жүйке жүйесіндегі аурулары жасөспірімдермен қатар ақыл-есі кем балалардың кірігуі де үлкен мәселе болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей олигофрендер қылмыс жасауға құлықсыз болып келеді. Сөйтсе де өздерінің ақыл-есі кемдіктерін алқа көргендей мұндай жасөспірімдер өздерінен әлдеқайда үлкен және күшті, қарулы қылмыскерлердің қолындағы ойыншық болып қалуы мүмкін. Бұл мәселелерді олигофрендердің жұмыстарымен айналысатын органдар қызметінде есепке алмасқа болмайды. «Күрделі психикалық» жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы отбасылық жағдайдан көрінеді. Ата-анасының ұрыс-төбелестері, кішкене кезіндегі жеген таяқтары оның өзін-өз тежеу үшін жоғалтып, ашулануына әкеліп соғады. Ал шамадан тыс еркелету, өмірге дұрыс даярламау баланың болашаққа өмір кедергілерін өз бетімен жеңуіне кедергі келтіреді. Жасөспірімдерің кедергілік жағдайларға тап болуы көп жағдайда оның өзін-өзі дұрыс бағаламауынан туады. Өзін-өзі жоғары бағалайтын жасөспірімдердің қателігі - өзін-өзі сынау деңгейінің төмен болуы. Ал зерттеушілердің айтуынша, бағалаулары төмен балалардың дұрыс деңгейде дамымауының бірден-бір себебі – сынау деңгейінің тым жоғары болуы. Көптеген жас заң бұзушылар қылмысты топ болып жасайды, өйткені олардың біреуіне жасалатын қылмыс аса ауыр соғады, әрі топта болғанда көп балалар батылданып, тіпті шамадан тыс бұзықтанып кетуі мүмкін. Айта кететін жайт, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың жаңа түрлері көбейіп жатыр, ал бұрынғы уақытта бұл істер оларға ауыр боп, тек ересектерге тән болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]