- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
Суицидті мінез құлық мәселесінің факторларына ден қойған алғашқы еңбектерідің бірі Э.Дюркгеймнің «Самоубийство» атты зерттеуін айтуға болады. Автор адамдар арасындағы қатынастардың табиғатына мән бере отрып, аутодектруктивті әрекеттер арқылы өз өзіне қол жұмсаудың себептерін ашып көрсетеді.
Жалпы, суицидті мінез құлықтың мынадай түрлері бар:
эгоистік;
альтруистік;
анемистік;
фаталистік.
Суицидті мінез құлықты анықтау, оның алдын алу үшін мінез бітістерін тәрбиелеудің маңызы зор болып саналады. Адамның мінезін, оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір-бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке дара қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан да, адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп, оның басқа қасиеттерінің қандай екендігін айтуға болады.
Адамның дамуындағы негізгі қозғаушы күш-ол қажеттілік. Бірақ адамның қажеттілігі оның жалпы мәдениетіне, оның жан-жақты білім жүйесіне байланысты ауысып отырады.
Дербестік-өзінің іс-әрекетіне тәртібіне жауапкершілік сезімімен, сыншылдық ынта кездерінде көрінетін тұлғаның генералистік қасиет деп қарастыруға болады. Тұлғаның дербестігі ой, сезімнің белсенді жұмысымен қатысты. Бұл қатынастың екі жақты мінезі бар:І жағынан-ойлардың эмоционалды дамуы тұлғаның дербес іс-әрекетін әсер етсе;
ІІ жағынан- дербес іс-әрекет процесінде қалыптасқан ойлар мен әрекеттер, саналы түрде шешімдер қабылдау қиындықтарда қарамастан табысқа жетуі.
Қабілет құрылымында ең бастысы орындалатын әрекетке тұлғаның шығармашылық қатынасы, өзі таңдаған ортада оқып, еңбек етуге психологиялық дайындығы.
Мінез-адамдардың жүріс-тұрысы мен әрекеттерін анықтайтын тұрақты индивидуалды–психологиялық модификациялардан құрылған жүйе. Мінездің қоғамдық маңызды жақтары басқа адамдармен өндірістік қарым-қатынас процесінде дұрыс өзара қатынас орнатуға, өмірлік қиын сұрақтарды шешуде өзін-өзі бақылау мен ұстамдылық танытуда, қоғамда және ұжымда өз әрекетіне жауап беруге көмектеседі. Мінез-тұлғаның даму өкілі және оның тұтас құрылым ретінде қалыптасуының бірден-бір шарты болып табылады.
Мінездің даралық өзгешеліктерінің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихи бейнеленеді. Мінез-кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып тұрады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы–оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлқы тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Коллективизм, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пенн адалдық–мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді.
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума қасиеттері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндіреді. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: «...адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда , үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болғандықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Типтік мінездерден ір адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отыр. Мәселен, қарама-қарсы қайшылықтары бар қоғамда (құлдық., феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, нашар мінез болып екіге бөлінеді.
Күшті мінезге-мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдыамдылық, тәртіптілік, жинақтылық, ерлік т.б.
Әлсіз мінезге-иланғыштық,қыңырлық,стамсыздық,жүгенсіздік т. б.кіреді. Сондай-ақ ауыр, жеңілтек, мінсіз,сотқар,тентек,бейбастық, итмінез т.б.түрлерге бөлінеді.
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: отан сүйгіштік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борыш және жауапкершілік, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық,т.б. жатқызуға болады.
Отан сүйгіштік-кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірбиесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір- жуып-кіндік кезкен жеріне білдіретін перзенттік борышы, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаз дауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң- отан қымбат... туып өскен елің қымбат, кінлік кескен жерің қымбат» деп келетін аталы сөздерін де қалай еске алмассың!
«...Біздің басты мақсатымыз-Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» (Н.Назарбаев). Өз қарулы күшіміздің болуы оның алдыңғы санында ер азаматтардың әсіресе қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен топтасуы-ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық, ата мекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны да, имандылық пен кісіліктің белгісі, басты өлшемі осы екендігі де хақ.
Мақсаткерлік- бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алайсыз бағыштаушы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатына ауытқу, бос белбеулікке салыну-ар-намыс пен ожданға симайтын қасиет. Мақсаткерлік- тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда шығармашылық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады. Мақсаткерлік асыл арман; зор үмітпен тығыз байланысты арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өміс сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан»,-дейді батыр ағамыз Б.Момышұлы.
Борыш пен жауапкершілік –бұл адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну және орындау - ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Мейірімділік пен ізгілік- Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. «Мейірімділік,-деп жазады К.Бови, - мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Адам кішкентайынан басқаларды өзіңмен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзің білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне, талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз күресіп отыратын ерекше қасиеттің бір түрі.
Адалдық пен шыншылдық- бір бірін толықтырып отыратын жақсы мінез бітістері. Адалдық- сөздің танымы мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық - адамдық азаматтық борышына, қалқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу – еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты, принцпті болу деген сөз.Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылы, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.
Еңбек сүйгіштік- тұлғалық интеграция мен психикалық қасиеттердің позитивті генерализациясының жоғарғы деңгейі болып табылады. Еңбек сүйгіштік сезімін дамытуда тұлғаның мына қасиеттері үлкен орын алады: мақматтылық, ұйымдастырушылық, тәртіпшілдік, тұрақтылық, бағыттылық және т.б.Әсіресе көздеген іс тұлғаны қызықтырмаса, бірақ қоғамдық жағынан өте қажетті болса , онда ерік-жігер өте қажет.
Гуманизм - адамның басқаларға деген саналы қатынасының жоғарғы деңгейінен көрініс береді. Гуманизм тұлғаның қасиеті сияқты өте күрделі құрылымға ие. Оған өмірлік білім, моральді-саяси сезім, басқа адамдарға, олардың өмірі мен әрекетіне деген позитивті қатынас, адамды сүйгіштік және жандүниенің жылулығы сияқты сезімдерді жатқызуға болады.
Ұжымдастыру - тұлға қасиеті ретінде адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Қоғам мен ұжымның дамуы барысындағы жеке жауапкешілік, қоғам мүддесіне бағытталған іс-әрекеттер үшін мазасыздану, сол кездегі тұлғаның саналылығы мен бағыттылығынан көрініс береді. Ұжымдастырудың құрылымында тұлғаның қоғамық қызығушылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынасқа деген талпынысы, бірігіп ортақ қызмет атқаруға, басқалардың қызығушылықтарымен санасу үлкен рөл атқарады.
Оптимизм -тұлғканың күрделі құрылымды қасиеттері ретінде барлық психикалық процестердің (қасиет, қатынас және әрекеттің диалектикалық бірлігі) пропорционалды дамуынан көрініс береді. Оптимизм адамды өмірлік шындықпен, басқа адамдарға, олардың күштері мен мүмкіндіктеріне сену, әрекет субьктісі ретінде өзінің күші мен мүмкіншіліктеріне және қоғам дамуына деген белсенді сенімділікпен, нақтылықпен қамтамасыз етеді.
Достық- бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт санынан өткен сайын адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән жоғарғы сезім. Оның маңызды белгісі-өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері оның өмір сүретін ортасына, қоғамдық қатынастардың (экономикалық, идеологиялық) тікелей әсер етуімен қалыптасып отырады. Тұлғаның психикалық тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады.
