- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
Тұлға дамитын құлықтың түрлер шарттарының ортамен әлеуметтік байланысы ерекшелігімен, типтік конфліктік жағдай қатынасы мен мінезіндегі айырмашылығымен түсіндіріледі..
Невроздар - бұл психотравмалық факторлар әсерінен болатын, психикалық қызметін жай ғана бұзылуымен сипатталатын психикалық аурулардың шектеулі тобы.
Психопатия - бұл я болмаса адам, немесе қоғам жапа шегетін мінез аномалиясы. Бұл туа біткен немесе жас шағында пайда болған мінез аномалиясы, ол әлеуметтік бейімделуді бұзып, тұлғаның дисгармониялық құрылуына алып келеді.Невроздан психопатияның айырмашылығы, мінездің патологиялық қасиеттері адамның барлық психикалық жағын анықтайды, және оның өмірінің соңына дейін бақыланады. Патология деңгейіне жетпейтін және күнделікті өмірде бейімделуге мүмкіндігі бар жай ғана мінез ауытқуына акцентуациялық сипттағы аурулар жатады.
Психопатизация берік тұлғалық қасиет, және ол тұлғаның барлық сферасында көрінеді.
Невротизацияны вариативті тұлғалық айнымалы ретінде қарауға болады, ол адамның динамикалық түрде өзгеретін ерекшелігін айқындайды.
Невротизация психикалық жағдайдың үш класының әсері арқылы құрылады:
тұлғаның эмоционалдық- мотивациялық ерекшелігі;
психосоматикалық симптоматика;
адамның жай-күйі, халі, толқуларының негізгі ырғағы:
Адам психикасы өте жаралы, ал өмір ағымындағы психикаға ықпал ететін теріс әсерлер өте көп, ол отбасы қатынасындағы жай ғана ұсақ реніш және өкпеден бастап, адам өміріндегі трагедия және күшті ауыртпалықтармен аяқталады.
Жан тыныштығын тепе-теңдікте ұстау – адам өмірінің мөлшері және оның жұмысының жеткілікті түрде өнімді болуы. Әлемдегі тез өзгеріске түсетін ақпараттарға ыңғайлану үшін, жан күшінің жеткілікті резерві болуы қажет. Бірақ әрбір адам- өз жан күшінің қоры бар, өзі бейімделуге мүмкіншілігі, мінез ерекшелігі бар индивид.
Бір адамдар көптеген стресстік жағдайларға берік, « соққыны жақсы қағып тастайтындар» , олар кез-келген ситуациядан жол тауып шыға алады, сондықтан сыртқы кері жағдайлар оның жан тұрақтылығына айқын әсер ете алмайды. Ал басқа адамдардың мінез қасиеттері мүлдем басқа, оларға жай ғана психикалық ауыртпалықтың түсуі оның психикасына әсер етіп және психикалық бұзылуға алып келеді. Невротикалық және психопатиялық тенденция базасына невроз немесе психопатия дамуы мүмкін.
Невротикалық тенденцияға эмоционалды қозбалық, негативті толқулар, қауіптілік, қысым тән. Бұл мінез қасиеттері цикломатикалық, экзальтирленген, қауіпті және акцентуациялық сипаттағы дистимитикалық типтерге сәйкес келеді.
Жоғары психоптизация, өз кезегінде, жеңілтектік адамдарға суық қатынас, керітартпа мінезбен сипатталады. Мұндай адамдар жалпы қабылданған нормалардан шекке оңай шығады, конфликті ситуацияларда теңдесі жоқ. Бұл гипертиметикалық, қозбалы және демонстративті мінез қасиеттеріне үйлесімді.Статистикаға сәйкес, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жалпы массасын 90% ер жынысты, 9% әйел жыныс құрайды.
Мекен-жайы бойынша қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жастарды зерттегенде олардың 75% қалада, ал 25% ауыл тұрғындарынан көрсеткен. Көрсетілген айырмашылықтар әлеуметтік-экономикалық шарттарға, сонымен қатар мен салттарға тәуелді.
Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстанға әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлық –бұл «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық қызығушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс қоғамдық белгілері мен қоғамға қәуіпті әрекеттер жасауы». Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса- қылмыс деп атайды.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В.Лодкина, А.В.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен.Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Сайф Сараи шығармаларында, А.Құнанбаев т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақорлық ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. 2002 жылы Республика бойынша 135151 қылмыс жасалынса, оның 6563-ін жасағандар мектеп, гимназия және лицей оқушылары болып отыр. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал.Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі-түсті бейресми журналдар т.б.) көргендерінің барлығын тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолог Э.Дюркгеймнің сөзімен айтқанда, «тобырлық тұрпайылыққа» айналдыруда.
