Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать
☆

Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.

Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынандай тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.

Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының себептері:

1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.

2. Мінез-құлықтың моралдық этникалық факторы қоғамның моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық қайырымшылдық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі.

3. Мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.

Республиканың тәрбиелейтін колониялардың іс-әрекетінде кәмелетке толмаған құқық бұзушының іс-әрекетін психофизикалық қасиеттердің әсер ету мәселелері шешілмеген, әсересе тұлғаның анти қоғамдық іс-әрекетіндегі әлеуметтік және биологиялық құрылымындағы қатынастық мәселесі қарастырылмаған. В.Г. Пидминистің айтуы бойынша «біздің бірнеше психологтарымыз, оқытушыларымыз және заңгерлеріміз адамның ерекшеліктерін көптеген күрделі түрлерін түсінуге мүлдем жеңіл қарайды, оларды тек қана әлеуметтік көзқарас жағынан ғана талқылайды», ал әдетте құқық бұзушының жеке құқығын әсіресе оның сипаттамалық ерекшелігін бағаламауға әкеп соғады.

Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың биологиялық ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және мінездің басқа аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның болуын жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді ескермеуге болмайды.

Психология, сот психиатриясы және криминологияда кез-келген жағдайларда нақтылыққа ауысу кезіндегі анти қоғамдық іс-әрекеттердің мүмкіндігін туғызатын, әлеуметтік аталған қасиеттерге кәмелетке толмаған қылмыскерлер ие болатын тұжырым айтылған. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, күрделі және көптеген негізделген кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлға ретіндегі қасиеттерінің маңызды сипаты бар, ол жүріс-тұрысында қоғамға деген қатынаста, әдетте ұжымға, ата-аналарына, еңбекте және оқуда байқалады.

Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар байланыстарын жүйке ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақта кәмелетке толмаған құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз, өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты.

В.Г.Логиканың мысалы бойынша «типология тұлғаның негізделген әлеуметтік қасиеттерінде негізделуі қажет, сондықтан, еркін және адамның эмоционалдық қасиеттерінің темпераменті негізінде қылмыскердің тұлғалар типінің классификациясын құрудың жеке зерттеулердің мүмкіндіктерін дұрыс деп есептеуге болмайды». Сондықтан, біздің жұмысымызда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің психологиялық параметрлерін ескермейміз, бірақта психология мен психотерапияның жанасуының басты нүктелері – солардың мінезінің қатысты құлықтарын аламыз. Бірақта Леонгард ұсынған бағытта негізгі қызығушылығы, «норма» мен психологияның байқалған түрлерінің арасында «анамальдік тұлғалардың» аралық буыны қосылады, яғни, нормадан байқалатын паталогияға өту мүмкіндігі шектеледі. О.В.Кербиков, Р.К.Ушаков, Г.В.Морозов, В.В.Ковалев және басқа да зерттеулер де тұлғаның түрлену патологиясының саласындағы зерттеушілердің ойынша патомінездік реакциялардың пайда болуы көптеген жағдайда патомінездік дамудың бастапқы стадиясының дамуын болдырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]