Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать
☆

Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.

Өте жоғары импульсивтілік адамның аффектілі жай-күйі, ішкі жоғары толқу, сананың бұзылып басқаруға келмейтіндігі кезінде байқалады. Мұндай кезде адамның миының барлық зоналары тежеліп қалады, тек гипердоминантты айналасы ғана қызмет етіп тұрады. Ми қабатының аумақты көлемі тежелгендіктен, жылдам, белсенді, импульсивті, өзін-өзі қорғау және агрессивті істер жасалынады. Аффект кезінде мақсаттар мен мотивтер болмайды. Аффектордан шығуға бел буады. Аффект бір критикалық ситуациядан әлеуметтік бейімделу әдісімен тұлғаның шыға алмауы. Аффектілік жай-күй барлық гипердоминатты психикалық процестерді тежейді және индивидті «қауіпті» мінез-құлық стреотипіне алып келеді. Ол яғни, өзінен-өзі қашу, агрессия, айқайлау, жылау, айқай-шулы іс-қимыл, ағзаның функционалды-физиологиялық жай-күйінің өзгеріске ұшырау жатады. Аффектілі жай-күй кезінде іс-қимылдың, қызметтің басты механизмі бұзылады- адамның әдеттегі мінез-құлқы бұзылады. Адамның өмірлік позициялары өзгереді, жағдайлар арасындағы байланысты орнату бұзылады, адам санасында басқа бір ой басым болады, адам санасы жіңішкеріп тартыла бастайды, гипердоминатты зонамен байланысты ми қабаты зоналары тежеуге ұшырайды.Сонымен бірге қылмыстық ой да тез арада, кездейсоқ болады, ал қылмыстың іс жәбірленушіге қарсы істің артынша болады.Қатты ішкі күйдің толқуы кезінде істеген іс нақты емес, мақсаттар құрылмаған, ал іс-қимыл жалпы бағытқа ие болады. Аффектілі жағдайында істелген қылмыстың анық емес және жанама ойда болады.

Импульсивті реакцияны белсендіретін конфликтілі эмоционалды жай-күйге сонымен қатар стресс те жатады. Оны жай-күйдің «жоғары немесе күшті толқудағы» бөлігіне жатқызуға болады. «Стресс» түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «stress» - қыспа, қинау, басу деген мағына береді. Ол психикалық күйдің экстремалдық әсермен (стрессормен) жалпы түрмен сипатталады. Стресс түрлері: а) физиологиялық стресс- бұл физиологиялық функцияның ауыртпашылыққа түсуі; ә)психикалық стресс- психикалық стресс мәліметтік және эмоционалды болып бөлінеді.

Мәліметтік стресс – жедел-мәліметтік ауыртпалық арасында адамның стрессті жай-күйі пайда болуы. Мұның пайда болу себебі: қиын басқару функцияларын орындау және жоғары жауапкершіліктің кезі, шешім қабылдау (мысалы, қауіпті жағдайда) кезінде ауыртпалық пайда болуы. Эмоционалдық стресс – қауіпті, экстремалды ситуация кезінде болады. Ол кездейсоқ жабылу, бұзылу, «стратегиялық» ішкі конфликтер. Осы кезде адам психикасын өзгереді:

1.Қимылды-импульсивті активтіліктің шекті белсенділігі;терең тежеу процесінің (ступор) дамуы;

2.Генерализация – белсенділіктің кең ауқымда тарауы, сондықтан мақсатты алу бұзылады. Психика стрессін алдын-алу кезінде (дистресс) тұлғаның мотивациялық сферасы бұзылады және оның бейімделу мінез-құлық белгілері өзгереді, істің жиынтығы бұзылады, адамның сөйлеу мүмкіндігі нашарлайды.

Адам мінез-құлқы аффектілік жай –күй кезінде, сондай-ақ стресс кезінде толық санасыз күйге жетпейді. Тұлғаның аффектілі жағдайдағы немесе стрессорды алдын алуы, оған құрал алу, әдістері, сөйлеу құралы әлеуметке сай келеді. Стресс және аффект кезіндегі сананың тарылуы адамның миының толық істемеуі деген түсінік емес. Посаффектілі және постстресстік (стрестен кейінгі) кездегі индивидтің мінез-құлқын зерттеу масаттары болады. Постстрестік кезден кейін күш-қуат азаяды, немқұрайлық пайда болады, қимылдау күйі төмендейді.

Авторы С.М.Үсенова, А.Ө.Райқұлова

Кафедра меңгерушісі Ш.Т. Тұрдалиева

28

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]