- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
Қазіргі заманғы қолданбалы тәжірибелік зерттеулер адамның психологиялық даму жағдайын оның маңызды мінездері туралы нақты ақпараттардың көмегін бере алады. Адамның даму деңгейі сонымен қатар бір шешімді өз бетінше шеше алмауын да қарастырады. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері белгілі бір анықталған бағыттарда және заңдылықтарға байланысты дамиды.
1. Тұлғаның танымдық және эмоционалды дамуы. Бұл сфера тұлғаның даму процесіндегі оқыған немесе жинақталған тәжрибелерінің интеллектуалдық эмоционалдық қылығымен анықталады. Бұл процесс мына бағытпен жүреді. Ойлау қызметінің күрделенуіне қоршаған дүние және әлеуметтік орта жалпы интелектуалдық құрылымының қалыптасуына: эмоция, сезім және жігер тұлғалық дамуға әсер етеді.
2. Тұлғаның мінезі мен іскерлігінің бағытының дамуы. Тұлғаның пайда болуын, құрылымын және мотивациялық қажеттіліктерін қиындауын оның бағыттылығын сонымен қатар адамның мінезі және іскерлігінің даму барысындағы ерекшеліктері мен доминандтағы даму белгіліріне зерттеу және мінездеме беруге болады.
3. Тұлғаның психологиялық даму құрылымының қызметі түрткі мен мақсаты арасындағы өзгерісі, опереционалдық жағынан адам қызыметінің қиындығынан дамиды. Тұлға қоғамда белгілі-бір орын алады,белгілі –бір қоғамдағы пайдалы қызмет атқаратын және өзіне тән индивидуалдық және қоғамдық психологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін индивид.
Индивид- адам түсінігінде екі ұғымда бейнеленеді:
1. Адам басқа тірі дүниенің өзіне тән өкілі,фило және онтогенездік дамудың өнімі.
2. Адам- қоғамның нақты өкілі. Қазіргі заманғы тұлға теориясы 1930 жылдардың соңында тұлға психологиясын белсенді түрде зерттей бастады. Соған байланысты ғасырдың жартысында көптеген әртүрлі тұлға теориялары қалыптасты.
Әлеуметтік теория-мұнда тұлғаның сыртқы жағдайы қарастырылады, ал оның психологиялық қасиеті қарастырылмайды.
Әлеумипсихологиялық теория- мұнда адамның қалыптасқан сырқы және ішкі факторлардың қатынас принцпін басқаратын өзекті бөлім
Эксперименталдық теория –бұл тұлға теориясы анализге және тәжірбиелік жолда жинақталған қатынастар нәтижесінен құралған.
Динамикалық теория –мұндағы негіз тұлға дамуының өзгерісі, оның динамикасы. Мынадай бірқатар тұлға теориялары бар. Мәселен, баланың дүниеге келгеннен мектепке дейінгі жалпы өсуіне мінездеме беру. Кейбір авторлар адамның өмір жолында тұлға болып қалыптасуын бақылауға шешім қояды. Негізгі тұлға теориясын бөлуде мынаған: ішкі қасиеттің құндылықтарына немесе қылықтарына көңіл бөледі.
Тұлғаның бағыты –бұл оның психологиялық қасиетіндегі қажеттілік, түрткі, дүниетаным, тұлғаның өмірлік мақсаты мен қызметі.
Көбінесе мұндай жеткіншектердің тұлға құрылымында кері мінез-құлық байқалады:
жалқаулық
еріксіз
жауапкерсіздік
агрессивтілік және т.б.
«Қиын» балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы ата-анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өреске мінезі жатады. Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін туыстары да жатады.
Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір-бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан өмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай өзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді. Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар төмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі:
1) Мүдделер мен бейімделіктердің ортасы;
2) Сезімдермен, еріктің бағытталу ортасы;
3) Ассоциялы интелектуалдық орта.
Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салу қажет. Акцентуацияланған тулғаны қалыптастыратын қырлармен адам индивидуалдылығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.
«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын. Карл Леонгард еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және « мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары» деген тіркестер қолданады. К. Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К. Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатиямен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша « акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл өздерінің индивидуалды ерекшеліктері бар сау индивидтер. Ендеше біріншіден «акцентуанттарды» психопаттардан, екішеден акцентуанттарды елестердаен айыру шекарасы қандай деген сұраққа К. Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның факторларына байланысты.
«Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір қырдың деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация – бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға өту тенденциясы бар қырлар. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады.
Айқын акцентуация – бұл норманың варианттарының соңғы шегіне жататын деңгей. Бірақ мұндай типтің анық көрінуі әлеуметтік бейімделуге шек қоймайды. Алатын орын, мүмкіншіліктер мен қасиеттерге сай келеді. Жас өте келе мінез ерекшеліктері жеткілікті түрде көрінеді, бірақ бейімделуге әсер етпейді, немесе біржолата тегістеліп жабық акцентуацияға өтеді.
Жасырын акцентуация – бұл деңгей норма варианттарының шегіне емес, жай ғана түріне жатады. Күнделікті, тұрмыстық жағдайларда мінез ерекшеліктері жай ғана немесе мүлдем білінбейді. Мұндай типті ұзақ уақыт бақылағанда, жан-жақты қарым-қатынасқа түскенде және детальді түрде танысқанның өзінде оны байқау өте қиын. Бірақ мұндай типтерді мінезді төмен қарсылық көрсете алатын жеріне немесе психикалық жарақат әсері кезін айқын және күтпеген жерден байқауға болады.
Психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Осында невроздың кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті, психопатия, алкоголизмді көңіл бөлінуді жатқызады.
Аталған көңіл бөлінулер – ауыр емес және тұрақты арулар. Көптеген жағдайда олар ауыр тұқым қуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты мен тәрбие салдарынан алынады.
Жасөспірімдік орта қоғамның қауіптік күшінің негативтік салдарын ауыр қабылдайды. Кәмелетке толмаған жастар қоғамның «денсаулық» күйдің қауыпты нормалауын анықтайтын «барометр» болып табылады.
