Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать

Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жас өспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеру) және делинквенттік мінез-құлық (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз. Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса үлкен қауіп тудыратын шақтар. Неліктен?

Біріншіден, психогорманальды процестерден басталып, Мен-концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтары әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылыуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.

Девиантты мінез–құлық әртүрлі болса да олар өзара байланысты. Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір блокты құрайды, солай жасөспірімнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін. Заңсыз қылықтар қатты болмаса да психикалық қалыпты бұзылуына әсер етеді. Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар (мектептегі қиындықтар, зақымдалған өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы) сәйкес келеді. Индивидуалды-жеке факторларға- өзіндік бақылау мен өзін сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.

Өзін сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік , басқыншылық мінез-құлқы,

суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі?

Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты төрт басты гипотезалар бар:

1. Мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды түсіруге септігін тигізеді. Себебі соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі.

2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді.

4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін етеді.

Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің «Үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% осы сәтсіз отбасыда тәрбиеленгендер.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылырдың санының көбеюі отбасы құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішкілікке салыну немесе ата-анасының біреуінің бей-моралдық мінез-құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А.Е.Личконың пікірі анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті жәрежесін талдай отырып, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:

  • отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы.

  • немқұрайлылық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни обьективтік және субьективтік факторлар. Обьективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын әр түрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Обьективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығы девианттық іс-әрекеттердің бір қырының динамикасын көруге болады:

  • бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;

  • отбасында «золушканың» болуы – бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі.

Жалпы, агрессивтіліктің пайда болуын 2 негізгі типке бөлуге болады: Бірінші-мотивациялық агрессия, өзін-өзі бағалау ретінде, екінші – инструменталдық тәсіл ретінде (осыдан түсініп, сол және басқасы сананың бақылауында пайда болуы мүмкін, одан тыс және эмоциялық бастан кешірулерге ілесетін: ашу, жауластық). Практикалық психологтардың жеке адамның деструктивті тенцияға қатысып тікелей жүзеге асып пайда болуындағы мотивациялыққ агрессия қызықтыру керек. Мұндай деструктивті тенцияның деңгейін анықтай отырып, ашық мотивациялық агрессияның пайда болу мүмкіндігін болжауға болады. Қолайлы диагнотикалық әдіс Басса-Даркидің сұрақтар тізімі болып табылады.

А.Басс, агрессия және жауыздық ұғымдарын біле отырып, «негативті сезімнің дамуы, адамның және негативті бағалану реакциясы» ретінде анықтады. Агрессия және жауыздық пайда болуына орай өзінің сұрақтар тізімін құра отырып, А.Басс және А.Дарки реакцияның мынандай түрлерін бөледі:

1. физикалық агрессия – қарсы адамға физикалық жұмсау.

2. жанама агрессия – астыртын жолмен басқа адамға бағытталу немесе ешкімге бағытталынбау.

3. ашу – түкке тұмайтын күйлерге негативті сезімнің пайда болуына дайын болуы (ашуланшақ, дөрекілік).

4. негативтік – қарсы әдеп-ғұрыпқа және заңдарға пассивті қарсылық мінез-құлықтан белсенді күреске дейінгі оппозициялы манера.

5. өкпелегіштік- айналадағы шын және жалған әрекеттерге күншілдік және жек көрушілік.

6. күмәндік – басқа адамдар зиян әкелу және жоспарлауға байланысты, сенбеу және сақтық диапазонынан бастап басқа адамдармен қарым-қатынасына сенуге дейін.

7. вербалды агрессия – негативті сезімді форма (айқайлау, у-шу) арқылы көрсету, сонымен қатар сөздік жауаптың мазмұны арқылы (қарғыс, байбалам).

8. кінә сезімі – субьектінің мүмкін сенімдерін көрсету, яғни оның жаман адам болып табылуы, жамандық жасауы, сонымен қатар олардың намысына тиюі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]