- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
Жеке тұлға - өмірлік толық құрылымдық психологиялық білім, нақты әлеуметтік адам, саналы таным иесі қоршаған әлемді өзгере алатын тұлға.
Адамның онтагенді дамуы процесінде тұлға ретінде құрылады, биологиялық және әлеуметтік факторлары үздіксіз әрекеттесу ішкі қолайлы жағдайлар құрады, сыртқы ортаға әсер етуін қамтамасыз етеді.
Осы жағдайда адамның анатомды-физиологиялық талаптары тек қана ашылмай, дами түседі, нақты функционалды механизмдер және нейродинамикалық ұйымдар құрылады, адамның адамның психикалық дамуына әрекетін қамтаамасыз етеді және сол жүйедегі тұрақты физикалық қасиеттер тұлғаны саналы әрекет субьектісі және әлеуметтік процесстердің белсенді қайраткері ретінде құрастырылады.
Тұлға-қоғамдық дамудағы феномен, саналы нақты тірі адам. Жеке тұлғаның санасының әрқашан да қоғамдық тарихи мінезі бар: сана адамның қай топқа жататынына қарай, сол қоғамның саясатымен, назарымен, келісімімен байланысты.
Сана-сезім-адам санасының дамуының ең жоғарғы деңгейі, белсенді ақыл-ойының құрылу негізі және іс-әрекеттерде тұлғаның өз бетінше болуы. Осыдан тұлғаның құрылымы, әлеуметтік психикалық қасиеттері, индивидтің қарым-қатынасы, іс-әрекеті онтогенезді процесс барында қалыптасқан мінез-құлық іс-әрекетін анықтайды.
Дидактикалық жоспарда барлық қасиеттер, тұлғаның қатынас іс-әрекеті шарттары түрде бір-бірімен байланысты, төрт бірдей функционалды құрылымдармен бірігеді. Оның әр қайсысы тұлғаның тіршілік әрекетінде нақты рөл атқарады.
1. Реттеу ( қалыпқа келтіру, түзету) жүйесі;
2. Стимулдау жүйесі;
3. Тұрақтандыру жүйесі;
4. Индикация жүйесі;
Осының барлығы тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын білдіреді. Жоғарғы сапалы қоғамдық дамудағы іс-әрекеттік тәртібін анықтайды.
Қазiргi кезде, әсересе нарықтық экономикаға араласуды желеу етiп, тек табыс табуды ғана ойлап, дүние қуып кеткен кейбiр жастар қоғам, әлеумет, халыққа қызмет iстеу мәселелерiн естерiнен шығарып, имандылық пен адамгершiлiкке жат, келеңсiз қылықтар жасап жүр. Осындай жағдайлардың алдын алу жасөспiрiмнiң сана-сезiмiн, оның қызығушылығын анықталуына, өзiн жетiлдiре түсуге тұлға ретiнде дамуына ұмтылуын ерекше мән беру арқылы тәрбиелеу, яғни өзiнде қандай бейiмдiлiк, бiр сөзбен айтқанда, қандай қабiлет бар екенiн анықтап ақыл-кеңестер беру негiзi жасалады. Жасөспiрiмдiк кезең қазiргi кезде индустриалдық-қоғамдық дамуда тұлға ретiнде өзiне-өзi жан-тәнiмен үнемi шынықтырып, жаттықтырып отыруды тiлейдi. Жасөспiрiмдердiң өзiн болашақ өмiрлiк бағытын анықтауда ерекше орын алатын осы тақырып төңiрегiнде эмпирикалық зерттеулер жүргiзу арқылы белгiлi бiр қорытындыға келу. Жасөспiрiмдердiң өзiндiк сана-сезiмiн психологиялық- әлеуметтiк жағдайларға сәйкестендiрiп дамытуды ерекше жолға қою. Әлеуметтік ортаға бейiмделу элементерi мектептегi, жанұядағы оқу- тәрбие процесiнде жүргiзiлуiн дұрыс қадағалауға бағыт беру. Ж.Аймауытовтың “жан жүйесi және өнер таңдау” атты еңбегiнде “Кiмде-кiм өзiне бiткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтiрмек. Өз орнында iстеген адамның жұмысы да өнiмдi, берекелi, пайдалы болуын тiлейдi: неғұрлым әр мүшесiнiң еңбегi жемiстi болса, соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ”
Осы мақсатта жастар лидерлерiн дайындау, психологиялық орталығы болды, яғни оның эксперименттiк орны осы. Бұнда жыл сайын 150-200 үлкен сыныптар дайындалады. Өздерiнiң мектептерiнде лидер бола алатын және балалар ұжымын ұйымдастыра алатын, сонымен қатар шығармашылық және қабiлетiлiгi бар балалар болады. Егер мектепте пәндiк бiлiмге көп көңiл аударса, ал психологиялық орталықтың басты мақсаты әлеуметтiк шығармашылығы қарым-қатынасқа назар аударады. Ол пән бойынша үстiртiн қарастырылады. Дамушы әлеуметтiк орталар, тұлғалық өзiндiк анықтау шарттары ретiнде. Жастардың түрткiлерiнiң дамушы әлуметтiк ортаға енуi, жастардың әлеуметтiк оазистерге көзқарасы және өзiндiк баға беру шарты ретiнде, өзiнiң болашақ кәсiби денгейiн бағалауды үйренедi.Э.Громның идеялары әлеуметтiк оазистармен байланысы болды. Бұған адамзаттық рухани өсу денгейi, адамдардың түрткiлерiн ояту және олардың қабiлеттiлiгiн, әлеуметтiк ортасының дайын болуы кiредi. С.В.Кривцованың, Е.Б.Гантолованың және И.В.Друбцованың тәжiрибелерi бойынша, жасөспiрiмдердiң құндылықтарымен әлемдi тану проблемалары басым болды. Олардың толық әлеуметтiк ортада өмiр сүруiне бөгет жасайды. Кейбiр жасөспірімдер өздерiнiң тұрған орталарына қанағаттанады. Көптеген жастар, белгiлi уақытта әлеуметтiк ортада өздерiн бақытты сезiнедi. Әлеуметтiк оазистерде тұруға дайын ба? Жоқ па? Бұл жасөспірімдердің әртүрлi категорияларында ең маңызды сұрақтар болып саналады. Жасөспірімдер әлеуметтiк оазистарды, өмiрдi және өзi туралы бiлуi қажет. Қорытынды соңында ұсынылатын мынандай психологиялық кеңестер :
1. Әрбір жасөспірім өзiнiң қабiлеттерiн дамыту, адамдарға шешiм қабылдауға көмектесу, өзiндiк даму, өзiндегi жаңа нәрсенi ашу, кругозорды кеңейту, айналаңдағыларға қуаныш сыйлау, өзiнiң өмiрiң түрлендiру.
2. Өзiмдi түсiне аламын, басқа адамдарға қызығушылық тұлға бола аламын, өзiне деген сенiмнiң пайда болуы, өзiн тану, қарым-қатынасқа көбiрек түсу, шындықты айта бiлу қабiлетi, комплекстерден құтылу, өткенге көзқарасын өзгерту басқаша қарау, комплекстердiң пайда болу себебiн түсiну.
3. Жақын досты түсiну, сенiмдi дос бола алу, өзiңдi түсiну үшiн досты да түсiне бiлу. Адал дос табу.
4. Қарым-қатынас мәселелерiн шешу, жалғыздық деген ойдан құтылу,ата-аналармен қарым-қатынасқа түсудi үйрену, қарым-қатынасқа түсе алушылықты үйрену. Жалпы достармен қарым-қатынас жасауды бастау. Шындықты айта алу, адамдарды талдай бiлу.
5. Қызықты шығармашылық жұмыс, жаңаға дағдылану, өзiнiң дұрыс емес көзқарасынан арылу, қалыптастыру, конфликтерге қарсы шығу. Көп жаңалықтарға қызығушылық.
6. Қыздармен (ұлдармен) танысуды үйрену, достық пен махаббатты табу.
7. Басқа адамдармен бiрiгу, психикалық және физикалық денсаулықты түзету, қуанышты сезiну, демалыс мәселелерi, психологиялық демалыс, өмiрдiң қуанышын сезiну.
Адамның мінезін, оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Бірақ мінез – бір-бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке дара қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан да, адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп, оның басқа қасиеттерінің қандай екендігін айтуға болады.
